Алматы облыстық мәслихаты

Алматы облыстық мәслихаты

Share

Алматы облыстық мәслихаты

12/07/2026

Райымбек ауданының 90 жылдығы аясында Шәлкөде жайлауында «ХАНТӘҢІРІ ҚАЗЫНАСЫ» халықаралық этно-фестивалі өтті. Іс-шараға Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев қатысты.

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев арнайы қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Этно-фестиваль аясында әлемнің әр түкпірінен келген қолөнер шеберлерінің бірегей туындылары, Алматы облысы музейлер бірлестігінің көрмесі, сондай-ақ халықаралық суретшілер пленэрі аясында салынған картиналар көпшілік назарына ұсынылды. Келушілер қазақ халқының бай мәдени мұрасымен, ұлттық өнері мен салт-дәстүрімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды

12/07/2026

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаттары Лаззат Тұрлашов, Дәулет Жарасбаев және Меруерт Молдашева Жамбыл ауданының Үлкен ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған нысанның дайындығы қаралды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Ендігі кезекте медициналық құрал-жабдықтар орнатылып, барлық іске қосу рәсімдері аяқталғаннан кейін амбулатория пайдалануға беріледі дкп күтілуде.

Жаңа дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 45 адамды қабылдауға арналған. Нысанның іске қосылуы Үлкен ауылы тұрғындарының алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділігін арттырып, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

06/07/2026

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – ел рухын асқақтатқан, жаңару мен дамудың, татулық пен тұрақтылықтың жарқын көрінісі. Бүгінде бас қаламыз заманауи сәулетімен ғана емес, елдің берік болашағына деген сенімнің, халқымыздың бірлігі мен қажырлы еңбегінің айқын белгісіне айналды.

Осынау мерекеде әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-ынтымақ, зор денсаулық пен мол бақыт тілеймін. Еліміздің еңсесі биік, бірлігіміз бекем, Астанамыздың мерейі асқақ болсын!

Ізгі ниетпен, ҚБайғоджаев

05/07/2026

ОБЪЯВЛЕНИЕ
о проведении публичных слушаний

Постоянные комиссии Алматинского областного маслихата уведомляют о проведении публичных слушаний.

Публичные слушания проводятся в соответствии с законами Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», «О государственной молодежной политике» и «О государственном имуществе».

В ходе публичных слушаний будут рассмотрены следующие вопросы:
1. О реализации государственной молодежной политики.
2. О вынесении на торги 6 неиспользуемых объектов коммунальной собственности, находящихся на балансе организаций образования Енбекшиказахского района:
2.1. Бывшее здание Алгинской средней школы, расположенное по адресу: село Алга, улица Султанбая, 53А;
2.2. Бывшее здание средней школы Жанашаруа, расположенное по адресу: Енбекшиказахский район, село Жанашаруа, улица Одаманова, 25;
2.3. Бывшее здание клуба школы Жанашаруа, расположенное по адресу: Енбекшиказахский район, село Жанашаруа, улица Одаманова, 25;
2.4. Бывшее здание Каратурукской средней школы, расположенное по адресу село Достык, улица Кенжебаева, строение 10;

05/07/2026

Көпшілік тыңдаулар өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары көпшілік тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.

Көпшілік тыңдаулар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өткізіледі.

Көпшілік тыңдаулар барысында келесі мәселелер қаралады:
1. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу мәселесі.
2. Еңбекшіқазақ ауданындағы білім беру ұйымдарының балансындағы пайдаланылмайтын 6 коммуналдық меншік объектісін сауда-саттыққа шығару мәселесі:
2.1. Алға ауылы, Сұлтанбай көшесі, 53А мекенжайында орналасқан Алға орта мектебінің бұрынғы ғимараты;
2.2. Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашаруа ауылы, Одаманов көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Жаңашаруа орта мектебінің бұрынғы ғимараты;
2.3. Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашаруа ауылы, Одаманов көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Жаңашаруа мектебінің бұрынғы клуб ғимараты;
2.4. Достық ауылы, Кенжебаев көшесі, 10-құрылыс мекенжайында орналасқан Қаратұрық орта мектебінің бұрынғы ғимараты;
2.5. Ж. Қайыпов ауылы, Дарханбаевтар көшесінде орналасқан бұрынғы «Қазақстан» мектебінің ғимараты;
2.6. Қайнар ауылы, Жәпеков көшесі, 2Б мекенжайында орналасқан Қызыл Қазақ бастауыш мектебінің бұрынғы ғимараты.
3. Денсаулық сақтау басқармасына қарасты пайдаланылмайтын 1 коммуналдық меншік объектісін сауда-саттыққа шығару мәселесі:
3.1. Іле ауданы, Ынтымақ ауылында орналасқан ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) ғимараты.

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 5 тамыз, сағат 10:00.
Өтетін орны: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 5Б, Alatau Hub (2-қабат).

Барлық ниет білдірген азаматтарды ашық пікір алмасуға және талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Анықтама телефоны: 8 (72772) 20346
Электрондық пошта: [email protected]

Photos from Алматы облыстық мәслихаты's post 03/07/2026

2026 жылдың маусым айында облыстық мәслихат депутаттары Н.Бокебаев, А.Асылов, Ж.Бектасов, Қ.Ақберген, С.Сәрсеков, Е.Құсайынов, Р.Өтембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Депутаттардың қабылдауына келген 25 азаматтың өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында 18 азаматтың өтініштерінің сол мезетте шешімі табылды. Ал қалған өтініштерге заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта шешілетіндігі айтылды.

Photos from Алматы облыстық мәслихаты's post 02/07/2026

Алматы облыстық мәслихатының дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы мен денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында қоғамдық-саяси ахуал және наразылық білдіруші топтармен жүргізілген алдын алу шаралары, Алматы облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы, білім сапасын арттыру бағытындағы цифрлық білім беру мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, психологиялық көмек көрсету жүйесінің тиімділігі мен балалар суицидінің алдын алу, спорт секциялары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысын жетілдіру, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы бос тұрған объектілердің жай-күйі қаралды.

Want your business to be the top-listed Government Service in Taldykorgan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Улица Индустриальная 16/4
Taldykorgan
040000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30
Saturday 09:00 - 18:30