Нұралхан Көшеров

Нұралхан Көшеров

Share

🇰🇿 Түркістан облысының әкімі

Photos from Нұралхан Көшеров's post 04/06/2026

• Бүгін 500-ден аса отбасының көптен күткен арманы орындалған ерекше күн. Қазақ халқы «Үйі бардың – күйі бар» дейді. Расында, баспана – әр отбасының бақыты мен берекесінің, тұрақтылығы мен тыныштығының негізі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуді үнемі басты міндет ретінде белгілейді. Осы міндеттерді жүйелі жүзеге асырудың нәтижесінде өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, мыңдаған азаматтың тұрғын үй мәселесі шешімін табуда.

Былтыр тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 3564 пәтер берілсе, осы жылы 2292 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Бүгін тағы да 512 отбасы баспаналы болып, қуанышы еселеніп отыр.

Бұл үйлердің жайлы әрі көрікті болуы тұрғындардың өздеріне байланысты. Сондықтан баршаңызды ауланың тазалығын сақтауға, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамын. Өйткені дәл осы аулада өз балаларыңыз өсіп, тәрбиеленіп, алаңсыз ойнайды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдап, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз үлес қосуымыз қажет.

Шаңырақтарыңыздан шаттық пен береке кетпесін! Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!

Photos from Нұралхан Көшеров's post 04/06/2026

🇰🇿 Түркістан қаласында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

• Қадірлі жерлестер!
Құрметті түркістандықтар!

Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 4 маусым – Тәуелсіз Қазақстанның айбынын айқындайтын, елдігіміз бен егемендігімізді әлемге танытатын ерекше күн. 1992 жылы дәл осы күні Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз ресми түрде бекітіліп, тарихымыздың жаңа парағы жазылды. Тәуелсіз елі, Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны бар біз – бақытты халықпыз!

Азат еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіресін! Ел бірлігі нығайып, Қазақстанымыз өркендей берсін!

Көк байрағымыз – бейбітшілік пен азаттықтың белгісі, Елтаңбамыз – ел тұтастығының нышаны, ал Әнұранымыз – халқымыздың асқақ рухының көрінісі.

Бүгінде Қазақстанның Көк туы халықаралық ареналарда, Олимпиада төрінде биікте желбіреп келеді. Бұл – азат елдің абыройы мен мәртебесінің айғағы Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және халқымыздың рухани тұтастығының символы. Оларды құрметтеу – әр азаматтың абыройлы борышы.

Photos from Нұралхан Көшеров's post 03/06/2026

• Бүгін Түркістан төрінде байдарка мен каноэде есуден 18 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталуда. Сонымен бірге параканоэден Азия чемпионатының басталуымен құттықтаймын! Бүгінгі халықаралық жарыс – тек спорттық дода ғана емес, Азия елдері арасындағы достық пен бейбіт байланыстың жарқын көрінісі. Азия чемпионатына Азия құрлығының 15 елінен 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Тарихы терең Түркістан бүгінде халықаралық деңгейдегі маңызды кездесулер мен ауқымды іс-шаралардың орталығына айналып келеді. Соның айқын дәлелі – Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті. Бұл тарихи басқосу өңіріміздің халықаралық беделін арттырып, Түркістанның әлемдік аренадағы мәртебесін жаңа деңгейге көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты дамытуға баса мән беріп, тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Түркістанда халықаралық деңгейдегі спорттық додалар тұрақты түрде ұйымдастырылып, жастарға үлкен мүмкіндіктер беріліп жатыр.

Қазіргі таңда облыс аумағында 3595 спорт нысаны халық игілігіне қызмет етуде. Жаңа спорт нысандары салынды. Солардың бірі – Түркістан қаласындағы халықаралық стандарттарға сай салынған ескек есу каналы. Бұл кешен бүгінде еліміздің спорт инфрақұрылымындағы ең заманауи әрі бірегей нысандардың біріне айналды. Бүгін тамаша спорт нысаны азиялық деңгейде танылса, болашақта әлемдік додаларды қабылдайды деп сенемін! Осындай ауқымды Азия чемпионатының алғаш рет Қазақстанда, оның ішінде Түркістан қаласында өтуі – біз үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.

Спортшыларға тартысты бәсеке, әділ жарыс және жарқын жеңістер тілеймін. Түркістан төріндегі Азия чемпионаты әлемге танымал спортшыларға жол аша берсін! Түркістанның халықаралық деңгейдегі спорттық сапары сәтті болсын!

Photos from Нұралхан Көшеров's post 01/06/2026

• Түркістанда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қатысуымен «Шексіз әлем» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиында балалардың қолынан шыққан түрлі шығармашылық жұмыстар мен қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашаладық. Әр туындыдан балалардың таланты, еңбегі мен өмірге деген ерекше құлшынысы байқалып тұрды.

Баланың күлкісі мен қуанышынан асқан бақыт жоқ. Бүгінгі кеш қайсарлығымен көпке үлгі болып жүрген ерекше балаларымызға арналған. Сіздердің өмірге деген құштарлықтарыңыз, табандылықтарыңыз бен талпыныстарыңыз бізді әрдайым тәнті етеді.

Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар балаларға жан-жақты қолдау көрсетуді басты назарда ұстап келеді. Осы бағытта өңірімізде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Балалардың сапалы білім алып, ем қабылдап, шығармашылықпен және спортпен айналысуына барлық жағдай жасау – біздің басты міндетіміз.

Бүгінде облысымызда оңалту орталықтары мен «Қамқорлық» орталықтары жұмыс істеп, мыңдаған балаға қызмет көрсетуде. Инклюзивті қоғам қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қымбатты балалар!

Әрқайсыларыңыздың армандарыңыз орындалып, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін.

Photos from Нұралхан Көшеров's post 01/06/2026

• Түркістан қаласында көптен күткен жақсы жаңалықтың куәсі болдық. Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының жаңа, заманауи ғимараты ел игілігіне берілді.

Биыл кітапхананың құрылғанына 65 жыл толып отыр. Осы мерейтой қарсаңында жаңа ғимараттың ашылуы – өңіріміздің мәдениеті мен рухани өміріндегі айтулы оқиға.

Кітапхана – тек кітап сақталатын орын емес. Бұл – ұлттың рухани қазынасы әрі тәрбиенің алтын бесігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында: «Тек кітап оқитын ұлт қана шын мәнінде интелектуалды қоғам құра алады. Бұл – елдің рухани дамуының негізі» деп, кітапхана саласының қоғам өміріндегі маңызын айшықтап берген болатын. Әсіресе жастардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, дұрыс бағытта тәрбиелеу – болашаққа жасалған маңызды инвестиция болып саналады.

Түркістан облысында 390 кітапхана халыққа қызмет көрсетсе, ондағы жалпы кітап қоры 6 миллионнан асады. Ал бүгінгі ашылып отырған балалар кітапханасының қорында 226 мыңнан астам кітап бар.

Бүгінгі іс-шара – осы бағыттағы жұмыстардың алғышарты ретінде жүзеге асуда. Осыдан біраз уақыт бұрын бұл кітапхананың ескі ғимаратының жай-күйін көріп, оны заман талабына сай жаңартып, балалар үшін заманауи интеллектуалды орталыққа айналдыру туралы арнайы бастама көтерген едім. Осы идеяны бір ауыздан қолдап, балаларымызға осындай ғажайып білім ордасын сыйлауға мүмкіндік туғызған облыстық мәслихат депутаттары мен басқа да азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Жаңа ғимарат құтты болсын! Кітапхананың шамшырағы сөнбесін! Еліміздің руханияты өркендей берсін!

Photos from Нұралхан Көшеров's post 01/06/2026

• Түркістан облысында Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті. Мыңдаған бала қатысқан мерекелік шарада жас өрендердің қуанышын бөлісіп, түрлі жетістіктерімен дараланған дарынды оқушыларды марапаттадық. Оларға арнайы сыйақылар табыстап, барлық қатысушы балаларға кітаптар сыйға бердік.

Балалардың бақытты әрі қауіпсіз ортада өсіп-жетілуі – біздің басты міндетіміз. Осы орайда іс-шара барысында 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары таныстырылды. Бұл жоспар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапалы білім алуына, денсаулығын нығайтуға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған нақты шараларды қамтиды.

Балалар – біздің болашағымыз, өміріміздің мәні. Әрбір ұлан бейбіт аспан астында, ата-ананың мейірімі мен ұстаздың қамқорлығын сезініп өсуі тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде балаларды қорғауға бағытталған жүйелі бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Осы бағытта Түркістан облысында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Балалардың сапалы білім алуы, медициналық қызметпен қамтылуы, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуы және әлеуметтік қолдауы тұрақты бақылауда.

Біздің облысымыз – таланттар мен дарындардың бесігі. Оқушыларымыз халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорт пен өнер сайыстарында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Биыл халықаралық білім додаларында облыс намысын қорғаған 21 оқушы 14 медаль иеленсе, жалпы оқу жылында Түркістан облысының оқушылары халықаралық және республикалық деңгейде 169 жүлделі орын алды. Бұл – ұстаздардың қажырлы еңбегі, ата-аналардың қолдауы және мемлекет қамқорлығының нәтижесі.

Қымбатты балалар, армандаудан қорықпаңдар, білім мен өнердің, спорт пен технологияның шыңдарын бағындыруға батыл қадам жасаңдар. Біз әр бастамаларыңа қолдау көрсетуге дайынбыз.

01/06/2026

Құрметті балалар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Балалар – әр отбасының қуанышы, қоғамымыздың және мемлекетіміздің болашағы. Әр балаға бақытты балалық шақ сыйлап, сапалы білім алып, өз қабілетін дамытуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бүгінгі мереке бүлдіршіндердің жүзіндегі шат күлкі мен асқақ армандардың маңызын тағы бір еске салады. Олардың арманы асқақ, қадамы нық болып, ел игілігі үшін еңбек ететін азамат болып қалыптасуына бар күшімізді саламыз.

Балаларымыз дені сау, білімді, мейірімді болып өсіп, туған еліміздің мақтанышына айналсын.

Әрбір балаға шаттыққа толы балалық шақ, зор денсаулық пен жарқын болашақ тілеймін! Балапандарымыздың жүзінен күлкі кетпей, өнерімен, білімімен, балдай тәтті қылықтарымен ата- аналарын қуанта берсін.
Әр шаңырақта қуаныш пен береке орнасын!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров

Photos from Нұралхан Көшеров's post 31/05/2026

• 🇰🇿🇺🇿 Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары барысында Ташкент облысындағы бірқатар өндірістік және туристік нысандарды аралап, олардың даму тәжірибесімен таныстық.

Сапар аясында заманауи туристік кешендерде, мыс пен сирек кездесетін металдарды өңдеу кәсіпорындарында, климаттық техника шығаратын зауыттарда және жоғары технологиялық өндіріс орындарында болдық. Әсіресе өндірісті жаңғырту, шикізатты терең өңдеу және инновациялық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аудардық.

Кездесулер барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқыладық.

Бұл жұмыс сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, өзара тиімді әріптестікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін.

Photos from Нұралхан Көшеров's post 30/05/2026

• Өзбекстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында гүл өсіретін ірі шаруашылықтардың бірінде болып, олардың озық тәжірибесімен таныстық. Мұнда гүл өсірудің барлық кезеңі – көшет дайындаудан бастап өнімді халықаралық нарыққа шығаруға дейінгі жұмыстар жүйелі түрде жолға қойылған.

Өзбекстан бұл салада үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, гүл өнімдерін экспорттайтын елдердің қатарына қосылып келеді. Осындай табысты тәжірибелерді зерделеу біз үшін маңызды. Себебі Түркістан облысының да гүл шаруашылығын дамытуға мүмкіндігі мол. Қолайлы климат, еңбекқор кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығындағы тәжірибе бұл бағытты жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.

Түркістанның мүмкіндігі зор. Көрші елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалана отырып, өңіріміздің аграрлық саласын әртараптандырып, экономиканың жаңа бағыттарын дамыту жұмыстарын жалғастырамыз.

Photos from Нұралхан Көшеров's post 29/05/2026

• 🇰🇿🇺🇿 Енді Түркістан мен Ташкент облыстары – бауырлас өңірлер. Ташкент облысында өтіп жатқан бизнес-форум аясында Ташкент облысының әкімі Зойир Мирзаевпен бауырластық туралы меморандумға қол қойдық. Сондай-ақ, жалпы құны 20 млн АҚШ долларына жуық болатын келісімдер жасалды. Атап айтқанда, азық-түлік, балық шаруашылығы, ет өңдеу және химия өндірісі салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаластық.

Форумның маңызы зор. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес өңірлер арасындағы ынтымақтастық пен өзара байланыс жылдан жылға нығайып келеді.

Форум аясында мемлекет тарапынан бес меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар бизнес өкілдері арасында алты меморандум жасалды. Бұл келісімдер алдағы уақытта өз нәтижесін беріп, өзара тиімді серіктестікті дамытуға үлкен серпін береді. Біз бауырлас елміз, бірге дамуымыз керек. Қазақ пен өзбек – тарихы, тілі, мәдениеті мен дәстүрі жақын халықтар. Сондықтан біз үшін барлық саладағы байланыс маңызды.

Want your business to be the top-listed Government Service in Türkistan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

https://www.instagram.com/nuralkhan_kusherov?igsh=MWFlN2F0cDAzanR

Address


Türkistan
161200

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00