05/09/2017
Бүгін 5-қыркүйекте Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Ұлттық бірегейлік-ұлт болашағы" атты тақырыпта №21 жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушыларына орталықтың кіші ғылыми қызметкері Ғ.Битасов лекция сабағын ұйымдастырды.
09/09/2016
Қазақ халқының зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен тығыз байланыста дамып келеді. Сәндік әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санауға болады. Кез келген қыз келіншектердің зергерлік бұйымдарға деген, қызығушылығы аса жоғары екенін білеміз. Қазақ зергерлері көркем бұйымдарын негізінен күміс пен мыс, қалайы қоспасы бар мыстан жасаған. Өткен жиырмасыншы ғасырға дейінгі тарихи кезеңдерде күміс немесе күмістелген қалайыдан жасалған зергерлік бұйымдарды негізінен халық арасында дәулетті адамдар тұтынған. Қазақтың әдептік заңына сәйкес зергерлік бұйымдарды тағып жүру міндетті болған. Әйелдер жас кезінен бастап өмір бойы әшекейлер таққан. Халық ұғымында олар көз сұқтан және әр түрлі аурулардан сақтайды деп есептеген. Сонымен қатар әйел әшекейлері оның жас кәрілік, мүліктік және аймақтық белгілерін көрсетіп, рәсімдік де қызметтер ақтарған. ОҚО тарихи-мәдени-этнографиялық орталық қорында қазақтың халықтық зергерлік өнер туындыларының біршама қоры жинақталған. Оның ішінде ХІХ-ХХғғ. тән шашбаулар мұражай экспозициясынан орын алған.
Шашбау – қыз келіншектің шаштарының ұшына тағатын шаштеңге, шолпы, шашбау деп аталатын әшекейлер. Шашбау шолпыдан ұзындығымен ерекшелінеді. Шаштеңгелер мен шолпылар көп жағдайда әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген. Олар бір бірімен ұзыннан- ұзақ жалғасып , шаштың ұшына дейін бірге өріледі. Шаштың ұшында салбырап тұрған әшекейлер қыз жүрісіне үн қосып тұрады. Шашбау бір- біріне сым үзбелер арқылы бекітіліп, орталарына асыл тастардан көз қондырылып сәндеген. Ұшы сәнді шашақтармен немесе күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады. Қазақта қыздың мінезін, шашбаудың сыңғырынан аңғаруға болады деген сөз бар. Сыңғырдың даусы қаттырақ шықса, қыздың мінезі шошақайлау деген, ал сыңғырдың даусы баяу шықса ол қыздың мінезі салмақты деген сөз бар.
29/08/2016
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай бүгін орталығымызда «Ата заң - кемел елдің келешегі» атты әдеби танымдық кеш болып өтті. Іс шараға Түркістан қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, майор Даменова Күлімкүл және Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Халима Бекмурзаевалар қатысты. Жалпы саны 60-қа жуық көрермен қатысты. Іс шара барысында Ата заңымыздың шығу тарихы мен оның маңыздылығына арналған баяндамалар оқылып, ән мен оқушылардың өз туындылары тындалды.
24/08/2016
Бүгін орталықта "Береке ынтымақ арқылы" бағдарламасы шеңберінде 1-ші деңгейіндегі Үкіметтік емес ұйымдардың институционалдық потенциалын нығайтуға бағытталған "ШАПАҒАТ СӘУЛЕСІН ШАШАЙЫҚ!" атты әлеуметтік жобасының қорытынды дөңгелек үстелі болып өтті.
18/08/2016
Бүгін Тарихи-мәдени-этнографиялық орталыққа қарасты Н.Оңдасынов атындағы музей филиалының қызметкерлері Құсшы ата елді мекенінде орналасқан «Балауса» демалыс лагеріндегі демалушыларға «Жәдігерлер сөйлейді» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрменің негізгі мақсаты ата-бабаларымыздың тұрмыста қолданған бұйымдарын, құнды жәдігерлерімізді оқушылар мен жас өспірім ұрпақтарға тереңінен таныстыру мақсатында болды. Жәдігерлеріміздің баяғы заманнан күні бүгінге дейін сақталып, мұра етіп қалдырғанын ұғындыру.Қазіргі заманда тарихи да құнды жәдігерлерімізді мектеп оқушыларына және жастарымызға насихаттау. Насихаттау барысында болашақ жастарымызды Отанын, жерін қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
15/08/2016
13 тамыз - Спорт күніне орай қаламыздағы тарихи-мәдени-этнографиялық орталық және С.Ерубаев музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Балауса» балалар жазғы демалыс сауықтыру лагерінде «Толағай» спорттық сайыс өткізілді. «Толағай» спорттық сайысы спорттың футбол, волейбол, эстафеталық жарыс түрлерінен өткізілді. Спорттық сайыста әр спорт түріне екі топтан тұратын командалар қатыстып жүлделі І-ІІ-ІІІ орын алған командалар Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Спорттық сайыс алдында «Ғылыми әдістемелік» бөлім меңгерушісі З.Таджибаева «Балауса» балалар жазғы демалыс сауықтыру лагерде демалушы балаларды алда келе жатқан спорт күнімен құттықтап спорттық сайыста сәттілік тіледі.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
11/08/2016
Киелі Түркістанға тарту еткен – асыл мұра
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғыны Дюсенбаева Гүлайса Тарихи – мәдени-этнографиялық орталыққа асадал, бесік, кебеже сияқты құнды жәдігерлерді сыйға тартты. 1893ж дүниеге келген апасы Абдрахманқызы Мадиянға әкесі 1905жылы тұрмысқа шыққанда жасауға беру үшін Абралы өңіріндегі атақты ағаш шебері Аубакір Құлмағанбет деген шеберге, осы асадалды арнайы жасатқан екен. Асадал – тамақ және ыдыс аяқ сақтайтын қазақтың ұлттық үй жиһазының бірі. «Ас» және «адал» деген сөзден құралған. Асадал шебердің немесе мүлікті жасатушының мүмкіндігіне қарай оның бетіне түрлі нақышта бояумен бояп жиһазға өң берілген. Асадалды түркі халықтарының бәрі пайдаланған. Кебеже- тамақ сақтауға арналған сандық сияқты ағаш бұйым. 1913жылы Абдрахманқызы Мадиянға тұрмысқа шыққанда осы асадал мен кебежені берген екен. Кебеже 1900жылы жасалған Қоянды жәрмеңкесінде ауқатты байлардан сатып алынған.Кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалған.Оның қақпағы кәдімгі сандықтың қақпағы сияқты жармалы болып келген.Кебеженің беті түрлі бояумен өрнектелген. Қазақтың киелі бесігін Кендірбайұлы Ағыбай атасы 1930жылы тобылғыдан өзі жасаған екен.Мықтылығы сондай бұл бесікті 1930-1990 жылдар арасында қолданыста болып, бірнеше сәби өсіп шыққан.Қазақтың киелі бесігі нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасында ертеден келе жатқан бұйым.Бесік баланың тазалығына өте қолайлы және көшіп қонуға да ыңғайлы болған..Қазақта бесік қасиетті,киелі құтты мүлік деп есептеген.Бұл құнды жәдігерлердің бәрі ХІХ ғ мен ХХғ пайдаланған.Абдрахманқызы Мадиян 1983 жылы 90 жасында дүниеден өтті.Анам Әзия осы құнды жәдігерлерді көзінің қарашығындай сақтап, музейге сыйға тарту еткенді жөн көрді.Біздің Тарихи-мәдени-этнографиялық орталықта ай сайын жоспар бойынша жәдігерлерді сатып алады және қаламыздан, ауылдардан сыйға алып отырады.Біздің орталығымыздың қорында 5578 жәдігер бар.Соның ішінде 3272-сі негізгі қорда, 2306-сы көмекші қорды толықтырып тұр. Көненің –көзі Асылдың сынығы демекші құнды жәдігерлерді жеткізуші Гүлайса Ибраһимқызы өзінің әжесінің және ата анасының пайдаланған заттарын Шығыс Қазақстан Облысынан киелі Түркістан қаласына асыл мұраны тарту етіп, музейдің қорын құнды жәдігерімен толықтырды. Тарихты білмей болашықты болжай алмайсың деп,- ұлы адамдарымыз айтып кеткендей, ұрпаққа аманат сый ретінде бергеніңіз үшін Гүлайса Ибраһимқызына алғысымыз шексіз.Бұл құнды жәдігерлер орталығымыздың төрінен орын алады деп сенеміз. Мұндай тартулар өткен тарихымыз бен мәдениетімізді танып білуге мол мүмкіндік береді.