Біз сіздерді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығының бөлімі Әсет Найманбайұлы музейінде күтеміз!
Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейі
АБАЙ МҰРАСЫН НАСИХАТТАУ.
Жидебайдағы Абай музей-үйіндегі Абай Құнанбайұлы шежіресі қайта жаңартылды. Бұл игі бастама тікелей облыс әкімі Берік Уәлиұлының қолдауымен жүзеге асты.
Ақынның өмірі мен тегі туралы мәліметтерді тереңірек танып-білуге жол ашатын шежіре келушілер үшін құнды ақпарат ғана емес, тарихымызды дәріптеудің маңызды бір бөлігі.
18/04/2026
Құрметті әріптестер, мәдениет жанашырлары!
Сіздерді Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтаудың маңызын айқындайтын, өткен мен бүгінді жалғап тұрған құндылықтарды ұлықтайтын ерекше мереке. Ұлттың рухани байлығы – оның ескерткіштері мен тарихи орындары арқылы ұрпақтан – ұрпаққа жетіп, ел жадында мәңгі сақталады.
Музей – сол асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа аман жеткізуді мақсат еткен қасиетті орын. Тарихымызды түгендеп, мәдени мұрамызды қорғау жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Ізгі ниетпен
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының директоры
Ұлан Сағадиев
Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Шәкәрім университетінің студенттеріне “Абайдың күйлері” тақырыбында дәріс өткізілді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 17 сәуір күні сағат 10.00 де әнші-композитор, дарынды актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Сыбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өнер – менің өмірім» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Аталған жинақта өнер иесінің шығармашылық мұрасы кеңінен қамтылып, «Шығармалар», «Суреттер сыры», «Естеліктер», «Қазанамалар», «Арнаулар» бөлімдері арқылы Болат Сыбановтың тұлғалық болмысы мен өнердегі орны жан-жақты ашылады. Кітап мазмұны оқырманға автордың рухани әлемін тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды сипатта өтті. Кеш барысында қатысушылар рухани әсер алып, өнер иесінің шығармашылығына деген құрмет пен ықылас айқын сезілді. Тұсаукесер жылы атмосферада өтіп, көпшілікке терең ой салып, ерекше әсер қалдырды.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Семей қаласының әкімдігі, мәдениет және өнер мекемелерінің өкілдері Болат Сыбановтың отбасы қатысты.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімімен бірлесіп аймақтық ХVI «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді.
Сайыс музей директоры Ұ.Сағадиевтің құттықтау сөзімен ашылды.
Сайыстың қазылар алқасының құрамында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері Л.Абдрахманова және Абай музей қорығының бас редакторы Р.Елекенова болды.
Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша:
Бас жүлдені №15 мектеп оқушысы Ә.Орымбекова Бірінші орынды №5 гимназиясының оқушысы Л.Қанапиянова, екінші орынды №51 мектеп оқушысы Ә.Болатқызы мен №16 мектептен А.Кеңесхан үшінші орынды №42 мектеп оқушысы Д.Раева, №35 мектеп оқушысы А.Өкен және №26 мектеп оқушысы А.Оразбаева иеленді.
Сайыс жеңімпаздары, ұстаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
16/04/2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 17 сәуір күні сағат 10.00 де әнші-композитор, дарынды актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Сыбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өнер – менің өмірім» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.
Аталған жинақта өнер иесінің шығармашылық мұрасы кеңінен қамтылып, «Шығармалар», «Суреттер сыры», «Естеліктер», «Қазанамалар», «Арнаулар» бөлімдері арқылы Болат Сыбановтың тұлғалық болмысы мен өнердегі орны жан-жақты ашылады. Кітап мазмұны оқырманға автордың рухани әлемін тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Семей қаласының әкімдігі, мәдениет және өнер мекемелерінің өкілдері қатысады.
Абай музейінде ғылыми қызметкер Дильназ Ғалымбекқызы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған “Алдымда ақын Абай – темірқазық” атты көрмесі аясында Әлихан Бөкейхан университеті студенттеріне тақырыптық экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында көрнекті абайтанушының ғылыми мұрасы, Абай шығармашылығын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі кеңінен таныстырылып, Абай Құнанбайұлы тұлғасының рухани әлемі тереңінен насихатталды.
Көрме – ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абай мұрасын ұлықтауға бағытталған тағылымды шара.
Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ғылыми кітап қоры “Абай және әлем: мүсін тіліндегі үн” атты альбом кітаппен толықты. Автор - Ерсін Қыдыров, идея авторы Нүргүл Қыдырова.
Бұл кітап Ұлы Абайдың даналығына бас иетін барша қауымға, бабалардың өсиетін бойына сіңіріп өсіп келе жатқан ұрпаққа арналған.
Кітапты музей кітапхана қорынан таба аласыздар!
15/04/2026
Ертең!!!
14 сәуірде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының қызметкерлері Приречный орта мектебінде «Сүйер ұлың болса, сен сүй..» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар ақынның өмірі шығармашылығы, ұлдары,ақын шәкірттері жайында кең мағлұмат алды.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Қайым Мұхамедханов көшесі 29
Semey
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |
| Saturday | 09:00 - 18:00 |
| Sunday | 09:00 - 18:00 |
