⚜️ 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
Жамбыл Облысы Əкімдігінің Мəдениет Басқармасы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
📣Продолжается прием заявок на конкурс грантов
«Тәуелсіздік ұрпақтары»
📌По 21 июня текущего года в Казахстане продолжается прием документов на соискание гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары».
На сегодняшний день поступило 439 заявок.
На грант может претендовать гражданин Республики Казахстан в возрасте от 14 до 35 лет (34 года включительно).
Грант присуждается на конкурсной основе для реализации проектов по 6-ти направлениям:
🔹«Наука» – для реализации новых научных проектов и исследований;
🔹«Культура» – для реализации проектов, направленных на популяризацию культурного наследия Казахстана, продвижение народных культурных традиций и искусства;
🔹«Информационные технологии» – для реализации и разработки новых IT-решений и проектов;
🔹«Бизнес» – для реализации новых бизнес-идей;
🔹«Медиа» – для реализации новых медиа-проектов, в том числе проектов по созданию познавательного, полезного, интересного контента для молодежи;
🔹«Волонтерство» – для реализации волонтерских проектов, направленных на решение актуальных социальных проблем.
В 2026 году на республиканском уровне будет присуждено 30 грантов по 3 млн тенге.
Грант «Тәуелсіздік ұрпақтары» присуждается с 2021 года по инициативе Президента Касым-Жомарта Токаева в целях государственной поддержки талантливой молодежи.
📣«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
📌Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсына өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Құжат қабылдау 2026 жылғы 21 маусымға дейін жалғасады.
Қазіргі таңда грант конкурсына қатысу үшін 439 өтінім түсті.
Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтары (34 жасты қоса алғанда) үміткер бола алады.
✔️Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
🔹«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
🔹«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
🔹«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
🔹«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
🔹«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
🔹«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 миллион теңге көлеміндегі 30 грант табысталады.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты талантты жастарды қолдау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдан бері тағайындалып келеді.
Конкурсқа қатысу тәртібі мен қажетті құжаттар тізімі туралы толық ақпарат ресми сайтта жарияланған.
⚜️ Жыл маманы - 2026: үздік кітапханашылар анықталды
Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға, шығармашылық бастамаларды қолдауға және кітапхана саласының үздік мамандарын анықтауға бағытталған «Жыл маманы – 2026» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлдана Серікбаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға облыстың әр ауданынан келген 35 жасқа дейінгі 8 кітапхана маманы қатысып, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін үш кезең бойынша сынға салды. Қатысушылар «Заманауи кітапханашы» кәсіби таныстырылымы, «Цифрлы кітапхана» виртуалды кітап көрмесі және «Шығармашылық шабыт» мәдени-ағартушылық жобасы номинациялары бойынша бақ сынады.
03/06/2026
⚜️Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлының «Ұлттың рухын асқақтататын қуатты күш» атты тағылымды мақаласы облыстық «Ar-Ai» газетінде жарияланды.
03/06/2026
⚜️ Жыл маманы - 2026: үздік кітапханашылар анықталды
⚡️ Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға, шығармашылық бастамаларды қолдауға және кітапхана саласының үздік мамандарын анықтауға бағытталған «Жыл маманы – 2026» облыстық байқауы өтті.
📌 Байқаудың салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлдана Серікбаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
📍 Байқауға облыстың әр ауданынан келген 35 жасқа дейінгі 8 кітапхана маманы қатысып, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін үш кезең бойынша сынға салды. Қатысушылар «Заманауи кітапханашы» кәсіби таныстырылымы, «Цифрлы кітапхана» виртуалды кітап көрмесі және «Шығармашылық шабыт» мәдени-ағартушылық жобасы номинациялары бойынша бақ сынады.
✅ Тартысты өткен додаға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Жадыра Құттыбаева төрағалық етті. Қазылар алқасының құрамында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова мен Абай атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана директорының орынбасары Назым Мұхамбетиярова болып, қатысушылардың жұмыстарын әділ бағалады.
📝 Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Гүлдана Шапенова жеңіп алды. І орын Мойынқұм ауданынан келген Арайлым Жаманқұловаға бұйырса, ІІ орынды Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы Ақерке Мамашариева иеленді. Ал ІІІ орын Талас ауданындағы Сәду Шәкіров ауылдық кітапханасының меңгерушісі Жарқынай Жамалбаеваға табысталды.
📎 Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысқан Байзақ, Қордай, Сарысу және Шу аудандық кітапхана жүйелерінің мамандары естелік сыйлықтармен марапатталды.
‼️ Айта кетейік, «Жыл маманы» облыстық байқауы кітапхана саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттап, жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында сегізінші жыл қатарынан тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
02/06/2026
⚜️ Қордай ауданында «Тіл – достықтыңдәнекері» атты тіл фестивалі өтті
⚡️ Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен Қордай ауданында «Тіл – достықтың дәнекері» атты тіл фестивалі өтті.
📌 Фестивальдің негізгі мақсаты – қазақтілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін арттыру, оның қоғамдағы қолданыс аясын кеңейту және тілдік бірлікті нығайту.
📍 Іс-шара Қордай аудандық мәдениет үйінің алаңында театрландырылған қойылыммен басталды. Қойылым арқылы тілдің ұлт руханиятындағы орны, халықтар арасындағы достық пен татулықтың маңызы көркем түрде көрерменгеұсынылды.
💫 Шара барысында қатысушыларға ұлттық құндылықтар мен тіл мәдениетін насихаттайтын көрмелер мен ақпараттық материалдар таныстырылып, аудан көлемінде мемлекеттік тіл саясатын жүргізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.
✅ Фестиваль аясында жастарға рухани тәрбие беру, ұлттық мәдениет пен тіл құндылықтарын дәріптеу мақсатында театрландырылған көріністер ұсынылды. Сондай-ақ, өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, халық әндері мен көркемсөз композициялары көрермен назарына ұсынылды.
🎵 Концерттік бағдарламада «Ойжайлау» фольклорлық ансамблі мен М.Төлебаев атындағы өнер мектебінің шәкірттері өнер көрсетіп, қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттады. Ақын Е.Боранбектің «Тілім менің» шығармасы орындалып, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен рухани құндылығы кеңінен дәріптелді.
🎭 Фестиваль қорытындысында М.Шахановтың шығармасы негізінде дайындалған «Рух пен тіл» әдеби-музыкалық композициясы ұсынылып, тіл тағдыры мен ұлт болашағының өзара сабақтастығы көркем түрде бейнеленді.
📝 «Тіл – достықтың дәнекері» фестивалі мемлекеттік тілдің қоғамдық маңызын насихаттап қана қоймай, түрлі этнос өкілдерін ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған тағылымды мәдени шара болды.
02/06/2026
⚜️ Балаларды қорғау күніне орай Қонаев кітапханасында «Бақытты балалық шақ» ертегілер керуені өтті
⚡️ Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» ертегілер керуені өтті. Мерекелік шара «Қарақат» би ансамблінің әсем биімен ашылып, кітапхананың кішкентай оқырманы Исламқұл Балнұрдың орындауындағы «Ерке қыз» әнімен жалғасын тапты. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық орыс драма театры бүлдіршіндерге арнап қызықты қойылым ұсынып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
📌 Кеш барысында №13 бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері кітаптың маңызын насихаттайтын әсерлі көрініс көрсетіп, мәнерлеп тақпақтар оқыды. Сондай-ақ «Қарақат» би ансамблі «Заманауи» биін билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кітапхана қызметкерлері балаларға арналған қызықты ойын бағдарламаларын ұйымдастырып, мерекенің сәнін арттырды. Сонымен қатар, балаларға арналған «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі ұсынылып, көрмеге шолу жасалды.
📍 Шара соңында Тыныбек Медина «Попурри» әнін орындап, кештің көркін қыздыра түсті. Мерекеге белсене қатысқан өнерпаздар алғыс хаттармен марапатталып, оқырмандарға арнайы сыйлықтар таратылды. Балаларға шаттық сыйлаған бұл мерекелік кеш қатысушылардың жүрегінде жарқын әсер қалдырды.
Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
01/06/2026
⚜️ Жуалы ауданында «Тіл – достықтың дәнекері» атты тіл фестивалі өтті
⚡️ 2026 жылғы 29 мамыр күні Жуалы аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Тіл – достықтың дәнекері» атты тіл фестивалі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
📌 Фестивальдің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қоғамдағы тілдік бірлікті нығайту және өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.
✅ Фестиваль барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызы мен оны дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ аудан деңгейінде мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары марапатталды.
📍 Фестиваль соңында қатысушылар мемлекеттік тілдің ел бірлігін нығайтудағы, мәдениет пен достықты дәріптеудегі маңызын ерекше атап өтті. Бұл игі бастама өңір тұрғындарын кеңінен қамтып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге тың серпін берді.
01/06/2026
⚡️ 1 Маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Address
Төле би 35, 5 қабат
Taraz
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
