Жамбыл соттары

Жамбыл соттары

Share

Жамбыл соттарының ресми парақшасы

29/05/2026

Сотпен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді

◾️ Жамбыл аудандық сотында «Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституцияның негізгі жаңалықтарын түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

◾️ Іс-шараға сот төрағасы мен судьялары, ауданның әкім аппаратының, прокуратураның, полиция бөлімінің, Мемлекеттік кірістер басқармасының және адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

◾️ Іс-шараны аша отырып, сот төрағасы Айгүл Шымырова баяндамашыларға сөз берді.

◾️ Судья Бекжан Парманқұлов Конституцияның негізгі новеллалары туралы баяндама жасады. Баяндамашы қабылданған Конституция еліміздің қазіргі саяси-құқықтық даму кезеңін бейнелей отырып, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары басым тұрған Әділетті Қазақстанның конституциялық құндылықтарын нақты бекітетіндігі туралы атап өтті.

◾️ Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің Негізгі Заңының құрылымы мен мазмұнын белсенді талқылап, сот практикасының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Жамбыл облысының Жамбыл аудандық соты

https://t.me/Jogargy_sot

➖️➖️➖️

Судом проведен круглый стол по разъяснению норм Конституции Республики Казахстан

◾️ В Жамбылском районном суде проведен круглый стол на тему: «Разъяснение основных нововведений Конституции Республики Казахстан, принятой на республиканском референдуме».

◾️ В мероприятии приняли участие председатель и судьи суда, представители аппарата акима, прокуратуры, отдела полиции, Управления государственных доходов и коллегии адвокатов района.

◾️ Открывая мероприятие, председатель суда Айгуль Шымырова предоставила слово докладчикам.

◾️ Судья Бекжан Парманқұлов выступил с докладом об основных новеллах Конституции. Докладчик отметил, что принятая Конституция, отражая современный этап политико-правового развития страны, закрепляет конституционные ценности Справедливого Казахстана, в котором человек, его жизнь, права и свободы имеют высшую ценность.

◾️ Участники круглого стола активно обсудили структуру и содержание Основного Закона страны, обменялись мнениями по актуальным вопросам судебной практики.

Жамбылский районный суд Жамбылской области

https://t.me/Jogargy_sot

28/05/2026

Сот тәркіленген заттай дәлелдеменің құнын өтеді

◾️ Байзақ аудандық соты «Т.» ЖШС-нің замат Б.-ға материалдық залалды өндіріп алу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық істі қарады.

◾️ Сот тараптар арасында комиссия шарты жасалғанын анықтады, оған сәйкес жауапкер 571 мың теңге көлемінде аванс алып, талап қоюшыға мүлікті - алтын тізбекті берді.

◾️ Кейіннен аталған мүлікті қылмыстық іс шеңберінде мамандандырылған тергеу соты заттай дәлел ретінде алынды.

◾️ Талап қоюшы шарттың талаптарына сәйкес жауапкер мүліктің өзіне меншік құқығымен тиесілі болуына, сондай-ақ осы тауарға үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтарының болмауына кепілдік бергенін атап өтті. Шартта мүліктің заңсыз шығу фактісі анықталған жағдайда комиссионерге келтірілген шығындарды өтеу міндеттемесі де көзделген.

◾️ Іс материалдары мен ұсынылған дәлелдемелерді зерттей келе, сот талаптардың дұрыстығы туралы қорытындыға келді.

◾️ Сот шешімімен жауапкерден «Т.» ЖШС-нің пайдасына 571 мың теңге көлемінде материалдық шығын, сондай-ақ сот шығындары өндірілді.

◾️ Шешім заңды күшіне енді.

Жамбыл облысының Байзақ аудандық соты

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/Jogargy_sot

➖️➖️➖️

Суд возместил стоимость конфискованного вещественного доказательства

◾️ Байзакским районным судом рассмотрено гражданское дело по иску ТОО «T.» к гражданину Б. о взыскании материального ущерба.

◾️ Судом установлено, что между сторонами был заключен договор комиссии, согласно которому ответчик передал истцу имущество - золотую цепь, получив аванс в размере 571 тысяч тенге.

◾️ В последующем указанное имущество в рамках уголовного дела было изъято специализированным следственным судом в качестве вещественного доказательства.

◾️ Истец указал, что согласно условиям договора ответчик гарантировал принадлежность имущества ему на праве собственности, а также отсутствие каких-либо прав третьих лиц на данный товар. Договором также предусматривалось обязательство возместить комиссионеру понесенные расходы в случае установления факта незаконного происхождения имущества.

◾️ Изучив материалы дела и представленные доказательства, суд пришел к выводу об обоснованности исковых требований.

◾️ Решением суда с ответчика в пользу ТОО «Т.» взыскан материальный ущерб в размере 571 тысячи тенге и судебные расходы.

◾️ Решение вступило в законную силу.

Байзакский районный суд Жамбылской области

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/Jogargy_sot

28/05/2026
26/05/2026

🎥 Жамбыл облыстық сотында Ашық есік күні өтті

➖️➖️➖️

🎥 В Жамбылском областном суде проведен День открытых дверей

Photos from Жамбыл соттары's post 26/05/2026

Жамбыл облыстық сотында Ашық есік күні өтті

◾️ Жамбыл облыстық сотында М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттері үшін Ашық есік күні өтті.

◾️ Іс-шара жастарды сот жүйесінің қызметімен, бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы департаментінің жұмысымен, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру процесінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

◾️ Кездесу модераторы Департамент басшысы Азиз Әлиев болды. Сондай-ақ, қатысушылардың алдында Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Самат Таусаров сөз сөйледі.

◾️ Студенттер сот жүйесі жұмысының негізгі бағыттарымен танысты, қызықтырған сұрақтарын қоюға және спикерлермен түрлі тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.

◾️ Іс-шара барысында екі университеттің оқытушыларына өзара ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Департамент басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.

◾️ Сондай-ақ қатысушылар үшін сот ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер сот залдарына, мұражайға, кітапханаға барып, кеңсе және Департаменттің басқа бөлімшелерінің қызметімен танысты.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

https://t.me/Jogargy_sot

➖️➖️➖️

В Жамбылском областном суде прошел День открытых дверей

◾️ В Жамбылском областном суде состоялся День открытых дверей для студентов Таразского университета имени М.Х.Дулати и Международного Таразского университета имени Ш.Муртазы.

◾️ Мероприятие организовано в целях ознакомления молодежи с деятельностью судебной системы, работой Департамента Судебной администрации Республики Казахстан по Жамбылской области, а также особенностями процесса отправления правосудия.

◾️ Модератором встречи выступил руководитель Департамента Азиз Әлиев. В качестве спикера перед участниками также выступил и.о. председателя судебной коллегии по административным делам Жамбылского областного суда Самат Таусаров.

◾️ Студенты ознакомились с основными направлениями работы судебной системы, получили возможность задать интересующие вопросы и обсудить различные темы со спикерами.

◾️ В ходе мероприятия преподавателям обоих университетов были вручены благодарственные письма от имени руководителя Департамента за вклад в развитие взаимного сотрудничества.

◾️ Также для участников была организована экскурсия по зданию суда. Студенты посетили залы судебных заседаний, музей, библиотеку, и ознакомились с деятельностью канцелярии и других подразделений Департамента.

Пресс-служба Жамбылского областного суда

https://t.me/Jogargy_sot

26/05/2026

Сот жер учаскесін беруден бас тартуды заңсыз деп таныды

◾️ Жамбыл облыстық соты апелляциялық тәртіппен азамат М.-нің қала әкіміне жер учаскесін беруден бас тарту туралы қаулының заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қою арызы бойынша әкімшілік істі қарады.

◾️ Бірінші сатыдағы сот анықтағандай, талап қоюшы 2024 жылғы ақпанда «Е-Жамбыл» электрондық порталы арқылы Тараз қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін ауданы 0,00001 га жер учаскесін беру туралы өтініш берді. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша әкімдіктің сәулет және қала құрылысы бөлімі жер учаскесін бөлу схемасын дайындады.

◾️ Осыған қарамастан, сол айда жауапкердің қаулысымен өтініш берушіге учаске беруден бас тартылды.

◾️ МАӘС қаулыда бас тарту себептерінің тиісті құқықтық негіздемесі және материалдық құқық нормаларына сілтемелер жоқ екенін анықтады. Сондай-ақ сот талап қоюшының өтінішін әкімшілік орган істің барлық мән-жайларын ескермей және әкімшілік рәсімдер қағидаттарын бұза отырып қарағанын атап өтті.

◾️ Нәтижесінде, бірінші сатыдағы сот қабылданған қаулының заңсыздығы туралы қорытындыға келді. Сот шешімімен талап қою арызы толық қанағаттандырылды, ал жауапкердің қаулысы заңсыз деп танылды және оның күші жойылды.

◾️ Шешімге мүдделі тұлға - Жер қатынастары бөлімі шағымданады, алайда әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы сот шешімін күшінде қалдырды.

◾️ Сот актілері заңды күшіне енді.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/Jogargy_sot

➖️➖️➖️

Суд признал незаконным отказ в предоставлении земельного участка

◾️ Жамбылским областным судом в апелляционном порядке рассмотрено административное дело по иску гражданина М. к акиму города о признании незаконным и отмене постановления об отказе в предоставлении земельного участка.

◾️ Судом первой инстанции установлено, что истец в феврале 2024 года через электронный портал «Е-Жамбыл» обратился с заявлением о предоставлении земельного участка площадью 0,00001 га в городе Тараз для индивидуального жилищного строительства. По результатам рассмотрения заявления отделом архитектуры и градостроительства акимата была подготовлена схема отвода земельного участка.

◾️ Несмотря на это, в том же месяце постановлением ответчика заявителю было отказано в предоставлении участка.

◾️ СМАС установил, что постановление не содержит надлежащего правового обоснования причин отказа и ссылок на нормы материального права. Также суд отметил, что заявление истца было рассмотрено административным органом без учета всех обстоятельств дела и с нарушением принципов административных процедур.

◾️ В итоге, суд первой инстанции пришел к выводу о незаконности принятого постановления. Решением суда иск удовлетворен в полном объеме, а постановление ответчика признано незаконным и отменено.

◾️ Решение обжаловано заинтересованным лицом - Отделом земельных отношений, однако судебная коллегия по административным делам оставила решение суда в силе.

◾️ Судебные акты вступили в законную силу.

Пресс-служба Жамбылского областного суда

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/Jogargy_sot

Photos from Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан's post 26/05/2026
25/05/2026

◾️ Жамбыл облысы соттарында мемлекеттік тілді дамыту бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары мен аудандық және оған теңестірілген соттардың мемлекеттік қызметшілері қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жырлайды жүрек, сөйлейді Мұқағали» атты өлеңдерін мәнерлеп оқу іс-шарасына қатысты

25/05/2026

Мердігерге жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін айыппұл салынды

◾️ Шу аудандық соты уәкілетті органның заңды нұсқамаларын орындамау фактісі бойынша «K.» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі).

◾️ Тексеру барысында жол инспекциясының қызметкерлері Шу қаласының бірқатар көшелеріндегі жолдарды жөндеу кезінде бұзушылықтарды анықтады. Жөндеу учаскелерінде жылдамдықты шектеу белгілерін, яғни «Балалар», «Жол беріңіз» ескерту белгілерін және басқа да міндетті элементтерді қоса алғанда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті уақытша жол белгілері болмаған.

◾️ ЖШС атына бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы нұсқамалар жіберілген, алайда бұзушылықтар жойылмаған. ЖШС-не қатысты 3 хаттама толтырылды.
Кінә хаттамалармен, тараптардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен расталды.

◾️ ЖШС өкілі кінәні ішінара мойындап, уақытша жол белгілерін орнату құжаттамада көзделмегенін, ал ауа райының қолайсыздығына және тапсырыс беруші тарапынан қаржыландырудың болмауына байланысты жұмыстар кешіктірілгенін түсіндірді .

◾️ ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігінің санкциясы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

◾️ Сот ЖШС-нің дәлелдерін дәрменсіз деп тауып, жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптары шарт талаптарына және өзге де мән-жайларға қарамастан сақталуға міндетті екенін атап өтті.

◾️ Ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

◾️ Сот қаулысымен «K.» ЖШС кінәлі деп танылып, оған үш эпизодтың әрқайсысы бойынша 302 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Айыппұлдың жалпы сомасы 908 мың теңгені құрады.

◾️Қаулы заңды күшіне енді.

Жамбыл облысының Шу аудандық соты

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/Jogargy_sot

➖️➖️➖️

Подрядчик оштрафован за необеспечение безопасности дорожного движения

◾️ Шуский районный суд рассмотрел дело об административном правонарушении в отношении ТОО «K.» по факту неисполнения законных предписаний уполномоченного органа (ч.3 ст.462 КоАП).

◾️ В ходе проверки сотрудниками дорожной инспекции были выявлены нарушения при проведении ремонта дорог на ряде улиц города Шу. На участках ремонта отсутствовали временные дорожные знаки, необходимые для обеспечения безопасности, включая знаки ограничения скорости, предупреждающие знаки «Дети», «Уступите дорогу» и иные обязательные элементы.

◾️ В адрес ТОО были направлены предписания об устранении нарушений в установленный срок, однако нарушения устранены не были. В отношении ТОО были составлены 3 протокола.

◾️ Вина подтверждена протоколами, показаниями сторон и другими материалами дела.

◾️ Представитель ТОО признал вину частично и пояснил, что установка временных дорожных знаков не была предусмотрена документацией, а работы затянулись из-за неблагоприятных погодных условий и отсутствия финансирования со стороны заказчика.

✔️ Санкция ч.3 ст.462 КоАП предусматривает штраф на субъектов малого предпринимательства в размере 100 МРП.

◾️ Суд признал доводы ТОО несостоятельными, указав, что требования безопасности дорожного движения обязательны к соблюдению независимо от условий договора и иных обстоятельств.

◾️ Учитывая отсутствие отягчающих обстоятельств суд снизил размер штрафа на 30%.

◾️ Постановлением суда ТОО «K.» признано виновным и по каждому из трех эпизодов ему назначен штраф в размере 302 тысячи тенге. Общий размер штрафа составил 908 тысяч тенге.

◾️ Постановление вступило в законную силу.

Шуский районный суд Жамбылской области

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/Jogargy_sot

25/05/2026

Сот иттің малға шабуылынан келтірілген залал сомасын өндіріп алды

◾️ 2024 жылдың қараша айында түнгі уақытта талап қоюшының шаруа қожалығының аумағына «алабай» тұқымының қараусыз қалған иті кіріп, қораға түсіп, қойларға шабуыл жасады. Нәтижесінде 45 бас мал қаза тапты. Оқиға фактісі жергілікті атқарушы органдар мен ветеринарлық қызмет өкілдерінің қатысуымен жасалған тексеру актілерімен, сондай-ақ талап қоюшының құқық қорғау органдарына жасаған өтініштерімен расталды.

◾️ Талап қоюшы Қордай ауданының әкімі аппараты мен ветеринарлық бөлімінен материалдық залалды өндіріп алуды сұрады. Жауапкерлер талап қоюшы тарапынан қауіпсіздіктің тиісінше қамтамасыз етілмегендігін көрсетіп, талаптармен келіспеді.

◾️ Жануардың иесі анықталмады, бұл оның қараусыз және егесіз жануар екенін көрсетеді. Сотта қаңғыбас жануарларды аулау және олардың санын реттеу функциялары ветеринарлық қызметке жүктелгені анықталды. Алайда азаматтардың мүлкіне зиян келтірмеу бойынша қажетті шаралар қабылданған жоқ.

◾️ Жауапкердің мал иесі тарапынан қауіпсіздікті тиісінше қамтамасыз етпеу туралы дәлелдерін сот дәрменсіз деп таныды, өйткені жануарларды ұстау тиісті жағдайларда жүзеге асырылды және бұл дәлелдермен расталды.

◾️ Залалдың мөлшерін айқындау кезінде сот ресми деректерге сүйенді, оларға сәйкес, оқиға кезінде бір қойдың орташа құны 57 мың теңгеден асты. Залалдың жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден астам болғаны айқындалды.

◾️ Сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды: Ветеринарлық бөлімінен көрсетілген сома мен сот шығындары өндірілді. Ауылдық округ әкімі аппаратына қойылған талаптарды қанағаттандырудан бас тартылды.

◾️ Шешім заңды күшіне енді.

Жамбыл облысының МАЭС

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/Jogargy_sot

➖️➖️➖️

Суд взыскал сумму ущерба, причиненного в результате нападения собаки на скот

◾️ В ноябре 2024 года в ночное время на территорию крестьянского хозяйства истца проникла безнадзорная собака породы «алабай», которая оказавшись в загоне, напала на овец. В результате нападения погибло 45 голов скота. Факт происшествия подтверждён актами осмотра, составленными с участием представителей местных исполнительных органов и ветеринарной службы, а также обращениями истца в правоохранительные органы.

◾️ Истец просил взыскать материальный ущерб с аппарата акима и Ветеринарного отдела Кордайского района. Ответчики с требованиями не согласились, указав на якобы ненадлежащее обеспечение безопасности со стороны истца.

◾️ Собственник животного установлен не был, что свидетельствует о его безнадзорности. В суде установлено, что функции по отлову и регулированию численности бродячих животных возложены на ветеринарную службу. Однако, необходимые меры по предотвращению вреда имуществу граждан приняты не были.

◾️ Доводы ответчика о ненадлежащем обеспечении безопасности со стороны владельца скота суд признал несостоятельными, поскольку содержание животных осуществлялось в надлежащих условиях, что подтверждено доказательствами.

◾️ При определении размера ущерба суд исходил из официальных данных, согласно которым средняя стоимость одной овцы на момент происшествия составила более 57 тысяч тенге. Общий размер ущерба определен в сумме более 2,5 млн тенге.

◾️ Решением суда иск удовлетворён частично: с Ветеринарного отдела взыскана указанная сумма и судебные расходы. В удовлетворении требований к аппарату акима сельского округа отказано.

◾️ Решение вступило в законную силу.

СМЭС Жамбылской области

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/Jogargy_sot

Want your business to be the top-listed Government Service in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

https://t.me/Jogargy_sot, https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3, https://www.youtu

Address


Төле би 90
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30