Enbek Turkistan

Directions Website

Enbek Turkistan 🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі

🔰 РАБОТОДАТЕЛЯМ РЕКОМЕНДУЕТСЯ АКТУАЛИЗИРОВАТЬ СВЕДЕНИЯ В ЕСУТД🔹 Департамент Комитета Государственной инспекции труда по ...
08/10/2026

🔰 РАБОТОДАТЕЛЯМ РЕКОМЕНДУЕТСЯ АКТУАЛИЗИРОВАТЬ СВЕДЕНИЯ В ЕСУТД

🔹 Департамент Комитета Государственной инспекции труда по Туркестанской области обращает внимание работодателей на необходимость своевременно проверять и актуализировать сведения о трудовых договорах в Единой системе учета трудовых договоров (ЕСУТД).

🔹 Сегодня в ЕСУТД содержатся сведения примерно о 6,9 млн действующих трудовых договоров.

🔹 Работодателям рекомендуется проверить полноту и корректность внесенной информации, в том числе сведения о работнике, должности, сроках трудового договора, переводах, изменении условий труда и прекращении трудовых отношений. Актуальные сведения в ЕСУТД позволяют обеспечить достоверность данных о трудовой деятельности работников и снизить количество расхождений в информационных системах.

🔹 Важно помнить, что законодательством предусмотрена административная ответственность за:
- невнесение либо несвоевременное внесение информации в ЕСУТД;
- внесение информации не в полном объеме;
- внесение недостоверной и (или) некорректной информации.

🔹 Рекомендуем работодателям регулярно проверять сведения в ЕСУТД и своевременно актуализировать их.

🔹 Проверьте сведения о трудовых договорах в ЕСУТД уже сейчас — данные должны быть полными, актуальными и достоверными.

🔗 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

🔰 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ЕШЕАБЖ-ДАҒЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ӨЗЕКТЕНДІРУ ҰСЫНЫЛАДЫ🔹 Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан ...
08/10/2026

🔰 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ЕШЕАБЖ-ДАҒЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ӨЗЕКТЕНДІРУ ҰСЫНЫЛАДЫ

🔹 Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті жұмыс берушілердің назарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттары туралы мәліметтерді уақтылы тексеру және өзектендіру қажеттігіне аударады. Бүгінде ЕШЕАБЖ-да шамамен 6,9 млн қолданыстағы еңбек шарты туралы мәліметтер қамтылған. Жұмыс берушілерге енгізілген ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын, оның ішінде қызметкер, лауазымы, еңбек шартының мерзімі, ауыстырулар, еңбек жағдайларының өзгеруі және еңбек қатынастарының тоқтатылуы туралы мәліметтерді тексеру ұсынылады. ЕШЕАБЖ-дағы өзекті мәліметтер қызметкерлердің еңбек қызметі туралы деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге және ақпараттық жүйелердегі сәйкессіздіктер санын азайтуға мүмкіндік береді.

🔹 Заңнамада мынадай жағдайлар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз:
- ЕШЕАБЖ-ға ақпаратты енгізбеу не белгіленген мерзімдерде уақтылы енгізбеу;
- ақпаратты толық көлемде енгізбеу;
- ЕШЕАБЖ-ға анық емес және (немесе) қате ақпарат енгізу.

🔹 Жұмыс берушілерге ЕШЕАБЖ-дағы мәліметтерді тұрақты түрде тексеріп, оларды уақтылы өзектендіруді ұсынамыз.

🔹 ЕШЕАБЖ-дағы еңбек шарттары туралы мәліметтерді қазірден тексеріңіз — деректер толық, өзекті және дұрыс болуы тиіс.

🔗 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

🔰 ГОСУДАРСТВО, РАБОТОДАТЕЛИ И ПРОФСОЮЗЫ СОГЛАСОВАЛИ ПРИНЦИПЫ ПРИМЕНЕНИЯ ИИ В СФЕРЕ ТРУДА🔹 В Астане в рамках Международно...
08/10/2026

🔰 ГОСУДАРСТВО, РАБОТОДАТЕЛИ И ПРОФСОЮЗЫ СОГЛАСОВАЛИ ПРИНЦИПЫ ПРИМЕНЕНИЯ ИИ В СФЕРЕ ТРУДА

🔹 В Астане в рамках Международного форума «Цифровой труд и искусственный интеллект» представители государства, работодателей и профсоюзов подписали Астанинскую трипартийную декларацию «Алгоритмический контроль, роль профсоюзов, ответственность бизнеса». Документ отражает согласованные подходы социальных партнеров к внедрению цифровых технологий и искусственного интеллекта в сфере труда. В центре внимания - развитие человеческого капитала, защита трудовых прав и сохранение роли человека при принятии решений, затрагивающих работников.

​🔹 Международный форум объединил представителей государственных органов, профсоюзов, работодателей, международных организаций и экспертного сообщества. Участники обсудили влияние искусственного интеллекта на занятость и профессиональные навыки, вопросы защиты трудовых прав, переобучения кадров, развития платформенной экономики и безопасного внедрения новых технологий.

​🔹 В работе форума приняли участие первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК Ербол Туякбаев и вице-министр Бахтияр Жазыкпаев.

🔹 «Искусственный интеллект может менять инструменты и организацию труда, при этом человек должен оставаться в центре технологических преобразований. Развитие новых технологий должно сопровождаться развитием человеческого капитала, повышением качества и безопасности рабочих мест, а также расширением возможностей для занятости», - подчеркнул Ербол Туякбаев.

🔹 Вице-министр Бахтияр Жазыкпаев в ходе панельной сессии представил практические решения Министерства по внедрению цифровых технологий и искусственного интеллекта в сфере труда. Основной подход заключается в переходе от традиционных электронных услуг к интеллектуальным и проактивным сервисам, которые позволяют на основе имеющихся данных определять потребности граждан и предлагать им соответствующие решения.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1307060?lang=ru

🔗 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

🔰 ЕҢБЕК САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ: МЕМЛЕКЕТ, ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР МЕН КӘСІПОДАҚТАР ОРТАҚ ҚАҒИДАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ🔹 Астанада «Цифрлық ...
08/10/2026

🔰 ЕҢБЕК САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ: МЕМЛЕКЕТ, ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР МЕН КӘСІПОДАҚТАР ОРТАҚ ҚАҒИДАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

🔹 Астанада «Цифрлық еңбек және жасанды интеллект» халықаралық форумы аясында мемлекет, жұмыс берушілер және кәсіподақтар өкілдері «Алгоритмдік бақылау, кәсіподақтардың рөлі, бизнестің жауапкершілігі» атты Астана үшжақты декларациясына қол қойды. Құжат әлеуметтік әріптестердің еңбек саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге қатысты ортақ ұстанымдарын айқындайды. Декларацияда адами капиталды дамыту, еңбек құқықтарын қорғау және жұмыскерлерге қатысты шешімдер қабылдау кезінде адамның рөлін сақтау мәселелеріне басымдық берілген.

🔹 Халықаралық форумға мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің, халықаралық ұйымдардың және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Қатысушылар жасанды интеллектінің жұмыспен қамту мен кәсіби дағдыларға әсерін, еңбек құқықтарын қорғау, кадрларды қайта даярлау, платформалық экономиканы дамыту және жаңа технологияларды қауіпсіз енгізу мәселелерін талқылады.

🔹 Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев пен вице-министр Бақтияр Жазықпаев қатысты.

🔹 «Жасанды интеллект еңбек құралдары мен оны ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуі мүмкін. Дегенмен кез келген технологиялық өзгерістің басты назарында адам қалуы тиіс. Жаңа технологиялардың дамуы адами капиталды жетілдірумен, жұмыс орындарының сапасы мен қауіпсіздігін арттырумен және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ұлғайтумен қатар жүруі керек», – деп атап өтті Ербол Тұяқбаев.

🔹 Вице-министр Бақтияр Жазықпаев панельдік сессия барысында Министрліктің еңбек саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу бағытындағы практикалық шешімдерін таныстырды. Негізгі тәсіл дәстүрлі электрондық қызметтерден интеллектуалды әрі проактивті сервистерге көшуге негізделген. Мұндай сервистер қолда бар деректер негізінде азаматтардың қажеттіліктерін алдын ала анықтап, оларға тиісті шешімдерді ұсына алады.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1307060?lang=kk

🔗 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

🔰 АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: АЗАМАТТАРҒА – АШЫҚ ДИАЛОГ, МӘСЕЛЕЛЕРГЕ – НАҚТЫ ШЕШІМ🔹 «Ашық есік күні» – азаматтардың еңбек құқықтарын...
07/10/2026

🔰 АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: АЗАМАТТАРҒА – АШЫҚ ДИАЛОГ, МӘСЕЛЕЛЕРГЕ – НАҚТЫ ШЕШІМ

🔹 «Ашық есік күні» – азаматтардың еңбек құқықтарын білуіне, өз құқықтарын қорғау тетіктерін түсінуіне және жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында заң талаптарына негізделген еңбек қатынастарын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң.

🔹 Осыған орай, бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысымен бекітілген «Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының 2026 жылғы ІV тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесіне» сәйкес Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

🔹 Азаматтардың еңбек құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіруге негізделген қабылдау барысында Департамент басшысының орынбасары Мұрат Сағынұлы Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан келген азаматтарды жеке қабылдап, еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізді.

🔹 Сонымен қатар, азаматтар еңбек шартын жасасу және бұзу, жалақы төлеу, еңбек демалысын беру, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, сондай-ақ еңбек дауларын шешу тәртібі бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

🔹 Департамент мамандары әрбір азаматтың өтінішіне жеке тоқталып, еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес түсіндірмелер мен қажетті құқықтық кеңестер берді. Заңнамада көзделген тәртіппен шешуді талап ететін мәселелер бақылауға алынып, тиісті түсіндірулер ұсынылды.

🔹 Ашық диалог – өзекті мәселелерді анықтауға, ал нақты түсіндіру – еңбек құқықтарының тиімді қорғалуына мүмкіндік береді.

🔗 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

🔰 РАБОТОДАТЕЛИ МОГУТ ОФОРМИТЬ ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ СТРАХОВАНИЕ РАБОТНИКОВ ОНЛАЙН🔹 Министерство труда и социальной защиты населен...
07/10/2026

🔰 РАБОТОДАТЕЛИ МОГУТ ОФОРМИТЬ ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ СТРАХОВАНИЕ РАБОТНИКОВ ОНЛАЙН

🔹 Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан продолжает работу по расширению охвата работников обязательным страхованием от несчастных случаев при исполнении трудовых обязанностей (ОСНС) и повышению доступности страховых услуг для работодателей.

🔹 В рамках этой работы Государственная аннуитетная компания запустила на своем сайте новый онлайн-сервис, позволяющий работодателям самостоятельно оформить договор ОСНС без посещения офиса и обращения к менеджеру.

🔹 Теперь весь процесс оформления доступен в онлайн-режиме: от регистрации и внесения необходимых сведений до получения расчета, формирования договора и его подписания. Документы и справки загружаются непосредственно через портал в соответствии с установленными требованиями.

🔹 При заполнении форм часть сведений автоматически подгружается из государственных информационных систем и Единой страховой базы данных. Остальные данные работодатель вносит самостоятельно. До подписания договора предусмотрена возможность проверить внесенную информацию и при необходимости внести изменения.

🔹 Для заключения договора необходимо наличие действующей электронной цифровой подписи юридического лица. Все основные процедуры осуществляются на одном сайте без необходимости перехода на сторонние сервисы.

🔹 «Запуск онлайн-сервиса направлен прежде всего на то, чтобы сделать оформление страхования более удобным и доступным для работодателей. Возможность пройти процедуру самостоятельно в цифровом формате позволяет сэкономить время и получить необходимую услугу без посещения офиса», - отметил председатель правления Государственной аннуитетной компании Олжас Ашкеев.

🔹 Обязательное страхование от несчастных случаев является одним из механизмов социальной защиты работников. В случаях, предусмотренных законодательством, страховые выплаты обеспечивают возмещение вреда, связанного с утратой трудоспособности, а также предусмотренных законом расходов на лечение, медицинскую и профессиональную реабилитацию.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1306574?lang=ru

🔗 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

🔰 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫ ОНЛАЙН РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ🔹 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты ...
07/10/2026

🔰 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫ ОНЛАЙН РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ

🔹 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (ЖОМС) қамтуды кеңейту және жұмыс берушілер үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

🔹 Осы бағыттағы жұмыстар аясында Мемлекеттік аннуитеттік компания өз сайтында жұмыс берушілерге кеңсеге бармай-ақ, менеджердің көмегіне жүгінбей, ЖОМС шартын өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік беретін жаңа онлайн-сервисті іске қосты.

🔹 Енді шартты рәсімдеудің барлық кезеңін онлайн режимде жүзеге асыруға болады: тіркелу, қажетті мәліметтерді енгізу, сақтандыру құнын есептеу, шартты қалыптастыру және оған қол қою. Құжаттар мен анықтамалар белгіленген талаптарға сәйкес тікелей портал арқылы жүктеледі.

🔹 Мәліметтердің белгілі бір бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және Бірыңғай сақтандыру дерекқорынан автоматты түрде алынады. Қалған ақпаратты жұмыс беруші өзі енгізеді. Шартқа қол қойылғанға дейін енгізілген мәліметтерді тексеріп, қажет болған жағдайда түзетуге мүмкіндік қарастырылған.

🔹 Шарт жасасу үшін заңды тұлғаның жарамды электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Негізгі рәсімдердің барлығы бір сайтта жүзеге асырылады, бұл ретте басқа сервистерге өтіп қажет емес.

🔹 «Онлайн-сервистің іске қосылуы, ең алдымен, жұмыс берушілер үшін сақтандыру рәсімін барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етуге бағытталған. Рәсімді цифрлық форматта өз бетінше жүзеге асыру уақытты үнемдеуге және кеңсеге бармай-ақ қажетті қызметті алуға мүмкіндік береді», – деді Мемлекеттік аннуитеттік компанияның басқарма төрағасы Олжас Ашкеев.

🔹 Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру – қызметкерлерді әлеуметтік қорғау тетіктерінің бірі. Заңнамада көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдері еңбекке қабілеттіліктен айырылуға байланысты келтірілген зиянды өтеуді, сондай-ақ емделуге, медициналық және кәсіптік оңалтуға арналған заңда белгіленген шығындарды өтеуді қамтамасыз етеді.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1306574?lang=kk

🔗 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

🔰 КЕЛЕС: «№3 Ә. МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРУ ЖҮР...
07/10/2026

🔰 КЕЛЕС: «№3 Ә. МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔹 Департаменттің «Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 7 қазан күні Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің» бас маманы Смадияр Алдияр «№3 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жұмыскерімен болған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.

🔹 ҚР Еңбек кодексінің "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу" туралы заңдылық талаптарына сәйкес жүргізілген тексеру бойынша және еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы мектеп ұжымымен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалу барысын басты назарға алу мақсатында еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме берілді.

🔹 Арнайы тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның орын алу мән-жайлары мен себептері зерделеніп, оқиғаға қатысты қажетті құжаттар мен материалдар қаралды.

🔹 Тергеп-тексеру нәтижесінде оқиғаның себептері анықталып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына тиісті баға берілді.

🔹 Сонымен қатар, алдағы уақытта осыған ұқсас жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған тиісті шараларды қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

🔹 Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуы және жұмыс берушілердің заңнамада белгіленген міндеттерді сақтауы тұрақты бақылауда.

🔗 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі #Заңжәнетәртіп #Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау #Законипорядок #Еңбеккодексі #Трудовойкодекс #Еңбек #Труд #Министерствотрудаисоциальнойзащитынаселения #Түркістаноблысыеңбекинспекциясыдепартаменті

🔰 САРЫАҒАШ: «№67 Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ🔹 Департаментпен...
07/10/2026

🔰 САРЫАҒАШ: «№67 Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔹 Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты «№67 Т.Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.

🔹 Тексеру барысында жұмыс берушінің еңбек қатынастарын ресімдеу тәртібін сақтауы, еңбек шарттарының жасалуы және олардың заңнама талаптарына сәйкестігі, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының сақталуы, жұмыскерлерге еңбек демалыстарын беру тәртібі, еңбекақы төлеу талаптарының орындалуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы зерделенді.

🔹 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы «№67 Т. Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің ұжымымен кездесу ұйымдастырды.

🔹 Кездесу барысында тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы қолданыстағы еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбек құқықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🔹 Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы – жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

🔗 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі #Заңжәнетәртіп #Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау #Законипорядок #Еңбеккодексі #Трудовойкодекс #Еңбек #Труд #Министерствотрудаисоциальнойзащитынаселения #Түркістаноблысыеңбекинспекциясыдепартаменті

07/10/2026

🔰 ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ АСТАНАДА JOLTAP ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

🔹 Аталған жоба еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қысқа мерзімде меңгеріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріп отыр.

🔹 Енді Астанадағы JOLTAP тәжірибесін басқа өңірлерде де қолдану мүмкіндігі қарастырылмақ.

▶️ Толығырақ 24KZ телеарнасының сюжетінде.

🔗 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Address

32-я улица, 16, этаж 2, кабинет 290
Türkistan
161200

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:30
Tuesday 08:00 - 17:30
Wednesday 08:00 - 17:30
Thursday 08:00 - 17:30
Friday 08:00 - 17:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Enbek Turkistan posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share