31/05/2026
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 🎈
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған
✨ «Балалық шаққа саяхат» ✨ атты мерекелік іс-шараға шақырамыз!
🎉 «Бақытты балалық үшін» ұранымен өтетін мерекеде:
🎭 қызықты ойындар,
🎶 концерттік бағдарлама,
🎨 шығармашылық алаңдар,
🎁 тосынсыйлар ұйымдастырылады.
📍 Өтетін орны: Тұрар Рысқұлов саябағы
📅 Күні: 1 маусым 2026 жыл
🕙 Уақыты: сағат 11:00
———————————————
Уважаемые жители и гости города! 🎈
Приглашаем вас на праздничное мероприятие
✨ «Путешествие в детство» ✨,
посвящённое 1 июня — Международному дню защиты детей!
🎉 Праздник пройдёт под девизом
«За счастливое детство!»
В программе:
🎭 увлекательные игры,
🎶 концертная программа,
🎨 творческие площадки,
📍 Место проведения: парк имени Турара Рыскулова
📅 Дата: 1 июня 2026 года
🕙 Время: 11:00
28/05/2026
🔔Құрметті қала тұрғындары!
🔰30 мамыр күні Тараз қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
🔹Жәрмеңке Жастар аллеясы аумағында (Сүлейменов – Желтоқсан көшелерінің қиылысы) болады.
🔔 Уважаемые жители города!
🔰 30 мая в городе Таразе состоится ярмарка сельскохозяйственной продукции.
🔹 Ярмарка пройдет на территории Аллеи молодежи (перекрёсток улиц Сулейменова и Желтоксан).
28/05/2026
🔰Уақытша жол жабылады
🔹«Алатау» шағын ауданының орамішілік жылу желілерін қайта құру ЖҚ-849 (сол.), ЖҚ-851, ЖҚ-852, ЖҚ-854 (сол.)» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты С. Сейфуллин мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысы (С. Сейфуллин көшесінің бойы) 2026 жылғы 29 мамыр сағат 20:00-ден бастап 3 тәулік мерзімге толықтай жабылып, барлық автокөлік қозғалысына уақытша тыйым салынады.
📌Аталған жолдардың жабылуына байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру бағытын алдын ала айқындап алуды және уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
🔰 ВРЕМЕННОЕ ОГРАНИЧЕНИЕ ДВИЖЕНИЯ
🔹 В связи с реализацией рабочего проекта «Реконструкция внутриквартальных тепловых сетей в микрорайоне «Алатау» (ЖК-849 (лев.), ЖК-851, ЖК-852, ЖК-854 (лев.))» и проведением строительно-монтажных работ, перекрёсток улиц С. Сейфуллина и Аль-Фараби (по улице С. Сейфуллина) будет полностью закрыт для движения автотранспорта.
Ограничение вступит в силу 29 мая 2026 года с 20:00 и продлится 3 суток.
📌 В этой связи жителей и гостей города просят заранее планировать маршруты движения и с пониманием отнестись к временным неудобствам.
27/05/2026
🇰🇿🇷🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды
Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына қонғанға дейін Ресей Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.
Ұшақ трапының алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.
Владимир Путин мен ресми делегация мүшелеріне екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар, Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншылары қошемет көрсетті.
Одан кейін Қазақстан мен Ресей туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.
26/05/2026
🇰🇿Білім бәсекесінің биік белесі: еліміздің үздік олимпиадалық мектептері белгілі болды!!
2025-2026 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижелері негізінде еліміздің үздік олимпиадалық мектептерінің рейтингі жарияланды.
Биылғы білім додасының қорытынды кезеңі еліміздің алты өңірінде ұйымдастырылып, оған 676 мектептен 1636 оқушы қатысты. Қатысушылар олимпиада барысында жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз білімдері мен қабілеттерін жан-жақты дәлелдеді.
Рейтинг арнайы бағалау жүйесі негізінде жасалды: алтын медаль – 3 ұпай, күміс медаль – 2 ұпай, қола медаль – 1 ұпай болып есептелді. Нәтижесінде республика бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болған 114 білім беру ұйымы анықталды.
✅114 мектеп ішінен Жамбыл облысы Тараз қаласының екі білім беру мекемесі үздіктер қатарына кірді.
1) Әлихан Бөкейханов атындағы гимназиясы;
2)Бауыржан Момышұлы атындағы #45 қазақ классикалық гимназиясы;
🔍 Аталған рейтинг оқушылардың, оларды дайындаған педагогтер мен жаттықтырушылардың бірлескен еңбегін бағалау, сондай-ақ еліміздегі олимпиадалық қозғалысты одан әрі дамыту мақсатында әзірленді. Рейтингке енген барлық білім беру ұйымдарын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз.🎊🎊🎊🎊