19/03/2025
✅Облыс әкімі Шуақ кентіндегі қазандықтың жұмысымен танысты
Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Жарма ауданына барды. Аймақ басшысы әлеуметтік, мәдени, өндірістік нысандарды аралап, Шар қаласындағы Жарма технологиялық колледжінде болды.
Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын Шуақ кентіндегі қазандықтың жағдайымен танысудан бастады. Басқарма басшысы Жандос Қайырханов қазандық бойынша жағдайды баяндады.
⏺Қазандық кенттегі 12 нысанды, соның ішінде 8 көп қабатты тұрғын үй, мектеп, балабақша және басқа да мекемелерді жылумен қамтамасыз етеді.
🗣Мұндағы жылу желісінің жалпы ұзындығы – 5,4 шақырым. Алайда оның 95% әбден тозған. Жылу желісін күрделі жөндеуден өткізу үшін 382 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі уақытта тиісті министрлікке бюджеттік өтінім әзірленуде.
💬Облыс әкімі Энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінімді тезірек әзірлеуді тапсырды.
«Жылу желілерінің тозуы – өңірдегі ең өзекті мәселенің бірі. Жақында Аягөз қаласындағы «Орталық» жылу қазандығына қарасты жылу желілерінде ақау шыққан болатын. Мұндағы 10 шақырымға жуық жылу жүйесін жаңарту үшін 571 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Үкімет қолдау көрсетіп, тиісті қаржы бөлеміз деп отыр. Сондықтан бұл жұмысты жедел қолға алуымыз керек» деді аймақ басшысы.
05/03/2025
🌍 1 наурыз — Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні. Осы маңызды күнге орай, Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында 5 наурызда сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жер сілкінісінен қорғау шаралары мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада қызметкерлер «Азаматтық қорғаныс — халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен бірлесе жұмыс істеді. 🏢
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша түсінік беріліп, жер сілкіну кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен дұрыс әрекет ету жолдары талқыланды. 🙌
#АзаматтықҚорғаныс #СейсмикалықОқуЖаттығу #ХалықҚауіпсіздігі #ДүниежүзілікАзаматтықҚорғанысКүні
02/03/2025
⚡️Облыс әкімі Берік Уәли Аягөздегі жылу қазандығының жұмысымен танысты
Басқарма басшысы Жандос Қайырханов жылу қазандықтары туралы баяндады.
20/02/2025
Аймақ басшысы Семейдегі жылу нысандарын тексерді
Абай облысының әкімі Берік Уәли облыс орталығындағы ірі жылу қазандықтары мен №1 жылу электр орталығына барып, жұмысымен танысты. Қаланың оң жағалауындағы «Ғаббасов» қазандығы 70 көпқабатты үй, 15 әлеуметтік, 155 коммерциялық нысан мен 23 бюджеттік мекемені жылумен қамтамасыз етеді. 2025 жылы «103-103а» және «Ғаббасов» қазандықтары арасындағы жылу желілерін жалғастырғыш салу, «Орталық» жылу қазандығында коллектор мен сорғыны ауыстыру жоспарланған.
Қазіргі таңда Қарағайлы ықшам ауданында блокты модулды қазандықтың құрылысы жүргізілуде. Жоба жеке инвестордың қаржысына жүзеге асырылуда. Нысан іске қосылған кезде аудандағы 44 көпқабатты үй мен 1200 орындық мектеп және өзге де әлеуметтік нысандар жылумен қамтылады.
Нысандарды аралау барысында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков аймақ басшысына қаладағы жылу орталықтарының жұмысы мен №3 ЖЭО құрылысы туралы баяндады. Берік Уәли жылуға жауапты басшыларға апатты жағдайға жол бермес үшін жылу жүйелерін үнемі бақылауда ұстап, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде ден қоюды тапсырды.
10/02/2025
✅Абай облысында жылу маусымы қалыпты режимде өтуде
Абай облысында жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Аймақтағы жылу көздерінің температуралық параметрлері нормативтік талаптарға сай. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов баяндады.
✅ Облыста 4 ірі және 41 шағын жылу көзі жұмыс істейді
✅ Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 401,8 км
✅ Технологиялық бұзушылықтар 46%-ға азайды
✅ Көмірмен қамту толық орындалды
2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында 22 жоба аяқталып, 26,1 км жылу желісі жөнделді. Нәтижесінде облыстың жылу желілерінің тозу деңгейі 64,2%-дан 60,3%-ға дейін төмендеді.
Облыс әкімі коммуналдық қызметтер үшін берешек мәселесін ерекше назарға алып, төлем тәртібін қатаң бақылауды тапсырды.
#АбайОблысы #ЖылуМаусымы #КоммуналдықҚызмет #ҚысҚамы
08/02/2025
🔺Жарма және Аягөз аудандарының нысандары тексерілді
Жылу маусымына мониторинг жүргізу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырхановпен бірлесіп Жарма және Аягөз аудандарына барып қайтты.
Жұмыс сапары барысында Шуақ кенті мен Аягөз қаласының жылумен жабдықтау жүйелерінің ағымдағы жұмысына тексеру жүргізілді. Жауапты тұлғаларға температуралық кестені тұрақты ұстап тұру және жылу көздерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.
01/02/2025
БІРЛЕСКЕН ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ
Абай облыстық және Семей қалалық мәслихаттарындағы “AMANAT”партиясы фракциясының бірлескен отырысы өтті.
⏩️ Жиналысты Абай облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының төрағасы Шағангүл Жанаева ашып жүргізді. Фракция отырысына облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Нұржан Әбдікәрімов, қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі Қанат Шапатов, фракция мүшелері қатысты. 6 мәселе ұсынылып, басқарма басшыларының есептері тыңдалды.
✅ Басқарма басшысы Жандос Қайырханов “Ауыл аманаты” жобасы шеңберінде өткізілетін іс-шаралар, энергетика, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруашылық және үй қатынастары саласының жай-күйі бойынша жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету объектілерін салу туралы қаралып, фракция мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар алынып, ұсыныстар мен пікірлер ескерілді.
24/12/2024
✅Абай облысында үздік энергетиктер марапатталды
Энергетиктер күніне орай Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев сала қызметкерлерінің кәсіби жетістіктері мен облысты дамытудағы үлестерін атап өтті. Шарада өз еңбектерімен көзге түскен энергетиктер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
«Баршаңызды кәсіби мереке – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Облыстың өркендеуі мен әлеуметтік тұрақтылығына қажыр-қайратын арнаған сала мамандары қашан да жоғары құрметке ие. Адал еңбектеріңіз бен өңіріміздің болашағын жарқын етуге қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», - деді облыс әкімі.
Табысты еңбектері үшін бір топ сала қызметкерлеріне ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медальдары, «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» төс белгілері, сондай-ақ Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді.
18/12/2024
❇️«AMANAT» партиясының Жол картасын іске асыру барысы талқыланды
Абай облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, фракция мүшелері қатысты.
Отырыс барысында аймақ басшысы Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламаcын орындау шеңберіндегі Жол картасынының 2024 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат берді. Әкім өз сөзінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, бизнесті қолдауды, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуды, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды қоса алғанда, белсенді жұмыс жүргізілетін негізгі бағыттарды атап өтті.
Отырысқа қатысушылар бағдарламада көзделген бірқатар жобаларды талқылап, жедел шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді атады. Жаңа әлеуметтік нысандарды салуға, сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және жастарды қолдау бағдарламаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында фракция мүшелері облыс әкімінің осы уақыт аралығында атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, облыс үшін маңызы бар жобалардың нәтижелі аяқталатындығына сенім білдірді.