Ордабасы Ұлттық тарихи-мəдени қорығы

Ордабасы  Ұлттық тарихи-мəдени қорығы

Share

«Национальный историко – культурный заповедник «Ордабасы»
Республиканское Государственное Казенное Предприятие

Photos from Ордабасы  Ұлттық тарихи-мəдени қорығы's post 26/03/2026

⚜️ Тарих пен білімді тоғыстыратын бірлескен бастама!
🟨 «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық музейі Шымкент қаласында орналасқан колледждермен өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде меморандум жасасты.
🟨 Меморандум Мирас, Авиценна, , Шымкент ALT көлік,, Ж.Аймауытов атындағы, Шымкент медициналық, Жол көлік, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің, Индустриялды техникалық, Шымкент аграрлық, Политехникалық, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледждері арасында келісімге қол қойылды.
🟨 Бұл келісім — студентер арасында білім мен тәжірибені тоғыстыратын, тарих пен келешекті байланыстыратын маңызды қадам болары сөзсіз..
🟨 Меморандумның мақсаты:
• Колледждер мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
• Музей қорымен танысу, экскурсиялар,қажеттілігіне қарай көшпелі көрмелер ұйымдастыру;
• Тарихи-мәдени мұраны насихаттау бойынша жобалар әзірлеу;
• Ынтымақтастық аясында тұрақты түрде ақпараттық қолдау көрсету;
• Мамандық бағыты бойынша әдістемелік көмек көрсету;
• Волонтерлік бағдарламаларды жүзеге асыру;
• Тараптардың сайттарында сілтемелер мен мәліметтер орналастыру;
🟨Бұл меморандум студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, білім мен мәдениетті біртұтас дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өңірдің болашағын нығайтуға бағытталған бастама болып табылады.

23/03/2026

⚜️Ордабасы ауданында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті.

#Ордабасыауданыәкімдігі
#ордабасы #науырыз2026

23/03/2026

⚜️ 23 - наурыз тазару күні!

🟨 Наурызнаманың 10 күндігі аясында тазару күніне орай Ордабасы қорығының ұжымы тазалық жұмыстарын жүргізді.

🟨 Наурыз мейрамы аясындағы бұл күн – тазалық пен жаңарудың, ізгілік пен кешірімнің белгісі. Тазару күні әр адам өткенге көз жүгіртіп, жүрегін арылтып, жаңа бастамаларға қадам жасайды.

🟨 Тазару күні – бірлік пен мейірімнің, ізгі ниеттің күні.
Баршаңызға тыныштық, береке және жаңа мүмкіндіктер тілейміз!
#ТазаруКүні #Наурыз2026 #Жаңару #Тазалық

Photos from Ордабасы  Ұлттық тарихи-мəдени қорығы's post 22/03/2026

⚜️ОРДАБАСЫДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

⚜️Ордабасы ауданында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті.

⚜️Көктемнің жаңаруын, береке мен бірлікті айшықтайтын бұл мерекелік шараға 5000-нан астам аудан тұрғыны мен қонақтар қатысып, ұлттық рух пен дәстүрдің салтанатын бірге сезінді.

⚜️Салтанатты іс-шара барысында қолөнер көрмелері, ұлттық спорт ойындары, тарихи-танымдық экспозициялар ұйымдастырылып, кәсіп иелерінің өнімдері мен ұлттық тағам түрлері көпшілік назарына ұсынылды.

⚜️Шара аясында республикалық және аудандық өнерпаздар сахна төрінде өнер көрсетіп, қазақтың бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын насихаттады. Наурыз мейрамының мән-мағынасын айшықтайтын театрландырылған қойылым көрермен назарына ұсынылып, халқымыздың тарихы мен дәстүрі көркем түрде бейнеленді.

Мереке барысында ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер тігіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен таныстырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Алтыбақан құрылып, жиналған көпшілікке наурыз көже таратылды.

⚜️Аталған іс-шараға аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен ынтымағының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.

⚜️Әз-Наурыз – татулық пен жаңарудың, ізгілік пен мейірімділіктің мерекесі.

⚜️Ордабасы жұртшылығы бұл күнді ерекше ықыласпен қарсы алып, ұлттық рухты ұлықтаған мазмұнды іс-шара арқылы дәстүр сабақтастығын тағы бір мәрте айқындады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20/03/2026

⚜️ Құрметті әріптестер , барша мұсылман қауым, сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл күн – мейірім мен кешірімнің, жақсылық пен ізгіліктің мерекесі.
Баршаңызға амандық, зор денсаулық, отбасы бақытын тілеймін!
Айт қабыл болсын!

18/03/2026

⚜️Ұлттық киім – ұлттың сәні

🟨 Бұл ерекше күн – ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптейтін мереке. Адамдар дәстүрлі киім үлгілерін киіп, өз тарихы мен мәдениетіне деген құрметін білдіреді.

🟨 Осындай киімдер – жай ғана сән емес, олар халықтың болмысы мен рухының көрінісі. Әрбір ою-өрнек пен нақыштың астарында терең мағына, сан ғасырлық тарих жатыр.

🟨 Мерекенің басты мақсаты – дәстүрді жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Мұндай құндылықтарды құрметтеу – өз тамырыңды танудың маңызды бөлігі.

Photos from Ордабасы  Ұлттық тарихи-мəдени қорығы's post 16/03/2026

⚜️ 15 наурыз – Қайырымдылық күні.

🟨 Бұл күн қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты дәріптейтін, адамдарды бір-біріне қамқорлық танытатын маңызды күннің бірі.
🟨 Қайырымдылық – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Ата-бабамыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп, мұқтаж жандарға қол ұшын созуды адамгершіліктің биік үлгісі деп бағалаған.
🟨 Осы орайда Ордабасы қорығының қызметкерлері көпбалалы анаға және мүмкіндігі шектеулі отбасыға азық түлікпен қолдау көрсетті.
Жақсылық пен мейірім әрқашан жүрегімізден орын алып, қайырымды істеріміз көбейе берсін!
Жақсылық жасаудан жалықпайық! 💙
#ҚайырымдылықКүні #ЖақсылықЖаса #Наурызнама

Photos from Ордабасы  Ұлттық тарихи-мəдени қорығы's post 11/03/2026

⚜️ Ынтымақтастық – жаңа мүмкіндіктер бастауы!

🟨Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан 5 –жоғары оқу орындарының басшылығымен атап айтқанда М.Әуезов, Ж.Ташенев атындағы, Орталық Азия Инновациялық, Шымкент, және Аймақтық инновациялық университеттерімен өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды.
🟨 Бұл меморандумның мақсаты – жоғары оқу орындары мен «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы арасындағы, өзара тиімді және нәтижелі ынтымақтастықты дамыту, білім беру, тарихи танымдық, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраларды сақтау, зерттеу, насихаттау бағытындағы бірлескен бастамаларды іске асыру болып табылады.
🟨 Алдағы уақытта археология, тарих, этнография, музей ісі және туризм салаларында бірлесе жұмыстар атқаруға, музей қорларын зерттеу, сақтау бағытында тәжірибе алмасып, ғылыми мақалалар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, дәрістер, көрмелер, танымдық іс-шаралар жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.

08/03/2026

⚜️ Құрметті арулар, қыз-келіншектер!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі — Халықаралық 8 наурыз қыз келіншектер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, шексіз бақыт, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз мейірім мен махаббатқа толы болсын. Өмірлеріңіз гүлдей жайнап, армандарыңыз орындала берсін!

Көктемдей құлпырып, әрдайым қуаныш пен шаттыққа бөленіп жүре беріңіздер! 🌸💐

Want your business to be the top-listed Government Service in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ордабасы ауылы
Shymkent
160601