07/08/2024
Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды
Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер» Картасына енгізілген әлеуметтік саладағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы талқыланды.
Талқылау тақырыбы осы салада бюджетті жоспарлау, жеке көмекшілердің қызметін қаржыландыру, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, кәсіптік оқыту, кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттарды бөлу, еңбекақы төлеу және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына ықпал ететін тәуекелдер туралы болды.
Талдау нәтижесімен анықталған тәуекелдер бойынша, яғни еңбек ақы қоры, әлеуметтік көмек тағайындау, негізсіз қаржылық шығындар мен бизнеске берілетін гранттарды мақсатсыз пайдалану және басқа да тәуекелдер туралы Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары С.Әсілбек туралы баяндама жасады.
Анықталған жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде оларды жою бойынша жоспар бекітіліп, ұсынымдар енгізілді.
Сондай-ақ, аталған жоспарды жүзеге асыру туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.у.а. Т.Құдайбергеновтың баяндамасы тыңдалды.
Отырыстың қорытындысымен, комиссия төрағасы Б.Жылқышиев профилактикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлуді тапсырды.
26/09/2023
Түркістан Антикоры 1,8 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық білім басқармасында жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде, Білім басқармасымен негізсіз жоспарланған 1,8 млрд бюджет қаражаты қысқартылды.
Сондай-ақ, талдау аясында еңбек ақы төлеу қоры бойынша жүйелік жымқырудың схемасы анықталды. Бұл схемалар жыл сайын қолданылып келген.
Қазіргі таңда, талдау қорытындысымен бюджет қаражатын дерегі бойынша Келес, Сарыағаш және Шардара аудандарының білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.
Соңғы 2 жылда облыс бойынша білім беру саласында парақорлық және жымқыру фактісімен 20 - дан астам қылмыс тіркелген.
26/09/2023
Түркістанда 17 әкім заңға қайшы қаулы шығарған
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс аумағындағы суармалы жерлерді мемлекет мұқтажы үшін және арнайы жер қорына алуға қатысты жүргізген сыртқы талдау жұмыстарымен суармалы жер алқаптарын мемлекет меншігіне алу бойынша қала және аудан әкімдерінің заңға қайшы шығарған қаулыларын анықтады.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында мәлімделді.
Қамту аумағы 2020-2023 жылдар аралығындағы қызметтерді құраған сыртқы талдау жұмыстары барысында Жер кодексінің талаптарын облысқа қарасты барлық 17 аудан/қала әкімдерінің бұзып келгендігі белгілі болды.
Мұндай қаулы шығару құзыреті Жер Кодексінің талаптарына сәйкес, облыстық жергілікті атқарушы органының, оның ішінде облыс әкімінің ғана құзыреттілігіне жатады.
Әкімдіктердің заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіріп, сондай-ақ бағалы суармалы жер алқаптарының көлемі азайтқан.
Сонымен қатар, Түлкібас ауданында 13 кәсіпкерге тиесілі 22 га. суармалы жер учаскесі қайтарылып, олардың құқықтары қорғалды. Осылайша, аудан/қала әкімдіктері тарапынан мемлекет мұқтажы үшін суармалы жер учаскелерін алып қоюдың заңсыз практикасы тоқтатылды.
19/09/2023
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды
Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында 2023 жылдың 18 қыркүйегінен бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасының және оған бағынысты мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізеді.
Талдау аясында, медициналық техниканы сатып алу, оны пайдалану және халыққа қолжетімділік, медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, сондай-ақ медициналық мекемелер ғимараттарының құрылыс-монтаждау жұмыстары және басқа да мәселелер қамтылатын болады.
Сыртқы талдау объектісіне қатысты азаматтардың ұсыныстарын қабылдау үшін [email protected] электрондық поштасы және +7702-431-30-13 байланыс телефоны және Департамент (Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, №100) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде барлық азаматтардың ашық ұстанымы мен белсенділігі - аса маңызды!
16/09/2023
БЕЛГІЛІ АБАЙТАНУШЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін киелі Түркістан қаласында елімізге белгілі Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлелұлының қатысуымен облысқа қарасты мемлекеттік қызметшілерге адалдық құндылығы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мақсатты кездесу өтті.
«Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы» тақырыбында өрбіген ауқымды шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшылық құрамы, облысқа қарасты аудан-қалалар мен барлық басқармалардың және аумақтық департаменттердің басшылық құрамы мен мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен және «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген ауқымды шараның негізгі мақсаты – мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің бойында әділдік, парасаттылық құндылықтарын берік қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін нығайту.
Елдің даму қарқынын тежейтін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері кең талқыланған рухани шарада Омар Жәлелұлы мемлекеттік қызметтің мінберінде ант пен аманатқа адал болудың және Отанға шынайы қызмет етудің, сондай-ақ парасаттылық идеялогиясына бейім болудың маңыздылығын сөз етті.
Сондай-ақ, тағылымды тарихтың заңғар зиялылары Абай мен Шәкәрімнің құнды туындылары мен даналық ойларын қаузап, таза еңбек пен ақыл, ардың биіктігі мен ойдың тазалығын тілге тиек етті.
Екі сағатқа созылған мақсатты кездесудің соңында жиынға қатысушылар сұрақ-жауап алмасып, өз ұсыныс-пікірлерін ашық ортаға салды.
16/09/2023
АБАЙТАНУШЫ ОМАР ЖӘЛЕЛҰЛЫ АДАЛДЫҚ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Халықаралық туризм және меймандостық университетінде филология ғылымдарының кандидаты, Абайтанушы Омар Жәлелұлының қатысуымен өңір жастарына адалдық, парасаттылық құндылықтары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша келелі кездесу өтті.
«Адал ұрпақ – егемен елдің ертеңі» тақырыбында өрбіген игі шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов, "Түркістан - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі мен менеджерлері, Халықаралық университеттің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
«Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген кездесудің негізгі мақсаты – жас буын жастарды парасаттылық, әділдік құндылықтары негізінде рухани кемелдендіру және Отанға адал қызмет етуге жұмылдыру.
Ар тазалығы мен адам бойындағы ең ізгі қасиеттер сөз болған келелі шарада Омар Жәлелұлы ұлтымыздың ұлы перзенті Хәкім Абай Құнанбайұлының шалқар шығармашылығынан үзінділер келтіріп, қазақтың бас ақыны өскелең ұрпақтың адал болмыс иесі болуын өсиет еткендігін тілге тиек етті.
Рухани басқосуда Жаңа Қазақстанның бастау бұлағы - бүгінгі жастар екендігі ортаға салынып, ел дамуын тежейтін қоғам дертіне төтеп берудің тиімді тетігі - саналы, парасатты ел жастарын тәрбиелеп шығару екендігі баса атап өтілді.
Жастар санасын жаңғыртуға сеп болған кездесу соңында жиынға қатысушылар бірқатар сауалдарын жеткізіп, өз ұсыныс-пікірлерін ашық ортаға салды.
Шараны қорытындылаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Жүнісов белгілі ғалымның адалдық қағидатын қалыптастыруға бағытталған арнайы дәрісі үшін айрықша алғыс білдіріп, киелі өңір жастарын жемқорлықтың алдын алуда белсенді болуға шақырды.
13/09/2023
Университет ректоры Антикор волонтер жобасының Еріктісі
Университет ректоры Жанар Темірбекова Халықаралық білім ордасынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының ең алғашқы Еріктісі өзі болатынын жеткізді.
Ректор өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеу мақсатында өткен «Арманыңа адал бол!» кездесуде Департамент басшысы М.Төлеубаевтың ұсынысына осылайша үн қатты.
Жиында сөз бастаған университет ректоры Жанар Амангелдіқызы айтулы шараның маңызына тоқталып, «Оқу ордамыздың жаңа оқу жылында алға қойған мақсаттарының бірі - адал азамат қалыптастыру, жемқорлықсыз қоғам құру үшін университет құрамы мен білімгерлермен біріге атсалысу болатын. Біз қазіргі таңда елдегі ең үлкен мәселе – сыбайлас жемқорлық екенін мойындауымыз керек. Сіздер мен біздер осы мәселенің шешілуіне қолдаушы болуымыз шарт. Себебі әділетті қоғам құрылса мемлекет дамуы қарқындайды», - деді.
Студенттермен кездесуде Мұрат Ахтанұлы Агенттік қызметіндегі негізгі жаңашылдықтар мен іске асырылып жатқан жобалар және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып, жуырда ел аумағында енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының негізгі мақсаттарын атап өтіп, патриотты тұлға ретінде осы жобаға өз үлестерін қосуға шақырды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар беріліп, жастарға жеңістер мен жетістіктерге жету жолында, адал әрі, парасатты болудық маңызды екені айтылды.
13/09/2023
Антикор ерікті Мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жасау тәжірибесімен бөлісті
Қоғамда маңызы бар жұмыстарға белсенділік танытып жүрген Түркістандық жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарындағы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің Облыстағы филиал басшысы А.Қалыбек Мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жасау тәжірибесімен бөлісті.
Еркін форматтағы кездесуге Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев және аймақтағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде үлес қосып жүрген еріктілер қатысты.
Кездесуде еріктілер бірқатар идеяларды ортаға салды, атап кетсек, облыстағы жемқорлықпен күресушілердің басшысы ретінде шалғай аудан мен елдімекен тұрғындарымен кездесу, жемқорлықтың деңгейін анықтап, нәтижесімен мониторинг, сыртқы талдау, түсіндіру жұмыстарын сол салаларға бағыттау үшін тұрғындар арасында сауалнама жүргізу, қала/аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесуінде жемқорлық құқықбұзушылығын төмендетудегі жұмыстары туралы есеп беру, білім саласындағы жемқорлық деңгейін төмендету үшін мектеп/колледж директорлары өз ұжымдастарының алдында лекция оқу және т.б. ұсыныстар.
Кездесуде Мұрат Ахтанұлы киелі өңір Түркістанды жемқорлықтан таза, адал мекен ету мақсатында қосып жүрген үлестері үшін алғыс білдіріп, өңірдегі өзекті мәселелерді оңтайлы шешу үшін Заң аясында бірлесіп жұмыс жүргізуге және волонтерлік бағытта идея алмасуға дайын екенін жеткізді.
Бейресми форматта өткен кездесудің басты мақсаты - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу, жемқорлық қарсы мықты иммунитеті бар қоғам қалыптастыру.
02/09/2023
«Тоқта, жемқорлыққа жол берме!» науқаны басталды
Антикор еріктілерімен ұсынылған «Тоқта, жемқорлыққа жол берме!» 1 айлық науқаны Түркістан облысындағы барлық білім беру ұйымдарында басталды.
Бұл ұсыныс негізінен жаңа оқу жылын жемқорлықсыз таза және білім беру саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында енгізілді.
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына бірге тосқауыл болуды ойлаған еріктілердің ұсыныстары ұстаздар мен ата-аналардан ақша жинаудың алдын-алуда өз септігін тигізеді деп көзделуде.
Ұсыныстардың қатарында науқанның басталуы туралы ақпараттандыру, білім ордаларына бюджеттен бөлінетін қаржы түрлері мен олардың жұмсалу есебін БАҚ беттерінде жариялау, жемқорлық үшін Заңда көзделген әкімшілік/қылмыстық жауапкершілік туралы қызметкер назарына жеткізу, ата-аналарға пара/сыйлық берудің жауапкершілігін түсіндіру, сондай-ақ, науқан аясында басқа да шаралар ұйымдастыру қарастырылған.
Жемқорлыққа қарсы еріктілердің ұсынысымен енгізілген шара облыстық білім беру басқармасымен қолдау тауып, өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында 1 - 30 қыркүйек аралығында өтетін туралы арнайы жиын өтіп, басшыларға ескертілді.
02/09/2023
Кәсіпкерлер балабақшаның 180 қызметкерінің құқығын қорғауды сұрайды
Түркістан облысының білім басқармасының шешімімен мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру тоқтатылғандықтан 180 жұмыс орны қысқару алдында тұр.
Осындай шағыммен Мақтарал ауданының 11 балабақшасының құрылтайшылары Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінді.
Кәсіпкерлердің шағымы «Бизнес жол» жобасы шеңберінде облыстық кәсіпкерлер палатасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және білім басқармасының өкілдерімен қаралды.
Нәтижесінде, 11 кәсіпкердің өтініштері қанағаттандырылып, бала-бақшаларды қаржыландыру жалғасатын болды.
Осылайша, жеке кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды.
02/09/2023
Жемқорлыққа қарсы жобасының еріктілері «Адалдық сағатын» өткізді
Жаңа оқу жылының басталуымен облыстағы барлық білім беру ұйымдарында адалдық және академиялық мәселелеріне арналған ортақ «Адалдық сағатында» жемқорлыққа қарсы жобасының еріктілері баяндама жасады.
Өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық құндылықтарын сіңіру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында өткен шара аясында облыстағы 1000 білім ошақтары қамтылды.
Игі бастамада еріктілердің ұсынысымен дайындалған жемқорлық фактілері туралы 1424 колл орталығына хабарлау керектігін ескертетін жалаушалар таратылды.
Сондай-ақ, Антикор еріктілер білім алушыларға адалдық пен парасаттылықты ту еткен тарих бетіндегі кемеңгерлердің құнды сөздерін алға тартып, лекторлық баяндама жасап, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Антикор бей-жай қарамайтын азаматтарды «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қатысуға шақырады. Ол үшін Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100 мекенжайына немесе +7(72533)26932, +77017877585 телефонына хабарласуға болады.
31/08/2023
«Парасаттылық адал ұрпақтың айнымас серігі» негізімен өтіп жатқан адалдық сағатына қош келіпсіздер.