Túrkіstan - adaldyq alańy

Túrkіstan - adaldyq alańy

Share

Адалдық, парасаттылық, сенім!

Photos from Túrkіstan - adaldyq alańy's post 11/04/2025

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша оқыту-семинары өз жалғасын тапты

✅Бүгін, Түркістан облысында мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша екі күнге жоспарланған оқыту-семинардың екінші күні өтті. Іс-шара «Үлгілік базалық бағыттың» төртінші блогы – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын-алу» (ТБН-4) жобасы аясында ұйымдастырылды.

📉Семинарға облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, аудан және қала әкімдіктері аппараттарының басшылары мен ішкі талдауға жауапты мамандар қатысты.

⏬Семинардың ашылуында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е. Жұматай сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша кеңінен түсініктеме берді.

✍️Шара барысында «Таңдау құқығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры А. Қалыбек мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін тәуекелдерді атап өтіп, жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған үздік кейстермен бөлісті.

📊Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін уақытша атқарушы Н. Шарипов мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына қатысты түсіндірме жасады.

✅Оқыту-семинарының жұмысын Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары А. Тоғызбаев қорытындылады. Ол ішкі талдаудың өзектілігіне тоқталып, қатысушыларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында талдау жұмыстарын сапалы жүргізуге шақырды.

Photos from Túrkіstan - adaldyq alańy's post 10/04/2025

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша оқыту семинары өтті

📉Бүгін, Түркістан облысында «Үлгілік базалық бағытының» төртінші блогы – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын-алу» (ТБН-4) жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» тапсырмасын сапалы әрі тиімді іске асыру мақсатында оқыту семинары ұйымдастырылды.

⏬Семинар жұмысына облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, аудан және қала әкімдіктерінің аппарат басшылары мен ішкі талдауға жауапты мамандар қатысты.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқарма басшысының орынбасары С. Әсілбек сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдаудың қағидалары мен әдістемесі бойынша жан-жақты түсіндірме берді.

✍️Сонымен қатар, «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н. Абуова Түркістан облысында «№4 Үлгілік базалық бағыты» жобасын басқару мен іске асыру барысы туралы баяндама жасады.

⏬Семинар аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Әлия Әбішқызы «ISO 37001: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» стандартын мекемелерге енгізудің артықшылықтары туралы ақпарат берді.

✅Семинар соңында Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Айдос Мүсірәліұлы ішкі талдау жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында зерттеу жұмыстарын мұқият жүргізіп, бірлесе әрекет етуге шақырды.

Photos from Túrkіstan - adaldyq alańy's post 19/03/2025

Облыстық квазимемлекеттік секторларда 2024 жылы жүргізілген ішкі талдау нәтижелері талқыланды

Түркістан облысында квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саясаты жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұл бағытта мекемелерде бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу және олардың туындауына жол бермеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта облыстағы 108 квазимемлекеттік сектор субъектісінің өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараға мекеме басшылары мен комплаенс-офицерлер қатысты.

Семинар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқарма басшысының орынбасары С.Әсілбек комплаенс-офицерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдаудың қағидаларын таныстырып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, тәуекелдерді талдау, мүдделер қақтығысын болдырмау және ұйым қызметінің жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді түсіндірді.

Семинар барысында комплаенс-офицерлер өз тәжірибесінде кездесетін қиындықтар мен өзекті сұрақтарға жауап алды.

24/11/2024

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ашықтығы және қоғамдық бақылау механизмдерін дамытуға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Бұл бағытта бірқатар реформа жүзеге асып жатыр. Мәселен, қоғамдық бақылауларға көптеген уәкілеттіктер берілді.
Қоғамдық бақылаудың мақсаты – азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету. Қоғамдық бақылаудың басты қағидаты – заңдылық, жариялылық, ашықтық пен айқындық, қоғамдық бақылау субъектілерінің өз еркімен қатысуы мен тәуелсіздігі.
Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер мен мобильді топтармен бірлесіп, қала/ аудандарда, елді мекендерде қоғамдық бақылау жүргізілді.
Арыс қаласындағы кепіл мерзімі бар әлеуметтік нысандар мен парк, скверлер бойынша қоғамдық бақылау жүргізіліп, уақытынан кешіктірілген, сапасы төмен нысандар бойынша акт түзілді.

01/10/2024

Түркістан облысына қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде тағайындалған комплаенс офицерлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саясатын негізге алып, мекеме ішінде бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу және оның туындауына жол бермеу бойынша жүйелі жұмыстар атқарып келеді.
Осыған орай, «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуованың қатысуымен Ордабасы ауданында оқыту семинары өткізілді.
Семинар ауданға қарасты квазимемлекеттік сектор ұйымдарының комплаенс офицерлерінің қатысуымен Ордабасы ауданы әкімдігінде өтті.
Жоба менеджері «Үлгілі жобалық бағыт №4» жобасының негізгі бағыттары мен жобаның Түркістан облысында жүзеге асырылу барысына тоқталып, бүгінде квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға айрықша басымдық берілгенін жеткізді.
Сондай-ақ, жобалық кеңсе менеджері комплаенс офицерлерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдаудың қағидасымен жіті таныстырып, оларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, қағидалардың сақталуын талдау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, ұйым қызметінің жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету міндеттерін түсіндірді.

18/07/2024
Photos from Túrkіstan - adaldyq alańy's post 18/07/2024

Комплаенс офицерлер жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектепте тәжірибе алмасты
______________________________________________________________
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облыстық Департаменттің бастамасымен және "Жалын" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлері үшін «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі адалдық мәдениеті» тақырыбында жазғы мектеп шарасы өтті.

Оған облыстағы жоғары оқу орындары мен білім беру, медицина, кәсіпкерлік, мәдениет, туризм, ауылшаруашылығы, спорт және жол саласындағы комплаенс-офицерлері қатысты.

Жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің басты мақсаты - Заңнама талаптарын түсіндіру, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың Халықаралық және Қазақстандық тәжірибесіне шолу жүргізу және осы саладағы қолданбалы құралдары мен ұсынымдарын зерделеу, жобаларды қорғау.

Спикерлер ретінде Агенттіктен, Антикор комплаенс сарапшы, Департамент жанындағы Антикор комиссар және Антикор еріктілер шақырылып, олар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс әдістемесі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізгі тетіктері мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы республикалық деңгейдегі жетекші мамандармен жұмыс істеуге және жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдың нақты мысалдарын келтіріп, дәріс берді.

Жазғы мектеп тыңдаушылары өз салаларындағы жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі ілгерілетумен қатар тәуекелдерді азайту бойынша жоба қорғап, оны шешу жолдарымен бөлісті.

Іс шара соңында, барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы курстардан өткені туралы сертификаттар табысталды.

17/07/2024

📢📢НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!📢📢
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық індет, онымен күресу міндет» тақырыбында облыстық бейнеролик байқауының уақыты ұзартылды.
Байқауға қатысу туралы өтініштер байқау ережесінің 1 қосымшасына сәйкес толтырылып (ұйымдастырушылар ұсынады), байқауға қатысушының ұсынылатын бейнеролик жұмысымен бірге 2024 жылдың 22 шілдесіне дейін қабылданады.
Байланыс телефондары: 8 701 794 2784, 8 708 123 5029

17/07/2024

«Төлеби Нұры» жазғы сауықтыру лагерінде «Менің таңдауым – Адалдық» тақырыбында ЭССЕ байқауы өтті.
Байқауға 10-15 жас және 15 жастан жоғары 20 бала қатысты.
ЭССЕ байқауының нәтижесімен жеңімпаздарды ақшалай сыйлықтармен, дипломмен марапаттап, мерекелік дастархан жайылды.

Want your business to be the top-listed Government Service in Türkistan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Тауке хан 78
Türkistan
161200

Opening Hours

Monday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Friday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00