Партия жастарының Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған челленденджі!
#Абай180жыл, .
Respublica партиясы Жетісу облыстық филиалы
“Respublica” саяси партиясы Жетісу облысы филиалы
10/06/2025
Respublica жастар арасында байқау жариялайды
Егер жасыңыз 35-тен аспаса және Respublica партиясының жұмысын жаңа деңгейге шығарудың жолдарына қатысты идеяларыңыз болса — ойыңызды жинақтап, жоба түрінде рәсімдеп, бізге жіберіңіз. Бұл — цифрлық шешім болуы мүмкін, жастарды саяси өмірге тартудың тың тәсілі, партия жұмысын ашық етуге бағытталған ұсыныс немесе мүлде өзгеше, бұрын ешкім айтпаған идея шығар. Ең бастысы — нақты, мағыналы әрі пайдалы болуы тиіс.
Өтінімдер 10 маусымнан 22 маусымға дейін қабылданады. Байқау толықтай онлайн өтеді. Жеке өзіңіздің атыңыздан да, үш адамға дейінгі шағын топпен де қатысуға болады. Финалға өткен қатысушылар өз жобаларын арнайы комиссия алдында қорғайды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады, ал үздік идеялар партия жұмысына енгізілуі мүмкін.
Respublica шынайы өзгеріс ұсынуға дайын, немқұрайлы емес жастарды іздеп отыр. Егер бұл сіз туралы болса — сәтті мүлт жібермей, ұсыныңыз. Мүмкін, дәл сіздің идеяңыз маңызды өзгеріске себеп болар.
********
Respublica запускает конкурс для молодежи
Если вам до 35, у вас есть идеи, как совершенствовать деятельность
политической партии «Respublica» — собирайте мысли, оформляйте проект и отправляйте нам. Это может быть что угодно - цифровое решение, крутая инициатива для вовлечения молодежи, идея по прозрачности или даже что-то такое, о чём пока никто не подумал. Главное — чтобы было по делу и с пользой.
Приём заявок — с 10 по 22 июня. Всё онлайн. Можно участвовать одному или с командой. Финалисты представят свои проекты перед жюри, победители получат призы, а лучшие идеи — шанс быть реализованными в работе партии.
Respublica реально ищет людей, которые не просто критикуют, а предлагают. Которым важно. Если это про вас — не упустите момент. Напишите, предложите, и, может, именно ваша идея что-то поменяет.
Құрбан айт – қайырымдылық пен бірліктің мерекесі! 🕌🤝Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Respublica партиясының Жетісу облыстық филиалы мен Талдықорған қаласының белсенді кәсіпкерлері бірігіп, үлкен сауапты іс атқарды.7 ірі қара мал сойылып, 175 пакет ет дайындалып, қаладағы студенттер мен мұқтаж жандарға таратылды.Бұл – тек көмек емес, мейірім мен жанашырлықтың, ортақ жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Құрбан айт әрбір шаңыраққа құт-береке, елімізге тыныштық пен молшылық алып келсін! 🌙✨
31/05/2025
📚 Respublica депутаты “Qalamdas – 2025” әдеби сыйлығы иегері атанды!
⠀
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты, Темірлан Қылышбеков проза жанры бойынша “Qalamdas – 2025” тәуелсіз әдеби сыйлығының лауреаты атанды!
⠀
31 мамыр күні Алматы қаласында тәуелсіз Qalamdas әдеби сыйлығының иегерлерінің есімдер салтанатты түрде жарияларды. Сыйлық марқұм Ольга Маркованы еске алуға арналған және қазіргі қазақ әдебиетіне жаңа серпін беруді көздейді.
⠀
📖 “Qalamdas” – бұл тек марапат емес, бұл – әдебиетке деген адалдық пен сөз өнерінің бағалануы.
⠀
Темірлан Бахытбекұлын осы мәртебелі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! ✨
09/05/2025
9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
06/05/2025
Ұлы Жеңіске – 80 жыл!
Бүгін Respublica партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Сайран Жаұсланұлы мен Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Темірболат Жанболатұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қажырлы еңбек еткен ардагерлер – Белякова Каншай Ешбаевна, Аманбаева Галина Мукашевна және Бейсбеков Мейрам Бейсбековичке ҚР Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына сәйкес «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстады.
Ардагерлеріміздің Отан алдындағы еңбегі мен ерлігі – өшпес өнеге. Еліміз үшін маңызы зор осы тарихи күні оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!ә
Бүгін Respublica партиясының Жетісу облыстық филиалы жанынан ReWomen әйелдер кеңесі құрылды!
Бұл кеңестің басты мақсаты — әйелдердің қоғамдық, әлеуметтік және кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, аймақтағы бастамашыл әйелдерге қолдау көрсету.
ReWomen кеңесінің Жетісу облысы бойынша төрайымы болып BRILLIANT шығармашылық мектебінің басшысы Шолпан Аздерова сайланды.
Шолпан Мерекенқызының тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері өңір әйелдерінің дамуына жаңа серпін беретініне сенеміз!
Жетісу облысында Өңірлік кеңес жаңарды!Respublica партиясының Жетісу облыстық филиалында өңірлік кеңестің құрамы қайта жасақталды. Кеңеске 25 кәсіпкер енді – бәрі де партиямен бірлесіп, өңірдің дамуына үлес қосуға дайын.Кеңесте 4 маңызды мәселе қаралып, алдағы жоспарлар пысықталды. Алда – үлкен істер күтіп тұр!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Талдықорған қаласы, Абылай хан, 186
Taldykorgan
040000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
