Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалы

Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалы, Political Party, Бейбітшілік, 3, Shymkent.

Photos from Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалы's post 03/06/2026

«AMANAT»: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов жүргізіп, тұрғындардың арыз-өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға сондай-ақ салалық басқармалардың басшы құрамы қатысып, азаматтардың мәселелерін шешу жолдарын жан-жақты қарастырды.

Қабылдау барысында тұрғындар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Кездесу барысында Нұрсәт шағынауданының тұрғыны өзінің жұмыссыз жүргенін айтып, жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Өтініш иесінің айтуынша, ол тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған және білім беру саласында еңбек етуді қалайды.

Арман Сәбитов азаматтың жағдайымен мұқият танысып, мәселені жауапты мамандармен бірге талқылады. Нәтижесінде өтініш иесіне жұмыспен қамтуға қатысты қолданыстағы мүмкіндіктер түсіндіріліп, жұмыс берушілер жариялаған бос жұмыс орындары ұсынылды. Атап айтқанда, оған жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді байланыстыратын www.Enbek.kz порталы арқылы қолжетімді бос жұмыс орындары көрсетіліп, қажетті бағыт-бағдар берілді.

Қабылдау барысында көтерілген өзге де мәселелер назарға алынып, олардың шешу жолдары қарастырылды. Бірқатар өтініштер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, оларды шешуге ықпал ету, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді байланысты нығайту.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында өткізілетін қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсетуге және халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бүгінде бұл жоба азаматтардың талап-тілегін тыңдап, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тиімді диалог алаңына айналып отыр.

01/06/2026

Құрметті достар!

Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет.

Бала – шаңырақтың шаттығы ғана емес, мемлекеттің болашағы. Рухты, отаншыл балақайларымыз түрлі салада биік белестерді бағындырып, елімізді әлем жұртшылығына танытып келеді. Олардың дара қабілеті мен тың идеялары төрткүл дүние жүзін таңқалдыруда.

Әрдайым балдырғандарымыздың арманы асқақ, ойы ұшқыр және болашағы баянды болғай.

Өскелең ұрпақ бейбіт аспан астында алаңсыз ғұмыр кеше берсін!

31/05/2026

Құрметті достар!

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдың бірінші жартысында саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған адамдардың рухына тағзым етеміз.

Зобалаң жылдары миллиондаған отандасымыз репрессия мен алапат ашаршылықтан жазықсыз жапа шекті. Соның салдарынан қаракөздеріміз дүние жүзіне тарыдай шашылды. Солақай саясаттың зардабын тартқан азаматтардың қайғы-қасіреті ұлт жадынан мәңгі өшпейді.

Нәубет жылдар қайталанбасын. Еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!

30/05/2026

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен өтетін мерекелік кеш аясында балалар мен олардың ата-аналарына арналған қызықты әрі танымдық бағдарламалар ұсынылады.

Іс-шара барысында:
🎨 Тегін шеберлік сабақтары;
⚽ Спорттық және шығармашылық белсенділіктер;
🎭 Аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламалары;
🎁 Интерактивті алаңдар мен түрлі тосын сыйлар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, кеш қонақтарына арналған әсерлі шоу-бағдарлама ұсынылып, мерекелік отшашумен қорытындыланады.

📅 Күні: 1 маусым 2026 жыл
🕑 Уақыты: 14:00
📍 Өтетін орны: Hyundai Otyrar автосалоны, Шымкент қаласы Бәйтереков көшесі 6А

Балалар мерекесін бірге атап өтейік!

Photos from Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалы's post 30/05/2026

AMANAT: МИБ ТӨРАҒАЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Шымкент қаласындағы Нұрсәт шағынауданында орналасқан №41 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары рухани-танымдық басқосу ұйымдастырды. Дастархан жайылып, ас берілген жиынның негізгі мақсаты – көршілер арасындағы ауызбіршілікті нығайту, өзара сыйластық пен татулықты дәріптеу болды.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов, Қаратау аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Данияр Омаров, коммуналдық салаға жауапты мекемелердің өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Басқосу барысында тұрғын үйді басқару саласындағы өзекті мәселелер, көпқабатты тұрғын үйлердегі ортақ мүлікті күтіп ұстау, тұрғындардың белсенділігін арттыру және көршілік қарым-қатынасты дамыту мәселелері сөз болды.

Жиында сөз сөйлеген Ербол Байқонысов соңғы жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы.

«Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесінде қордаланған мәселелердің бар екені белгілі. Осы түйткілдерді шешу мақсатында партия тарапынан “TURGYNDAR AMANATY” жобасы қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындардың өз үйлерін басқару ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік беру және басқарудың ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыру. Бұл ретте пәтер иелері кооперативтерінен мүлік иелері бірлестіктеріне көшу маңызды қадам болды. Нұрсәт шағынауданындағы тұрғындардың бұл бағыттағы белсенділігі көпшілікке үлгі. Әсіресе тұрғындарды ұйымдастырып, ортақ іске ұйытқы болған Әлия Жәнібековаға ерекше алғысымды білдіремін», – деді Ербол Байқонысов.

Жиын барысында тұрғындар МИБ құрылғаннан кейін көпқабатты тұрғын үйде жүзеге асқан оң өзгерістер туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, тұрғындардың ортақ қаражатты жұмсау процесіне бақылауы күшейіп, жөндеу жұмыстарының сапасы артып, көршілер арасындағы өзара ынтымақтастық нығайғаны айтылды.

Салтанатты шара аясында Ербол Байқонысов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін бірқатар мүлік иелері бірлестіктерінің төрағаларын «AMANAT» партиясының Алғыс хаттарымен марапаттады.

Іс-шара соңында тұрғындар мұндай кездесулердің қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

30/05/2026

AMANAT: ШЫМКЕНТТЕ «ИНКЛЮЗИВТІ ЖҮГІРІС – 2026» СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Photos from Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалы's post 30/05/2026

AMANAT: ШЫМКЕНТТЕ «ИНКЛЮЗИВТІ ЖҮГІРІС – 2026» СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкент қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған «Инклюзивті жүгіріс – 2026» спорттық іс-шарасы өтті. Шымкент қаласы әкімдігі мен AMANAT партиясының қолдауымен ұйымдастырылған шараны «Arman Alemi» кедергісіз қозғалыс қауымдастығы өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету, қоғамда инклюзивті мәдениетті дамыту және балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру болды.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан игі бастамаға биыл 800-ден астам бала мен олардың ата-аналары қатысты. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен жарыс жолына шығып, спорттық сайыстың ерекше атмосферасын сезінді.

Салтанатты жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының амбассадоры Алина Дубинина, «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі кеңестің төрайымы Баян Жандосова, Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дарменов қатысып, балаларға сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген Ербол Байқонысов қоғамның ерекше қажеттілігі бар балаларға деген қамқорлығы мен қолдауы әрдайым маңызды екенін атап өтті.

«Әрбір бала бақытты балалық шаққа, сапалы білім мен жан-жақты дамуға лайық. Бүгінгі шараның маңызы – тек спорттық жарыс өткізуде емес, балаларға қуаныш сыйлап, олардың өз мүмкіндіктеріне сенімін арттыруда. “AMANAT” партиясы алдағы уақытта да инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыра береді», – деді ол.

Жүгіру марафоны барысында балалар өздерінің белсенділігі мен жігерін көрсетіп, жарысқа ерекше ынтамен қатысты. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы бағдарламалар дайындады.

Марафонға қатысқан балаларға естелік медальдар табысталып, балмұздақтар мен тәттілер үлестірілді. Ал жарыста ерекше белсенділік танытып, төзімділігі мен шапшаңдығымен көзге түскен қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ерекше балалардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне және өз қабілеттерін дамытуына оң ықпал етеді. «Инклюзивті жүгіріс – 2026» мерекелік шарасы балаларға қуаныш сыйлап, қатысушылар мен қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырды.

Photos from Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалы's post 29/05/2026

AMANAT: ШЫМКЕНТТЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған ақпараттық-танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың қаржылық мәдениетін қалыптастыру, қаржы құралдарын тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіру және интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Басқосуға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов, «Қарызсыз қоғам» жобасының Шымкент қаласы бойынша қаржы сарапшысы Ақбота Тұрарова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаментінің қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының басшысы Айгүл Қанатбаева, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас эксперті Әкім Ғадильбек, ҚР Микроқаржы омбудсманы Назгүл Естеусизова, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Даурен Тұрғынбай және білім беру саласының мамандары қатысты.

Кездесуде Ербол Байқонысов қазіргі қоғамда қаржылық сауаттылықтың маңызы бұрынғыдан да арта түскенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, қаржылық тәуекелдер мен интернет алаяқтық жағдайларының да көбеюіне әсер етуде.

«Бүгінде қаржылық сауаттылық – әрбір азамат үшін аса маңызды дүние. Қаржыны дұрыс жоспарлау, несие алу кезінде жауапкершілік таныту, алаяқтардың арбауына түспеу – қоғамның әл-ауқатына тікелей әсер ететін мәселелер. Сондықтан “Қарызсыз қоғам” жобасы арқылы тұрғындардың қаржылық білімін арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мұндай кездесулер азаматтарға нақты ақпарат алып, күнделікті өмірде кездесетін тәуекелдердің алдын алуға көмектеседі», – деді Ербол Байқонысов.

Жиын барысында сарапшылар фишинг, дропперлік, интернет-алаяқтық, несие жүктемесін басқару және жеке қаржыны тиімді жоспарлау мәселелеріне кеңінен тоқталды. Мамандар нақты мысалдар келтіріп, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдерін түсіндіріп, қаржылық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі қағидаларын таныстырды.

Кездесуде сөз алған «Қарызсыз қоғам» жобасының Шымкент қаласы бойынша қаржы сарапшысы Ақбота Тұрарова жоба аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.

Оның айтуынша, өткен жылы Шымкент қаласында 11 мың азаматтың қаржылық сауаттылығын арттыру жоспарланған. Алайда жобаға деген қызығушылықтың жоғары болуының нәтижесінде бұл көрсеткіш артығымен орындалып, 12 593 қала тұрғыны арнайы оқудан өткен.

«Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтардың қаржылық білімін арттырумен қатар, күрделі қаржылық жағдайға тап болған адамдарға бағыт-бағдар беруге де ықпал етуде. Жоба аясында тұрғындар бюджет жүргізу, несиелік міндеттемелерді басқару, қаржылық тәуекелдерді бағалау және алаяқтық әрекеттерден қорғану бойынша маңызды білім алады. Қорытынды талдау нәтижесіне сәйкес, республика бойынша 862 084 адам жоба аясында көмекке жүгінген. Оның ішінде 517 689-ы әйелдер болса, 344 395-і ер азаматтар. Бұл қоғамда қаржылық сауаттылыққа деген сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді», – деді Ақбота Тұрарова.

Кездесу соңында қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік пен жеке қаржыны басқаруға қатысты тәжірибелік кеңестер берілді.

29/05/2026

AMANAT: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды толғандырған мәселелерді жергілікті жерде тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастыру және халық пен жауапты мекемелер арасындағы байланысты нығайту.

Қабылдауға Еңбекші аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Жолдасбеков қатысып, азаматтардың арыз-өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар тұрғындардың мәселелеріне қатысты тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында азаматтар негізінен инфрақұрылым және қоғамдық көлік саласына қатысты мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, көшелердің жағдайы, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, инженерлік желілердің жұмысы, қоғамдық көлік бағыттарының қолжетімділігі мен сапасына қатысты ұсыныстар мен өтініштер айтылды.

Қабылдау барысында әрбір тұрғынның мәселесі жеке қаралып, көтерілген сұрақтар бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер арнайы хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

Мақсат Жолдасбеков мұндай кездесулердің тұрғындармен тікелей байланыс орнатудағы маңызына тоқталып, көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

«Халықтың өтініштері мен ұсыныстары біздің жұмысымыздың негізгі бағдары болып табылады. Сондықтан әрбір көтерілген мәселе мұқият қаралып, оны шешудің нақты жолдары қарастырылады. Азаматтардың талап-тілектерін тиісті мекемелерге жеткізіп қана қоймай, олардың орындалуын бақылауда ұстаймыз», – деді ол.

Жиын барысында қабылдауда көтерілген бірқатар мәселелер бойынша қалалық мәслихат депутаттары арқылы жауапты мекемелерге депутаттық сауалдар жолданатыны айтылды. Бұл тұрғындардың өтініштерін шешуді жеделдетуге және тиісті органдардың назарын нақты мәселелерге аударуға мүмкіндік береді.

Photos from Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалы's post 29/05/2026

AMANAT: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауды қалалық мәслихат депутаты, партия фракциясының мүшесі Айжан Наимбекова жүргізіп, тұрғындардың арыз-өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым және коммуналдық қызметтерге қатысты өзекті мәселелерін көтерді. Тұрғындар баспана алу, әлеуметтік көмек рәсімдеу, инженерлік желілер мен абаттандыру жұмыстарына қатысты сауалдарын қойып, құқықтық кеңес алды.

Кездесу барысында Айжан Наимбекова әрбір өтінішті жеке қарап, көтерілген мәселелердің мән-жайымен танысты. Жауапты мекемелермен байланыс орнатылып, бірқатар мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды. Кейбір түйткілдер қабылдау барысында оң шешімін тапса, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер арнайы хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

Депутаттың айтуынша, қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың мәселесін тікелей тыңдап, оларды шешуге ықпал етудің тиімді тетіктерінің бірі болып табылады.

«Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысы назардан тыс қалмайды. Тұрғындарды толғандырған мәселелерді заң аясында шешу және тиісті мекемелермен бірлесіп нақты нәтиже шығару – біздің басты міндетіміз. Сондықтан әрбір қабылдауда көтерілген мәселелердің орындалуына ерекше мән береміз», – деді Айжан Наимбекова.

Қабылдау барысында тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көтерілген мәселелер бойынша қажетті бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар жауапты мекемелерге тиісті ұсыныстар жолданып, азаматтардың өтініштерінің орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.

Want your business to be the top-listed Government Service in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Бейбітшілік, 3
Shymkent
160000

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00