Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалы

Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалы

Share

03/06/2026

💥Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысы әйелдерінің іскерлік конгресі жұмысын бастады. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, өңірлік экономиканы нығайту, жаңа бизнес бастамаларды ынталандыру, тәжірибе алмасу мәдениетін қалыптастыру және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруды мақсат тұтқан басқосуды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Әйелдер қанаты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түркістан облыстық филиалы Іскер әйелдер кеңесімен бірлесіп өткізді.

Photos from Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалы's post 03/06/2026

ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕР ІСКЕРЛІК КОНГРЕСІ БАС ҚОСТЫ

🌟Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысы әйелдерінің іскерлік конгресі жұмысын бастады. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, өңірлік экономиканы нығайту, жаңа бизнес бастамаларды ынталандыру, тәжірибе алмасу мәдениетін қалыптастыру және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруды мақсат тұтқан басқосуды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Әйелдер қанаты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түркістан облыстық филиалы Іскер әйелдер кеңесімен бірлесіп өткізді.

Конгрес жұмысы барысында форум қатысушыларына «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясындағы өнімдер көрмесі таныстырылды. Көрмеге «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесінің жеңімпаздары шығаратын өнімдер қойылды.

✨Конгрес жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова, Түркі мемлекеттерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағы жанындағы Түркі мемлекеттерінің кәсіпкер әйелдер кеңесінің жетекшісі Ләззат Рамазанова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түркістан облыстық филиалының директоры Асылан Ибадуллаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева қатысып, сөз сөйледі.

Конгрес аясындағы форум жұмысы «Open Turkistan» туристтік ақпараттық орталығы» ЖШС-нің басшысы Асқар Абубакировтың модераторлығымен басталды. Бүгінгі басқосу әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыруға, кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін шыңдауға және қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған маңызды алаң екенін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек атап өтті.

💫«- Түркістан облысында кәсіпкерлік субъектілерінің едәуір бөлігін әйелдер басқарады. Олар ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және әлеуметтік кәсіпкерлік салаларында табысты еңбек етіп, мыңдаған азаматты жұмыспен қамтып отыр. Әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы табыстары – тек экономикалық көрсеткіш қана емес. Бұл – отбасының әл-ауқатын арттыру, ауыл-аймақтардың дамуына үлес қосу, жаңа мүмкіндіктер мен жұмыс орындарын қалыптастыру деген сөз. Әсіресе, ауылдық жерлердегі кәсіпкер әйелдердің белсенділігі өңір экономикасының тұрақты дамуына ерекше серпін беруде», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Жиында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова Әйелдер қанатының бүгінгі қоғамдағы рөліне тоқталып, бұл құрылымның аз ғана уақыт ішінде ауқымды жұмыстар атқарып үлгергенін атап өтті. Оның айтуынша, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты бүгінгі таңда көптеген маңызды бастамалардың ұйытқысына айналып отыр.

✨«- Әйелдер қанаты бүгінде 10 негізгі бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Оның ішінде саясат, экономика, кәсіпкерлік, инклюзия, білім беру, денсаулық сақтау, халықаралық байланыс, ғылым, цифрлық даму секілді маңызды салалар бар. Бұл – әйелдердің қоғам өміріндегі белсенділігін арттырумен қатар, олардың әлеуетін толық ашуға бағытталған нақты жұмыстар. Әйелдер тек отбасының ұйытқысы ғана емес, экономиканың, бизнестің, қоғамдық дамудың қозғаушы күшіне айналып отыр. Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі артып келеді. Олар жаңа жұмыс орындарын ашып, салық төлеп, ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосуда. Қолөнер, өндіріс, қызмет көрсету салаларында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандылар аз емес. Сондықтан әйелдердің дамуына мүмкіндік беру – мемлекеттің де, қоғамның да ортақ міндеті»,- деді Гүлдара Нұрымова.

Өз сөзінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Мемлекет басшысының тапсырмасымен әйелдердің қоғамдағы рөлі мен құқықтарын қорғауға қатысты маңызды бастамалар қолға алынғанына тоқталып, партия тарапынан бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

⚡️«- Мемлекет тарапынан, әйелдердің бизнес бастамаларын қолдау, қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, білім беру және кәсіби даму бағдарламаларын іске асыру бағытында, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі конгресс, осы мақсаттарға қызмет ететін, маңызды диалог алаңы деп білеміз. Мұнда, кәсіпкерлікті дамыту, цифрлық технологияларды енгізу, өңірлік экономиканы әртараптандыру мен экспорттық әлеуетті арттыру және жастар мен әйелдерді жұмыспен қамту, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту секілді, өзекті мәселелер талқыланады. Бұл бағыттағы пікірлер мен ұсыныстар, өңірдің дамуына тың серпін беріп, жаңа жобалардың жүзеге асуына, жол ашады деп сенеміз. Бүгінгі конгресс, жаңа серіктестіктерге, пайдалы байланыстарға, нәтижелі келісімдерге және болашақтағы табысты жобаларға негіз болады деп білеміз», - деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Конгресс барысында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева өңірдегі Әйелдер қанатының атқарған жұмыстары туралы арнайы бейнероликті таныстырды. Онда әйелдердің әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жобалар мен бастамалардың нәтижелері көрсетілді.

⭐️Облыстық Әйелдер қанатының жетістіктері ретінде «Әйел аманаты» телебағдарламасының іске қосылуы, ғылымдағы әйелдер бағытында атқарылған жұмыстар, «Әйел басқаратын кәсіпорын» жобасының іске асырылуы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, инклюзияны дамыту бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. «Балаңа уақыт арна» акциясының өткізілуі, тақырыптық қоғамдық қабылдаулардың өтуі, «Денсаулық керуені» жобасының іске асырылуы, ерте жүктіліктің алдын алуға арналған профилактикалық іс-шаралар, «Әйелдерге қолайлы кәсіпорын» жобасын іске асыру нәтижелері таныстырылды. Әйелдер көшбасшылығын қолдауда атқарылып жатқан жұмыстар мен депутаттық корпустың әйелдер белсенділігін қамтудағы бастамалары туралы маңызды ақпараттар айтылды.

Сондай-ақ форум жұмысында Түркі мемлекеттерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағы жанындағы Түркі мемлекеттерінің кәсіпкер әйелдер кеңесінің жетекшісі Ләззат Рамазанованың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түркістан облыстық филиалының директоры Асылан Ибадуллаевтың хабарламалары тыңдалды.

🌟TED-х форматындағы платформада «АYKAN» ЖШС-нің құрылтайшысы Алмагүл Айқан «Әйел-көшбасшы: бизнестегі табысқа жету жолы» тақырыбында конференция өткізсе, «Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева «Біз AI дәуіріне дайынбыз ба?» деген тақырыпта маңызды идеялармен бөлісті. «Қазақстан Республикасы Экспорттаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастығы төрайымның орынбасары Мадинат Қаңлыбаева экспорттың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы қызықты сабақ өткізді. Ал белгілі сәулетші-қала құрылысының маманы, «Karimova Design Studio» компаниясының негізін қалаушы, триатлоншы Айгерім Каримова «Өміріңді өзгертетін үш күш: тәртіп, спорт және әрекет» тақырыбында лекция оқыды. Сондай-ақ идеялар талқыланған платформада танымал дизайнер, Arenov Studio компаниясының арт-директоры, брендинг және қабылдау экономикасы бойынша сарапшы Арыстан Аренов «Экономика воображения: как идеи, бренды и культура создают ценность в мире после сырья» тақырыбында дәріс өтсе, әлеуметтік кәсіпкер, «Дара Медиа» компаниясының директоры, «Дара Ұрпақ»Түркістан облысындағы тұңғыш инклюзивті театрының құрылтайшысы Рухабза Халдарбек «Әлеуметтік кәсіпкерліктен тұңғыш инклюзивті театрға дейін» тақырыбында лекция оқып, тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ конгресс жиынында әйел көшбасшылығы, өңірлік бизнес, экспорттық мүмкіндіктер, сәулет, креативті индустрия және цифрлық трансформация бағыттары кеңінен талқыланды. Қатысушылар өңірлік экономиканы дамытудағы әйелдердің үлесі мен жаңа мүмкіндіктері жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Іскерлік конгресс қорытындысында қатысушылар әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, инновациялық жобаларды қолдау және кәсіпкерлік экожүйесін дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ниетті екендіктерін білдірді. Форум қорытындысымен іскерлік беделімен танылған бірқатар кәсіпкер қыз-келіншектер ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған марапаттарға ие болды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Photos from Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалы's post 03/06/2026

ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТІП, ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

🇰🇿Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай өңірлік Патриоттар форумы өтті. Елдік құндылықтарды дәріптеуге арналған маңызды жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, қоғам белсенділері, түрлі сала мамандары мен жастар қатысты.

Салтанатты шара Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталып, қатысушылар көк Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметтерін білдірді.

⚜️Форум барысында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, Мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірліктің символы екенін атап өтті. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығын білдіріп, олардың еңбегі жастарға үлгі екенін жеткізді.

Өз кезегінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, өңірде мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

⚜️– Патриоттар форумы – туған жердің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген азаматтарды ұлықтайтын маңызды алаң. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен табанды еңбектеріңіз өңірдің өркендеуіне, еліміздің дамуына қызмет етіп келеді. Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу, жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен елжандылық рухын сіңіру баршамызға ортақ міндет, – деді Ертай Алтаев.

Форум аясында қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың қатарында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, құрылыс, кәсіпкерлік, спорт, төтенше жағдайлар және құқық қорғау салаларының үздік өкілдері бар.

⚜️Іс-шара соңында патриоттық рухты дәріптейтін концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік жиын жоғары деңгейде қорытындыланды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

03/06/2026

🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Түркістан облысында патриоттар форумы өтті

Photos from Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалы's post 03/06/2026

ПАРТИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КҮШІ – БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР

🔰Бүгінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қалалық, аудандық филиалдарында бастауыш партия ұйымдарының есеп беру жиындары өтіп жатыр.

Арыс қалалық филиалы жанынан құрылған бастауыш партия ұйымдарында есеп беру жиналыстары өткізіліп, соңғы 3 жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Маңызды жиын барысында партияның алдағы кезеңдегі міндеттері нақтыланып, ұйымдардың қызмет тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

🔰Мазмұнды жиынға «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, «Б.Момышұлы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Серікбек Дәуренбеков, «М.Әуезов» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ләззат Аубакирова және партия мүшелері қатысты.

Есеп беру жиыны барысында бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары сараланып, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарау, партиялық жобаларды іске асыру және халықпен кері байланысты нығайту бағытында атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды.

❇️Жиында сөз сөйлеген партияның Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков бастауыш партия ұйымдарының партия қызметіндегі айрықша орнына тоқталып өтті.

«Бастауыш партия ұйымдары – партияның ең негізгі тірегі әрі халықпен байланыстыратын басты буын. Кез келген бастама мен реформаның тиімділігі ең алдымен жергілікті жердегі партия мүшелерінің белсенділігіне байланысты. Бүгінде Арыс қаласында 4956 партия мүшесін біріктірген 15 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Олар тұрғындардың талап-тілегін билікке жеткізіп қана қоймай, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасап, партияның қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруда маңызды рөл атқарып келеді. Сондықтан бастауыш партия ұйымдарының жұмысы партияның беделі мен халық сенімінің басты көрсеткіші», – деді филиал төрағасы.

❇️Жиында «Б.Момышұлы» және «М.Әуезов» бастауыш партия ұйымдарының төрағалары есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жоспарларды таныстырды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларынан туындайтын міндеттер, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік жол карталарының орындалу барысы және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалардың жүзеге асырылуы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу, қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал ету және тұрғындардың өзекті мәселелеріне жедел ден қою бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.

❇️Жиналыс барысында партия жұмысын жетілдіру, партиялық жобалардың тиімділігін арттыру, азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысты күшейту мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды. Партия мүшелері қоғамдық бастамаларды қолдау, елді мекендердегі өзекті мәселелерді бірлесе шешу және партияның басым бағыттарын іске асыру жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес партияның Саяси кеңес Бюросының мүшелері сайланып, қалалық партия конференциясына қатысатын делегаттар анықталды.

Қабылданған шешімдер мен белгіленген міндеттер алдағы кезеңде партияның сайлауалды бағдарламасының тиімді орындалуына, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың партияға деген сенімін одан әрі нығайтуға қызмет етпек.

❇️Айта кетейік, бүгінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының құрамында 87 мыңнан астам партия мүшесін біріктіретін 245 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Бастауыш партия ұйымдары азаматтардың өзекті мәселелерін көтеруге және партияның сайлауалды бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға белсенді үлес қосып келеді. Олар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін жинақтап, ел мен жердің дамуына бағытталған бастамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізуде маңызды рөл атқарады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Photos from Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалы's post 03/06/2026

«AMANAT» БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

🌈Түркістан қаласында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының ұйымдастыруымен ауқымды мерекелік іс-шара өтіп, 300-ден астам балаға ерекше көңіл-күй сыйланды. Балалардың жүзіндегі шаттық пен қуанышқа толы сәттер мерекенің басты көрінісіне айналды.

💫Жас ұрпақтың жан-жақты дамуына қолдау көрсету, олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету және отбасы құндылықтарын нығайту «AMANAT» партиясының басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауларында балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына, олардың толыққанды дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар партияның сайлауалды бағдарламасында да нақты көрініс тапқан.

Мерекелік шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Түркістан қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сәкен Хандиллаев демеушілік жасап, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға үлес қосты.

✨Іс-шара барысында арнайы Шымкент қаласынан шақырылған цирк әртістері өнер көрсетіп, балаларға ұмытылмас әсер сыйлады. Түрлі қызықты қойылымдар, үйретілген жануарлардың көрсетілімі, сайқымазақтардың көңілді ойындары мен тосын сыйлары бүлдіршіндердің мерекелік көңіл-күйін еселей түсті. Балалар қызықты бағдарламаларды тамашалап қана қоймай, түрлі ойындарға қатысып, көтеріңкі әсермен тарқасты.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының Сектор меңгерушісі Мая Майдан балаларға жасалған әрбір қамқорлық елдің ертеңіне салынған инвестиция екенін атап өтті.

--“AMANAT” партиясы әрдайым өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына, шығармашылық қабілетін дамытуына және қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне қолдау көрсетіп келеді. Бақытты бала берекелі отбасының, ал берекелі отбасы қуатты мемлекеттің негізі. Сондықтан балалардың жарқын болашағы жолындағы жұмыстар партия назарынан ешқашан тыс қалмайды», – деді Мая Октябрьқызы.

🌟Бүгінде «AMANAT» партиясы балалар мен жастарды қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Білім беру нысандарын жаңғырту, спорт және шығармашылық инфрақұрылымдарды дамыту, әлеуметтік қолдауды күшейту секілді бастамалар партияның маңызды міндеттерінің қатарында. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы қоғамдағы тұрақтылық пен игіліктің айқын көрінісі. Осындай тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында мейірімділік пен сенімді қалыптастырып, олардың жарқын болашағына жол ашады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Photos from Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалы's post 03/06/2026

«AMANAT» БАСТАМАСЫ: ТАҢҒЫ СЕРГЕКТІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІК КҮНІ

🏃‍♂️Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының және Түркістан қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырумен Түркістан қаласындағы О. Жарылқапов атындағы стадионда «Таңғы драйв: бірге жаттығамыз!» атты спорттық-сауықтыру іс-шарасы өтті.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Сұлтанхан Таштеев партия филиалы жанындағы бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен төрағалары, белсенді жастар және қала тұрғындары қатысты.

⚽️Таңғы жаттығу барысында қатысушылар арнайы дене шынықтыру жаттығуларын орындап, сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Ашық аспан астында өткен спорттық шара тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулықты нығайтудың маңыздылығын кеңінен насихаттады.

Шара барысында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Сұлтанхан Таштеев бұқаралық спортты дамыту ұлт саулығының кепілі екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыра алады. Сондықтан тұрғындарды спортпен тұрақты айналысуға шақырып, осындай пайдалы бастамаларды жүйелі түрде өткізуді жалғастырамыз. Бүгінгі шараның басты құндылығы адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, салауатты өмір салтын күнделікті әдетке айналдыруға үндейтіндігінде, – деді ол.

🏓Бүгінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамыту қоғамның маңызды міндеттерінің біріне айналып отыр. Осы бағыттағы шаралар тұрғындардың дене белсенділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін күшейтуге де ықпал етеді.

«Таңғы драйв: бірге жаттығамыз!» акциясы аясында қатысушылар бірлесіп жаттығу жасап, белсенді өмір салтын ұстанудың жарқын үлгісін көрсетті. Әсіресе, бастауыш партия ұйымдары мүшелерінің белсенді қатысуы қоғамда спорт пен денсаулық құндылықтарын дәріптеу жұмыстарының жүйелі жүргізіліп жатқанын аңғартты.

🤸‍♂️Мұндай игі бастамалар тұрғындардың бірлігін нығайтып, қоғамда денсаулыққа деген оң көзқарасты қалыптастыруға және жастарды спортпен тұрақты айналысуға ынталандыруға өз үлесін қоса берері сөзсіз.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

03/06/2026

🏃‍♂️Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының ұйымдастырумен Түркістан қаласындағы О. Жарылқапов атындағы стадионда «Таңғы драйв: бірге жаттығамыз!» атты спорттық-сауықтыру іс-шарасы өтті.

Photos from Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалы's post 02/06/2026

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЖОБА

«AMANAT» партиясы отбасы құндылықтарын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, ұлттық тәрбиені дәріптеуге айрықша басымдық беріп келеді. Соның ішінде партияның «Бақытты отбасы» жобасы қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналды. Осы жоба аясында партияның Созақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық іс-шарасы шеңберінде мазмұнды дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Іс-шараны аудандық партия филиалы Отбасын қолдау орталығымен бірлесе өткізіп, оған құқық қорғау органдарының өкілдері, партия белсенділері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері және белсенді әйелдер қатысты.

Жиынның басты тақырыбы ретінде отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері қаралды. Атап өтуіміз қажет, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты аналар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасындағы татулық пен сыйластықты нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Партиядағы белсенді қыз-келіншектердің басын қосқан Әйелдер қанатының бастамасымен осы бағытта түрлі кездесулер, түсіндіру жұмыстары, құқықтық және психологиялық қолдау шаралары ұйымдастырылып, отбасы мәселесіне қоғам назарын аудару жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда.

Мәжіліс барысында Созақ аудандық полиция бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция майоры Айжан Манапова аудан көлемінде атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстарға тоқталып, құқықтық түсіндіру шаралары жөнінде кеңінен баяндады. Ал аудандық Отбасын қолдау орталығының бөлімше басшысы Біржан Саржанов азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер туралы ақпарат беріп, қиын жағдайға тап болған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларға тоқталды. Жиында сөз алған аудандық мәслихат депутаты, аудандық «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Рабиға Отыншиева әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі мемлекеттің басты назарындағы мәселе екенін атап өтті. Отбасы бірлігі мен ұлттық тәрбиені сақтау болашақ ұрпақтың жарқын келешегінің кепілі екенін жеткізіп, қоғамдағы ізгілік пен жауапкершілік құндылықтарын күшейту қажеттігін айтты.

Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы әжелер кеңесінің жетекшісі Маруаш Қайыржанова отбасы тәрбиесіндегі ананың рөліне тоқталып, ұлттық тәрбие мен үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді құндылықтардың маңызын кеңінен түсіндірді. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұхамедәлі Иманбеков қоғамдағы сыйластық пен адамгершілік қағидаларын нығайтудың маңызын айтып, отбасындағы береке елдің бірлігінің негізі екенін атап өтті.

Партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асып жатқан мұндай кездесулер қоғамдағы отбасы институтын нығайтумен қатар, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде танылуда. «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы аналардың қоғамдағы рөлін арттыру, әйелдердің құқықтық сауаттылығын күшейту, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Want your business to be the top-listed Government Service in Türkistan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Улица Б. Саттарханов №37
Türkistan
161200