Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"

Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"

Share

Официальная страница Жамбылского областного филиала ОО «Народная партия Казахстана»

Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 23/10/2024

«Жамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы туралы» 14 қазанда зерделеу жұмыстарын жүргізе бастады.
Депутаттармен бірлесе Тараз қаласындағы бірнеше кәсәпкерлерді араладық , «Алель агро» АҚ-ның құс фермасы (барлық құрл-жабдықтары автоматтандырылған), «Тараз халвасы» ЖШС-нің Павлодар облысынан пісте дәнектерін алып толық циклді қалдықсыз өнім шығаруда және «Пышка» жеке кәсіпкері кондитерлік өндіріспен айналысуда, одан бөлек өндірісі кеңеюде . Аталған өндірістік кәсіп иелеріне мол табыс тілейміз.

Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 23/10/2024

Депутат күнделігі

23.10.2024 ж. Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он сегізінші сессиясына қатыстым.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер.
1. «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы.3. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы туралы.
4. Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы «Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы тұралы» №7-16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы

Сессия отырысында депутаттар өз ұсыныстарын берді.

Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 23/10/2024

Бүгін облыстық мәслихаттың тұрақты екі комиссияның бірлескен отырысына қатыстым.
Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиевтің өкімімен құрылған уақытша комиссия, зерделеу жұмыстары бойынша, біраз мәселелерді көтеріп өз ұсыныстарын берді.

Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 23/10/2024

Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің 105 жылдығына арналған «105 жыл – барша жаңалықтардан хабардар» атты коференциясына ҚХП ЖОФ-ның төрағасы Ж.Бастаубаева қатысты.
Коференция «Ғасырдан да ұзақ уақыт» атты фотокөрменің таныстырылымымен басталды.
Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек , БАҚ саласының ардагерлері мен журналистер одағының мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысты.
Конференция жұмысында Қ.Мәдібек, Ж.Миллионов, К.Оршабеков, Л.Мельник және Ж.Бастаубаева сөз алып, БАҚ өкілдерін құттықтады.

Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 23/10/2024

Жамбыл облыстық филиалдың төрағасы Жанат Бастаубаева
Байзақ ауданында шаруа қожалықтарын аралау барысында биыл егілген пияз көптеп өнім беріп отырғанына сәйкес, пияздарды сақтайтын аудандағы қоймалардың біршамасымен танысып олардың жай-күйін зерделеп шықты.
Соның бірі, Сарыкемер ауылындағы ,,Grand goons premium” ш/қ қоймасы құрғақ пиязға тола екені және барлық стандартқа сәйкес екендігі анықталды.
Одан бөлек Дихан ауылында «Тазабек-Досжан» шаруа қожалығы сыйымдылығы 1800 тонна болатын жаңа қойма cоққан, бүгінгі күнге бұл қоймаға аймақтағы пияз және басқа да көкөністерді орналастыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 21/10/2024

ҚХП-ның Тараз қалалық мәслихатының депутаты Қарлығаш Бибазарова бастаған ұжым Қарасу алқабындағы Әулие бұлақ аумағына сенбілік өткізді.

21/10/2024
Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 18/10/2024

А.ж. 18 қазанында ҚХП ЖОФ төрағасы Ж.Бастаубаева Жамбыл облыстық мәслихатының "Экология, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезектен тыс 4-ші отырысына қатысты.

Күн тіртібінде

1. Жамбыл облысында қант қызылшасын тасымалдау, зауыттарға өткізу және субсидиялауға қатысты туындап отырған мәселелер туралы;
2. Кіші Қаратау геопаркін құру туралы;
3. Тараз қаласындағы Зербұлақ көлінің су қорғау аймағын белгілеу, құрылыс салуға тиым салу және құрылыс салуға берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы қаралды.

Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 17/10/2024

Депутат күнделігі

ҚХП Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ж.Бастаубаева облыстық мәслихаттың 2024 жылғы арналған жұмыс жоспарына сәйкес IV -тоқсанында қаралатын «Жамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру арттыру барысы туралы» мәселесін зерделеп, сессияға материалдар дайындау мақсатында ағымдағы жылдың 16 қыркүйек айында Т.Рысқұлов ауданына іссапарға обл.мәслихат депутаттары Б.Қалымбетов және А.Қораласбаевпен бірге барды.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов депутаттарды арнайы қабылдап аудандағы атқарған жұмыстарымен бөлісті. Бүгінгі күнге ауданда 8 ауылға ауыз су беріліп жатқаны және Ақыртөбе сумен жабдықтау бөлімшесіндегі су тарту нысанын ауыстыру туралы мәліметпен бөлісті.
Әрі қарай, «Жамбыл облысының ветеринария станциясының Т.Рысқұлов ауданындағы ветеринария бөлімі» КМК барып бөлім басшысы Ғабиден Ашимбековпен кездесу өтті. Кездесу барысында ветеринария саласындағы біраз мәселелермен бөлісті.
Әрі қарай жеке кәсіпкерлердің алма бағын және жылыжайының жұмыстарымен танысты.

Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 17/10/2024

«Қазақстан Халық партиясы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жанат Бастаубаева Т.Рысқұлов ауданының әкімі Е.Есіркеповпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта өзара әркеттесу бағытындағы іс-шараларды талқылады.
Сонымен қатар Жанат Абдуалиевна партияның Т.Рысқұлов ауданындағы өкілдігін жандандыру жоспарымен бөлісті.

#қазақстанхалықпартиясы
#народнаяпартияказахстана

#нпк #қхп
#жамбылскийобластнойфилиал
#жамбылоблыстықфилиалы

Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 15/10/2024

В Жамбылском областном филиале ОО «Народной партии Казахстана» состоялось внеочередное заседание Совета Жамбылского областного филиала.
На повестку дня были внесены следующие вопросы
1) О создании Байзакского районного представительства Жамбылского областного филиала отдела региональных представительств Общественного объединения «Народная партия Казахстана»;
2) Об избрании председателя вновь созданного Байзакского районного представительства Жамбылского областного филиала отдела региональных представительств Общественного объединения «Народная партия Казахстана».

Photos from Жамбылский областной филиал ОО "Народная партия Казахстана"'s post 15/10/2024

Т.Рысқұлов ауданында Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Талғат Таттыходжаевтың ықпалымен Қарақат ауылында 18 метрлік интернет мұнарасы қойылды.
Өткен жылы аудан әкімінің атына және тиісті мекемелерге ауыл тұрғындарынан қол жиналып, интернет мұнарасын қою туралы депутаттық сауал жолданған, бүгін сол нәтижеге қол жеткізіліп отыр.
#қхп
#қазақстанхалықпартиясы #жамбылскийобластнойфилиал

Want your business to be the top-listed Government Service in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Улица Казыбек би 109А
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00