Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары шығарылды
🔹Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Булат Джукенов Департаменттің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындыларына арналған жұмыс кеңесін өткізді.
🔹Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшілері қатысты.
🔹Негізгі баяндамамен Динара Еркінбек сөз сөйлеп, қаржылық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерінің жай-күйіне жан-жақты шолу жасап, соттарға көрсетілген практикалық көмектің қорытындыларын таныстырды. Сонымен қатар, алдағы кезеңдегі жұмыстың негізгі басымдықтары мен даму бағыттарына тоқталды.
🔹Қосымша баяндамалармен:
Ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Нұржан Ахметов – сот статистикасы, сот қызметін талдау және мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша;
Құжат айналымы бөлімінің басшысы Қарлығаш Әбдірайымова – «E-өтініш» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі, істерді апелляциялық сатыға уақтылы жолдау, SMS-хабарламалар жүйесі, сот ісін жүргізу және құжат айналымында мемлекеттік тілді қолдану мәселелері бойынша;
Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Заурембек Исімбеков – қызметтік тәртіптің жай-күйі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижелері, заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларының сақталуы, сондай-ақ аумақтық бөлімшелер қызметіндегі қауіпсіздік режимін нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қабылданған шаралар туралы баяндады.
🔹Жұмыс кеңесін қорытындылаған Болат Джукенов алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындап, жоспарланған іс-шаралардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді, аудандық соттарда құжат айналымын ұйымдастырудың тиімділігін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауда бөлімше басшыларының жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударды.
Дереккөз: Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.
***
Подведены итоги работы Департамента Судебной администрации РК по области Жетісу за первое полугодие 2026 года
🔹Руководитель Департамента Судебной администрации РК по области Жетісу Булат Джукенов провёл рабочее совещание по итогам деятельности Департамента за первое полугодие 2026 года.
🔹В мероприятии приняли участие заместитель руководителя, руководители структурных подразделений Департамента, а также администраторы районных и приравненных к ним судов.
🔹С основным докладом выступила Динара Еркінбек, представив содержательный обзор состояния финансового обеспечения, материально-технического оснащения, а также подведены итоги по оказанию практической помощи с обозначением ключевых аспектов дальнейшего развития.
🔹С дополнительной информацией выступили:
- Нуржан Ахметов, руководитель организационно-аналитического отдела - по вопросам статистики, анализа судебной деятельности и обучения специалистов;
- Карлыгаш Абдраимова, руководитель отдела документооборота - по вопросам функционирования системы «E-өтініш», своевременного направления дел в апелляционную инстанцию и СМС-оповещений, судопроизводства и применения государственного языка в документообороте;
- Заурембек Исимбеков, руководитель отдела внутренней безопасности - доложил о состоянии служебной дисциплины, результатах профилактической работы по предупреждению коррупционных рисков, соблюдении требований законодательства и норм служебной этики, а также мерах, направленных на укрепление режима безопасности и предупреждение нарушений в деятельности территориальных подразделений.
🔹Подводя итоги совещания, Булат Джукенов определил ключевые задачи на предстоящий период, поручил обеспечить качественную реализацию намеченных мероприятий, повысить эффективность организации документооборота в районных судах, а также подчеркнул персональную ответственность руководителей за соблюдение требований Этического кодекса государственных служащих и антикоррупционного законодательства.
Источник: Пресс-служба суда области Жетісу
Жетісу соттары
Жетісу облысы соттарының ресми парақшасы
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыланды
🔸Облыстық соттың төрағасы Ержан Кененбаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ербол Өміралиев, облыстық соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшылығы қатысты.
🔸Кеңесте облыстық соттың сот алқаларының төрағалары Бақытжан Шошықбаев, Айдын Журханов және Ерлан Абдильин баяндама жасап, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот төрелігін жүзеге асыруының сандық және сапалық көрсеткіштеріне кешенді талдау жүргізді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерге тоқталып, оларды жою жолдарын ұсынды.
🔸Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасының оң серпіні атап өтілді, азаматтық істердің саны 15% артқанымен, қылмыстық істер 6 %, әкімшілік істер 3 % азайған.
🔸Апелляциялық және кассациялық сатыларда күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің санының қысқарғаны да ерекше атап өтілді.
🔸Кеңес барысында сот тәжірибесіндегі өзекті мәселелер қаралып, оларды шешу бағытында қабылданып жатқан шараларға талдау жасалды. Сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз ету және сот актілерінің сапасын одан әрі жетілдіру қажеттігіне ерекше назар аударылды.
🔸Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Жүкенов 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Департамент қызметінің қорытындылары туралы жеке баяндама жасады. Ол өз сөзінде соттарды қаржылық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық жарақтандыру, сондай-ақ сот инфрақұрылымын дамыту бағыттарында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
🔸Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ербол Өміралиев өз сөзінде статистикалық көрсеткіштер сот қызметінің тиімділігін бағалаудың маңызды құралы екенін атап өтті. Сонымен қатар, судья қызметінің басты өлшемі әрдайым сот актісінің заңдылығы, негізділігі, дәлелділігі және құқықтық уәждемесінің жоғары деңгейі болып қала беретінін айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне ерекше тоқталып, оның ережелері сот жүйесін дамытудың жаңа бағдарларын айқындайтынын әрі адам құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау сапасына қойылатын талаптарды күшейтетінін жеткізді.
🔸Жұмыс кеңесін қорытындылаған Жетісу облыстық сотының төрағасы Ержан Кененбаев алдағы кезеңнің басым міндеттерін айқындап, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын одан әрі арттыруға, заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.
***
Подведены итоги отправления правосудия за первое полугодие 2026 года
🔸В рабочем совещании под председательством председателя областного суда Ержана Кененбаева приняли участие судья судебной коллегии по административным делам Верховного Суда Республики Казахстан Ербол Умралиев, председатели и судьи судебных коллегий областного суда, председатели и судьи районных и приравненных к ним судов, а также руководство Департамента Судебной администрации.
🔸С докладами выступили председатели судебных коллегий областного суда Бахытжан Шошикбаев, Айдын Журханов и Ерлан Абдильдин, представившие комплексный анализ количественных и качественных показателей отправления правосудия судами первой и апелляционной инстанций, указали на недостатки и предложили пути их направления.
🔸По итогам первого полугодия отмечена положительная динамика качества отправления правосудия при росте гражданских дел на 15 % и снижении уголовных дел на 6 %, административных дел на 3 %.
🔸Отмечено сокращение количеств судебных актов, отменённых и изменённых судами апелляционной и кассационной инстанций.
🔸Рассмотрены проблемные вопросы судебной практики, проанализированы принимаемые меры по их устранению. Акцентировано внимание на необходимость дальнейшего обеспечения единообразия судебной практики, совершенствования качества судебных актов.
🔸С отдельным докладом выступил руководитель Департамента Судебной администрации Республики Казахстан по области Жетісу Булат Джукенов, представив анализ деятельности Департамента по итогам первого полугодия 2026 года. В своем выступлении он осветил вопросы финансового обеспечения, материально-технического оснащения судов, а также развития судебной инфраструктуры.
🔸Выступая перед участниками совещания, судья судебной коллегии по административным делам Верховного Суда Республики Казахстан Ербол Умралиев подчеркнул, что статистические показатели являются важным инструментом оценки деятельности судов, однако определяющим критерием профессиональной деятельности судьи неизменно остаётся качество судебного акта — его законность, обоснованность, мотивированность и высокий уровень юридической аргументации. Особое внимание он уделил вступлению в силу новой Конституции Республики Казахстан, отметив, что её положения формируют современные ориентиры развития судебной системы и предъявляют повышенные требования к качеству судебной защиты прав и свобод человека.
🔸Подводя итоги совещания, председатель суда области Жетісу Ержан Кененбаев определил приоритетные задачи на предстоящий период и дал ряд конкретных поручений, направленных на дальнейшее повышение качества отправления правосудия, обеспечение единообразного применения законодательства и укрепление доверия общества к судебной системе.
⚜️ Жетісу облыстық сотында «24 маусым - Судья және сот қызметкері» мен «23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер» күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
🔸 Мерекелік жиынға облыстық, аудандық соттардың судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.
🔸 Облыстық соттың төрағасы Ержан Кененбаев салтанатты жиынды ашып, өзінің құттықтау сөзінде сот саласының маңызды жетістіктері үшін отставкадағы судьялардың, облыстық соттар судьяларының және Департамент мамандарының сот жүйесінің дамуына айтарлықтай қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
🔸 Сонымен қатар, Жетісу облысы бойынша Судьялар одағы филиалының төрағасы, облыстық соттың судьясы Дархан Тоқбаев және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Булат Джукенов іс-шараға қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
🔸 Салтанатты жиын судьялар мен сот қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Судьялар одағының, Жетісу облыстық сотының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен төсбелгілерімен, медальдарымен марапаттау рәсімімен жалғасты.
***
⚜️ В суде области Жетісу состоялось торжественное мероприятие, посвящённое Дню судьи и сотрудника суда, а также Дню государственных служащих
🔸 В праздничном мероприятии приняли участие судьи областного, районных судов и сотрудники судебной системы.
🔸 Председатель областного суда Ержан Кененбаев открыл торжественное мероприятие и в своей поздравительной речи отметил важные достижения в судебной системе и выразил благодарность судьям в отставке, судьям судов области и специалистам Департамента за их значительный вклад в развитие судебной системы.
🔸 Также участников мероприятия с профессиональными праздниками поздравили председатель филиала Союза судей по области Жетісу, судья областного суда Дархан Токбаев и руководитель Департамента Судебной администрации Республики Казахстан по области Жетісу Булат Джукенов.
🔸 Торжественное собрание продолжилось церемонией награждения судей и сотрудников суда благодарственными письмами, почётными грамотами, нагрудными знаками и медалями от Верховного Суда Республики Казахстан, Союза судей, суда области Жетісу и Департамента Судебной администрации Республики Казахстан по области Жетісу.
⚜️ Сот жүйесінің үздігі
⚜️ Отличник судебной системы
15/06/2026
🔸 Жетісу облыстық сотында жалпы отырыс өтті, онда облыстық соттың төрағасы Ержан Кененбаев судьялар корпусына Жетісу облыстық сотының судьясын, аудандық соттардың төрағаларын және жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды.
🔸 Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 9 маусымдағы №1312 Жарлығына сәйкес төмендегілер тағайындалды:
1. Жетісу облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы – Құранбек Айсұлу Мұратқызы;
2. Алакөл аудандық сотының төрағасы – Асубаева Эльмира Омарқызы;
3. Ақсу аудандық сотының төрағасы – Досанов Абдулла Манапұлы;
4. Панфилов аудандық сотының судьясы – Ықласқожин Еркебұлан Серікқазыұлы, ол өз кезегінде Қазақстан Республикасы судьясының антын қабылдады.
🔸 Отырысты қорытындылай келе, облыстық соттың төрағасы Ержан Кененбаев төрағалар мен судьяларға кәсіби қызметте табыс тілеп, сот төрелігін жүзеге асыру барысында жоғары стандарттарды қатаң сақтауға шақырды.
***
🔸 В суде области Жетісу состоялось пленарное заседание, на котором председатель областного суда Ержан Кененбаев представил судейскому корпусу судью суда области Жетісу, председателей районных судов и вновь назначенного судью.
🔸 В соответсвии с Указом Президента Республики Казахстан № 1312 от 9 июня 2026 года назначены:
1. Судья судебной коллегии по административным делам суда области Жетісу - Куранбек Айсулу Муратовна;
2. Председателем Алакольского районного суда - Асубаева Эльмира Омаровна;
3. Председателем Аксуского районного суда Досанов Абдулла Манапович;
4. Судья Панфиловского районного суда - Ыкласкожин Еркебулан Серыкказыевич, который в свою очередь принес присягу судьи Республики Казахстан.
🔸 Подводя итоги заседания, председатель областного суда Ержан Кененбаев пожелал председателям и судьям успехов в профессиональной деятельности и призвал неукоснительно соблюдать высокие стандарты при осуществлении правосудия.
12/06/2026
▪️ Жетісу облысы Текелі қалалық сотында Е. және К.-ға қатысты психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу фактілері бойынша (ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 2) және 3) тармақтары, 296-бабы 4-бөлігі) қылмыстық іс қаралды.
▪️ Сотта анықталғандай, 2025 жылдың қыркүйек айында Е. заңсыз түрде «мефедрон» психобелсенді затын сатып алып, сақтаған, оның бір бөлігін өзі пайдаланған. Кейін танысы К.-ға ақшалай қарызы болғандықтан, қарызын психотроптық зат беру арқылы қайтаруды шешкен.
▪️ 2025 жылғы 16 қыркүйектен 17 қыркүйекке қараған түні Е. Алматы қаласынан Талдықорған қаласына келіп, К.-мен кездескен. Одан кейін олар Текелі қаласына барып, бірге психотроптық зат қолданған. Кейін Е. ішінде бірнеше орамдағы «мефедрон» бар сөмкені К.-ның қолында қалдырған. Бұдан әрі Е. өзінде қалған психотроптық заттың бір бөлігін алып жүріп, оны басқа бір есірткі затына айырбастау мақсатында кездесу ұйымдастырған. Алайда, Текелі қаласына келген кезде полиция қызметкерлері оны ұстаған.
▪️ Е.-ні жеке тінту және ол жүрген автокөлікті тексеру барысында ұнтақ тәрізді зат салынған орамдар мен есірткі заттарын қолдануға арналған құралдар табылып, тәркіленген.
▪️ Сонымен қатар, К. өзіне қалдырылған сөмкеде психотроптық зат бар екенін біле тұра, оны заңсыз сақтап, өзінің автокөлігімен Талдықорған қаласы аумағында тасымалдағаны анықталды. Полиция қызметкерлері оны ұстаған кезде сөмкеден есірткі заты табылып, тәркіленген.
▪️ Сот сараптамаларының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар Қазақстан Республикасының заңнамасымен айналымына тыйым салынған «мефедрон» психотроптық заты болып табылады.
▪️ К. сотта өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ал Е. есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша кінәсін мойындамай, тек оларды сақтау және пайдалану фактілерін ғана растады.
▪️ Ұсынылған дәлелдемелерді зерттеген сот айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келді. ҚР ҚК-нің 11-бабына сәйкес, Е. мен К. жасаған қылмыстар ауыр қылмыстар санатына жатады.
▪️ Сот үкімімен Е. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. К. ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
***
▪️ Текелийским городским судом области Жетісу рассмотрено уголовное дело в отношении Е. и К. по факту незаконного приобретения, хранения, перевозки и сбыта психотропных веществ (п.2) и 3) ч.3 ст.297 и ч.4 ст.296 УК РК).
▪️ Судом установлено, что в сентябре 2025 года Е. незаконно приобрела и хранила психоактивное вещество «мефедрон», часть которого употребила лично. В последующем, имея денежный долг перед знакомым К., она решила вернуть долг путем передачи ему психотропного вещества.
▪️ В ночь с 16 на 17 сентября 2025 года Е. прибыла из города Алматы в город Талдыкорган, где встретилась с К. После этого они направились в город Текели, где совместно употребили психотропное вещество. Позже Е. оставила у К. сумку с несколькими свертками, содержащими «мефедрон». В дальнейшем Е. имея при себе часть психотропного вещества, договорилась о встрече с лицом, которому намеревалась передать имеющийся у нее «мефедрон» в обмен на другое наркотическое средство. Однако при прибытии в город Текели была задержана сотрудниками полиции.
▪️ В ходе личного обыска Е., а также обыска автомобиля, на котором она передвигалась, были обнаружены и изъяты свертки с порошкообразным веществом, а также приспособления для употребления наркотических средств.
▪️ Кроме того, установлено, что К., достоверно зная о наличии в оставленной ему сумке психотропного вещества, незаконно хранил его и перевозил на принадлежащем ему автомобиле по территории города Талдыкорган. При задержании сотрудниками полиции сумка с наркотическим веществом была обнаружена и изъята.
▪️ Согласно заключениям судебных экспертиз, изъятые вещества являются психотропным веществом «мефедрон», оборот которого запрещен законодательством Республики Казахстан.
▪️ К. в суде вину признал, раскаивался в содеянном. Е. свою вину по факту сбыта наркотических средств не признала, признала только факт хранения и употребления наркотиков.
▪️ Исследовав представленные доказательства, суд пришел к выводу о доказанности вины подсудимых. Согласно статьи 11 УК преступление, совершённое Е. и К. относится к категории тяжких преступлений.
▪️ Приговором суда Е. признана виновной в совершении преступления, предусмотренного пунктами 2) и 3) части 3 статьи 297 УК РК и назначено наказание в виде лишения свободы сроком на 8 лет. К. признан виновным в совершении преступления, предусмотренного частью 4 статьи 296 УК РК и назначено наказание в виде лишения свободы сроком на 3 года.
Приговор суда не вступил в законную силу.
10/06/2026
▪️ Жетісу облысының Алакөл аудандық сотында ҚР ҚК-нің 115-1-бабы (сталкинг) және 293-бабының 3-бөлігі (қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған азамат К.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық іс қаралды.
▪️ Сотпен анықталғандай, Алакөл ауданының тұрғыны К. жәбірленуші Ш.-ны бірнеше ай бойы оның еркіне қарсы «Сені сүйемін, жарым болшы» - деп психологиялық зиян, қорқыныш және мазасыздықпен ұштасатын заңсыз қудалау әрекеттері арқылы байланыс орнатуға әрекет жасаған, сондай-ақ, интернет желісіндегі парақшаларын тауып алып, оған тұрақты түрде хабарламалар жолдап, мазасыздық туғызған.
▪️ Бұдан бөлек, жергілікті дүкенде жәбірленушіні балағаттап, ар-намысын қорлаған. Осы сәтте, дүкен ішінде тұрған куәгер А. азамат К.-ға ескерту жасап, қызбен олай сөйлеспеуін сұраған. К. алған ескертуге ашуланып, тұрғылықты үйіне барып пышақты алып, дүкенге кері қайтып, қолында тұрған пышақпен А.-ға қарай сермеп, күш қолдану қатерін төндіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.
▪️ Сот отырысында жәбірленушілердің айғақтары, куәлардың жауаптары, сараптама қорытындылары және іс материалдары зерттелді.
▪️ Кешенді сот-психолого-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, К. «Параноидты шизофрения» диагнозымен психикалық ауруға шалдыққан. Сарапшылар оның қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді жасаған кезде өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмағанын және оларды басқара алмағанын анықтаған.
▪️ Осыған байланысты сот К.-ны қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған қатысты жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
***
▪️ В Алакольском районном суде области Жетісу рассмотрено уголовное дело о применении принудительных мер медицинского характера в отношении гражданина К., совершившего общественно опасные деяния, предусмотренные статьей 115-1 УК РК (сталкинг) и частью 3 статьи 293 УК РК (хулиганство, совершенное с применением оружия).
▪️ Судом установлено, что житель Алакольского района К. на протяжении нескольких месяцев вопреки воле потерпевшей Ш. пытался установить с ней контакт, совершая незаконные действия по преследованию, сопровождавшиеся психологическим воздействием, чувством страха и тревоги, высказывая фразы: «Я тебя люблю, стань моей женой». Кроме того, он нашел ее страницы в интернете и регулярно направлял ей сообщения, вызывая у нее беспокойство.
▪️ Помимо этого, в одном из местных магазинов он оскорбил потерпевшую и унизил ее честь и достоинство. В этот момент находившийся в магазине свидетель А. сделал гражданину К. замечание и попросил его не разговаривать с девушкой в подобном тоне. Разозлившись на замечание, К. отправился домой, взял нож, после чего вернулся обратно в магазин и размахивал ножом в сторону А., создавая угрозу применения насилия и нарушая общественный порядок.
▪️ В судебном заседании были исследованы показания потерпевших, свидетелей, заключения экспертиз и другие материалы дела.
▪️ Согласно заключению комплексной судебной психолого-психиатрической экспертизы, К. страдает психическим заболеванием «параноидной шизофренией». Эксперты установили, что в момент совершения общественно опасных деяний он не мог осознавать фактический характер и общественную опасность своих действий, а также руководить ими.
▪️ В связи с этим суд освободил К. от уголовной ответственности и назначил ему принудительную меру медицинского характера в виде лечения в психиатрическом стационаре общего типа.
Постановление не вступило в законную силу.
05/06/2026
05/06/2026
🔸 Ағымдағы жылдың 5 маусымында «Жастар» спорт кешені мен «Үстел теннисі» орталығында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Жетісу облыстық филиалы мен Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Судья және сот қызметкерлері күні мен Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының құрылғанына 30 жыл толуына орай Жетісу облысы соттарының арасында спартакиада өтті.
🔸 Спартакиаданың ашылу салтанатына Жетісу облыстық сотының төрағасы Ержан Кененбаев, Судьялар Одағының Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы Дархан Тоқбаев, Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Джукенов, облыстық, қалалық және аудандық соттардың судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.
🔸 Өз сөздерінде облыстық сот төрағасы Ержан Кененбаев, облыстық соттың судьясы Дархан Тоқбаев және департамент басшысы Болат Джукенов спорт тек жарыс қана емес, ұжымдық бірлікті арттыратын маңызды құндылық екенін атап өтті. Барлық қатысушыларға жақсы ойын, мықты жігер және лайықты нәтижелер тіледі.
🔸 Спартакиада аясында қатысушылар шағын-футбол, волейбол, үстел теннисі, дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ сынды 6 спорт түрлерінде бақ сынады. Судьялар мен сот қызметкерлері облыстық сот пен Департамент, қалалық соты, мамандандырылған ауданаралық соттар және аудандық соттардан құралған құрама командаларға бөлінді.
🔸 Сайыс нәтижелері:
⚽️ Шағын-футбол бойынша 1-орынды мамандандырылған ауданаралық соттар құрама командасы, 2-орынды қалалық соттар құрама командасы, 3-орынды облыстық сот және Департамент құрама командасы иеленді. Сондай-ақ, қатысушыларға «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» номинациялары берілді.
🏓 Үстел теннисі бойынша жарыста тартысты өтті. Қатысушылар мергендік, дәлдік және рефлекторлық шеберліктерін көрсетті.
Ерлер арасында: І-орын – Диқанбай Шыңғыс, ІІ-орын – Қыдырбеков Өмірғали, ІІІ-орын – Журханов Айдын иеленді.
Әйелдер арасында: І-орын – Оралханова Ляззат, ІІ-орын – Нусипова Жанна, ІІІ-орын – Иманханова Хорлан иеленді.
🏐 Волейбол: Волейболдан 1-орынды аудандық соттар құрама командасы, 2-орынды қалалық соттар құрама командасы, 3-орынды мамандандырылған ауданаралық соттар құрама командасы иеленді. Қатысушылар арасында «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік тосқауылшы» номинациялары берілді.
🧩 Дойбы: І-орын – Диқанбай Шыңғыс, ІІ-орын – Тоқбаев Дархан, ІІІ-орын – Тынысбекова Гаухар иеленді.
♟️ Шахмат: І-орын – Уайдин Ербол, ІІ-орын – Чигирбаев Арманбек, ІІІ-орын – Досанов Абдулла иеленді.
🧩 Тоғызқұмалақ: І-орын – Ордашева Бахытгүл, ІІ-орын – Оқас Алдияр, ІІІ-орын – Токенова Ғайнигүл иеленді.
🔸 Жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орынды Жетісу облыстық сот құрама командасы, 2-орынды Талдықорған қалалық құрама командасы, 3-орынды аудандық соттар құрама командасы иеленді.
🔸 Сондай-ақ, жанкүйерлерге де үздік номинациялар табысталды.
🔸 Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, медальдармен, бағалы сыйлықтар және кубоктармен марапатталды. Қатысушылардың жылы лебіздері мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
🔸 Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар әріптестер арасында ынтымақтастықты күшейтіп, ортақ мақсат жолында біріге білуге тәрбиелейді.
***
🔸 5 июня текущего года в спортивном комплексе «Жастар» и в Центре настольного тенниса состоялась спартакиада среди судов области Жетісу, организованное филиалом Союза судей совместно с Департаментом Судебной администрации области Жетісу, в честь Дня судьи и работников суда, а также 30-летия со дня образования Союза судей Республики Казахстан.
🔸 В церемонии открытия приняли участие председатель суда области Жетісу Ержан Кененбаев, председатель филиала Союза судей области Жетісу Дархан Токбаев, руководитель Департамента Судебной администрации Болат Джукенов, судьи областных, городских и районных судов, а также сотрудники судебной системы.
🔸 В своих выступлениях председатель областного суда Ержан Кененбаев, судья областного суда Дархан Токбаев и руководитель департамента Болат Джукенов отметили, что спорт - это не только соревнование, но и важная ценность, способствующая укреплению командного единства. Они пожелали всем участникам хорошей игры, крепкого духа и достойных результатов.
🔸 В рамках спартакиады участники соревновались в 6 видах спорта: мини-футболе, волейболе, настольном теннисе, шашках, шахматах и тоғызқұмалақ. Судьи и сотрудники судов были распределены по сборным командам, сформированным из областного суда и Департамента, городского суда, специализированных межрайонных судов и районных судов.
🔸 Результаты соревнований:
⚽️ Мини-футбол:
1 место - сборная команда специализированных межрайонных судов,
2 место - сборная команда городского суда,
3 место - сборная команда областного суда и Департамента.
Также участникам были вручены номинации «Лучший защитник», «Лучший вратарь», «Лучший нападающий».
🏓 Настольный теннис: соревнования прошли в напряженной и интересной борьбе. Участники продемонстрировали меткость, точность и отличную реакцию.
Среди мужчин:
I место – Диқанбай Шыңғыс,
II место – Кыдырбеков Өмірғали,
III место – Журханов Айдын.
Среди женщин:
I место – Оралханова Ляззат,
II место – Нусипова Жанна,
III место – Иманханова Хорлан.
🏐 Волейбол:
1 место - сборная команда районных судов,
2 место - сборная команда городского суда,
3 место - сборная команда специализированных межрайонных судов.
Также среди участников были вручены номинации «Лучший нападающий», «Лучший защитник», «Лучший блокирующий».
🧩 Шашки:
I место – Диқанбай Шыңғыс,
II место – Токбаев Дархан,
III место – Тынысбекова Гаухар.
♟️ Шахмат:
I место – Уайдин Ербол,
II место – Чигирбаев Арманбек,
III место – Досанов Абдулла.
🧩 Тоғызқұмалақ:
I место – Ордашева Бахытгуль,
II место – Оқас Алдияр,
III место – Токенова Гайнигуль.
🔸 По итогам общекомандного зачёта 1 место заняла сборная команда областного суда, 2 место - сборная команда Талдыкорганского городского суда, 3 место - сборная команда районных судов.
🔸 Не остались в стороне и болельщики, среди которых также были номинированы лучшие.
🔸 Победители и призёры соревнований были награждены грамотами, медалями, ценными призами и кубками. Тёплые отзывы участников подчеркнули важность проведения подобных мероприятий.
🔸 По словам организаторов, такие мероприятия укрепляют сотрудничество между коллегами и способствуют объединению ради общей цели.
04/06/2026
▪️ Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты А.-ның «Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті» РММ-не қарсы медициналық-әлеуметтік сараптаманың (бұдан әрі – МӘС) ұлының мүгедектігін алып тастау туралы шешімін заңсыз деп тану және мемлекеттік органды жәрдемақы төлемдерін қайта есептеп, қалпына келтіруге міндеттеу туралы әкімшілік ісін қарады.
▪️ Іс материалдарына сәйкес, талапкердің ұлы Б. туғаннан бері ішектің ауыр туа біткен ауруымен ауырады және бірнеше күрделі отадан өткен. 2018 жылы балаға мүгедектік белгіленіп, кейін оның мерзімі 2021 жылдың сәуір айына дейін ұзартылған.
▪️ Алайда, 2021 жылғы 14 мамырда кезекті қайта куәландыру нәтижесінде №7 МӘС бөлімі балаға мүгедектік белгілемеу туралы шешім қабылдаған. Соның салдарынан мемлекеттік жәрдемақы төлемдері тоқтатылған.
▪️ Талапкер баланың денсаулық жағдайы жақсармағанын, әлі де тұрақты денсаулық бұзылыстары сақталып, үздіксіз күтім мен әлеуметтік қолдауды қажет ететінін алға тартты. 2024 жылы балаға қайтадан мүгедектік белгіленген, бұл отбасының пікірінше, 2021 жылғы МӘС шешімінің негізсіз болғанын растаған.
▪️ Іс материалдарын зерттеген сот 2021 жылы медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде формалды тәсілге жол берілгенін және баланың ағзасындағы тұрақты функционалдық бұзылыстарды растайтын медициналық құжаттарға тиісті баға берілмегенін анықтады.
▪️ Сот №7 МӘС бөлімінің 2021 жылғы 14 мамырдағы қорытындысын заңсыз деп танып, «Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті» РММ-не 2021 жылғы 14 мамыр мен 2024 жылғы 17 шілде аралығындағы кезең үшін мүгедектігі бар балаға арналған жәрдемақы төлемдерін қайта есептеп, қалпына келтіруді міндеттеді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
***
▪️ Специализированный межрайонный административный суд области Жетісу рассмотрел административное дело по иску А. к РГУ «Департамент Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан по области Жетісу» о признании незаконным решения медико-социальной экспертизы (далее - МСЭ) о снятии инвалидности с ее сына и об обязании государственного органа произвести перерасчет и восстановить выплаты пособия.
▪️ Согласно материалам дела, сын истца Б., с рождения страдает тяжелым врожденным заболеванием кишечника и перенес несколько сложных операций. В 2018 году ребенку была установлена инвалидность, которая впоследствии была продлена до апреля 2021 года.
▪️ Однако 14 мая 2021 года по результатам очередного переосвидетельствования отделом МСЭ №7 было принято решение не устанавливать ребенку инвалидность. Вследствие этого были прекращены выплаты государственного пособия.
▪️ Истец настаивала, что состояние ребенка не улучшилось и по-прежнему сопровождалось стойкими нарушениями здоровья, требующим постоянного ухода и социальной поддержки. В 2024 году ребенку вновь была установлена инвалидность, что, по мнению семьи, подтвердило необоснованность решения МСЭ, принятого в 2021 году.
▪️ Исследовав материалы дела, суд пришел к выводу, что при проведении медико-социальной экспертизы в 2021 году был допущен формальный подход и не была дана надлежащая оценка медицинским документам, подтверждающим стойкие нарушения функций организма ребенка.
▪️ Суд признал заключение отдела МСЭ №7 от 14 мая 2021 года незаконным и обязал РГУ «Департамент Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан по области Жетісу» произвести перерасчет и восстановить выплаты пособия на ребенка с инвалидностью за период с 14 мая 2021 года по 17 июля 2024 года.
Решение суда вступило в законную силу.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Address
Проспект Н. Назарбаева 53А
Taldykorgan
040000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
