30/09/2022
Әділет органдары жүйесінде еліміздің құқықтық саладағы саясатын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының алатын орны ерекше.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты республикадағы норма шығармашылық қызметтің тиімділігін арттыру, құқықтық ғылымның рөлін күшейту және компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, құқықтық ақпаратты алуда жеке және заңды тұлғаларға жәрдемдесуге бағытталған ақпараттық жүйелер қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі күні азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ҚР нормативтік құқықтық актілердің этолондық бақылау банкі, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесі, «Zan» деректер базасы сияқты жобалары қолданысқа берілген.
Жалпыға бірдей, тегін пайдалану үшін 24/7 режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің (http://adilet.zan.kz) және ресми жариялайтын көз болып табылатын ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінің маңыздылығын атап өтпеске болмайды. Бұл жобалар мемлекет тарапынан әркімнің құқықтық ақпаратты еркін алу кепілдігін қамтамасыз етудің көрінісі.
Сонымен қатар, кәсіпорын Қазақстандағы еліміздегі ең алғаш электроды түрде құрамында елдің барлық нормативтік құқықтық актілері енген деректер базасының әзірлеушісі болып табылады. Бұл - «ЗАҢ/Закон/ZAN» дерекқоры. Уақыт талабына сай пайдаланушылардың кажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аталған база әрқашан жетілдірілуде. Жүйенің сервистік ерекшеліктері айрықша, әртүрлі мүмкіндіктер мен қызметтері арқасында бүгінгі күннің шынайылығына жауап бере отырып, қажетті құқықтық ақпаратты өте тез табуға болады.
Сондай ақ, байланыс желісі арқылы тегін құқықтық консультация алғысы келетін азаматтарға қысқа нөмірдегі 119-ға немесе 58-00-58 нөмірі арқылы мамандарымыз қазақ және орыс тілдерінде қолданыстағы заңнаманы түсіндіре отырып, қызмет көрсететінін айта кету керек.
Республика аумағының аймақтақтарында Институттың филиалдары кәсіпорын қызметінің мақсатына сәйкес жұмыс жасап жатыр. Соның бірі - Алматы облысы бойынша филиалы.
Филиалдың мамандары өз өкілеттігі шегінде нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін жүргізуге, деректер базасын жасақтауға қатысады, Алматы және Жетісу облыстырының аумағында құқықтық ақпараттандыру қызметін көрсетеді.
Мысалы, бүгінгі күнге дейін филиалдың 6 мыңға жуық Алматы және Жетісу облыстарының жергілікті және өкілді органдарының тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік Тізілімге енгізіп, ресми жариялап, жоғарыда көрсетілген жүйелерге өңдеп жіберу арқылы халықтың назарына ұсынып отыр.
Биылғы жылдың 9 айында қызметкерлеріміз заң талаптарына сәйкес белгіленген мерзімдерде – 284 актіні өңдеп, пайдаланушыға құқықтық ақпаратты дереу жеткізу үшін жүйелерге жіберген. 36 актімен 38 НҚА-нің күші жойылып, 131 НҚА-ге дер кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өз кезегінде, бұл мамандарымыздың үлкен мүдделілікпен атқарған жұмысының нәтижесі екенін атап өткен орынды.
Білікті мамандарымыз қоғам үшін пайдалы болуға және барлық туындаған сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайын.
Сондай ақ, аймақтағы қабылданып жатқан кесімдердің сапасын арттыру мақсатында облыстық әділет департаментімен, жергілікті ақарушы және өкілді органдармен әрқашан тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Бұл өз кезегінде, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
Бұған қоса, аймақтағы жеке және заңды тұлғаларды құқықтық ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру бағытында шарт негізінде қызмет атқарамыз.
Жыл сайын қыркүйек айының 30-ы күні Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтілуде. Биыл тәуелсіз Қазақстанның әділет органдарына 30 жол толып отыр.
Әділет органдары жүйесінде қызмет жасайтын әрбір қызметкер өзінің қажырлы еңбегінің арқасында әділдік принциптерін бекітуді мақсат етіп, мемлекеттілікті нығайту мен дамытуда, заңнаманы жетілдіруде, азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау сияқты ел алдындағы маңызды міндеттерді үлкен абыроймен атқарып келеді.
Осы орайда, әріптестерімді, әділет органдарының ардагерлерін, кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, дендеріңізге саулық, жақындарыңызға амандық тілеймін. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Құрметпен,
Салтанат Батырханова
23/08/2022
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демалыс күндері:
2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын.
🇷🇺 В соответствии с пунктом 3 статьи 85 Трудового кодекса Республики Казахстан и в целях рационального использования рабочего времени Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
Перенести дни отдыха:
с субботы 27 августа 2022 года на понедельник 29 августа 2022 года.
27/10/2021
🇰🇿"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы оған "Қаржы академиясы" акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Толығырақ: zan.kz
🇷🇺О реорганизации некоммерческого акционерного общества "Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева"
В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Реорганизовать некоммерческое акционерное общество "Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева" путем присоединения к нему акционерного общества "Финансовая академия".
2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
Подробнее: zan.kz
10/06/2021
🇰🇿 Құрметті оқырмандар!
2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының заңдарында реттелмеген бөлігінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілетініне назарларыңызды аударамыз.
🇷🇺 Уважаемые читатели!
Обращаем ваше внимание, что с 1 июля 2021 года вводится в действие Административный процедурно-процессуальный кодекс Республики Казахстан, регулирующий отношения, связанные с осуществлением административных процедур, в части, не урегулированной законами Республики Казахстан.
02/06/2021
В БД "Zan" опубликован документ "Методическое пособие по вопросам конфликта интересов на государственной службе Республики Казахстан" на русском языке
24/05/2021
24 мая 2021 года в 15:00 часов Правовой информационной службой Министерства юстиции Республики Казахстан будет проведен онлайн-курс по повышению правовой грамотности населения в форме вебинара на тему: «Актуальные вопросы по объединению собственников имущества».
Став участником вебинара, Вы сможете получить информацию по следующим вопросам: понятие ОСИ, алгоритм его создания и регистрации, функции председателя, совета дома, ревизионной комиссии (ревизора) ОСИ, отличительные особенности кооператива собственников квартир и объединения собственников имущества.
После теоретической части вебинара у участников будет возможность задать интересующие вопросы по теме.
Вебинар будет проведен на YouTube канале РГП на ПХВ «ИЗПИ» МЮ РК.
Ссылка на YouTube канал https://www.youtube.com/user/rkaokz.
Дополнительные вопросы по предстоящему онлайн-курсу можно получить по телефонам: 119; 8 (7172) 58 00 58.
21/04/2021
🇰🇿 Ғылыми құқықтық сараптама әдістемесіне кіріспе
2021 жылғы 29 сәуірде сағат 15:00 - тен 16.00 - ке дейін ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты сайтында www.zan.kz «Ғылыми құқықтық сараптама әдістемесіне кіріспе» тақырыбында онлайн-вебинар өткізіледі.
Вебинардың мақсаты құқық нормаларын түсіндіру әдістерін қолдану арқылы заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама міндеттерін шешу тәртібін түсіндіру болып табылады.
Вебинар барысында Институттың жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Денис Александрович Финк заң жобаларына ғылыми-құқықтық сараптама жүргізудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жария етеді. Вебинар тыңдаушыларына құқық нормаларын түсіндірудің грамматикалық, логикалық, жүйелі, тарихи және басқа да әдістерін қолдана отырып, ғылыми құқықтық сараптама нәтижелерінің сапасы мен ғылыми негізділігіне қол жеткізу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ заң шығару процесіндегі осы қызметтің маңызын олардың назарына жеткізу көзделіп отыр.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықты сұрақтар қоюға мүмкіндік алады.
🇷🇺 Введение в методику научной правовой экспертизы
29 апреля 2021 года с 15:00 до 16.00 часов Институтом законодательства и правовой информации Республики Казахстан Министерства юстиции РК на сайте www.zan.kz проводится онлайн-вебинар на тему: «Введение в методику научной правовой экспертизы».
Целью вебинара является разъяснение порядка решения задач научной правовой экспертизы проектов законов путем применения методов толкования норм права в процессе ее проведения.
В ходе вебинара ведущим научным сотрудником Института, кандидатом юридических наук Денисом Александровичем Финк будут освещены научно-методические основы проведения научной правовой экспертизы проектов законов. Намечается разъяснение слушателям вебинара путей достижения качества и научной обоснованности результатов научной правовой экспертизы с применением грамматического, логического, систематического, исторического и других методов толкования норм права, а также доведение до их внимания значения этой деятельности в законотворческом процессе.
После теоретической части вебинара у участников будет возможность задать интересующие вопросы по теме.
09/04/2021
Заң көмегіндегі жағымды жаңалық
Елдегі үздіксіз кезең-кезеңмен өткізіліп келе жатқан құқықтық реформалардың көздеген міндеттерінің бірі – халықтың құқықтық мәдениетін көтеріп, құқықтық санасын заман талабына сай қалыптастыра отырып, кім болса да өз мүддесін тек заңға жүгіне отырып, тиімді қорғай алуына жағдай жасау екендігі көпке мәлім. Бұл жұмыстар нәтижелі атқарылған жағдайда Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2-ші және 3-ші тармақтарында қаралған: «әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауына құқығы бар. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі» - деген нормалары әрбір адамға қол жетімді болады.
Барлық сала қазіргідей қарқындап өсіп жатқан кезеңде заңның көмегіне жүгінудің қажеттілігі тіпті күшейіп тұр. Кәсіпкер де, мемлекеттік қызметкер де, өнер адамы да, тіпті қарапайым адам да басына түскен әрқилы жағдайлар бойынша заңның көмегіне жүгінудің тиімді екеніне көздері жетті. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, тиімді іс-шаралар қарастырып, заңнаманы дер кезінде жетілдіріп отыру мемлекеттің міндеті.
Қолданыстағы ұлттық заңнаманың талабына сәйкесті заң көмегін ұйымдастыру және көрсету мемлекеттік органдарға, құқық қорғау саласы мен арнайы құрылған қоғамдық ұйымдарға жүктелген. Сонымен қатар барлық уәкілетті органдар қабылданған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі тұлғаларға оларды қолжетімді етуге де міндетті.
Олардың ішінде азаматтар мен заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету жолында адвокаттардың атқарар еңбегі ерекше. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесті білікті заң көмегін жоғарғы заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заң тәртібімен адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін адвокаттар атқарады.
Қоғамдағы сұраныс пен талаптың күшейуіне байланысты құқықтық көмек көрсетуді тек қана адвокаттарға жүктеп қана қоймай, қолжетімді басқа да балама түрлерін қарастыру қажеттігі ескеріліп, жоғарыда аталған заңға заң консультантының заң көмегін көрсету тәртібі енгізілген болатын. Заң консультанты қажетті көмек алуға жүгінген тұлғаға ел заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда ол мұқтаж кез келген заң көмегін көрсетуге құқылы. Жоғарғы заң білімі бар, заң мамандығы бойынша мол тәжірибеге ие аттестаттаудан өткен жекелеген заң консультанттардың өзін-өзі басқаратын бір ұйымға, яғни палатаға бірігіп қызмет атқаруы тиімді деген пікір де соңғы жылдары жиі көтеріліп келеді. Кәсіби мамандардың осы және басқа да проблемаларға байланысты айтылған пікір-таластары ескеріліп, әрі заң көмегін көрсету жүйесін одан ары жетілдіру мақсатында жоғарыда аталған заңға бір топ депутаттар өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына бастамашылық танытқаны белгілі. Заң жобасында қолдауға тұратын бірнеше өте тиімді жаңалықтар көрініс тапқан. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Республикалық адвокаттар алқасы қаражаттың жетіспеуіне байланысты алдарында тұрған міндеттерін өз деңгейінде толық көлемде атқара алмай жүргенін көріп жүрміз.
Адвокаттардың кәсіби дәрежесін көтеру, мемлекеттік органдарда заң жобаларын әзірлеу мен талқылау процесіне қатысу, әртүрлі дәрежедегі конференцияларды, дөңгелек үстелдер мен кездесулерді және басқа да қажетті іс-шараларды өткізу қаражатты талап ететіні белгілі. Сондықтан, аймақтық адвокаттар алқасынан республикалық адвокаттар алқасына барлығына ортақ мөлшерде белгіленген және жоғары көлемде түсіп отырса, жинақталған қаражат жоспарланған іс-шараларды өткізуге, қызметтерін жақсартуға, ішкі мәселелерін шешуге оң ықпал етіп, кәсіби беделдерін көтеруге көмегі болары сөзсіз.
Сол сияқты, қазіргі уақытта тіршіліктің көзі цифрландыру жолына түсіп жатқан уақытта, адвокаттар қауымдастығының да тыс қалмай, өз қызметтеріне қажетті мәліметтерді өкілетті органдардан тез және толық алуы үшін «Е-заң көмегі» информациялық жүйесін енгізгені орынды. Қазіргі уақытта көптеген өзін-өзі басқаратын ұйымдар осы әдіске көшіп үлгерген.
Тағы бір оңтайлы шешім – Республикалық заң консультанттар алқасын құру мәселесі. Республикалық заң консультанттары алқасы дегеніміз – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталарының ерікті мүшелігіне негізделген, қызметі мен өкілеттіктері заңда, елдің өзге де заңнамасында, алқа жарғысында айқындалатын және мүшелері болып табылатын заң консультанттары палаталарына қатысты және олардың мүдделерінде жүзеге асырылатын коммерциялық емес ұйым. Заң қабылданып, қолданысқа енгізілгеннен соң бұл ұйымның жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, қажетті деңгейде жүргізіліп кетсе, халыққа құқықтық көмек көрсету жұмысына тигізер пайдасы аз болмас еді. Тәжірибе қалыптастырып алған соң, тағы да басқа тиімді жолдарын қарастырып, заңды жетілдіруге болады.
Рамазан Сәрпеков,
Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, құқықтанушы
05/04/2021
🇰🇿 Қазақстан Республикасының пошта төлемі мемлекеттік белгілерінің түрі мен көлемін пошта айналымына енгізу және бекіту туралы
Пошта төлемінің мынадай мемлекеттік белгісі бекітілсін және пошта айналымына енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылғы 24 қыркүйекте пошта айналымына енгізілген күні 10 000 (он мың) дана санында "Ж.Молдағалиевтің туғанына 100 жыл" тақырыбындағы "Естелік және мерейтой күндері" сериялы пошта маркасы.
Пошта маркасының номиналы-200 теңге, перфорациясы тарақ тәрізді, офсеттік тәсілмен төрт бояумен басылған, маркасының көлемі 26 х 37 мм.
2. «Қазпочта» акционерлік қоғамы келісім бойынша (Қ. Алпысбаев):
1) пошта төлемінің бекітілген мемлекеттік белгісін іске асыруды ұйымдастыру;
2) көрсетілген пошта төлемінің мемлекеттік белгісін Қазақстан Республикасының аумағында пошта айналымына енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 24 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының пошта төлемі белгілерінің мемлекеттік коллекциясына енгізуге құқығы бар.
Толығырақ: zan.kz
🇷🇺О вводе в почтовое обращение и утверждения вида и объемов государственных знаков почтовой оплаты Республики Казахстан
В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 5 и пункта 1 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 9 апреля 2016 года "О почте", ПРИКАЗЫВАЮ:
Утвердить и ввести в почтовое обращение следующий государственный знак почтовой оплаты:
1) почтовая марка серии "Памятные и юбилейные даты" на тему "100 лет со дня рождения Ж. Молдагалиева" в количестве 10 000 (десять тысяч) штук, с датой ввода в почтовое обращение на территории Республики Казахстан 24 сентября 2020 года.
Номинал почтовой марки – 200 тенге, перфорация гребенчатая, печать офсетным способом в четыре краски, размер марки 26 х 37 мм.
2. Акционерному обществу "Казпочта" по согласованию (К. Алпысбаев):
1) организовать реализацию утверждаемого государственного знака почтовой оплаты;
2) внести указанный государственный знак почтовой оплаты в Государственную коллекцию знаков почтовой оплаты Республики Казахстан со дня ввода в почтовое обращение на территории Республики Казахстан с 24 сентября 2020 года.
Подробнее: zan.kz