11/12/2025
«Ашықтық, әділдік, парасаттылық – өркениетті қоғам кепілі»
2025 жылғы 26 қараша күні «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Меркі ауданы Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен бірлесе отырып, осы тақырыпта мазмұнды дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты – жас буынға ашықтық пен әділдік принциптерін түсіндіру, парасатты азамат қалыптастыру жолдарын талқылау және қоғамдағы адалдық мәдениетін нығайту.
Кездесу барысында оқушылар белсенді пікір білдіріп, адал қоғам құрудағы әрбір азаматтың рөлін талқылады.
Осындай шаралар өскелең ұрпақтың көзқарасын шыңдап, олардың бойында жауапкершілік пен әділдік құндылықтарын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Адалдықты арқау еткен қоғам – жарқын болашақтың негізі! ✨
10/12/2025
«Ашықтық, әділдік, парасаттылық – өркениетті қоғам кепілі»
Дөңгелек үстел №5 Ақарал мектеп-гимназиясында өтті
2025 жыл 25 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің кешенді жоспарына сәйкес Меркі ауданы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында ашықтық, әділдік, парасаттылық ұстанымдарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адал қоғам құрудың маңызын түсіндіру болды.
Дөңгелек үстелде оқушылар өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы әділдік пен адалдықтың рөлі туралы пікір алмасты. Қатысушылар парасатты азамат болудың мәні мен маңызы жөнінде құнды ақпарат алды.
Осындай іс-шаралар жас буынның азаматтық көзқарасын қалыптастырып, өркениетті, әділ қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
30/11/2025
2025 жылдың 28 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Адал қоғам» ҚБ ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Еңбектен тапқан бақытын» жобасы аясында кардиолог ғалым, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО және Қазақстанның Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Тараз ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының Бас директоры Жошыбаев Сейітхан Жошыбайұлымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - жастар арасында адал еңбекке деген құрметті арттыру, кәсіби мамандықтардың маңызын түсіндіру, еңбекқорлықты дәріптеу арқылы табысқа жету жолдарын көрсету. Сонымен қатар, өмірлік тәжірибесімен бөлісетін азаматтардың үлгісінде еңбек арқылы жетістікке жетуге болатынын насихаттау.
Кездесу барысында ғалым С. Жошыбаев жастармен өзінің еңбек жолы туралы сұхбаттасты. Әңгіме барысында профессор медицинадағы кардиология және трансплантология салаларындағы орын алып жатқан оң өзгерістер туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесуде жастар ғалымның тағылымды әңгімесінен пайдалы кеңестер алды.
Шара соңында орталық директоры А. Кадралиев медицина саласында қажырлы еңбек еткен ғалымға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.
21/11/2025
2025 жылдын 21 қараша күні
Тараз қаласында «Тәуекелдерді басқарудағы комплаенс офицерінің рөлі» атты облыстық форум өтті. Шараның мақсаты – мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу, тәуекелге бағдарланған басқару жүйесін күшейту және комплаенс қызметінің тиімді моделін талқылау.
Форумға облыстық басқармалар, аудан әкімдіктері, ұлттық компаниялар филиалдары, білім және денсаулық сақтау ұйымдары, бизнес-қоғамдастық, қоғамдық бірлестіктер, комплаенс офицерлер, заңгерлер мен сарапшылар қатысты.
Іс-шараның негізгі бағыттары:
- мекемелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің түрлері және оларды басқару тәсілдері;
- комплаенс офицердің рөлі мен құзыреті, ұйым ішіндегі тәуекелдерді ерте анықтау алгоритмдері;
- мүдделер қақтығысын болдырмау тетіктері;
- мемлекеттік ұйымдардағы комплаенс - мәдениетін қалыптастырудың заманауи тәсілдері;
- комплаенс қызметінің апталық және айлық жұмысының оңтайлы моделі;
- тәуекелдерді басқаруға арналған жедел комплаенс чек-листердің таныстырылымы.
Сарапшылар ұйымдардағы тәуекелдерді басқаруда комплаенс офицерлері басты рөл атқаратынын атап өтті. Қатысушылар практикалық кейстер талқылап, нақты проблемалық аймақтарды анықтау бойынша тәжірибе алмасты.
Форум қорытындысы бойынша мекемелерде тәуекелге негізделген басқару жүйесін күшейту, комплаенс функциясын институционалдық тұрғыда нығайту және салааралық өзара іс-қимылды арттыру жөнінде ұсыныстар қабылданды.