Абай облысының прокуратурасы

Абай облысының прокуратурасы

Share

Абай облысы прокуратурасының ресми парақшасы

03/08/2023

Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылған

Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, Бала орталығында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің құқықтарының қорғалуына талдау жүргізді.

Қамқоршының тарапынан (Бала орталығы) алимент төлемдерін өндіру бойынша шараларды қабылдамау фактілері анықталды.

Барлығы 30 млн. теңгені құрайтын алимент төлемеудің 14 фактісі анықталып, оның 5 фактісі бойынша прокуратураның бастамасымен ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бүгінгі күні 2 борышкер сотталды. Бұл жұмыс оң нәтиже беріп келеді. Қазіргі кезде 1 млн. теңгеден астам алименттік берешек өтелді. Қадағалау актісі негізінде Бала орталығының басшылығы жауапкершілікке тартылды.

————————

В области Абай нарушались интересы детей, оставшихся без попечения родителей

Прокуратурой Бородулихинского района области Абай проведен анализ соблюдения прав детей, оставшихся без попечения родителей и воспитывающихся в Детском центре (далее - центр).

Выявлены факты ненадлежащего выполнения руководителем центра своих обязанностей по взысканию задолженности по алиментным платежам в пользу воспитанников центра.

Установлено 14 фактов неуплаты алиментов на сумму 30 млн тенге. По 5 фактам прокуратурой начаты досудебные расследования по ст.139 УК РК. На сегодня 2 неплательщика уже осуждены.

В результате данной работы должники выплатили уже более 1-го млн тенге. Также по акту надзора к ответственности привлечен руководитель Детского центра.

17/02/2023

Абай облысы прокурорының орынбасары Руслан Рүстемұлы Әлішевтің төрағалығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша кеңес отырысы өтті.

Отырысқа облыстың Кәсіпкерлер палатасының, Кәсіпкерлік басқармасының, Мемлекеттік кірістер басқармасының, Денсаулық сақтау басқармасының, бизнес-қауымдастықтың және басқа да органдардың өкілдері қатысты.

Мемлекеттік кірістер органдарының «Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет!» пилоттық жобасын іске асыру қорытындылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтарын шығарудың заңдылығы және олардың әкімшілік жауапкершілігін тартудың заңдылығы, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша кәсіпкерлер алдындағы берешегі мәселелері қаралды.

Кәсіпкерлер мен қауымдастықтар айтқан кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері қаралды.

Талдау және талқылау нәтижелері бойынша кеңес отырысына қатысушылар кәсіпкерлердің проблемалары және жағдайды түзету бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Облыстар бөлінген сәттен бастап облыс прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне қатысты 600-ден астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады, мобильді топтарға кәсіпкерлерден 135 сигнал келіп түсті, олардың 25-і расталды, нәтижесінде 30 ұсыну енгізілді, 12 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, 80 млн.теңгеден астам ақшалай қаражат өтелді.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы мемлекеттік органдардың алдына нақты міндеттер қойып, одан әрі бірлескен жұмыс бойынша ұсыныстар берді.

*******

Под председательством заместителя прокурора области Абай Алишева Руслана Рустемовича прошло заседание по защите прав предпринимателей.

В заседании приняли участие представители Палаты предпринимателей области, Управления предпринимательства, Управления государственных доходов, Управления здравоохранения, бизнес-ассоциации и др. органы.

Рассмотрены вопросы итоги реализации пилотного проекта органов государственных доходов «Общественный контроль – требуй чек!», а также законности вынесения налоговых приказов в отношении индивидуальных предпринимателей и законности привлечения их административной ответственности, задолженности государственных учреждений перед предпринимателями по договорам госзакупок.

Рассмотрены озвученные предпринимателями и ассоциациями проблемные вопросы предпринимателей.
По результатам анализа и обсуждения, участники совещания высказали ряд рекомендации по проблемам предпринимателей и исправлению ситуации.

Касательно состояния законности по вопросам защиты прав предпринимателей прокуратурой области с момента разделения областей защищены права свыше 600 предпринимателей, в мобильные группы поступило 135 сигналов от предпринимателей, из которых подтвердилось 25, в результате внесены 30 представлений, к ответственности привлечены 12 должностных лиц, возмещено денежных средств, свыше 80 млн. тенге.

По итогам заседания прокуратура области поставила перед государственными органами конкретные задачи и дала рекомендации по дальнейшей совместной работе.

26/01/2023

Нотариустардың қызметіндегі талдау нәтижелері туралы

Бас прокуратура нотариустардың соңғы үш жылда атқарушылық жазбаларды жазып беру кезінде заңдылықты сақтауына талдау жүргізді.

Атқарушылық жазба институты 2016 жылдан бастап іске қосылды.

Жеңілдетілген тәртіпте коммуналдық қызметтер үшін қарыздар, жалақы сияқты, шарттар бойынша және т.б. даусыз талаптар өндіріле бастады.

Жазба қарыздарды өндіріп алу рәсімдері едәуір жеңілдеп, соттардың жүктемесі азайды. Алайда рәсімдердің қарапайымдылығына және нотариустардың теріс пайдалануына байланысты ол барлық «сұр сызбалардың» құралына айналды.

Жазба қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылған.

Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында 13 факті анықталды, онда қаржы пирамидаларын құруға қатысқан ұйымдар мен адамдардан қарыздар ресми түрде өндіріліп алынған.

Алматыда қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары жалған шарттар бойынша салымшылардың ақшасын алу және жымқыру үшін нотариустар арқылы 2 млрд борышты өндіріп алды.

Прокурордың талап қоюлары бойынша жазбалардың күші жойылды.

Сот тәртібінен тыс мемлекеттен 63 жазба бойынша мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша 1,8 млрд теңге заңсыз өндіріп алынған. Оның ішінде прокурорлардың талап қоюлары бойынша 1,2 млрд теңгеге жазбалардың күші жойылды. Қарыздар мемлекеттік сатып алу шартының мерзімі өткеніне қарамастан, орындалмаған және ЖСҚ мен сатып алу жоспарларында көзделмеген жұмыстар үшін, мемлекеттік сатып алу шарттарына қосымша келісімдерді қазынашылық органдарында тіркеуінсіз, қабылдау актілері және басқа да растайтын құжаттар болмаған жағдайда өндіріп алынған.

Алматы облысында нотариус жеке компанияның пайдасына ТКШ Бөлімінен тіркелмеген қосымша келісім бойынша 410 млн өндіріп алды (негізгі Шартта көзделмеген жұмыстарға шарттың мерзімі аяқталды). Сотқа оның күшін жою туралы талап қою ұсынылды (қаралуда).

Мүлік пен активтерді басқа міндеттемелер бойынша орындаудан алып тастау үшін жалған жалақы қарыздар өндіріп алынған (өйткені жалақы бірінші кезекте өндіріп алынады). Екі жыл ішінде прокурорлар 5 млрд теңгеге 250 заңсыз жазбаның күшін жоюға қол жеткізді.

Қарағанды облысында ЖШС-дан 333 млн теңгеге жалақы бойынша жалған қарыздарды өндіріп алу туралы 35 жазба анықталды. Бұл ретте, кәсіпорынның салықтар бойынша борышы 1,7 млрд теңге (жазбалардың күші жойылды).

Кейбір жағдайларда жазбаларды нотариустар өз өкілеттіктерін айқын асыра пайдалана отырып жасаған.

Астанада, Алматыда, Алматы және Жамбыл облыстарында нотариустар қарызды өтеу есебінен кепіл нысанасы болып табылмайтын 40 бірліктегі көлікті заңсыз өндіріп алған. Мұндай талаптар бойынша жазбалар жазып беруге жол берілмейді.

Прокурорлар жалған құжаттар негізінде жазылған 1 млрд теңгеге 56 атқарушылық жазбаны және психиатриялық есепте тұрған азаматтарға қатысты 6 жазбаны анықтады.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Әділет министрлігі 3 нотариустың лицензиясы жойылды, 7 нотариустың қызметі тоқтатылды, 44 нотариус тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Соттар прокурорлардың 1 млрд теңгеге атқарушылық жазбалардың күшін жою туралы 17 талап қоюларын қанағаттандырды, тағы 3 талап қою қаралу сатысында.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

24/01/2023

24 января 2023 года под председательством прокурора области Абаева Е.М. состоялось межведомственное оперативное совещание по вопросу превенции пыток и работы системы сплошного видеонаблюдения в органах уголовного преследования и учреждениях уголовно-исполнительной системы.

В работе приняли участие руководители правоохранительных органов и УИС.

Затронуты недостатки принимаемых превентивных мер противодействия пыткам и работы системы сплошного видеонаблюдения в зданиях органов уголовного преследования. Озвучены проблемные вопросы и пути их решения.

По итогам совещания руководителям территориальных органов поручено обеспечить исполнение совместного приказа по обеспечению соблюдения конституционных прав граждан на стадии досудебного расследования и исполнения наказания, утвержденного Генеральной прокуратурой, МВД и Агентствами по противодействию коррупции и по финансовому мониторингу.

© Пресс-служба прокуратуры области Абай

05/01/2023

⚡️Қаңтар оқиғасы - Дерек пен дәйек

Бас прокуратура әзірлеген бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз!

govkz

05/01/2023

⚡️Берік Асылов: «Тәртіпсіздікке қатысқан көп адамды тоқтатуға, құқық қорғау күштерінің мүмкіндігі болмады»

Бүгін Қаңтар оқиғасы бойынша Мәжілісте арнайы отырыс өтіп жатыр. Баяндама жасаған Бас прокурор Берiк Асылов бұл оқиғаны мемлекеттiк төңкерiс жасауға әрекет деп бағалап, тергеу аяқталуға жақын қалғанын айтты.

«Тергеу органдары оқиға хронологиясын, негізгі ұйымдастырушыларды анықтады. Олардың ішінде жоғары лауазымды адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болған. Барлық қаза болғандардың кім екенін, олардың өлім себептерін зерттедік. Қару-жарақты іздеу жалғасуда», – деді Бас прокурор.

🔸

Берик Асылов: «Правоохранительные органы не имели возможности остановить большое количество людей, участвовавших в беспорядках»

Сегодня в Мажилисе проходит специальное пленарное заседание по вопросам январских событий. Генеральный прокурор Берик Асылов, выступивший с докладом, оценил произошедшее как попытку государственного переворота и заявил, что расследование близится к завершению. По его словам, на сегодня восстановлены все подробности произошедшего.

– Следственные органы установили хронологию событий, основных организаторов. Среди них были высокопоставленные чиновники и члены организованных преступных групп. Мы установили личности всех погибших и причины их смерти. Поиски оружия продолжаются, - сообщил Берик Асылов.

📱

23/12/2022

Құқық бұзушылықтың алдын алу-құқық қорғау органдарының бірінші кезектегі міндеті

2022 жылғы 15 желтоқсанда Абай облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы облыс прокуроры Е.М. Абаев құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысының жай-күйі мәселелерін атап өтті.

Уәкілетті органдардың жұмысындағы кемшіліктер, құқық қолдану практикасының проблемалары және оларды шешу жолдары қозғалды.

Полиция органдары мен жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне, кісі өлтіруге, есірткіге, алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылды.

Сондай-ақ, облыс прокуроры профилактикаға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде тиісті жұмыс жүргізіп, өңірдегі қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуі тиіс екенін атап өтті.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша алдағы кезеңге құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

© Абай облысының прокуратурасы

———————————————

Профилактика правонарушений – первоочередная задача правоохранительных органов

15 декабря 2022 года состоялось заседание Координационного совета по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью области Абай.

Председатель Координационного совета прокурор области Абаев Е.М. отметил вопросы состояния работы правоохранительных и местных исполнительных органов по профилактике правонарушений.

Затронуты недостатки в работе уполномоченных органов, проблемы правоприменительной практики и пути их решения.

Органам полиции и местным исполнительным органам рекомендовано активизировать работу по предупреждению преступлений против половой неприкосновенности несовершеннолетних, убийств, наркотиков, мошенничества и финансовым пирамидам.

Также прокурор области отметил, что государственные органы, ответственные за профилактику, в рамках своей компетенции должны провести соответствующую работу и усилить меры по противодействию борьбы с преступностью в регионе.

По итогам заседания Координационного совета определены приоритетные направления работы по профилактике правонарушений на предстоящий период.

© Прокуратура области Абай

Want your business to be the top-listed Government Service in Semey?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

http://instagram.com/abai_oblysynyn_prokuraturasy

Address


Панфилов көшесі, 69
Semey
071400

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 19:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30