Талдықорған қаласының әкімдігі

Талдықорған қаласының әкімдігі

Share

Талдықорған қаласы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасы

04/06/2026

⚠️ Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындары жер сілкінісін сезінді

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 316 шақырым жерде орналасқан.

ҚР ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС мәліметінше, жер сілкінісі Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында тіркелді.

📍 Магнитудасы: 6,1
📍 Тереңдігі: 30 км
📍 Уақыты: 2026 жылғы 4 маусым, 21:19

Сезілу деңгейі:
▪️ Жаркент – 4 балл
▪️ Сарқан, Текелі, Жансүгіров, Қарабұлақ – 3 балл
▪️ Талдықорған – 2 балл

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

****

⚠️ Жители области Жетісу и Алматинской области ощутили землетрясение

Эпицентр землетрясения находился в 316 километрах от Алматы.

По данным ТОО «ННЦСНИ» МЧС РК, землетрясение зарегистрировано вблизи границы Казахстана и Китая.

📍 Магнитуда: 6,1
📍 Глубина: 30 км
📍 Время: 4 июня 2026 года, 21:19

Интенсивность:
▪️ Жаркент – 4 балла
▪️ Сарканд, Текели, Жансугуров, Карабулак – 3 балла
▪️ Талдыкорган – 2 балла

По предварительным данным сведений о пострадавших и разрушениях не поступало.

04/06/2026

🔻 «Е-қызмет» порталы арқылы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі

****

🔻 Новая система отбора на государственную службу через портал «E-қызмет»

gov.kz

Photos from Талдықорған қаласының әкімдігі's post 04/06/2026

🔻 Талдықорғанда жылыту маусымы қорытындыланды

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Ернат Бәзілдің төрағалығымен Талдықорған қаласы бойынша 2025-2026 жж. күзгі-қысқы жылыту маусымын қорытындылау және алдағы 2026-2027 жж. жылыту кезеңіне дайындық туралы жиын өтті.

Жиында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков өткен жылыту маусымының қорытындылары бойынша баяндамасын жасап, атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатарына тоқталып, алға қойған жоспарларын тізбектеп өтті.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрлан Тәңірберген және «Талдықорғанжылусервис» КМК-нің директоры Абзал Жағыпаров да сөз алып, жалпы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баян етті.

Өткен жылғы жылыту маусымы кезінде қала аумағындағы жылыту қазандықтарында ешқандай оқыс жағдай тіркелмей, ойдағыдай өткен. Соның өзінде қала әкімі барлық дайындық шараларын қазірден пысықтап, ретке келтіру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуді тапсырды.

Жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. Одан қаламызды үздіксіз ыстық қамтып, оқыс жағдайларда күн-түн демей қызметтеріне адал жұмысшылар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Еске салсақ, Биыл «Ұлттық жоба» аясында Жансүгіров көшесі бойындағы диаметрі 700 мм жылу желілеріне жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба Гагарин көшесінен Ескелді би көшесіне дейінгі 3,5 шақырым аумақты қамтиды. Жобаны мердігер ұйым – «ДАНиЕР» ЖШС атқаруда.

Жансүгіров көшесі бойындағы жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жоспар бойынша қыркүйек айында толық аяқталады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, «Талдықорғанжылусервис» мекемесі өз қаражаты есебінен қала бойынша 5,2 шақырым жылу желілеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары да басталды.

04/06/2026

🔻 Еркін және Өтенай ауылдық округтерінде Мемлекеттік Туға арналған жаңа Ту тұғырлары орнатылды

Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Талдықорған қаласына қарасты Еркін және Өтенай ауылдық округтерінде алғаш рет Мемлекеттік Ту тұғырлары орнатылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Еркін және Өтенай ауылдық округтерінің әкімдері Қанат Сағымқанұлы мен Руслан Ырысбекұлы, ардагерлер, жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Жиналған қауым Мемлекеттік Әнұранды бірге орындап, Ту көтеру рәсіміне куә болды.

Ауылдық округтерде Мемлекеттік Ту тұғырларын орнату жобасы елдік нышандарға деген құрметті арттыруға және жастардың патриоттық рухын нығайтуға бағытталған.

Атап айтқанда, Еркін ауылындағы Мемлекеттік Ту тұғыры Сүлеев көшесінде орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен боздақтарына арналған саябақта орнатылса, Өтенай ауылдық округінің Еңбек ауылындағы саябақта да жаңа Ту тұғыры бой көтерді.

Ту тұғырларының биіктігі 20 метрді құрайды. Ал онда желбіреген Мемлекеттік Тулардың ұзындығы 4 метр, ені 2 метр.

Айта кетейік, Жетісу облысындағы ең биік Мемлекеттік Ту тұғыры Талдықорған қаласында орналасқан. Оның биіктігі 91 метрді құрайды. Ал онда желбіреген Көк Тудың ұзындығы 25 метр, ені 12 метрге жетеді.

Жаңа Ту тұғырларының орнатылуы – мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға, елдік құндылықтарды дәріптеуге және тұрғындардың отансүйгіштік сезімін арттыруға бағытталған маңызды бастама.

04/06/2026

🔻 В области Жетісу торжественно отметили День государственных символов. Главным событием стало одновременное поднятие в честь 35-летия Независимости 35 Флагов на новых флагштоках в 35 населенных пунктах районов и городов региона в ходе телемоста и в рамках патриотической акции «35 ауыл – 35 Ту тұғыры», которые были установлены при поддержке местных меценатов и предпринимателей.

Всего в патриотических мероприятиях, охвативших всю область, приняли участие порядка 3500 тысяч человек, в том числе более тысячи – в областном центре

В частности, в Талдыкоргане на площади в парке «Жастар» состоялась церемония поднятия Государственного флага, который установлен на флагштоке на высоте 92 метра.

В праздничном мероприятии приняли участие аким области Бейбит Исабаев, депутаты маслихата, ветераны, государственные служащие, представители интеллигенции, правоохранительных органов, военнослужащие, спортсмены, молодёжь, жители города.

В момент поднятия Государственного флага камерный хор и артисты областной филармонии под аккомпанемент духового оркестра талдыкорганского военного гарнизона исполнили Государственный гимн. Также прозвучали патриотические песни в исполнении местных творческих коллективов.

К слову, высота флагштока в Талдыкоргане выбрана не случайно. Избранная высота символизирует 1992 год, когда были утверждены государственные символы независимого Казахстана. Длина Флага – 25 метров, а ширина – 12 метров. В основании композиции расположена карта страны. Сам флагшток представляет собой стальную опору со встроенным автоматическим механизмом поднятия Флага. Рядом расположен амфитеатр для проведения торжественных мероприятий.

Photos from Талдықорған қаласының әкімдігі's post 04/06/2026

🔻 Талдықорғанда Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Жетісу облысында Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті. Негізгі шара ретіндегі Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «35 ауыл – 35 Ту тұғыры» патриоттық акциясы аясында аудан-қалалардағы 35 елді мекенде бір мезетте телекөпір байланысы арқылы 35 жаңа ту тұғыры ашылып, Ту көтерілді.

Жоба жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асты. Ауқымды шараға облыс бойынша 3,5 мыңға жуық адам қатысты.

Басты салтанат Талдықорғандағы «Жастар» саябағында өтті. Мұндағы Ту тұғырының биіктігі — 92 метр. Бұл сан кездейсоқ таңдалмаған, ол — Егемен еліміздің рәміздері бекітілген 1992 жылдың символы.

​Көлемі: Ұзындығы – 25 метр, ені – 12 метр.
​Ту автоматты түрде көтеріледі, ал тұғырында Қазақстан картасы бейнеленген. жанында арнайы амфитеатр бар.

«Бір мезетте барлық ауылда Тудың көтерілгенін көру өте әсерлі болды!» — дейді жергілікті тұрғындар мен жас белсенділер. Ақсу, Алакөл, Кербұлақ, Ескелді және Қаратал аудандарының халқы бұл бастама ауыл жастарына үлкен шабыт пен патриоттық тәрбие беретінін жеткізді.

🇰🇿​ Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін!

04/06/2026

🔻 Бүгін 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Талдықорған қаласының барлық мемлекеттік мекемелерінде салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында қала әкімі Ернат Бәзіл мен әкімдік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге орындап, ел рәміздеріне құрмет көрсетті.

Мемлекеттік рәміздер Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі, халқымыздың бірлігі мен егемендігінің, ұлттық рухы мен болашаққа деген сенімінің символы болып табылады.

Қала әкімі Ернат Бәзіл өз сөзінде мемлекеттік рәміздердің ел өміріндегі маңызына тоқталып:

- Мемлекеттік рәміздер Тәуелсіздігіміздің тұмары, ұлттық бірегейлігіміздің айқын белгісі. Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатып, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әр азаматтың қасиетті борышы. Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын, – деді.

04/06/2026

🔻 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

1992 жылдың дәл осы күні Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандықтар бұл күнді Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.

Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын!

04/06/2026

🔻 Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Жансүгіров көшесінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына байланысты №10, №13 және №16 қалалық автобус бағыттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін аталған бағыттар бойынша қатынайтын автобустар Қаблиса жырау көшесі арқылы жүріп, әрі қарай бекітілген бағыт бойынша қызмет көрсететін болады.

Осыған байланысты тұрғындардан сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.

****

🔻 Уважаемые жители и гости города Талдыкорган!

Сообщаем, что в связи с проведением ремонтных работ на улице Жансугурова в схемы движения городских автобусных маршрутов №10, №13 и №16 временно вносятся изменения.

До завершения ремонтных работ автобусы указанных маршрутов будут осуществлять движение по улице Каблиса жырау, после чего следовать далее по утвержденным маршрутам.

В связи с этим просим жителей и гостей города заранее планировать свои поездки и учитывать временные изменения в работе общественного транспорта.

Благодарим за понимание и приносим извинения за временные неудобства.

Photos from Талдықорған қаласының әкімдігі's post 03/06/2026

🔻 Су — тіршілік көзі, табиғаттың тамыры!

✅ Суды үнемдеу — бұл тек ақша үнемдеу емес, бұл — болашақты сақтап қалу, экологиялық жауапкершілік пен мәдениеттіліктің көрсеткіші!

☝🏻 Сусыз өркениет те, өндіріс те, біз ішіп отырған ас та, тыныс алып отырған оттегін бөлетін жасыл желек те болмайды. Сондықтан судың таусылуы — өмірдің тоқтауымен тең.

📍 ​Болашақты сақтап қалу өз үйіміздегі қарапайым су ағызар краннан басталады.

*** *

🔻 Вода — источник жизни и артерия природы!

✅ ​Беречь воду — это не просто про экономию денег. Это про спасение нашего будущего, проявление экологической ответственности и показатель внутренней культуры человека!

☝🏻 ​Без воды не будет ни цивилизации, ни промышленности, ни еды на нашем столе, ни зелёных лесов, дарующих нам кислород. Именно поэтому исчезновение воды равносильно остановке самой жизни.

💧 ​Спасение будущего начинается с малого — с обычного водопроводного крана в нашем доме, так как его использование может способствовать экономии ресурсов и заботе об окружающей среде.

Want your business to be the top-listed Government Service in Taldykorgan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Талдыкорган
Taldykorgan
040000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00