М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын N8 мамандандырылған гимназия" КММ

М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын N8 мамандандырылған  гимназия" КММ

Share

Добро пожаловать на официальную страничку специализи?

Photos from М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын N8 мамандандырылған  гимназия" КММ's post 05/06/2026

✨ EDUCAMPSHYM – 2026 | 4-КҮН ✨📚

«EduCamp Shym – 2026» оқу-танымдық лагері аясында біздің гимназияның оқушылары Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Тарих және педагогика факультетіне танымдық экскурсия жасады.

Кездесу барысында оқушылар факультеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, Арнайы педагогика, Педагогика, Әлем тарихы және дінтану, Психология, Бастауышта оқыту әдістемесі кафедраларының қызметі туралы құнды ақпарат алды. Сондай-ақ студенттердің оқу және ғылыми жетістіктері жөнінде мәліметтермен танысты.

Экскурсия кезінде гимназия оқушылары Психологиялық қолдау орталығында болып, оның жұмыс ерекшеліктерін көрді. Бұдан бөлек, арнайы жабдықталған оқу кабинеттерін аралап, археологиялық жәдігерлер қойылған көрме бұрыштарын тамашалады.

Бұл сапар оқушылардың жоғары білім беру жүйесі туралы танымын кеңейтіп, болашақ мамандық таңдауға қатысты көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізді.

#АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #КәсібиБағдар #КәсіптікБағдарБерү #БолашақМаман #ОҚПУ #ТарихЖәнеПедагогика

04/06/2026

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияда сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Сынып сағаттары барысында оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы ойларымен бөлісіп, Ту, Елтаңба және Әнұранның мәні мен маңызын жан-жақты талқылады. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім, елге деген құрмет пен мақтаныш айқын көрініс тапты.

Бұл бейнероликте сынып сағаттарынан алынған қысқаша үзінді ұсынылып, оқушылардың патриоттық рухы мен белсенділігі көрсетіледі. Мұндай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, елдік сананы қалыптастыруға ықпал етеді.

#РәміздерРухы
#КонституцияныңКүші
#РәмізгеҚұрмет
#МемлекеттікРәміздерКүні
#ПатриоттықТәрбие
#МХДулатиАтындағы8Гимназия
#Шымкент
#Қазақстан 🇰🇿

Photos from М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын N8 мамандандырылған  гимназия" КММ's post 04/06/2026

4 МАУСЫМ – РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РУХАНИ ШАРА

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның оқушылары мен ұстаздар қауымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындады.

Әнұран – елдігіміздің еңсесін көтеріп, ұлттық рухымызды асқақтататын қасиетті құндылық. Бір жүрекпен шырқалған Әнұран әрбір қазақстандықтың Отанға деген сүйіспеншілігін, туған елге деген мақтанышы мен құрметін айшықтай түсті.

Сонымен қатар, осы мерекеге орай гимназия алаңында кішігірім патриоттық концерт ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 6–7 сынып оқушылары өлең оқып, патриоттық әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен елдік рух сыйлады.

Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі әрдайым биік болып, көк Туымыз көкте желбірей берсін! Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, болашағы жарқын болғай!

#РәміздерРухы
#КонституцияныңКүші
#РәмізгеҚұрмет
#МемлекеттікРәміздерКүні
#МХДулатиАтындағы8Гимназия
#Қазақстан 🇰🇿

Photos from М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын N8 мамандандырылған  гимназия" КММ's post 04/06/2026

✨ EDUCAMPSHYM – 2026 | 3-КҮН ✨📚

Біздің гимназия оқушылары «EduCamp Shym – 2026» атты 10 күндік оқу-танымдық лагерь аясында «Мұра» ұлттық шығармашылық орталығында ұйымдастырылған шараларға қатысты.
Бағдарлама барысында оқушылар орталықтың жұмысымен танысып, ұлттық өнер, қолөнер және қазіргі заманғы шығармашылық бағыттар бойынша жұмыс істейтін үйірмелер жөнінде мағлұмат алды. Домбыра тарту, айтыс өнері, ән айту, би өнері, сондай-ақ тігіншілік, қолөнер, бейнелеу өнері және музыкалық аспаптар жасау бағыттарының ерекшеліктерімен танысты.

Сонымен қатар, оқушыларымыз ұлттық музыкалық аспаптарды қолдарына алып, ұстап көріп, олардың дыбысын тыңдап, кейбір аспаптарда өздері де ойнап көрді. Фотоөнер, мобилография, театр, сән көрсетілімі және жайдарман секілді заманауи шығармашылық салалардың мүмкіндіктерімен де танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды.

Іс-шара оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырып, кәсіби бағдарын нақтылауға үлкен мүмкіндік берді.

#АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #МұраОрталығы #Шығармашылық #ОқуТанымдықЛагерь

04/06/2026

«МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ» ЧЕЛЛЕНДЖІ 🇰🇿

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияда «Менің туым – менің мақтанышым» атты челлендж ұйымдастырылды.

Челлендж барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы өз ойларын ортаға салып, олардың маңызы мен мәнін жан-жақты түсіндірді. Жас ұрпақтың бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен мақтаныш сезімі айқын көрініс тапты.

Мұндай игі бастамалар оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді нығайтып, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
#РәміздерРухы
#КонституцияныңКүші
#РәмізгеҚұрмет
#МемлекеттікРәміздерКүні
#Қазақстан
#ПатриоттықТәрбие
#МеніңТуымМеніңМақтанышым
#МемлекеттікРәміздерКүні
#РәміздерРухы
#ПатриоттықТәрбие
#МХДулатиАтындағы8Гимназия
#Шымкент
#Қазақстан

Photos from М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын N8 мамандандырылған  гимназия" КММ's post 04/06/2026

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЖАС ӨНЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ РУХ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияда оқушылар арасында сурет байқауы өткізілді.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқауға қатысқан оқушылар өз жұмыстарында Ту, Елтаңба және Әнұранды ерекше шабытпен бейнелеп, тәуелсіз еліміздің рәміздеріне деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Мұндай игі бастамалар оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал етіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге жол ашады.

#РәміздерРухы
#КонституцияныңКүші
#РәмізгеҚұрмет
#МемлекеттікРәміздерКүні
#Қазақстан
#ПатриоттықТәрбие
#МХДулатиАтындағы8Гимназия
#Шымкент
#ОқушыларШығармашылығы
#СуретБайқауы

04/06/2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ 🇰🇿

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның оқушылары мен ұстаздар қауымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындады.

Әнұран – елдігіміздің еңсесін көтеріп, ұлттық рухымызды асқақтататын қасиетті құндылық. Бір жүрекпен шырқалған Әнұран әрбір қазақстандықтың Отанға деген сүйіспеншілігін, туған елге деген мақтанышы мен құрметін айшықтай түсті.

Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі әрдайым биік болып, көк Туымыз көкте желбірей берсін! Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, болашағы жарқын болғай!
#РәміздерРухы
#КонституцияныңКүші
#РәмізгеҚұрмет

04/06/2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы, халқымыздың мақтанышы. Көк Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық бірлікті және жарқын болашаққа деген сенімді білдіретін қасиетті құндылықтар.

Осы айтулы мереке күні баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

Ізгі тілекпен,
М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия ұжымы

#МемлекеттікРәміздерКүні #Қазақстан #Ту #Елтаңба #Әнұран #МХДулатиАтындағы8Гимназия #РәміздерКүні #Қазақстан2026 🇰🇿

Photos from М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын N8 мамандандырылған  гимназия" КММ's post 03/06/2026

📚 EDUCAMPSHYM – 2026 | 2-КҮН

Бүгін М.Х.Дулати атындағы №8 гимназияның оқушылары Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткен EduCampShym – 2026 жазғы лагерь бағдарламасының екінші күніне қатысты.

Оқушылар Физика-математика факультетінің мамандықтарымен жақынырақ танысып, IT, робототехника және бағдарламалау бағыттарында ұйымдастырылған практикалық сабақтарға қатысып көрді. 💻🤖

Бағдарлама барысында:
🔹 Физика, математика және информатика кафедралары өз жұмыстарын таныстырды;
🔹 VR көзілдірігі арқылы физикалық тәжірибелер көрсетілді;
🔹 Жасанды интеллекттің бүгінгі күндегі мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді;
🔹 Робототехника мен бағдарламалау бойынша шағын практикалық жұмыстар жүргізілді.

Оқушылар үшін бұл күн танымдық әрі қызықты өтіп, заманауи технологиялар жайлы жаңа ақпарат алуға мүмкіндік берді.

#АдалАзамат #біртұтастәрбие #робототехника #физика #математика

Photos from М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын N8 мамандандырылған  гимназия" КММ's post 03/06/2026

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ БЕЙНЕСІ

Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының 2026 жылғы 29 мамырдағы №1641 хатына сәйкес, гимназиямызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Гимнінің тарихымен танысып, мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, рәміздердің тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы маңызы түсіндіріліп, оларды құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігі айтылды.

Оқушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, мемлекеттік рәміздердің мәні мен мазмұны туралы пікір алмасты. Іс-шара жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет

Want your business to be the top-listed Government Service in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Shymkent