13/03/2026
ОРК: референдум комиссиялары республикалық
референдумды өткізуге толығымен дайын
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық аясында 2026 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа Орталық референдум комиссиясының мүшелері, мәдениет және ақпарат, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрлері қатысты.
Қатысушылар арасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) атынан Байқаушылар Миссиясы, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының Референдумды бағалау миссиясының өкілдері де болды.
10/03/2026
Орталық референдум комиссиясының отырысы:
халықаралық байқаушылар мен өңірлердің дауыс беруге
дайындығы
2026 жылғы 10 наурызда республикалық референдумды әзірлеу және өткізу жөніндегі науқан аясында Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысы өтті.
09/03/2026
Референдум алдында: Астанада комиссиялар мен
учаскелердің дайындығы бағаланды
9 наурызда Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров астаналық комиссиялардың 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындығын тексерді.
Делегация құрамында Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов, ОРК мүшелері Азамат Айманакумов, Михаил Бортник, Әсел Жанәбілова, сондай-ақ комиссия аппаратының қызметкерлері болды.
№315, 317 учаскелерде Елорда тұрғындарының және дауыс беру күні есептен шығару куәліктері арқылы Астанада дауыс беретін азаматтарға ыңғайлы және кедергісіз дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
09/03/2026
Инклюзивтілік және ұйымдастыру дайындығы:
Орталық референдум комиссиясы Төрағасының Павлодар
облысына жұмыс сапары
5-6 наурызда республикалық референдумға дайындық шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды.
Сапар барысында Екібастұз қаласындағы №539 және №576 референдум учаскелері, сондай-ақ Павлодар қаласындағы №56 және №29 учаскелері тексерілді. Негізгі назар олардың дауыс беруді өткізуге дайындығын бағалауға, сондай-ақ азаматтардың референдумға қатысуына тең әрі кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге аударылды.
09/03/2026
Азаматтардың ерік білдіру бостандығын қамтамасыз ету:
ОРК Төрағасының Алматы қаласы және Алматы облысына сапары
3-4 наурыз күні Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық аясында инспекциялық сапармен Алматы қаласы және Алматы облысына барды.
Жұмыс сапарына ОРК хатшысы Шавхат Өтемісов, ОРК мүшесі Әсел Жанәбілова және комиссия аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Сапар барысында ОРК Төрағасы Алматы қаласындағы №254, 378 учаскелері, Қонаев қаласындағы № 946, 947, 949 референдум учаскелерінің дауыс беруді өткізуге дайындығын және олардың материалдық-техникалық жабдықталу деңгейін бағалады.
Референдум учаскелеріндегі дауыс берушілерге арналған ақпараттық стендтерде референдум комиссияларының құрамы, жоғары тұрған комиссиялардың, сот, прокуратура және құқық қорғау органдарының орналасқан орны мен телефондары, сондай-ақ дауыс беруге арналған бюллетень үлгісі, жаңа Конституция жобасының мәтіні мен ғимаратта дауыс берудің тәртібі туралы қамтылған.
05/03/2026
Түркістан облысында референдумды ұйымдастыру жұмыстары пысықталды
ҚР Орталық Референдум Комиссиясының төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша Түркістан облысының мемлекеттік органдары өкілдерімен және аудан-қалалық аумақтық референдум комиссиясы төрағаларымен кеңес өткізді.
01/03/2026
📌 Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу үшін 715 сайлау учаскесі ашылды
Бүгін Созақ ауданында Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауына арналған №715 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы және №715 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес учаскенің ашылуын өткізді.
Сайлау учаскесі белгіленген уақытта ашылып, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктер дайын екендігі тексерілді. Комиссия мүшелері мен бақылаушылардың қатысуымен сайлау құжаттарының сақталуы мен рәсімдердің заң талаптарына сай жүргізілуі қамтамасыз етілді.
Сайлау үдерісі ашықтық, жариялылық және заңдылық қағидаттарына негізделіп жүзеге асырылуда.
🗳 Жуантөбе ауылдық округінің тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз!
19/02/2026
Орталық сайлау комиссиясында мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің
қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және бірқатар
пилоттық жобалар ұсынылды
2026 жылғы 19 ақпанда ҚР ОСК жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.