Ukzsp_Abai

Directions Contact the organization

Ukzsp_Abai «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ресми парақшасы

18/09/2026

Қоныс аудардыңыз. Енді не істеу керек?

Қандастар мен қоныс аударушыларға жаңа қоныстанған жерінде қажетті мәселелерді шешуге - құжаттарды рәсімдеуден бастап, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелеріне дейін кешенді мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Әр отбасы үшін негізгі мәселелерді жедел шешуге және жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін жеке сүйемелдеу маршруты қалыптастырылады. Барлығы 25 бейімдеу және интеграциялау қызметі қолжетімді.

Мамандар қажетті құжаттарды рәсімдеуге, тұрғын үй іздеуге, балаларды балабақша мен мектепке орналастыруға, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға жәрдемдеседі.

Қандай көмек түрлері қолжетімді? Қайда жүгіну керек?

18/09/2026

Переезд состоялся. Что дальше?

Для кандасов и переселенцев после переезда предусмотрена комплексная государственная поддержка - от оформления документов и поиска жилья до трудоустройства и адаптации на новом месте.

Для каждой семьи формируется индивидуальный маршрут сопровождения, который помогает быстрее решить основные вопросы и адаптироваться в новом регионе. Всего доступно 25 видов адаптационных и интеграционных услуг.

Специалисты оказывают содействие в оформлении необходимых документов, поиске жилья, устройстве детей в детский сад и школу, трудоустройстве, а также в получении предусмотренных мер государственной поддержки.

Куда обращаться? Какие услуги доступны и как получить помощь?

09/09/2026

#ЕңбекКүні #ЕңбекАдамы #Өндірістің үздік жас маманы #
Сарсенова Айдана Асхатқызы
2023 жылдан бастап ҚР Ұлттық ядролық орталығы РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының мониторинг және экологиялық – талдамалық зерттеулер бөлімінің эколог- маманы қызметінде.
Күнделікті жұмыста да, ғылыми-зерттеу қызметінде де жоғары тиімділікті көрсете біледі.
Үнемі біліктілікті арттыруға және кәсіби өсуге ұмтылады. Ұжымда сыйлы, сыпайы, қиын жағдайларда әрқашан шешімін таба алатын жас маман.

07/09/2026

#ЕңбекКүні #ЕңбекАдамы #Өндірістің үздік жас маманы #
Алиясов Нұрғазы Серікқазыұлы.
Еңбек өтілін 2023 жылдары «Мәуліт» шаруа қожалығында зоотехник болып бастаған Нұрғазы Серікқазыұлы қазіргі уақытта «Жансерік» ЖШС-інде бас директордың орынбасары лауазымында қызмет істейді.
Нұрғазы Серікқазұлы лауазымдық міндеттерін адал атқаратын тәртіпті және білікті маман.
Кәсіби дайындықтың жоғары деңгейімен, дағдыларды үнемі жетілдіруге ұмтылудың арқасында жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізеді.
Білікті маман, өз ісіне адал қызметкер және жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар қызметкер.

02/09/2026

#ЕңбекКүні #ЕңбекАдамы #Өндірістің үздік жас маманы #
Жұмажанов Ербол Қажығалиұлы – « СемАЗ» ЖШС – де 2023 жылдан бастап еңбек етеді. Еңбек жолын автомобиль құрастыру желісінде слесарь-құрастырушы болып бастап, өзінің жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігінің арқасында 2025 жылдан бастап өндірістік цех 01 шебері D**G FENG лауазымына дейін көтерілді.
Ербол Қажығалиұлы еңбек еткен жылдары өзін білікті маман, өз ісіне адал қызметкер және жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар басшы ретінде көрсетті. Кәсіби білімінің, мол тәжірибесінің және жауапкершілігінің арқасында әріптестері мен басшылық арасында зор құрметке ие.

01/09/2026

#ЕңбекКүні #ЕңбекАдамы #тәлімгер #
Аксакова Балым Макановна – Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы «Маяковский атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің» музыка пәні мұғалімі.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын мұғалім. Музыка сабағына кірген әр оқушының жүрегіне бір әуен, бір сезім, бір жақсы ой қалдырғым келеді дейді ұстаз. Өз сабағымда баланы ән айтуға, күй тыңдауға ғана емес музыканы жүрегімен сезінуге үйретемін. Еңбегімнің жемісі деп қазір үлкен сахнада жүрген Бексұлтан Кенішқалиевты айтуға болады. Сол өнерпаз оқушым сияқты тағы басқа оқушыларым үлкен сахналарда өнер көрсетуде.

28/08/2026

#ЕңбекКүні #ЕңбекАдамы #тәлімгер #
Қайрашова Дидар Еркінқызы – «№50 жалпы орта білім беретін ІТ мектеп-лицейінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші, «Өрлеу» БАҰО» филиалы ШҚО бойынша педагог қызметкерлердің Кәсіби даму институтының шақыртылған тренері, «Жас мамандар мектебінің» жетекшісі.
Ұзақ жылдар бойы өз мамандығына адалдық танытып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге өлшеусіз үлес қосып келеді. Өзінің кәсіби шеберлігі, шығармашылық ізденісі, жауапкершілігі және жаңашыл көзқарасы арқылы әріптестері мен шәкірттерінің құрметіне бөленген білікті педагог. Жалпы педагогикалық өтілі -30жыл.

Управление координации занятости и социальных программ области Абай в соответствии с пунктом 6 Приказа Заместителя Премь...
27/08/2026

Управление координации занятости и социальных программ области Абай в соответствии с пунктом 6 Приказа Заместителя Премьер-Министра-Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 274 «Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан и ее распределения между областями, городами республиканского значения, столицей», сообщает о необходимости подачи заявки на привлечение иностранной рабочей силы на 2027 год до 1 октября 2026 года.
Заявка работодателя на привлечение иностранной рабочей силы на 2027 год должна соответствовать следующим требованиям:

Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Қазақстан Республикасына шетелдік жұ...
27/08/2026

Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты от әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығының 6-тармағына сәйкес 2026 жылғы 1 қазанға дейін 2027 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды.
2027 жылға жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім келесі талаптарға сай болуы тиіс:

26/08/2026

#ЕңбекКүні #ЕңбекАдамы #
Серікұлы Ерсұлтан – 2022 жылдан бастап «Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында» жүзуден жаттықтырушы – оқытушы болып қызмет істейді.
Жүзуден жоғары деңгейдегі 2 санатты жаттықтырушы Ерсұлтанның еңбегінің жемісі, атап айтсақ - Мұхит Әлихан мен Бейсқалиева Махаббат Республикалық турнирдің жеңімпаздары болса, Манарбек Айару, Базарбай Нұрхан, Тілеуғали Инабат аты оқушылары облыс чемпиондары болып жеңіске жетуде.
Жүзудің пайдасы.
Жүзу-бұл барлық дерлік бұлшықет топтарына әсер ететін жаттығулардың толық жиынтығы. Жүзу төзімділікті, күш пен икемділікті дамытады. Тұрақты жаттығулар қан айналымын жақсарту және жүрек ауруының қаупін азайту арқылы жүрек-қантамыр жүйесін нығайтуға көмектеседі. Жүгіру немесе күш жаттығуларынан айырмашылығы, жүзу-бұл төмен әсер ететін спорт түрі, бұл буындардағы стрессті азайтады, бұл тірек-қимыл аппараты проблемалары бар адамдар үшін тамаша таңдау – дейді жас маман Серікұлы Ерсұлтан.

Address

Улица А. Козбагарова, 40
Semipalatinsk
071400

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ukzsp_Abai posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Ukzsp_Abai:

Shortcuts

Share