Аттестатталған ұйым басшыларының назарына
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті хабарлайды Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 72-бабына сәйкес аттестаттауға:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
5) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізуге арналған аттестаттары бар аттестатталған ұйымдардың оларды басқа жұмыс түрлерін жүргізу үшін пайдалануына жол берілетіні туралы ақпарат келіп түседі.
Сіздің назарыңызға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған аттестат, аттестатта көрсетілген жұмыстарды жүргізуге ғана құқық беретінін және басқа жұмыс түрлерін жүргізу үшін пайдалануға жол берілмейтінін жеткіземіз.
Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 299-бабында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.
Вниманию руководителей аттестованных организаций
Департамент Комитета промышленной безопасности МЧС РК по городу Шымкенту сообщает, что в соответствии со статьей 72 Закона Республики Казахстан «О гражданской защите» (далее - Закон) аттестации подлежат юридические лица на право:
1) проведения экспертизы промышленной безопасности;
2) подготовки, переподготовки специалистов, работников в области промышленной безопасности;
3) проведения экспертизы в области взрывных работ;
5) проведения технического обслуживания газопотребляющих систем;
6) проведения монтажа, технического обслуживания, технического диагностирования, технического освидетельствования и ремонта лифтов, эскалаторов, траволаторов, а также подъемников для лиц с инвалидностью.
При этом, в уполномоченный орган в области промышленной безопасности поступает информация, что аттестованными организациями, имеющими аттестаты на проведение определенных видов работ в области промышленной безопасности, допускается использования их для проведения других видов работ.
Доводим до вашего сведенья, что аттестат на проведение работ в области промышленной безопасности дает право на проведение работ указанных в аттестате и не допускается использование для проведения других видов работ.
Вместе с тем напоминаем, что статьей 299 Кодекс РК «Об административных правонарушениях» предусмотрена административная ответственность за нарушение законодательства Республики Казахстан при проведении аттестуемых видов работ в области промышленной безопасности.
ҚР ТЖМ ӨҚ комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті
Государственный надзор в области промышленной безоп?
06/04/2022
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жұмысқа алғаш қабылданған жас маман Ақарыс Назарұлы Айтбаевпен сынақ мерзімі кезеңінде бейімделу жоспарының орындалуына тәлімгер С.Ш.Тенлесбай бақылау жүргізе отырып, А.Н.Айтбаевқа мамандықты игеру, қызметтік міндеттерді түсіндіру, оларды сапалы орындаудың әдістері мен тәсілдерін көрсету бойынша көмектесу іс-шарасын өткізді.
02/03/2022
ЖАДЫНАМА
мемлекеттік қызметшілер немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтарды, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал еткен болса не аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелері білмей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде оларға және олардың отбасы мүшелеріне
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін тапсырылатын сыйлықтарды өтеусіз беру бойынша
1. Сыйлықты алған күннен бастап не сыйлықты алғаны белгілі болған күннен бастап жеті күн ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне алған мемлекеттік қызметшілер немесе өзге де адамдар оларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға (Нұр-Сұлтан қаласы, Жұбанов көшесі, 16, тел.270-392 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті) өтеусіз береді.
Сыйлықты беру туралы өтініште мынадай мәліметтер болуға тиіс:
- Сыйлық тапсырушының Т. А. Ә., лауазымы, жұмыс орны, байланыс деректері, жеке куәлігінің деректері;
- сыйлықтың атауы, оның саны және қысқаша сипаттамасы;
- сыйлықты сатып алуға келісім беру немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат.
2. Сыйлықты беру сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган жасайтын Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.
3. Сыйлықты уәкілетті органға берген тұлға Жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құн бойынша сатып алуға құқылы.
4. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылады.
Тапсырылған сыйлықты беру сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлықтың құны толық төленгеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.
5. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.
Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.
Анықтама үшін: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 472-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға сыйлық түріндегі мүлікті толық және (немесе) уақтылы бермегені үшін, егер бұл іс-әрекеттер де қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.
18/02/2022
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары Мұса Тұрманович Танабаевтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Салханқызы Әлжанованың қатысуымен ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаменттерінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету» тақырыбында көшпелі жиналыс өткізілді.
Жиналыста Ж.С. Әлжанова Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шараларды баяндады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, Ж.С. Әлжанова департаменттердің мемлекеттік қызметшілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстық істері бойынша жауапкершіліктің қатаңдатылғаны, соның ішінде қызмет атқару кезінде сыйлықтар алу, «Kaspi» қосымшасы арқылы белгісіз тұлғалардан ақшалай аударымдар түскен кездегі жауапкершіліктерді және оларды белгіленген мерзімде Мемлекеттік кірістер органына тапсыру қажеттігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
15/02/2022
Информация о произошедших авариях, связанных с падением строительных кранов
По данным Комитета промышленной безопасности за 2021 год и январь месяц 2022 года на строительных площадках Республики зарегистрировано 8 аварий, связанных с падением строительных кранов.
Справочно:
1. 20.02.2021 года в городе Нур-Султан, на строительном объекте (генподрядчик ТОО «Турмонтаж-Актобе») при разгрузочно-погрузочных работах на объекте опрокинулся автокран. Пострадавших нет.
2. 12.03.2021 года в Павлодарской области, на строительном объекте при погрузочно-разгрузочных работах у гусеничного крана РДК-25 произошла деформация стрелы крана. Пострадавших нет.
3. 26.04.21 года в городе Нур-Султан, на строительном объекте при разгрузке арматуры весом 3,5 тонны опрокинулся кран. Пострадавших нет.
4. 19.05.2021 года в городе Актау, на строительном участке жилого комплекса при поднятии автомобильным краном бадьи с цементным раствором, оборвался тросс крана, в результате произошёл несчастный случай с летальным исходом работника.
5. 14.07.2021 года в городе Нур-Султан на строительном объекте «Бизнес Центр и Отель» при приеме бетона на котлован в бадье произошел облом стрелы автокрана. В результате 1 рабочий получил травмы легкой степени тяжести;
6. 08.10.2021 года на строительной площадке городе Костанай при разгрузочно-погрузочных работах произошел излом стрелы автомобильного крана принадлежащего ТОО «ТРЕК 2020». Пострадавших нет.
7. 23.11.2021 года на строительном участке школы Атырауской области при выполнении строительных работ ТОО «Батыс Альянс Строй» и подрядчиком ИП «Махамбетова», произошло падение крана при подъеме бадьи для бетона. В результате аварий травмы тяжелой степени получил 1 человек;
8. 23.01.2022 года на строительном объекте в городе Алматы произошло падения башенного крана. В результате которого крановщик получил травмы, несовместимые с жизьню. (ведется расследование)
Всего в результате аварий пострадало – 4 человека, из них:
со смертельным исходом –2 человека;
травмы тяжелой степени – 1 человек;
травмы легкой степени – 1 человек.
Основными причинами являются:
- слабый контроль за состоянием промышленной безопасности со стороны ИТР, неудовлетворительная организация за обеспечением безопасных условий работы со стороны руководства;
- несоблюдение требований промышленной безопасности при выполнении работ;
- моральный и физический износ опасных технических устройств.
- низкий уровень теоретических и практических знаний персонала грузоподъёмного механизма.
В целях недопущения падения строительных кранов на строительных плащадках рекомендуется усилить ведомственный контроль за техническим состоянием грузоподъемных механизмов, эксплуатирующихся на объектах строительства.
Что такое терроризм?
04/02/2022
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметшілерімен 2022 жылдың 3 ақпанында Терроризм және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша оқу өткізілді.
Оқу мынадай тақырыптар бойынша жүргізілді:
1. Терроризмге қарсы комиссияның 2022 жылға арналған ақпараттық қажеттіліктер Тізбесі бойынша Департамент тарапынан жүргізілетін жұмыстар;
2. Террористік тұрғыдан осал объекті - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарымен таныстыру;
3. Терроризм және діни экстремизмнің алдын алудағы шарттар, террористік актілер орын алған жағдайлардағы негізгі іс-қимылдар.
17/01/2022
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органның қызметкерлерін жеке қабылдау жүргізу кестесі.
08/12/2021
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №485 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қыркүйекте №24574 болып тіркелген «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидалары» күшіне енді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №229 бұйрығымен бекітілген «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының күші жойылды.
Жаңа Қағидаларда Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару тәртібі (2-тарау) және Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібі (3-тарау) айқындалған.
«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару және Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару кезінде осы жаңа Қағидаларды қолдануды назарларыңызға саламыз!
ҚР ТЖМ ӨҚ комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы.
30/11/2021
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жаңа Қағидалардың күшіне енгені туралы.
«Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №454 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте №24508 болып тіркелген, қазіргі кезде күшіне енін, қолданысқа енгізілді.
Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерімен және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Бұған дейін қолданған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №189 бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының күші жойылды.
Екі және одан да көп облыс шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ стратегиялық объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – Комитет) келісіледі.
Өзге қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Комитеттің аумақтық департаменттерімен келісіледі.
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
Бұл мемлекеттік қызметті көрсету тек қана «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қағидалардың 4-тармағына сәйкес:
Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жібереді.
Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген өтінішпен бірге жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесін жолдайды (ҚР 1.02-03-2011 Құрылыс нормаларына сәйкес жасалған). Уран өндіру саласында - өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушы тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 12 (он екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, соңдай-ақ атом энергиясы, магистральді құбырларды мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және бір жұмыс күні ішінде хат ресімдейді - көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша келісу не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жауап болып табылады және оны портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидалардың Стандартында көрсетілген, олар:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Shymkent
160002
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
