07/08/2023
"ДОСТЫҚ" БПҰ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
07.08.2023. "AMANAT" партиясы Түркістан қалалық филиалына қарасты "Достық" БПҰ есеп беру- сайлау жиналысы өтті. БПҰ төрайымы Г.Алдабергенова жыл бойы атқарылған жұмыстарын баяндады. Бюро мүшесі Г.Ахметова "Достық" БПҰ жұмысына оң бағасын берді.
Қоғамдық жұмыстарды белсенді атқарып, елімізде боп жатқан саяси науқандарға партия мүшелерін жұмылдырып, қала, облыс көлеміндегі іс-шараларға атсалысып жүрген бастауыш партия ұйымының жұмысын жандандандыра түсу қажеттігін айтты.
Екінші мәселе бойынша сөз алған
"Аманат" партиясының белсенді мүшесі Б.Батешова Түркістан қалалық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясына 3 делегат сайлау қажеттігін айтты. Нәтижесінде бюро мүшелері Г.Алдабергенова, А.Мустапаева, Р.Алтай делегат болып сайланды.
