03/06/2026
📌Үржар ауданында Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығы атап өтілді
Абай облысының Үржар ауданында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай ауқымды рухани-мәдени іс-шаралар өтті. Облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен ұйымдастырылған бұл тағылымды шара Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Үржар ауданы әкімдігінің тікелей қолдауымен жоғары деңгейде жүзеге асырылды.
Мерейтойлық іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының белгілі қаламгерлері, Астана, Алматы және Семей қалаларынан келген арнайы делегация мен аудан тұрғындары қатысты. Шараның қадірлі қонақтары ретінде жазушының ұлы Арман Қабдешұлы, сондай-ақ, елімізге белгілі тұлғалар, зиялы қауым өкілдері ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибек пен ақын, Қазақстанның құрметті жазушысы, академик, профессор Ұлықпан Есілханұлы Сыдықов арнайы келіп, тағылымды жиынның төрінен табылды.
➡️Шараның басты бөлігі Үржар ауданында – ұлт әдебиетінің алып тұлғасы мәңгілік тыныс тапқан қасиетті мекенде басталды. Жазушы рухына тағзым жасалып, арнайы құрбандық шалынып, Құран бағышталды. Сондай-ақ, жазушы ұрпақтары мен келген қонақтар зират басына ағаш екті. Бұл – халқымыздың ардақты перзентіне деген құрметі мен ұлт руханиятына деген адалдығының айқын көрінісі.
Зиярат рәсімінен кейін Үржар ауылында қаламгердің рухына арналып Құран-қатым түсіріліп, ас берілді. Ақ дастарқан басында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен әңгімеленіп, ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.
⚡️Мерейтой аясында Үржар аудандық мәдениет үйінде «Дәуірдің дарабоз жазушысы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиын барысында Қабдеш Жұмаділовтің ұлт тарихын, қазақтың тағдырын, азаттық рухын көркем сөзбен өрнектеген бірегей тұлға екені ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, көрермен назарына жазушының бай шығармашылығына арналған, заманауи QR-кодтармен жабдықталған арнайы кітап көрмесі ұсынылды.
Мұндай игі шаралар ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың есімін ұлықтап қана қоймай, олардың өнегелі өмір жолы мен бай мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттауға қызмет ететіні сөзсіз.
🔹Ұлттың ұлы тұлғаларына көрсетілген құрмет – тарихқа тағзым, болашаққа аманат. Қабдеш Жұмаділовтің жарқын бейнесі мен мол мұрасы халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталып, келер ұрпаққа рухани бағдар болып қала береді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
➖
📌В Урджарском районе отмечено 90-летие Кабдеша Жумадилова
В Урджарском районе области Абай состоялись крупные духовно-культурные мероприятия, посвящённые 90-летию со дня рождения выдающегося представителя казахской литературы, Народного писателя Казахстана, лауреата Государственной премии Кабдеша Жумадилова. По инициативе акима области Берика Уали данное содержательное мероприятие было организовано при непосредственной поддержке управления культуры, развития языков и архивного дела, а также акимата Урджарского района и проведено на высоком уровне.
В юбилейных мероприятиях приняли участие известные писатели Союза писателей Казахстана, специальная делегация из Астаны, Алматы и Семея, а также жители района. Почётными гостями стали сын писателя Арман Кабдешулы, заместитель председателя правления Союза писателей Казахстана Галым Калибек, а также поэт, заслуженный писатель Казахстана, академик, профессор Улыкпан Сыдыков и другие представители интеллигенции.
⏫️Основная часть мероприятий началась в Урджарском районе — у священного места, где покоится великий представитель национальной литературы. Здесь была отдана дань памяти писателю, совершено жертвоприношение и прочитана молитва. Также родственники и гости посадили деревья у места упокоения писателя, что стало ярким символом уважения народа к своему выдающемуся сыну и приверженности духовным ценностям.
После церемонии поминовения в селе Урджар был проведён поминальный обед. За дастарханом участники мероприятия делились воспоминаниями о жизни и творческом пути писателя, представители интеллигенции и старшего поколения вспоминали его вклад в литературу и духовное наследие.
🔶В рамках юбилея в районном Доме культуры Урджара прошла научно-практическая конференция на тему «Выдающийся писатель эпохи». В ходе заседания было особо отмечено, что Кабдеш Жумадилов – уникальная личность, отразившая в художественном слове историю, судьбу казахского народа и дух независимости. Кроме того, для посетителей была организована специальная книжная выставка, оснащённая современными QR-кодами, посвящённая богатому творческому наследию писателя.
Подобные мероприятия не только увековечивают имена великих деятелей национальной духовности, но и способствуют популяризации их жизненного пути и богатого наследия среди подрастающего поколения.
📚Уважение к великим личностям нации – это дань истории и завет будущим поколениям. Яркий образ и богатое наследие Кабдеша Жумадилова навсегда останутся в сердцах народа и будут служить духовным ориентиром для будущих поколений.
ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

03/06/2026
03/06/2026
03/06/2026
03/06/2026