Шымкент соттары

Шымкент соттары

Share

Шымкент қаласы соттарының парақшасы

Photos from Шымкент соттары's post 06/05/2026

⚜️Сот әкімшілігінің қызметкерлері спартакиадаға қатысты

🔰Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері арасында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай спартакиада өтті.
🔰Аталған сайысқа Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері де қатысты.
🔰Спартакиада спорттың 10 түрі бойынша, яғни шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, қазақ күресі, арқан тартыс, баскетбол, киберспорт түрлері бойынша өткізілді.
🔰Іс-шара мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісіне айналған бірлік пен спорттық құштарлық рухында өтті.
Жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте департамент қызметкерлері – 2 орынға ие болды.
🔰Сонымен қатар, департамент қызметкерлері төменде көрсетілген жүлделі орындарды иеленді:
🔰І орын:
Қазақ күресі - Берік Мейірханов;
Баскетбол командасы (ерлер);
Тоғызқұмалақ - Дархан Рахматулла;

🔰ІІ орын:
Арқан тартыс командасы;
Қазақ күресі - Бақтыбек Тоимбетов;
Жүзу - Толқынай Құлтасова, Ескендір Паткиев;

🔰ІІІ орын:
Қазақ күресі - Әуез Жасұзақ, Бекжан Тасман;
Тоғызқұмалақ - Зарина Маменова.

🔰Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде салтанатты шара өтті.
🔰Іс-шараны қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Сайханов ашып, «Спартакиада мемлекеттік қызметшілерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тартуға арналған сайыс» - деп спартакиада жеңімпаздарын құттықтады.
🔰Содан кейін, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ғани Бектаев пен Департамент басшысы Берік Мейірханов жеңімпаздарға жылы лебіздерін білдірді.
🔰Әрі қарай, спартакиадада жүлделі орын алған және аталған спортакиадада белсене қатысқаны қызметкерлерге Шымкент қалалық соты төрағасының, Судьялар одағының Шымкент қаласы бойынша филиалы төрағасының және Департамент басшысының «Алғыс хаттары» табысталды.

*****

⚜️Сотрудники Судебной администрации участвовали в спартакиаде

🔰Среди государственных служащих Шымкента проведена спартакиада в честь 23 июня – Дня государственных служащих.
🔰В данном соревновании приняли участие сотрудники департамента Судебной администрации Республики Казахстан по городу Шымкенту.
🔰В программу спартакиады были включены соревнования по 10 видам спорта: мини-футболу, волейболу, «тоғызқұмалақ», настольному теннису, плаванию, шахматам, «қазақ күресі», перетягиванию каната, баскетболу и киберспорту.
🔰Мероприятие прошло в духе единства и спортивного азарта, став ярким примером популяризации здорового образа жизни среди государственных служащих.
🔰По итогам состязаний сотрудники департамента в общекомандном зачете заняли 2 место.
🔰Также, сотрудники департамента заняли нижеследующие призовые места:
🔰І место
«Қазақ күресі» - Берік Мейірханов;
Команда по баскетболу (мужчины);
«Тоғызқұмалақ» - Дархан Рахматулла;

🔰ІІ место:
Команда по перетягиванию каната;
«Қазақ күресі» - Бақтыбек Тоимбетов;
Плавание - Толқынай Құлтасова, Ескендір Паткиев;

🔰ІІІ место:
«Қазақ күресі» - Әуез Жасұзақ, Бекжан Тасман;
«Тоғызқұмалақ» - Зарина Маменова.

🔰В связи с чем, в департаменте Судебной администрации Республики Казахстан по городу Шымкенту состоялось торжественное мероприятие.
🔰Мероприятие открыл исполняющий обязанности председателя судебной коллегии по уголовным делам суда города Шымкента Сайханов Даурен и поздравляя присутствующих, он отметил: «Спартакиада является соревнованием вовлекающим государственных служащих в занятие физической культурой и спортом».
🔰Затем председатель филиала Союза судей Республики Казахстан по городу Шымкент Бектаев Гани и руководитель департамента Мейрханов Берик также поздравили победителей.
🔰После, победители занявшие призовые места и сотрудники активно участвовавшие в спартакиаде были награждены «Благодарственными письмами» председателя суда города Шымкента, председателя Союза судей Республики Казахстан по городу Шымкент, а также руководителя департамента.

Photos from Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан's post 06/05/2026
01/05/2026

⚜️Құрметті оқырмандар!

🔰Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

🔰Бірлік пен келісім – мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығының кепілі және басты құндылығы. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген даналықты ту еткен халқымыз қашанда татулықты бәрінен биік қойған.
🔰«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.
🔰Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.
🔰Осы мереке күні, Сіздерге қажымас қайрат, берекелі бірлік тілеймін.
🔰Отанымыз – Қазақстан Республикасының аспаны ашық, болашағы жарқын болсын!

Шымкент қалалық
сотының төрағасы
Ә.Шайхисламов

*****

⚜️Уважаемые читатели!

🔰Искренне поздравляю Вас с 1 мая – Днем Единства Народа Казахстана!

🔰Единство и гармония – залог внутренней стабильности и главная ценность нашего государства. Наш народ, провозгласивший мудрость «где единство, там жизнь», всегда ставил мир превыше всего.
🔰Этот праздник занимает особое место в стране, которая придерживается принципа «единство – источник процветания и мирной жизни внутри страны».
🔰Пусть дружба и взаимопонимание наших народов под одной крышей, межнациональный мир, солидарность и единство в нашей стране будут вечными.
🔰В этот праздник желаю Вам счастья, мира и единства.
🔰Пусть небо нашей Родины – Республики Казахстан – будет ясным, а будущее – светлым!

Председатель суда города Шымкента
Шайхисламов Ә.

29/04/2026

⚖️Сот көршілерді татуластырды

🔹Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотында қала тұрғынының көршілерінен моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
🔹Талап қоюшы өзінің арызында жауапкерлер «WhatsApp» ортақ үй чатында өзіне және отбасына қатысты әдепсіз сөздер жазғанын көрсеткен.
🔹Сот тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеудің артықшылықтарын, яғни тараптардың әрқайсысының мүдделері ескерілетінін және өзара тиімді әрі ыңғайлы шешім болатынын түсіндірді.
🔹Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, оған сәйкес талап қоюшы өзінің талаптарынан бас тартты, ал жауапкерлер талапты мойындап, талап қоюшыға 150 000 теңгеден ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін төлеуге міндеттенді.
🔹Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен қатар, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.
🔹Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

*****

⚖️Суд примирил соседей

🔹В межрайонном суде по гражданским делам города Шымкент рассмотрено гражданское дело по иску жительницы города к соседям о взыскании морального вреда.
🔹Истец указала, что ответчики в общедомовом чате «WhatsApp» выражались в её и в адрес её семьи нецензурной бранью.
🔹Суд разъяснил сторонам о преимуществах заключения соглашения об урегулировании спора (конфликта) в порядке медиации, где учитываются интересы каждой из сторон и принимается взаимовыгодное и мирное решение спора.
🔹В результате стороны заключили медиативное соглашение, согласно которого истец отказывается от иска, а ответчики признают иск и обязуются выплатить истцу по 150 000 тенге до конца мая этого года.
🔹Определением суда утверждено соглашение об урегулировании спора (конфликта) в порядке медиации, а производство по делу прекращено. Также истцу возвращена сумма уплаченной государственной пошлины.
🔹Определение суда не вступило в законную силу.

Photos from Шымкент соттары's post 28/04/2026

❗️Құрметті оқырмандар!

📌 Сіздердің назарларыңызға 2026 жылға арналған соттардағы мемлекеттік баж мөлшерлемелерін және мемлекеттік баждарды, айыппұлдарды төлеу реквизиттерін, сонымен қатар апостиль қою үшін мемлекеттік баж төлеуге арналған деректемелерді ұсынамыз.

✔️ Оны өзіңізге жүктеп, қолдануға болады.

——————————————

❗️Уважаемые читатели!

📌 Представляем вашему вниманию размеры государственных пошлин в судах на 2026 год, а также реквизиты для оплаты государственных пошлин и штрафов, включая данные для уплаты государственной пошлины за проставление апостиля.

✔️ Вы можете скачать и использовать данную информацию.

Photos from Шымкент соттары's post 28/04/2026

📌Құрметті оқырмандар!
📞Сұрақтарыңыз бойынша Шымкент қаласының Соттар әкімшісі басшыларының ватсап нөмірлеріне хабарласуға болатынын хабарлаймыз⤵️⤵️⤵️
--------------
📌Уважаемые читатели!
📞Сообщаем, что по вопросам Вы можете обращаться по ватсап-номерам руководителей администраторов судов города Шымкента⤵️⤵️⤵️

Photos from Шымкент соттары's post 25/04/2026

🔰Шымкент қаласының соттарында сенбілік ұйымдастырылды
🌱Экологиялық іс-шараға қалалық соттың төрағасы, аудандық соттардың төрағалары, сондай-ақ судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері қатысты.
🌱Іс-шара барысында сот ғимараттарының аумақтары абаттандырылып, гүлдер отырғызылды, ағаштар егілді, айнала тазартылып, ретке келтірілді.
🌱Сенбіліктің мақсаты – қоғам назарын экологиялық мәселелерге аудару, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау.
🌱Осындай іс-шараларды өткізу экологиялық жауапкершілікті арттыруға, қоғамдық сананы дамытуға және қалалық ортаның көркеюіне ықпал етеді.

*******

🔰В судах города Шымкента состоялся субботник
🌱В экологической акции приняли участие председатель городского суда, председатели районных судов, а также судьи и специалисты судебной системы города.
🌱В ходе мероприятия были проведены работы по благоустройству прилегающих территорий: высажены цветы и посажены деревья, приведены в порядок участки вокруг зданий судов.
🌱Целью субботника является привлечение внимания общества к вопросам экологии, формирование культуры чистоты и бережного отношения к окружающей среде.
🌱Проведение подобных мероприятий способствует укреплению экологической ответственности, развитию общественной сознательности и повышению уровня благоустройства городской среды.

25/04/2026
Want your business to be the top-listed Government Service in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

https://t.me/Jogargy_sot

Address


Түркістан көшесі, 87
Shymkent

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30