Талғар ауданы әкімдігі

Талғар ауданы әкімдігі

Share

Талғар ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Официальны?

16/05/2026

🚧 Талғар ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда

Талғар ауданына қарасты Кеңдала ауылындағы Арасан көшесінде (бұрынғы Хантәңірі көшесі) орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімі Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен барысын бақылап қайтты.

Аталған аумақ бұрын саяжай массиві болған. Қазіргі таңда елді мекенге ауыл мәртебесі беріліп, инфрақұрылымдық жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Айта кету керек, бұл — саяжай аумағында қолға алынған алғашқы ірі инфрақұрылым жобаларының бірі.

Арасан көшесі 17 саяжай массивін байланыстыратын негізгі күре жолдардың бірі болып табылады.

📍 Жол ұзындығы – 2440 метр
📍 Жол ені – 6 метр
📍 Кейбір бөліктерінің ені – 3,5 метр
📍 Асфальт қабатының қалыңдығы – 6 см

Тұрғындар атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіруде.

#ТалғарАуданы #Кеңдала #ЖолЖөндеу #Инфрақұрылым

🚧 В Талгарском районе продолжаются работы по улучшению дорожной инфраструктуры

В селе Кеңдала Талгарского района на улице Арасан (ранее — улица Хантәңірі) проведены работы по среднему ремонту автомобильной дороги.

Аким района Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы ознакомился с ходом и качеством проводимых работ.

Ране

15/05/2026

📢 Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!

Талғар аудандық жедел штабы Талғар қаласындағы №2 Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде (мекенжайы: Абай көшесі, 1) терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиындарын өткізетінін хабарлайды.

Осыған байланысты тұрғындарды сабырлық сақтауға, жалған ақпарат таратпауға және дүрлікпеуге шақырамыз.

Өткізілетін іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылады.

#ТалғарАуданы #ОқуЖаттығу #Қауіпсіздік

📢 Уважаемые жители Талгарского района!

Оперативный штаб Талгарского района сообщает о проведении антитеррористических учебно-тренировочных мероприятий на территории Физкультурно-оздоровительного комплекса №2 в городе Талгар (адрес: улица Абая, 1).

В связи с этим просим жителей сохранять спокойствие, не поддаваться панике и не распространять недостоверную информацию.

Проводимые мероприятия носят плановый характер.

#ТалгарскийРайон #Учения Безопасность

Photos from Талғар ауданы әкімдігі's post 13/05/2026

Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков аудан тұрғындарының қабылдауын өткізді.

Тұрғындардың әрбір өтініші бойынша жауапты тұлғаларға, ауылдық округтер мен Талғар қаласының әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Талғар ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 2-10-94 нөмірі арқылы хабарласа аласыз.

______________________________

Аким Талгарского района Танат Есенкельдиевич Айдарбеков провел очередной личный прием жителей Талгарского района.

По каждому из обращений жителей даны поручения ответственным лицам, акимам сельских округов и г. Талгар.

Для записи на личный прием к акиму Талгарского района вы можете обратиться по номеру 2-10-94.

13/05/2026

📢 Құрметті аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер!

Сіздерді «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтетін «Таза Бейсенбі» тазалық шарасына белсенді қатысуға шақырамыз!

🗓 Өтетін күні: бейсенбі сағат: 8:30
📍 Өтетін орны: Береке ауылы, Алатау ауылдық округі, ATLETICO DE MADRID футбол академиясы аумағы

Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!
Тазалық – ортақ жауапкершілік!

#ТазаҚазақстан #ТазаБейсенбі #ТалғарАуданы #АлатауАуылдықОкругі

📢 Уважаемые жители района и предприниматели!

Приглашаем вас принять активное участие в экологической акции «Таза Бейсенбі», проводимой в рамках экологической программы «Таза Қазақстан»!

🗓 Дата проведения: четверг, в 08:30
📍 Место проведения: село Береке, Алатауский сельский округ, территория футбольной академии ATLETICO DE MADRID

Давайте вместе внесем вклад в чистоту и благоустройство нашего района!
Чистота — общая ответственность каждого!

#ТазаҚазақстан ТазаБейсенбі ТалгарскийРайон АлатаускийСельскийОкруг

09/05/2026

🔹 ТАЛҒАР БӨГЕТІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 🔹

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талғар қаласындағы Талғар бөгеті аумағында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, жастар, белсенділер және әкімдік қызметкерлері белсене қатысып, аумақты қоқыстан тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында аудан әкімі Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков сенбілікке қатысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

📌 Таза табиғат – келер ұрпаққа аманат!

09/05/2026

МӘҢГІЛІК ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

Талғар қаласындағы Жеңіс саябағы аумағында Ұлы Жеңіс күніне орай Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға аудан басшылығы, ардагерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар Отан үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Мерекелік шара барысында аудан әкімі жиналған қауымды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, бірқатар азаматтарға марапаттар табыстады. Сонымен қатар, әндер шырқалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Бұл – батырлар ерлігіне көрсетілген мәңгілік құрметтің айқын белгісі.

#ЖеңісКүні #Талғар #МәңгілікАлау #ЕрліккеТағзым #9Мамыр ҰлыЖеңіс



ПОКЛОН ВЕЧНОМУ ПОДВИГУ

В Парк Победы города Талгар состоялась церемония возложения цветов к Вечному огню, посвящённая Дню Великой Победы.

В мероприятии приняли участие руководство района, ветераны, молодёжь и жители города. Участники почтили память героев, отдавших жизнь за Родину, и возложили цветы к мемориалу.

В ходе торжественного мероприятия аким района поздравил жителей с праздником Великой Победы и вручил награды. Также прозвучали песни военных лет и состоялся праздничный концерт.

Это — символ вечного уважения и памяти о подвиге героев

09/05/2026

🔹 ҚҰРМЕТТІ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! 🔹

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ерлік пен батырлықтың, елге деген шексіз сүйіспеншіліктің символына айналған тарихи күн. Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен шайқасқан ардагерлеріміздің ерлігі мен еңбегі – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге.

Біз бейбіт өмір мен ашық аспан үшін күрескен батырларымызға әрдайым құрмет көрсетіп, олардың рухына тағзым етеміз.

Осынау мерекеде баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен татулық орнасын!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Талғар ауданының әкімі
Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков

🔹 УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ ТАЛГАРСКОГО РАЙОНА! 🔹

Сердечно поздравляю вас с 9 Мая – Днём Великой Победы!

Этот день является символом мужества, героизма и беззаветной любви к Родине. Подвиг ветеранов Великой Отечественной войны, их самоотверженность и стойкость навсегда останутся примером для будущих поколений.

Мы всегда будем помнить и чтить героев, подаривших нам мирное небо и спокойную жизнь.

В этот знаменательный день желаю всем крепкого здоровья, благополучия, мира и согласия в каждой семье. Пусть над нашей страной всегда будет мирное небо!

С праздником Великой Победы!

С уважением,
Аким Талгарского района
Танат Есенкелдиевич Айдарбеков

08/05/2026

🔹 ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 🔹

Әлеуметтік желілерде Талғар ауданы аумағындағы табиғат аясындағы демалыс орнына қатысты жарияланған бейнематериалға байланысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында аталған орынның Қотырбұлақ ауылында орналасқан «Еламан» демалыс аймағы екені анықталды.

Аудан әкімдігі, жауапты мекемелер және учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен аумақта тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қоқыс қалдықтары толықтай тазартылды. Сонымен қатар, демалыс орны иесіне және келушілерге қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау және санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған дерек бойынша демалыс аймағының иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

📌 Тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет.

🌿 Табиғатты таза ұстайық!

🔹 В ТАЛГАРСКОМ РАЙОНЕ ПРОВЕДЕНЫ РАБОТЫ ПО ОЧИСТКЕ ТЕРРИТОРИИ ЗОНЫ ОТДЫХА НА ПРИРОДЕ 🔹

В связи с видеопубликацией, размещённой в социальных сетях касательно зоны отдыха на �

06/05/2026

🔹 ҚҰРМЕТТІ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! 🔹

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген ер азаматтарға көрсетілетін зор құрметтің белгісі. Отанға адал қызмет ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Бүгінде ел қорғау жолында еңбек етіп жүрген әскери қызметшілер мен құқық қорғау саласының мамандарына, ардагерлерге айрықша алғыс білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

Ізгі ниетпен,
Талғар ауданының әкімі
Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков

🇰🇿 Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Want your business to be the top-listed Government Service in Talgar?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Ул Кунаева
Talgar

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30