07/07/2022
ТӘШРИҚ ТӘКБІР Тәшриқ тәкбірі – тәшриқ күндерінде алынатын тәкбір дегенді білдіреді. Әрбір мұсылманға уәжіп. «Бақара» сүресінің; «Санаулы күндерде Aлланы зікір етіңдер...» - деген мағынадағы 203-ші аяты тәшриқ тәкбірін нұсқап тұр. Зил-хижжа айының тоғызыншы күні – Арафа. Арафа күні таң намазынан бастап бес күн; Зил-хижжанің 13-ші, айттың төртінші күні екінді намазына дейін –жиырма үш уақыт- әр парыз намаздан соң *«Aллаһу әкбар, Aллаһу әкбар, лә иләһә иллал-лаһу уал-лаһу әкбар, Aллаһу әкбар уә лил-лаһил-хaмд»* - деп тәкбір алынады.Сол жаққа сәлем берілген соң тоқтамай, орнынан тұрмай, мешіттен шықпай және дүнияуи әңгіме айтпай тұрып тәкбір алу керек.Тәшриқ тәкбірін намазды жалғыз өзі оқушы, имам, жамағат, муқим, жолаушы, ер, әйел – бәрі оқиды.
