Шымкент қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Шымкент

Шымкент қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Шымкент

Share

Шымкент қаласының прокуратурасы
Прокуратура города Шымкент

03/06/2024

Пенитенциарлық мекемелерінде орналасқан терминалдар арқылы сотталғандарға өтініштер беру механизмін түсіндіру туралы

Прокуроры Шымкента разъясняют механизм подачи заявлений осужденными через терминалы

31/05/2024

Шымкентте инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі

Бүгін қала прокуроры мен әкімі «Invest Shymkent» Фронт-офисінің ашылу рәсімін өткізді.
Фронт-офис инвестиция тарту бойынша үйлестіруші қызметін атқарады, сонымен қатар инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде инвесторға «бір терезе» қағидаты бойынша «жасыл дәліз» құрылады.
Кездесу барысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Енді проблемалық мәселелерді шешу үшін күнделікті офиске кезекші прокурор түседі.
Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда мына мекенжайға хабарласа алады: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, Заңғар бизнес орталығының ғимараты жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін.

Шымкент қаласының прокуратурасы

В Шымкенте инвесторам будет оказана услуга по принципу «одного окна»

Сегодня прокурором и акимом города проведено открытие «Invest Shymkent».
Фронт-офис выступает координатором по привлечению инвестиции, а также сопровождает инвестиционные проекты, где инвестору будет создан «зеленый коридор» по принципу «одного окна».
В ходе встречи обсуждены вопросы реализации крупных инвестиционных проектов.
Теперь для решения проблемных вопросов ежедневно в офисе заступает дежурный прокурор.
В случае возникновения проблемных вопросов субъекты бизнеса могут обратиться по адресу: г.Шымкент, ул. Еримбетова, 304 г, здание Бизнес центра Заңғар в рабочие дни с 09:00 по 19:00 часов.

Прокуратура города Шымкент

31/05/2024

Шымкент қаласының прокуратурасы Бас прокуратураның келісімі бойынша АҚШ есірткіге қарсы күрес басқармасының Аташе кеңсесі қызметкерлерінің қатысуымен «Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы тұру» мәселесі бойынша семинар ұйымдастырды.
Семинарда қылмыстық істерді тергеу барысында туындаған проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Прокуратурой города Шымкента по согласованию с Генеральной прокуратурой организован семинар по вопросу «Профилактики наркомании и противодействия наркопреступности» с участием Аташе Офиса Управления по борьбе с наркотиками США.
​На семинаре обсуждены проблемные вопросы и пути их решения при расследовании уголовных дел.

Прокуратура города Шымкент

31/05/2024

Прокурорлар жол қауіпсіздігі мәселесін талқылады

Қала прокурорының бастамасымен әкімдік ғимаратында жол қауіпсіздігі бойынша Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Ел президенті елдегі жол-көлік оқиғаларының санын қайғылы жағдай деп атады. Жол қауіпсіздігінің деңгейін арттыру құқық қорғау органдары үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл мәселе қала прокуроры Ғабит Мұқановтың төрағалығымен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының, сондай-ақ мәселенің өзектілігіне байланысты қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлының қатысуымен өткен Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібіне айналды.
Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар және осы саладағы анықталған заң бұзушылықтар туралы баяндалды.
Өткен жылдың басынан бері 1 мыңнан астам (1128) жол-көлік оқиғасы тіркелді, 1 443 адам зардап шекті, 87 адам қаза болған, оның ішінде 21 кәмелетке толмағандар.
Арнайы есепте және «Эпилепсия» диагнозымен байқауда тұрған адамдарға жүргізуші куәлігін берудің 859 фактісі анықталды.
Аталған жүргізуші куәліктерін сот тәртібімен жарамсыз деп тану бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Іс жүзінде 85% жағдайда ЖКО негізгі себебі, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы болып табылады.
Сондай-ақ жол белгілерін, бағдаршамдарды, бейнебақылау камераларын орнатуды қажет ететін жолдардың апатты және қауіпті учаскелері талданды.
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарынан құрылған жұмыс тобы қала аумағында 59 проблемалық жол тұстарын анықтап, оларды жою бағытында қажетті шараларды қабылдауда.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша профилактикалық іс-шаралар арқылы осы санаттағы құқық бұзушылықтарды азайту, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын барынша азайту және азаматтардың Жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша бірқатар нақты шараларды қабылдау ұсынылды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қала прокуратурасының ерекше бақылауында.


Шымкент қаласының прокуратурасы

25/05/2024

Семинар-тренинг өтті

Шымкент қаласының прокуратурасында «Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, блогерлермен қарым-қатынас жасау әдісі және камера алдындағы қызметкердің мінез-құлық мәдениеті» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарда педагогика ғылымдарының кандидаты Р.Жеренова, психология-педагогика әлеуметтану саласындағы әкімшілендіру докторы Г.Айтжанова, «HAN TV» телеарнасының бас редакторы Б.Дәуренбеков және Мемлекеттік қызмет істері агентігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Е.Нуриддиновтер баяндама жасады.
Кездесуде қызметкердің камера алдында өзін ұстау, өткір сұрақтарға жауап беру әдісі, әдептілік қағидатын сақтау мәселелері талқыланды.


Шымкент қаласының прокуратурасы

25/05/2024

Шымкент қаласының прокуратурасы интернет кеңістіктерде радикалды діни материалдарды таратқаны және сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін қатаң ескертеді!

Прокуратура города Шымкент предупреждает об уголовной ответственности за распространение и хранение материалов, пропагандирующих религиозный экстремизм и терроризм!

23/05/2024

«100 сұхбат или 100 вопросов прокурору» айдарының жетінші шығарылымы.

20/05/2024

Қала прокуратурасымен 17 мамыр 2024 жылы сотталғандардың өтінішхаттары бойынша ізгілендіру актілерін қолдану барысында біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру тақырыбында қалалық соттың судьясының, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасының және судьясының, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мекеме бастықтарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Шымкент қаласының прокуратурасы

17.05.2024 года прокуратурой города проведен круглый стол с участием судьи городского суда, межрайонного суда по уголовным делам города Шымкент, а также начальников учреждений Департамента уголовно-исполнительной системы по вопросу правильного и единообразного применения судебной практики по ходатайствам осужденных на гуманные акты.

Прокуратура города Шымкент

18/05/2024

Қаратау ауданы прокуратурасымен "Есіртікіге жол жоқ!" әлеуметтік бейнежазбасы дайындалды.

Прокуратурой Каратауского района Шымкент подготовлен социальный ролик "Стоп Наркотикам!

15/05/2024

Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде білім беру мекемелерінде буллингті болдырмау мақсатында белсенді шаралар қабылдауда.

Прокуратурой Абайского района города Шымкент принимаются активные меры по профилактике правонарушений, а также по недопущению буллинга в образовательных учреждениях.

Want your business to be the top-listed Government Service in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


проспект Тауке-хана 97
Shymkent

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30