Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Share

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

07/04/2026

«Суды үнемде – болашақты сақта!»

Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы's post 26/03/2026

Хабарландыру!

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қарашадағы №3-2/615 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 сәуірден бастап субсидия алуға өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
Өтінім субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (СМАЖ веб порталы) – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс арқылы беріледі.
Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7262) 45-86-23

***
Объявление!

Управление сельского хозяйства акимата Жамбылской области сообщает о приеме заявок на получение субсидий с 1 апреля 2026 года, в соответствии с утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года №3-2/615 «Об утверждении Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки».
Заявку подают через веб-портал государственной информационной системы субсидирования (веб-портал ГИСС) – интернет-ресурс, предоставляющий доступ к государственной информационной системе субсидирования.
Телефон для справок: 8 (7262) 45-86-23

Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы's post 22/03/2026

ВИЦЕ-МИНИСТР БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар нысандарды аралады.
Алдымен Жамбыл ауданындағы «AzNur AGRO» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің 400 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылыс жұмысымен танысты.
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау жобасы бойынша қаржыландырылып, іске асырылып жатқан жобаның жалпы құны 1,8 млрд. теңгені құрайды. Жылына 3 600 тонна сүт өндіруге жоспарланған сүт-тауарлы фермасының құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталған.
Бүгінгі күні агроқұрылым тарапынан 340 бас «Голштин» асыл тұқымды құнажындар сатып алынған. Қазіргі уақытта 164 бас сиыр сауылып, күн сайын 3,0 тоннаға жуық сүт «Меркі ірімшік зауыты» серіктестігіне өткерілуде.
Одан кейін Аманғали Бисенбайұлы Байзақ ауданындағы «KEMER АGRO» ЖШС-нің құс қиы мен қой жүнінен органикалық тыңайтқыш және ланолин шығаратын өндіріс орнының құрылыс жұмыстарын көрді.
Жалпы құны 450,0 млн. теңгені құрайтын өндіріс орнында жылына 10 000 тонна органикалық тыңайтқыш және ланолин шығару жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Қытайдан қажетті құрал-жабдықтары сатып алынып, орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, вице-министр Тараз қаласындағы «Оңтүстік халал тағамдары» ЖШС-нің халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдер өндірісінің жұмысымен танысты. Жылына 9 мың тонна салқындатылған және мұздатылған ет өнімдерін өндіруге қауқарлы серіктестік 2016 жылы іске қосылған. Жобаның жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайды. Серіктестік 2018 жылы Иран Ислам Республикасына 1070 тонна мұздатылған қозы етін экспорттаған. Қазіргі уақытта өндіріс орнында шұжық және сүйекті ұнтақтау цехын іске қосу мен жартылай дайындалған өнімдер шығару бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Байзақ ауданындағы пайдалануға берілген ветеринариялық пункттерді аралап көрді.
Өткен жылы облыс бойынша 24 ветеринариялық пункттердің құрылысы толық аяқталса, оның 14-нің құжаттары рәсімделіп, облыстық ветеринариялық станциясының теңгеріміне берілуде. Одан бөлек, биылғы жылы республикадан бөлінген қаражатқа 30 ветеринариялық пункттердің құрылыс жұмыстары басталуда.

Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы's post 21/03/2026

ВИЦЕ-МИНИСТР ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, Жамбылдық 150-ге жуық ауыл шаруашылығы, ветеринария қызметкерлері мен аудан әкімінің орынбасарлары және мал шаруашылығымен айналысатын шаруалармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ведомство өкілдері мен қаржы институттарының басшылары мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қолдаулар мен несиелер туралы айтып, жаңадан енгізіліп отырған несие бағдарламаларының шарттары мен алу жолдары туралы кеңінен түсіндірді.
Жиында аймақ шаруалары қазіргі кезде өздерін алаңдатып отырған сауалдарын және салаға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Өз кезегінде вице-министр ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау бойынша сала қызметкерлеріне тиісті тапсырма беріп, шаруаларға әрбір пікірдің ескеріліп, министрлік тарапынан барынша қолдау болатынын жеткізді.
Айта кету керек, ертең вице-министр жұмыс кестесіне сәйкес облыстағы бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралайтын болады.

20/03/2026
Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы's post 15/03/2026

15 наурыз - Қайырымдылық жасау күні және Республикалық Референдумға орай Тараз қаласы мен аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде.
Жәрмеңкеде жалпы құны 75,8 млн. теңгені құрайтын 81,5 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары өткерілуде. Оның ішінде 13,8 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 6,25 тонна сүт өнімдері, 4 мың дана жұмыртқа, 21,0 тонна шұжық өнімдері, кондитерлік өнімдер, макарон өнімдері, тұз, қант, қарақұмық, балық, ұн, бал және 40,4 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

02/03/2026

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ТАРАТУШЫ ОПЕРАТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығының 2-параграф 18-тармағына сәйкес, ХАБАРЛАНДЫРУ:

2026 жылғы дала жұмыстарына арналған мемлекет тарапынан бөлінетін дизель отынын таратушы операторларды айқындау жөніндегі облыстық коммиссяның отырысына тиісті құжаттар топтамасын қабылдау 02.03.2026 жылдан басталады. Жоғарыда көрсетілген қағиданың 17-тармағына сәйкес келесі құжаттардың тізбесін ұсыну қажет.
Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті операторы мен өндірушісі мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (1 ұпай - екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті тәжірибе, 2 ұпай - үш жылдан төрт жылға дейінгі тиісті тәжірибе, 3 ұпай - төрт жылдан бес жылға дейінгі тиісті тәжірибе, 4 ұпай - бес жылдан алты жылға дейінгі тиісті тәжірибе, 5 ұпай - алты немесе одан да көп жылдық тиісті тәжірибе);
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;
8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:
мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;
цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;
"Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;
9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) мұнай базаларының орналасу схемасы.
12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032300)

Құжаттар топтамасы 2026 жылғы 2 және 5 наурыз аралығында қабылданады.
- Жұмысшы органның орналасқан жері: Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №119 үй
- Почталық мекенжай: 080008
- Байланыс телефонының номері: 8 (7262) 45-54-86
- Электрондық почта: [email protected];

Комиссия отырысын 2026 жылғы 6 наурызда, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ғимаратында өткізу жоспарлануда.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (777) 845 30 95

***

ВНИМАНИЮ ОПЕРАТОРОВ, РАСПРОСТРАНЯЮЩИХ НЕФТЕПРОДУКТЫ!

В соответствии с пунктом 18 параграфа 2 приказа и. о, министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 апреля 2023 года № 137 «Об утверждении Правил определения региональных операторов распределения нефтепродуктов на сельскохозяйственные работы, а также правил формирования и распределения объемов нефтепродуктов для производителей сельскохозяйственной продукции в период весенне-полевых и уборочных работ», ОБЪЯВЛЕНИЕ:

Прием соответствующего пакета документов на заседание областной комиссии по определению операторов по распределению дизельного топлива, выделяемого государством на полевые работы в 2026 году начнется 02.03.2026 года. В соответствии с пунктом 17 вышеуказанных правил необходимо предоставить перечень следующих документов.
Потенциальный оператор и производитель сельскохозяйственной продукции, принявший решение о приобретении дизельного топлива у ресурсодержателя самостоятельно, представляет следующие документы:

1) заявку на участие в определении региональных операторов по поставке дизельного топлива по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее – заявка);
2) ценовое предложение с указанием общей суммы наценки за услуги по по приобретению, доставке, хранению и поставке дизельного топлива для производителей сельскохозяйственной продукции;
3) копии документов, подтверждающих наличие опыта реализации нефтепродуктов на внутреннем рынке Республики Казахстан не менее двух лет (1 балл - соответствующий опыт от двух до трех лет, 2 балла - соответствующий опыт от трех до четырех лет, 3 балла - соответствующий опыт от четырех до пяти лет, 4 балла - соответствующий опыт от пяти до шести лет, 5 баллов - соответствующий опыт шести и более лет);
4) справку с банка о наличии денежных средств на счету потенциального оператора, либо кредитных средств, для выкупа необходимого объема дизельного топлива;
5) справку банка, в котором обслуживается потенциальный оператор, за подписью уполномоченного лица и печатью (при наличии) об отсутствии просроченной задолженности по всем видам обязательств потенциального оператора, длящейся более трех месяцев, предшествующих дате выдачи справки, перед банком (если потенциальный оператор является клиентом нескольких банков второго уровня, такая справка представляется от каждого из таких банков), выданной не ранее одного месяца, предшествующего дате подачи заявки;
6) документ, свидетельствующий об отсутствии налоговой задолженности, выданный не ранее, чем за пять календарных дней до даты подачи заявки;
7) справку о зарегистрированных правах (обременениях) на базу нефтепродуктов или резервуар, либо копию договора аренды базы нефтепродуктов или резервуара;
8) документы, предоставляемые по базе нефтепродуктов или резервуару (имеющейся у потенциального оператора на праве собственности или на иных законных основаниях):
информацию о состоянии базы нефтепродуктов и технической оснащенности:
копию технического паспорта базы нефтепродуктов или резервуара;
наличие весовой для автомашины с цистерной (бензовоз) или автоматической системы налива;
документ, подтверждающий наличие и установку на базе нефтепродуктов контрольных приборов учета согласно приказу Министра энергетики Республики Казахстан от 26 декабря 2022 года № 435 "Об утверждении Правил и требований по оснащению производственных объектов баз нефтепродуктов контрольными приборами учета" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 31279);
9) письмо-согласие об отпуске дизельного топлива в выходные и праздничные дни в период проведения весенне-полевых и уборочных работ;
10) копию документа, подтверждающего наличие на праве собственности или иных законных основаниях автомашины с цистерной (бензовоз) для доставки дизельного топлива до производителей сельскохозяйственной продукции;
11) схему расположения нефтебаз;
12) подтверждение о применении модуля "Виртуальный склад" информационной системы электронных счетов-фактур для перемещения дизельного топлива согласно сопроводительной накладной на товары. (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300032300)
Пакет документов принимается с 2 по 5 марта 2026 года.

- Местонахождение рабочего органа: Управление сельского хозяйства акимата Жамбылской области, город Тараз, проспект Абая, дом № 119
- Почтовый адрес: 080008
- Номер контактного телефона: 8 (7262) 45-54-86
- Электронная почта: [email protected];

Заседание комиссии планируется провести 6 марта 2026 года в здании Управления сельского хозяйства акимата области.

По дополнительным вопросам: 8 (777) 845 30 95

Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы's post 21/02/2026

14 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ҰСЫНЫЛДЫ
Саудаға делдал араласса, баға шарықтайтыны анық. Ал, бұған шектеу қоюдың жалғыз жолы – ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін жүйелі ұйымдастыру. Осыған орай бүгін облыс орталығындағы «Жастар аллеясы» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп, онда Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен тұрақтандыру қорының өнімдері өткерілді.
Нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағамен саудаланған 14,3 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде 2,0 тонна ет, 0,6 тонна шұжық өнімдері, 0,5 тонна сүт өнімдері, 1,0 мың дана жұмыртқа, 0,3 тонна кондитерлік өнімдер мен 0,5 тонна макарон өнімдері, 0,2 тонна тұз, қант 0,5 тонна, қарақұмық 0,2 тонна, 0,5 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 0,3 тонна бал және 6,7 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
- Мұндай жәрмеңкелер бізге өте ыңғайлы әрі тиімді. Мысалы, мен жұмыртқаның 10 данасын 500 теңгеге алсам, қантты 365 теңгеден сатып алдым. Басқа сауда дүкендеріне қарағанда мұндағы баға едәуір арзан. Сондықтан мұндай жәрмеңке жиі өткізілсе, біз тек қуанар едік, – дейді қала тұрғыны Болат Бекзатұлы.
- Негізі жәрмеңкені жиі өткізу тауар өндірушіге де, тұтынушығы да өте тиімді. Ең алдымен, өзімізде өндірілген отандық әрі сапалы өнімді төмен бағада өткізудің және бағаны тұрақтандырудың ұтымды жолы осы, - дейді ұйымдастырушылар.

Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы's post 18/02/2026

МАЛ ҚЫСТАТУ НАУҚАНЫ ҚАЛЫПТЫ ӨТУДЕ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте мал қыстату маусымының барысы қаралды.

Мал қыстату маусымының өту барысы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаев баяндады. 2025-2026 жылғы қыстату науқанына 3,8 млн бас төрт түлік түсті. Оның ішінде 3,2 млн бас ұсақ мал (қой-ешкі), 450,1 мың бас мүйізді ірі қара, 183,6 мың бас жылқы және 8,3 мың бас түйе бар.

Мал азығы ретінде 92,1 мың тонна сүрлем, 2,2 млн тонна пішен, 119,9 мың тонна пішендеме, 480,3 мың тонна сабан және 214 мың тонна құнарлы жем дайындалған.

Облыс аудандарында барлығы 5 862 мал қыстату орны бар. Қыстаулардағы малшыларға арналған 5 564 тұрғын үй, 2 184 қашар және 936 баз толық жөндеуден өтіп, маусымға әзірленген. Қазіргі таңда мал қыстату науқаны шығынсыз өтуде.

Өңір басшысы ауа райының тұрақсыздығы мал шаруашылығына әсер етуі мүмкін екенін атап өтіп, аудан әкімдеріне қыстаулардағы ахуалды қайта зерделеуді тапсырды. Сонымен қатар жем-шөптің жеткілікті көлемде жеткізілуін және ветеринариялық-профилактикалық шаралардың уақытылы әрі толық орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы's post 11/02/2026

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АГРО САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңызын түсіндірді.
Жиынға салалық басқарма басшылары мен шаруашылық жетекшілері қатысты.
Басқосуда Әбілхайыр Ғалымұлы ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталып, оның қоғам өміріндегі орнына кеңінен назар аударды.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері де қозғалып, шаруа қожалық басшылары өз ой-пікірлерін ортаға салды.

11/02/2026
09/02/2026

"ДАЛА ДНҚ-сы"
Ауыл шаруашылығы басқармасының "TARAZ 24" телеарнасымен бірлескен жобасы
1-ші шығарылым: "БЕРЕКЕ" шаруа қожалығы

Want your business to be the top-listed Government Service in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Улица Абая 119
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00