ЖАҢА БІРПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТ – ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Қазақстанның жаңа Конституциясы аясында елдегі заң шығару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды институционалдық реформа жүзеге асырылуда. Соның негізгі тетіктерінің бірі – жаңа бірпалаталы Парламент, яғни Құрылтайдың құрылуы.
Жаңа Парламент кеңейтілген өкілеттіктерге ие 145 депутаттан тұрады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі бес жыл болып белгіленіп, бұл заң шығару қызметінің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрылтайды қалыптастыру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Бұл тәсіл саяси партиялардың рөлін арттырып, олардың кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар партиялардың институционалдық салмағы күшейіп, саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түседі.
Аталған өзгерістер өкілді биліктің тиімділігін арттыруға, саяси бәсекелестікті нығайтуға және қоғам мүддесін заң шығару деңгейінде сапалы қорғауға бағытталған. #24мектеп
24it_lyceum
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from 24it_lyceum, Public School, Жандосова, Shymkent.
📣 Педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр.
📅 29–30 қаңтар 2026 жыл
⏰ 09:00 – 18:00
📍 Шымкент қаласы, «Көрме» орталығы
Білім беру ұйымдарында штаттық негізде жұмыс істегісі келетін азаматтарға арналған бос жұмыс орындары ұсынылуда.
👩🏫 Педагог мәртебесі бар мамандарға:
– конкурстық рәсімдер бойынша кеңес;
– құжаттарды рәсімдеу;
– электронды платформаға жүктеу тәртібі түсіндіріліп жатыр.
✅ Конкурстың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында
200-ге жуық тәжірибелі педагог пен ардагер ұстаздан құралған комиссия жұмыс істейді.
🔔 Мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!
🔹Шымкентте 139 мың оқушы ауқымды құқықтық акцияға қатысты
🔹Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен мегаполистің білім беру мекемелерінде «Bala Protect» жобасы аясында құқықтық акция өтті.
Қаланың 164 мемлекеттік мектебінде 6-11 сынып аралығындағы 139 мың оқушы «Заң мен тәртіп» тақырыбында бірыңғай диктант жазды.
Шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға баулу.
Диктант мазмұны оқушыларға әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіндіруге және құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.
Мұндай шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және мемлекетіміздің «Заң мен Тәртіп» қағидатын ұстанатын берік қоғам ретінде дамуына септігін тигізеді.
Шымкент қаласының прокуратурасы
#ЗмТ
🔹В Шымкенте 139 тысяч школьников приняли участие в масштабной правовой акции
🔹 По инициативе прокуратуры города Шымкента в рамках проекта «Bala Protect» в образовательных учреждениях мегаполиса прошла правовая акция.
В 164 государственных школах города 139 тысяч учащихся 6–11 классов написали единый диктант на тему «Закон и порядок».
Основная цель мероприятия — формирование у подрастающего поколения правовой культуры, воспитание уважения к закону и соблюдению общественного порядка.
Содержание диктанта было направлено на то, чтобы помочь учащимся осознать ответственность каждого гражданина перед обществом и повысить их правовую грамотность.
Подобные мероприятия способствуют профилактике правонарушений среди подростков и развитию нашего государства как устойчивого общества, придерживающегося принципа «Закон и порядок».
Прокуратура города Шымкент
#ЗиП
#Шымкентпрокуратура
#ШымкентӘдістемелікорталық
#ШымкентБілімбасқармасы
🎙️ «Радио 24 FM»: 2026 жылдың алғашқы жағымды жаңалықтары эфирде!
Мектебімізде оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігін арттыруға бағытталған «Радио 24 FM» жаңалықтар легі 2026 жылдың ең алғашқы жағымды хабарларын көрермендерге жолдады. Жаңа жылды жарқын көңіл күймен бастап, мектеп тынысынан сыр шертетін тың жаңалықтар оқушылар мен ұстаздар қауымына көтеріңкі рух сыйлады.
Жаңалықтар легінің жүргізушілері – 8 «Ә» сынып оқушылары Дүйсенова Бағым мен Сабырхан Мәриям. Олар эфир барысында өздерінің сенімді дауысы, мәдениетті сөйлеуі мен жауапкершілігі арқылы жас жүргізушілерге тән шеберліктерін көрсете білді.
Аталған жобаның жүйелі әрі мазмұнды өтуіне ақпараттық қолдау көрсеткен ДТЖЖО Жуандыкова Дана Арыстанбекқызының еңбегі ерекше. Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, шығармашылық ізденіске жетелеген мұндай қолдау – жас журналистердің қалыптасуына үлкен мүмкіндік.
«Радио 24 FM» – тек жаңалықтар алаңы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өзіндік ойы мен көшбасшылық қабілетін дамытатын, мектеп өміріндегі жағымды бастамаларды насихаттайтын маңызды ақпараттық жоба. Алдағы уақытта да бұл радио жаңалықтары өз тыңдармандарын тың мазмұнмен қуанта береді деп сенеміз.
✨ Жас тілшілерге шығармашылық табыс, жарқын эфирлер тілейміз!
Саттар_Ерубаев Оқуға_құштар_мектеп
Radio24FM
МектепРадиосы
ЖасЖүргізушілер
ОқушыҮні
ЖағымдыЖаңалық
2026Жыл
МектепӨмірі
24 FM: Жыл соңында да қуанышты жаңалықтармен бірге!
Жылдың соңғы күндері жақсылыққа толы! 🎉 24 FM радиосы тыңдармандарын жағымды жаңалықтармен қуантуды жалғастырып келеді. Бұл жыл біздің бәрімізге көптеген оқиғалар мен есте қаларлық сәттер сыйлады, ал 24 FM сіздің көңіліңізді көтеретін жаңалықтармен жылдың соңын сәнді аяқтауға көмектеседі.
Жаңалықтарды жүргізген — 8 «Ә» сынып оқушылары Дүйсенова Бағым және Сабырхан Мәриям. Ақпаратты өңдеп, жинақтаған — ДТЖЖО Жуандыкова Дана Арыстанбекқызы.
Тыңдаушыларымызға тек жағымды сәттер мен жылы сөздер, шабыт беретін әңгімелер жеткізіп, жаңа жылға ерекше көңіл-күй сыйлаймыз. 24 FM — жыл бойы бірге жүрген сенімді дос! 🌟
#Адалазаматбіртұтастәрбие
#СаттарЕрубаев
#Шымкентәдістемелікорталық
#ЖағымдыЖаңалықтар
#ЖылСоңы
#Қуаныш
#Позитив
08/12/2025
🌈 Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тегін консультациялық пункт!
Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейі базасында 5–6 жастағы мектепке дейінгі ұйымға бармайтын немесе үйде тәрбиеленіп отырған балалардың ата-аналарына арналған ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ өз жұмысын бастады.
Жобаның негізгі мақсаты –
✔ баланың мектепке дайындығын қалыптастыру,
✔ ата-аналарға әдістемелік және психологиялық қолдау көрсету,
✔ үйде тәрбиеленіп отырған балалардың дамуын қадағалау және бағыт беру.
👪 Кімдер жүгіне алады?
– Балабақшаға бармайтын,
– Мектеп жанынан ашылған даярлық сыныбына келмейтін,
– Үй жағдайында тәрбиеленіп отырған 5–6 жастағы балалардың ата-аналары.
🎓 Консультация барысында педагогтар, психолог, логопед, дефектолог мамандары:
* баланың оқу дағдыларын;
* тілдің дамуын;
* танымдық қабілеттерін;
* мектепке даярлық деңгейін анықтап, практикалық кеңестер береді.
📌 Қызмет түрлері:
– Instagram, Facebook мессенджерлері және телефон арқылы мамандардың кеңесі;
– Білім беру ұйымының сайтында мәтіндік және бейнематериалдар;
– Жеке консультациялар.
📞 Байланыс нөмірлері:
+7 775 029 8940
+7 775 654 6656
🕘 Жұмыс уақыты: Сейсенбі күні — сағат 09:00–14:00 аралығы.
Бейсенбі күні — сағат 09:00–14:00 аралығы.
📍 Консультациялық пункт көмегі тегін жүргізіледі.
10-11 сынып оқушыларына арналған іс-шара 📚🛡️
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен «Qarzhy Saqshysy» атты компьютерлік ойыны 10Ә сыныбымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
• Жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын арттыру (қаржы пирамидалары, дроппершілік, фишинг, «жеңіл табыс» ұсыныстары, онлайн саудадағы алаяқтық және т.б.);
• Қаржылық сауаттылықты дамыту: дұрыс шешім қабылдау, тәуекелдерді бағалау дағдыларын қалыптастыру;
• Интернеттегі күмәнді ұсыныстарды тану қабілетін күшейту және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
• Практикалық жағдаяттар арқылы киберқауіптерге қарсы әрекет ету дағдыларын дамыту;
• Командалық жұмыс, жылдам шешім қабылдау және стресс жағдайында дұрыс әрекет ету қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру.
🎙️ 24 FM радиосы – жағымды жаңалық жаршысы!
Мектеп өмірінің жарқын сәттерін, оқушылардың жетістіктері мен тәрбиелік мәні жоғары шараларды насихаттайтын 24 FM радиосы бүгінгі эфирін ерекше көтеріңкі көңіл күймен жалғастырады. Радио — тек ақпарат көзі ғана емес, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытуға, шығармашылық қабілетін шыңдауға, көшбасшылық қасиеттерін арттыруға үлкен мүмкіндік беретін алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Эфир тізгінін өздерінің шешендігімен, әдемі дауыс мәнерімен, жинақы сөйлеуімен ерекшеленген 8 «Ә» сынып оқушылары — Дүйсенова Бағым мен Сабырхан Мәриям шебер жүргізіп, тыңдармандарға мектептің жетістіктері мен маңызды жаңалықтарын жеткізеді. Оқушылардың нақышына келтіре жүргізген эфирі мектеп қауымдастығына тың серпіліс пен жақсы көңіл күй сыйлайды.
Жаңалықтардың мазмұнын жинақтап, ақпараттарды реттеп, эфирді мазмұнды әрі мәнді етіп дайындаған — ДТЖЖО Жуандыкова Дана Арыстанбекқызы.
Мектеп ұстаздарының ұйымдастырушылық шеберлігі мен оқушылардың ізденісі, түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленуі нәтижесінде 24 FM радиосы мектеп өмірінің жарқын айнасына айналып, жас журналистердің нық қадам басуына жол ашуда.
📻 «Жаңалық – жасампаздыққа бастар жол»
24 FM – біздің мектептің дауысы, шығармашылық пен жігердің жаршысы!
✨ Ұстаз еңбегі – шәкірт жетістігімен бағаланады!
👉 Ұнаса, лүпіл басып, пікір қалдырып, достарыңызбен бөлісіңіз! ✨
#МектепРадио
#ЖасЖурналистер
#ЖаңалықЖаршысы
#БілімЖаршысы
#ОқушыШығармашылығы
#ЖағымдыЖаңалық
#ШешенСөз
#ҰстазБенШәкірт
#МектепӨмірі
#ШығармашылықАлаңы
#ЖандыЭфир
#ШымкентМектебі
#ЖасКөшбасшылар
#БілімБеру
#БізМектепПарақшасы
📻 «24 FM» радиосы — біздің мектептің ақпарат алаңы!
Бүгін мектебімізде «24 FM» радиосының кезекті жаңалықтар легі тыңдарманға жол тартты. Эфир барысында мектеп өміріндегі ең өзекті жаңалықтар, алдағы іс-шаралар және тәрбиелік бағыттағы хабарламалар ұсынылды.
🎙 Бүгінгі эфирде:
* мектеп жаңалықтары
* оқу жетістіктері
* алдағы іс-шаралар
* тәрбиелік бағыттағы хабарламалар
* оқушылардың өздері дайындаған арнайы айдарлар
📝 Жаңалық ақпараттарын дайындаған:
ДТЖЖО Жуандыкова Дана Арыстанбекқызы
Шығармашылықпен, жауапкершілікпен әзірленген материалдар оқушыларға маңызды мәліметтерді жедел әрі түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік берді.
🎙 Эфир жүргізушілері:
8 «Ә» сынып оқушылары
* Дүйсенова Бағым
* Сабырхан Мәриям
Өздерінің сенімді дауысымен, анық дикциясымен және көркем тілмәнімен тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.
✨ «24 FM» радиосы — мектептің рухани тынысын жеткізетін, оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ақпараттық сауаттылығын арттыратын маңызды жоба.
Осындай мектепішілік радио жаңалықтары балалардың шығармашылық қабілетін арттырып, сөйлеу мәдениетін дамытып, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын күшейтеді.
✨ «24 FM» — біздің мектебіміздің дауыс ырғағы!
#АнарТәңірбергенова
#МектепРадиосы
#ЖаңалықАлаңы
#ДанаЖуандыкова
#8ӘСыныбы
#ОқушыларҮні
#МектепӨмірі
«24 FM» радиосы – мектеп жаңалықтарының жаршысы!
📻 Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде жұмысын тұрақты жалғастырып келе жатқан «24 FM» радиосы оқушылар мен ұстаздар арасындағы ақпарат алмасудың басты алаңына айналды.
Биылғы оқу жылында радионың жүргізушілері – 8 «Ә» сынып оқушылары Дүйсенова Бағым мен Сабырхан Мәриям өздерінің шешендігімен, көңілді және тартымды жүргізу мәнерімен тыңдарман ықыласына бөленіп жүр.
Радио хабарларында мектеп өмірінің маңызды сәттері, мерекелік іс-шаралар, ұстаздар мен оқушылар жетістіктері туралы қызықты ақпараттар жарық көреді. Әр хабар тыңдармандарға қуат, мотивация және жаңа шабыт сыйлайды.
Жобаны ұйымдастырып, барлық ақпаратты жинақтап, эфирге шығаруды үйлестіріп отырған – мектептің ДТЖЖО Жуандыкова Дана Арыстанбекқызы. Ұстаздың жетекшілігімен оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен медиа сауаттылығы артып келеді.
🎧 «24 FM» радиосы – мектеп өмірінің айнасы, оқушы үнінің биік мінбері!
#МектепРадиосы
#ОқушыҮні
#АқпаратАлаңы #СаттарЕрубаевМектебі #МектепЖаңалығы #ШығармашылЖастар
16/06/2025
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Жандосова
Shymkent
