08/09/2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Киберқылмыстардың алдын алу үшін құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер қажет
Мемлекет басшысы соңғы уақытта елімізде интернет-алаяқтық көбейіп кеткенін алға тартып, құқық қорғау органдарының қызметіне өзгерістер енгізу керектігін атап өтті.
«Құзырлы органдардың жұмысын ұдайы жетілдіріп отырған жөн. Киберқылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін барынша интеллектуалды жүйе құру керек. Қажет болса тиісті заңға, құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер енгізген жөн»,- деді Президент.
18/03/2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінен:
✔️«Жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылды. Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды. Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар. Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке жаңа адамдар келіп жатыр.
✔️Пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланды. Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады. Түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өкілді билік органдарының жұмысына тың серпін берді. Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының 90 пайызы бір мандатты округтен, яғни тікелей дауыс беру арқылы сайланды. Билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмады»
✔️«Ел ішіндегі өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосты. Жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырды. Алқалы жиын алғашқы күннен бастап жалпыхалықтық жаңғырудың символына айналды. Қоғамдық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасты.
✔️Өзара түсіністік пен құрмет бар жерде келісім болады. Құрылтайдың түпкі мақсаты да – осы»
27/12/2024
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ұшақ апатынан алты қазақстандық көз жұмды.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіре отырып, мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін қолдан келген көмекті беріп жатқан дәрігерлер мен құтқарушыларға алғысымызды білдіреміз.