01/06/2026
⚡️Депутаты маслихата области Абай подарили детям праздничное настроение
🎈В честь 1 июня — Международного дня защиты детей депутаты маслихата области Абай и Семейского городского маслихата совместно с представителями партии «AMANAT» поздравили воспитанников Центра поддержки детей с особыми образовательными потребностями.
В рамках мероприятия для детей была организована праздничная концертная программа. Сказочные персонажи провели для ребят интересные игры, вместе с ними пели и танцевали. Дети с радостью приняли участие в праздничной программе и получили яркие впечатления.
В ходе праздника около 40 детям были вручены подарки, также для них был организован праздничный дастархан. Юным участникам мероприятия были предложены сладкие угощения.
ПРЕСС-СЛУЖБА МАСЛИХАТА ОБЛАСТИ АБАЙ
01/06/2026
⚡️Абай облысы мәслихатының депутаттары балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады
🎈1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Абай облысы мәслихатының және Семей қалалық мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясының өкілдері Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл күй сыйлады.
Шара барысында балаларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Ертегі кейіпкерлері түрлі қызықты ойындар өткізіп, балалармен бірге ән шырқап, би биледі. Бүлдіршіндер мерекелік бағдарламаны көтеріңкі көңіл күйде тамашалады.
Мереке аясында 40-қа жуық балаға сыйлықтар табысталып, дастарқан жайылды. Балаларға мерекелік тәттілер де ұсынылды.
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
30/05/2026
⚡️В области Абай стартовал четвертьфинал III открытого Кубка по шахматам «Senat Open»
♟️Сегодня в городе Семей стартовал четвертьфинал III открытого Кубка по шахматам «Senat Open». Масштабный турнир проходит при поддержке Сената Парламента Республики Казахстан и организован Казахстанской федерацией шахмат. В регионе организаторами соревнований выступают маслихат области Абай, управление спорта области Абай и общественное объединение «Федерация шахмат области Абай».
✅На церемонии открытия выступил депутат маслихата области Абай, председатель постоянной комиссии областного маслихата по вопросам экономики, бюджета и финансов Рафаиль Хазипов. Он пожелал участникам удачи и успешной игры.
👥В этом году в четвертьфинальном этапе принимают участие 165 человек из городов и районов области Абай. Среди участников — депутаты городских и районных маслихатов, ветераны, государственные служащие, члены общественных советов и представители средств массовой информации.
Четвертьфинал проходит по швейцарской системе в 9 туров. По итогам соревнований будут определены 35 победителей. Победители пройдут в полуфинал, который состоится 20 июня в области Ұлытау. Финал III открытого Кубка «Senat Open» пройдёт в конце июня в городе Астана.
ПРЕСС-СЛУЖБА МАСЛИХАТА ОБЛАСТИ АБАЙ
30/05/2026
⚡️Абай облысында шахматтан «Senat Open» III ашық кубогының 1/4 финалдық кезеңі басталды
♟️ Бүгін Семей қаласында шахматтан «Senat Open» III ашық кубогының 1/4 финалдық кезеңі басталды.
Ауқымды турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өткізіледі.
Өңірде жарысты ұйымдастырушылар – Абай облысының мәслихаты, Абай облысының спорт басқармасы және «Абай облысының шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігі.
✅Турнирдің ашылу салтанатында Абай облысы мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттың экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Рафаиль Хазипов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
👥Биылғы 1/4 финалдық кезеңге Абай облысының қала, аудандарынан 165 қатысушы жиналды. Олардың қатарында қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Ширек финал швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Ойын қорытындысы бойынша 35 жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздар 20 маусым күні Ұлытау облысында өтетін жартылай финалдық кезеңге қатысады. Ал «Senat Open» III ашық кубогының финалы маусым айының соңында Астана қаласында өтеді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
28/05/2026
⚡️Председатель маслихата области Абай Шалкар Байбеков ознакомился с работой детского сада «Айриза» в селе Кайнар.
✅Дошкольное учреждение, открытое при школе, введено в эксплуатацию в этом году. Детский сад работает в рамках государственного заказа. В настоящее время здесь в двух группах воспитываются 40 детей в возрасте от 2 до 5 лет.
Для воспитания и обучения детей созданы все необходимые условия. В учреждении установлена система видеонаблюдения, предусмотрены кабинеты для организации учебно-воспитательного процесса. В настоящее время в детском саду работают 13 сотрудников.
В ходе посещения была представлена материально-техническая база учреждения, а также основные направления воспитательно-образовательной работы.
Шалкар Байбеков отметил, что открытие новых социальных объектов в сельской местности имеет важное значение для жителей, и положительно оценил работу детского сада.
ПРЕСС-СЛУЖБА МАСЛИХАТА ОБЛАСТИ АБАЙ
28/05/2026
⚡️Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков Қайнар ауылындағы «Айриза» балабақшасының жұмысымен танысты.
✅Мектеп жанынан ашылған мектепке дейінгі мекеме биыл пайдалануға берілген. Балабақша мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейді. Қазіргі таңда мұнда екі топта 2 жастан 5 жасқа дейінгі 40 бала тәрбиеленіп жатыр.
Балаларға тәрбие мен білім беру үшін қажетті жағдай жасалған. Мекемеде бейнебақылау жүйесі орнатылған, оқу-тәрбие үдерісіне арналған кабинеттер қарастырылған. Қазір балабақшада 13 қызметкер еңбек етеді.
Шалқар Байбеков ауылдық жерде жаңа әлеуметтік нысандардың ашылуы тұрғындар үшін маңызды екенін атап өтіп, балабақша жұмысына оң бағасын берді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ