«Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Government Building, Абай көшесі 96, Semey.
Мемлекеттік тілді үйренуді насихаттауға бағытталған бейне ролликтер, челлендждер, ақпартаттық іс-шаралар өткізу «Шамшырақ» клубы ұжымы осы акцияны қолдайды.
Челлендж: «Аталар сөзі» (Мақал-мәтелдер)
Мақсаты: Мемлекеттік тілді насихаттау, халық даналығын жастар арасында дәріптеу.
Тіл ұлттың рухани коды. Әр ұлттың діни ғұрпы, батасы, ырымы, мақал- мәтелі болады. Тілін жоғалтқан ұлт ата бабасының рухани мұрасын жоғалтады.
Менің айтатын мақалым: «Тілсіз елдің күні жоқ»
Мағынасы:
Егер ұлттың өз тілі болмаса, оның болашағы мәдениеті болмайды.
Сондықтан ана тілімізді қастерлейік
#МемлекеттікТіл
#ТілМәртебесі
#АталарСөзіЧеллендж
06/07/2026
6 шілде – Астана күні құтты болсын!
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің символы – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана – ел бірлігі мен жасампаздықтың, өркендеу мен жарқын болашаққа деген сенімнің айқын көрінісі. Елордамыздың мерейі асқақтап, Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы жетістіктері еселене берсін!
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке, бақыт пен толайым табыс тілейміз!
Мереке құтты болсын!
🌊 «ЖАҒАЛАУ FEST – 2026» жоғары көңіл күй сыйлады!
4 шілде күні Семей қаласында шомылу маусымының ашылуына арналған «Жағалау Fest – 2026» мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік бағдарлама бір мезетте үш жағажайда – Қалалық жағажайда, Затон жағажайында және Заря жағажайында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара аясында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, көңілді эстафеталар, белсенді ойындар, аниматорлар мен флешмобтар, спорттық жарыстар мен волейбол сайыстары өтті. Сонымен қатар көпшілік ерекше әсер сыйлаған көбік кешіне қатысып, мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады.
04/07/2026
🎼 Домбыра үні – дала үні!
Ұлттық рухымыздың алтын арқауы – қасиетті домбыраны ұлықтайтын Ұлттық домбыра күні мен еліміздің жүрегі – Астана күні бір мезетте тоғысқан ерекше мерекеде баршаңызды салтанатты іс-шараға шақырамыз!
Киелі күйдің күмбірі мен ұлттық өнердің әуені астасатын мерекелік кеште халқымыздың бай мәдени мұрасын бірге дәріптейік!
🗓 Күні: 5 шілде 2026 жыл
📍 Өтетін орны: Арбат алаңы
🕓 Басталу уақыты: 16:00
Ұлттық өнерге тағзым етіп, рухани кештің куәсі болыңыздар! Сіздерді асыға күтеміз! 🇰🇿🎶
03/07/2026
🌊 ЖАҒАЛАУ FEST – 2026 🌊
Құрметті семейліктер мен қала қонақтары!
Сіздерді жаңа демалыс маусымының жарқын оқиғасы – «Жағалау fest – 2026» шомылу маусымының ашылуына арналған мерекелік іс-шараға шақырамыз!
🗓 4 шілде
🕓 16:00
Биыл мерекелік бағдарлама бір уақытта үш жағажайда өтеді:
📍 Қалалық жағажай
📍 Затон жағажайы
📍 Заря жағажайы
Сіздерді қызықты әрі көңілді бағдарлама күтеді:
🎈 Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы;
🏃♂️ Көңілді эстафеталар мен белсенді ойындар;
🎭 Аниматорлар мен флешмоб;
🏐 Спорттық ойындар, волейбол;
🫧 Көбік кеші (пенная вечеринка);
🎤 Мерекелік концерттік бағдарлама.
Жаздың ең көңілді мерекесін бірге қарсы алайық!
Келіңіздер! Көріңіздер! Қатысыңыздар! ☀️🌊🏖️
02/07/2026
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АУҚЫМДЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ
Ұлттық домбыра күні мен Қазақстан Республикасы Конституциясының ресми күшіне енген күніне орай Абай облысында бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.
2026 жылғы 2 шілде күні сағат 11:00-де Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белгілі композитор әрі әнші Тұрсынғазы Рахимовтың туғанына 75 жыл толуына арналған «Әнге айналған ғұмыр» атты еске алу кеші мен көрменің ашылуы өтеді.
3 шілде күні сағат 11:00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне арналған «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрменің ашылу салтанаты ұйымдастырылады.
4 шілде күні сағат 20:00-де Семей қаласындағы «Абай Арена» алаңында Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді.
Сондай-ақ осы күні Алакөл жағалауында Абай ауданының Мәдениет күндері аясында «Қаламқас» халықтық ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылады. Сонымен қатар, Қазақстан эстрадасының танымал әншілері Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева, Қанат Үмбетов және Мәди Қадыров мерекелік бағдарламаға қатысады.
5 шілде күні Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасады.
Сағат 16:00-де Семей қаласының Арбат алаңында «Домбыра үні – дала үні» атты мерекелік бағдарлама өтеді.
Сағат 17:00-де Семей қаласының Орталық саябағында «Домбыра мен елорда – ел мақтанышы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Осы күні сағат 17:00-де Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбековтің қатысуымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Үкілі домбыра» мерекелік концерті өтеді.
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Абай көшесі 96
Semey
F17G1G7
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
