02/06/2026
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына дауыс беру басталады
2026 жылғы 3 маусымнан 4 маусымға дейін «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы аясында халықтық дауыс беру кезеңі өтеді.
Конкурстың негізгі мақсаты — мемлекеттік қызмет көрсету саласында сапалы, ашық әрі қолжетімді қызмет ұсынатын үздік қызмет көрсетушілерді анықтау, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.
Дауыс беру www.lidergosuslug.kz сайтында жүргізіледі. Әрбір азамат сайтқа кіріп, өз таңдауын жасап, үздік қызмет көрсетушіні қолдай алады.
Сіздің дауысыңыз — сапалы қызмет көрсетуді дамытуға қосқан үлесіңіз!
Дауыс беру мерзімі: 2026 жылғы 3 маусымнан 4 маусымға дейін
Сайт: www.lidergosuslug.kz
Өз таңдауыңызды жасап, үздік қызмет көрсетушіні қолдаңыз!
29/05/2026
⚜️Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 5-бабы 2 тармағының 10-1)тармақшасына және 32-бабына,сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттк қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 121 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес,Департамент мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау шеңберінде мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуына тұрақты негізде мониторингті жүзеге асырады,артық жұмысқа тарту және оны өтеу мәселелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.
2026 жылдың I-тоқсаны қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің, үстеме жұмыстарға тартылу фактілері бойынша Департаментпен 10 мониторинг жұмыстары жүргізілді, оның ішінде, 7 бару арқылы 3 қашықтықтан жүргізілген мониторинг болып табылады.
🔹Қашыктықтан жүргізілген мониторинг барысында 49 мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уакытта қызмет атқарғандығы анықталып, нәтижесінде ұсыныс жолдау арқылы үстеме жұмысқа негізсіз тартылған қызметшілерге 45 тынығу сағаттары беріліп, олардың бұзылған құкықтары қалпына келтірілді.
gov.kz