01/06/2025
Балалар күніне арналған шараға 25 мыңға жуық адам қатысты
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласында кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. Балаларға қуаныш сыйлауға бағытталған бұл игі бастамаға 25 мыңға жуық бүлдіршін мен ата-аналар қатысты.
Шараға сонымен қатар отбасы институтын нығайтуға бағытталған «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Жеңгелер мектебі», «Аталар мектебі», «Ағалар мектебі» секілді қоғамдық ұйымдардың өкілдері де белсенді қатысып, бала тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңестерімен бөлісті.
«Сиқырлы түстер әлемі» атты асфальтқа сурет салу акциясы барысында 300-ге жуық бала өз қиялындағы бейнелерді бояу арқылы жеткізді. Бұл шара балалардың шығармашылық қабілетін арттырумен қатар, олардың көңіл-күйін көтеруге де септігін тигізді.
Қорытындылай келе, балалар – еліміздің ертеңі, болашағымыздың негізі. Оларға қуаныш сыйлау, бақытты балалық шақ қалыптастыру – әрбіріміздің ортақ міндетіміз.
Осындай игі бастамалар арқылы қоғамда бала құқығы мен олардың дамуына жағдай жасау мәселесіне деген көзқарас жыл санап жақсарып келеді.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
⬇️⬇️⬇️
01/06/2025
✨«Жұлдызды сәт» фестивалі балаларға шаттық сыйлады
М. Әуезов атындағы алаңда балаларға арналған «Жұлдызды сәт» фестивалі өтті. Шара аясында түрлі фотозоналар орнатылып, аниматорлар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Балалар ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, ерекше әсер алды. Мерекелік іс-шара көңілді әрі есте қаларлық өтті.
Балалар – еліміздің болашағы. Сол себепті олардың алаңсыз балалық шағы мен жарқын келешегі үшін жағдай жасау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз.
Осындай іс-шаралар балалардың шат-шадыман көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына және шығармашылық қабілеттерін ашуға септігін тигізеді.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
⬇️⬇️⬇️
01/06/2025
Семей бүлдіршіндері Ертіс өзенінде кемемен серуендеді
Семей қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге арналған ерекше шара ұйымдастырылды.
Балалар Ертіс өзенінде кемемен серуендеп, шат-шадыман көңіл күйге бөленді. Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысты.
Кеме үстінде балалар үшін көңілді аниматорлар ойындар ұйымдастырып, түрлі қызықты бағдарламалар өткізілді.
Мерекелік серуен барысында бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, керемет көңіл күй сыйланды. Балалар үшін бұл күн есте қаларлық, қуаныш пен шаттыққа толы болды.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
⬇️⬇️⬇️
01/06/2025
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ертіс жағалауында мерекелік концерт өтті
Семей қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Ертіс өзенінің жағалауында ұйымдастырылған мерекелік концертке балалар мен ата-аналар жиналды.
Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шарада арнайы ойын алаңдары, шеберлік сағаттары мен түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысып, бүлдіршіндер мен ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтады.
«Бұл күн – балаға деген шексіз махаббат пен жауапкершілікті жаңғыртатын, адамзаттың ең асыл құндылығы – балаларды қорғау қажеттігін еске салатын ерекше мереке. Семей қаласында балалардың бақытты әрі қауіпсіз өмір сүруі үшін нақты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру – биылғы басты назардағы міндеттердің бірі. Қала сыртындағы 9 сауықтыру лагерінде 5 мыңға жуық бала демалады», – деді Қуаныш Әбілдаев.
Шара аясында балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында қолөнер, сурет және робототехника көрмелері ұйымдастырылып, түрлі аниматорлық қойылымдар мен флешмобтар өткізілді.
1 маусымда Семей қаласында 14 түрлі орында кең ауқымды мерекелік бағдарламалар, концерттер мен фестивальдер өтті. Бұл күн балалардың жүзінен шаттық пен күлкі кетпеген, қуаныш пен жылулыққа толы ерекше күн болды.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
⬇️⬇️⬇️
31/05/2025
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
1 МАУСЫМ –ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ Шмидт көшесі көлік қозғалысы үшін сағат 09:00-ден бастап жабылатынын хабарлаймыз!
Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
———
📢ОБЪЯВЛЕНИЕ!
В связи с празднованием 1 ИЮНЯ – МЕЖДУНАРОДНОГО ДНЯ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ движение автотранспорта по улице Шмидта будет перекрыто с 09:00 часов!
Приносим извинения жителям и гостям города за временные неудобства!
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
31/05/2025
«Таза Қазақстан»: Семейде жалпықалалық сенбілік жалғасуда
Семей қаласында сәуір айында басталған жалпықалалық сенбілік жұмыстары қарқынды түрде жалғасып жатыр.
Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында өткен шараға 2500-ден астам тұрғын қатысып, 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Нәтижесінде, 650 текше метрден астам қоқыс ТҚҚ полигонына шығарылды.
Мұндай игі бастама қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Тұрғындарды алдағы уақытта да белсенділік танытып, тазалықты бірге сақтауға шақырамыз.
Таза қала – ортақ игілік!
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
31/05/2025
⭐Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараларға шақырамыз!
Сағат 10:00:
• «Көңілді эстафета» – Сол жағалаудағы көпір асты кеңістігі
• Эскурсия және мерекелік;
концерт – Облыстық балалар биологиялық орталығы;
• Мерекелік концерт пен аниматорлық бағдарлама – № 2, 46, 21, 49, 45, 38, 33 жалпы орта білім беретін мектептері;
• Мерекелік концерт – Жеңіс алаңы;
• Қолөнер көрмесі және мерекелік концерт – Арбат алаңы
• «Біз бақытты баламыз» атты концерт – Ертіс өзенінің орталық жағалауы.
Сағат 11:00:
• «Жұлдызды сәт» фестивалі – М. Әуезов алаңы;
• «Сиқырлы түстер әлемі» асфальтқа сурет салу шарасы – Спартак стадионы.
Сағат 12:00:
• «Бақытты балалық шақ – кемел болашақ» шығармашылық фестивалі – Ертіс өзенінің орталық жағалауы.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
⬇️⬇️⬇️
31/05/2025
Семейде саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына тағзым етілді
Семейліктер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Шара аясында қала тұрғындары «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның, «Ұстаз бен шәкірт», Қайым Мұхамедханов ескерткіштерінде гүл шоқтарын қойды.
Еске алу шарасына Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов, Семей қаласының әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, қоғам белсенділері, студенттер және қала тұрғындары қатысты.
Жиналғандар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
⬇️⬇️⬇️
30/05/2025
Бобровка және Мұрат саяжайларының тұрғындарымен кезекті кездесу өтті
Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Бобровка және Мұрат саяжайларының тұрғындарымен кезекті рет кездесу өткізді. Басқосуда бұған дейін көтерілген мәселелердің орындалу барысы баяндалып, тұрғындардың сауалдарына жауап берілді.
Саяжайлардағы басты мәселенің бірі — электр желісі. Қазіргі таңда техникалық шарттар қайта қаралып, трансформаторға қосу жұмыстары жүргізіліп жаты.
«Бобровка мен Мұрат саяжайының тұрғындары биыл жарықсыз қалмайды. Бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелер өз кезегінде шешімін тауып келеді», – деді Бекжан Бапышев.
Сонымен қатар кездесуде Мұрат 6-саяжайына қосымша аялдама орнату, ауыз су, қоғамдық көлік пен санитарлық тазалық мәселелері қозғалды.
«Қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін тиісті мамандармен арнайы талдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл – халықтың күнделікті қатынасы үшін аса маңызды», – деп атап өтті қала әкімінің міндетін атқарушы.
Кездесу соңында барлық айтылған мәселелер назарға алынып, олардың әрқайсысы бақылауда болатыны айтылды.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
⬇️⬇️⬇️
30/05/2025
Семейде рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын жою жұмыстары жалғасуда
Семей қаласында рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын анықтау және жою жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда алаңдардан 31911,7 текше метр қоқыс шығарылды.
Бұл жұмыстарға күн сайын 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылуда.
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді белгіленбеген және рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастамауға шақырамыз! Бұл – қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, қаламыздың көркіне нұқсан келтіреді.
Семей – бәріміздің ортақ үйіміз. Оны таза да көрікті ету – әрбіріміздің азаматтық борышымыз.
Тазалықты бірге сақтап, туған қаламызға жанашырлық танытайық!
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
⬇️⬇️⬇️
29/05/2025
Семейде «Еңбекші жастар – 2025» фестивалі өтті
Семей қаласындағы Электротехникалық колледж базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбекші жастар – 2025» қалалық фестивалі өтті.
Басты мақсат – еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, жастарды техникалық және жұмысшы кәсіптерге баулу, сондай-ақ еңбекке деген оң көзқарас қалыптастыру.
Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Ғапуов, колледж студенттері мен өңірдің еңбекші жастары қатысты.
«Жастардың еңбекке деген ықыласы, кәсіби шыңдалуға ұмтылысы – қаламыздың дамуының кепілі. Бүгінгі фестиваль – жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деді Қуаныш Әбілдаев.
Фестиваль аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған аймақтағы 20-дан астам ірі кәсіпорын мен жұмыс беруші мекемелер қатысып, жастарға тұрақты жұмыс пен тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін ұсынды.
Сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбекші жастарға қала әкімінің орынбасары алғыс хаттар табыстады.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
⬇️⬇️⬇️