Respublica партиясының Абай облыстық филиалы

Respublica партиясының Абай облыстық филиалы

Share

«Respublica» cаяси партиясы
Жаңа адамдар - Жаңа қадамдар

22/05/2026

«Respublica» партиясы Абай облыстық филиалының мәслихат депутаты «Абай облысындағы туризм және демалыс индустриясы
қауымдастығы» қауымдастығы нысанындағы жеке
кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың
бірлестігі Президенті болып АБДУЛЛИН Асқар Талғатұлы сайланды.
Құттықтаймыз!

Photos from Respublica партиясының Абай облыстық филиалы's post 20/05/2026

Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні партияның мәслихат депутаты Асқар Талғатұлы Абдуллин Комсомол және Юность шағын аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындарын толғандырған бірқатар өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, халықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Жиында тұрғындар тарапынан инфрақұрылымды дамыту, көшелердің тазалығы, жол жөндеу жұмыстары, аумақтарды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын орнату, қоғамдық көлік қозғалысын жетілдіру және әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдар көтерілді. Асқар Талғатұлы әрбір көтерілген мәселеге жеке тоқталып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындармен ашық пікір алмасып, елді мекендердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жоспарлармен бөлісті.

Жиын соңында «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысып, қоғамдық жұмыстарға атсалысқан бірқатар азаматтар арнайы марапатталды. Белсенді тұрғындарға алғыс білдіріліп, олардың елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Photos from Respublica партиясының Абай облыстық филиалы's post 05/05/2026

Аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы аясында «Саяси партиялардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында түсіндіру және ақпараттық іс-шара өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға саяси партиялардың қызметі, құқықтық негіздері мен жауапкершілігі жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, алдағы сайлау науқанына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

30/04/2026

❗️Respublica партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды

Қабылдаудың өтетін орны мен уақыты:

📍«Өрлеу» БО, Қ.Мұхамедханов көшесі 23А, 104 кабинет
🗓️ 04.05.2026 жыл
🕰️ 15.00

Байланыс үшін +7 775 651 28 00
_________________________________

❗️Председатель филиала партии Respublica области Абай Алмас Айтмұқаш проведёт приём граждан по личным вопросам.

Место и время приёма:

📍БЦ «Өрлеу», ул. К. Мухамедханова, 23А, кабинет 104
🗓️ 04.05.2026
🕰️ 15:00

Контактный номер: +7 775 651 28 00

Photos from Respublica партиясының Абай облыстық филиалы's post 30/04/2026

«Respublica» партиясынан Мақаншы аудандық мәслихатының депутаты Ерасыл Диқамбаев Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын сапалы әзірлеуге, оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге айрықша үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл – ел дамуы жолындағы жауапты еңбек пен белсенді азаматтық ұстанымның жоғары бағалануы.

Ерасыл Диқамбаевты лайықты марапатымен құттықтаймыз! Жұмысына табыс, ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тілейміз!

#Мақаншы #АбайОблысы #Мәслихат #ЕрасылДиқамбаев Қазақстан Конституция Референдум

09/04/2026

Respublica партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш жұмыс сапарымен Аягөз ауданына барып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалмен танысты.

Сапар барысында ол ауданның белсенді азаматтары, кәсіпкер жастар және қоғамдық кеңес мүшелерімен жүздесіп, ашық пікір алмасу алаңын құрды. Кездесу формалды есептерден гөрі шынайы диалогқа құрылып, қатысушылар өңірдің өзекті мәселелерін бүкпесіз көтерді.

Кәсіпкерлік орта өкілдері бизнесті дамытудағы кедергілер мен қолдау тетіктерінің тиімділігіне тоқталса, қоғам белсенділері әлеуметтік инфрақұрылым, жұмыспен қамту және жергілікті деңгейдегі басқару сапасына қатысты сын-пікірлерін білдірді. Ал қоғамдық кеңес мүшелері азаматтық бақылау мен қоғамдық қатысудың рөлін күшейту қажеттігін алға тартты.

Алмас Айтмұқаш айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелердің барлығы назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, оларды жүйелеп, нақты шешімдер қабылдау үшін тиісті деңгейде жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

09/04/2026

Үржар ауданында Алмас Айтмұқаш қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу-қабылдау форматында басқосу өткізді.

Жиын барысында кеңес мүшелері ауданның өзекті мәселелерін ортаға салып, нақты ұсыныстарын жеткізді. Әсіресе инфрақұрылым, әлеуметтік сала және жергілікті деңгейдегі түйткілді сұрақтар төңірегінде пікір алмасу өтті.

Кездесу ашық диалог негізінде өтіп, барлық көтерілген мәселелер талқыланды. Ұсыныстар ескеріліп, оларды іске асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.

Басқосу қорытындысында мұндай форматтағы кездесулердің маңыздылығы айтылып, алдағы уақытта да өзара байланыс тұрақты түрде жалғасатыны жеткізілді.

09/04/2026

Үржар ауданында Respublica партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

Қабылдау барысында аудан тұрғындары өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді. Әсіресе әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымның жай-күйі, жер және тұрғын үйге қатысты сұрақтар кеңінен талқыланды.

Әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмай, тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, кейбір мәселелер бойынша жауапты мекемелерге сұраныстар жолданып, олардың шешілуі бақылауда болатыны айтылды.

07/04/2026

Мақаншы ауданында Respublica партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш жұмыс сапарымен болып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Сапар аясында партия төрағасы аудан әкімімен арнайы кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым мәселелері, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды талқылады. Кездесу барысында жергілікті деңгейде шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелер көтеріліп, оларды бірлесіп шешу жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар, белсенді азаматтармен мазмұнды кездесу ұйымдастырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен бастамалары талқыланды. Азаматтар тарапынан көтерілген сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, бірқатар ұсыныстар назарға алынды.

Бұдан бөлек, қоғамдық қабылдау өткізіліп, аудан тұрғындары жеке мәселелері бойынша жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Қабылдау барысында әлеуметтік, тұрғын үй, жер, инфрақұрылым және өзге де бағыттағы өтініштер қаралып, тиісті заң аясында түсіндірмелер берілді. Кейбір мәселелерді шешу үшін жауапты органдарға нақты тапсырмалар жолданды.

Жалпы, жұмыс сапары барысында халықпен ашық диалог орнатылып, тұрғындардың мәселелерін тыңдау және оларды жүйелі түрде шешуге бағытталған нақты қадамдар айқындалды.

20/03/2026

Respublica партиясының Абай облыстық филиалының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Көкпекті ауданына қарасты Үлгілімалшы ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдауды партияның Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш және Үлгілімалшы ауылдық округінің әкімі бірлесіп жүргізді. Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік, инфрақұрылымдық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол сапасы, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және өзге де маңызды мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар, іссапар аясында ауыл әкімі фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында ауылдық денсаулық сақтау саласының жай-күйі, медициналық қызмет сапасы, кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық база және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мәселелері талқыланды. Медицина қызметкерлері өз ұсыныстарын ортаға салып, жұмыс барысында кездесетін бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Әрбір көтерілген мәселе мұқият тыңдалып, тиісті түсіндірмелер беріліп, кейбір мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

17/03/2026

«Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров атынан жалпы ұлттық референдум аясында коалиция жұмысында белсенділік танытқан мүшелерге алғыс хаттар табыс етілді. Алғыс хаттарды партияның Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш табыс етті.

Марапат алғандар қатарында мәслихат депутаттары, Re.women әйелдер қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ reJastary жастар қанатының мүшелері бар. Іс-шара барысында қатысушылардың қоғамдағы маңызды бастамаларға қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін ризашылық білдіріліп, олардың ел дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

Want your business to be the top-listed Government Service in Semey?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Semey
071400