Жамбыл ауданы әкімдігі

Жамбыл ауданы әкімдігі

Share

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік желісі

Photos from Жамбыл ауданы әкімдігі's post 22/05/2026

Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері, аға лейтенант К.Н. Байтиков және кітапханашы К.Д. Абсеметова Тараз қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай атындағы орталық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, Жамбыл ШБ клубында қазақтың ұлы жыршысы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты поэзиялық кеш ұйымдастырды.
Шара барысында жыр алыбының өмірі мен шығармашылығы дәріптеліп, оның өлеңдері мен жыр-толғаулары оқылды. Кешке қатысушылар ақын мұрасының халықтық құндылығы мен ұлт руханиятындағы орнын айрықша атап өтті.
Іс-шара аясында «Жыр дүлділі» атты кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарға Жамбыл шығармашылығына арналған әдебиеттер ұсынылды.
Поэзия мерекесі рухани мазмұнға толы әсерлі басқосу ретінде өткізіліп, қатысушыларға ұлы жыраудың өнерге толы өмірінен мол мағлұмат берді.

12/05/2026

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес 2026 жылдың 21 мамыр Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Жамбыл, Айшабибі ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Ш.Ниязбеков ауылы, Ә.Ысмайылұлы атындағы орта мектеп, сағат 10:00

Айшабибі ауылы, ауылдық мәдениет үйі, сағат 15:00

Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланады.

В соответствии с Указом Главы государства «О проведении встреч акимов с населением» 21 мая 2026 года аким Жамбылского района Ерлан Кыдыралыулы проведет встречи с жителями Жамбылского и Айшабибинского сельских округов.

Село Ш. Ниязбекова, средняя школа имени А. Ысмайылулы — в 10:00

Село Айшабиби, сельский Дом культуры — в 15:00

В случае изменений будет сообщено дополнительно.

Photos from Жамбыл ауданы әкімдігі's post 07/05/2026

«Отан қорғаушылар күні» мен Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Оңтүстік аймағының әскери прокуроры, әділет полковнигі Ермекбаев Сакен Бакытбаевич, сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері Ерлан Нургалиевич Сатыбалдиев, Сагимбеков Маратбек Мухтарбекович, Кулумбет Садуакасович Абдикулов қатысып, мерзімді әскери қызметшілермен «Сарбазға прокурорлық кеңес» атты мазмұнды кездесу өткізді.

01/05/2026
01/05/2026

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – татулық пен достықты, ынтымақ пен келісімді дәріптейтін ерекше мереке.
Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ынтымақ пен бірлік тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болғай!

Ізгі тілекпен, Ерлан Қыдыралыұлы

Photos from Жамбыл ауданы әкімдігі's post 27/04/2026

Құқықтық сауаттылық – қоғам тұрақтылығының негізі
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасы Шөлдала шекара бөлімшесінде «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ» атты оқырмандар форумы өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттау, жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті күшейтіп, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған берік көзқарас қалыптастыру болды.
Форум барысында сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуына, қоғам тұрақтылығына және азаматтардың әлеуметтік сеніміне тигізетін теріс әсерлері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, оның алдын алу жолдары, құқықтық тетіктері мен адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шара аясында сөз кезегі Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлар бөлім бастығының орынбасары, подполковник Абеуғалиев Сержан Қабдығалиұлына берілді. Сондай-ақ «Шөлдала» шекара бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Ералхан Асхат Әзизғалиұлы да сөз сөйлеп, қоғамдағы адалдық пен заң үстемдігін сақтау, әскери қызметкерлердің тәртіп пен жауапкершілікті қатаң ұстануы, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттырудың маңызы жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Форум барысында қатысушылар белсенді пікір алмасып, адалдық, парасаттылық және әділдік құндылықтары туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жиынға қатысушылар тақырып төңірегінде ашық сұхбат құрып, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты көзқарастарымен бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шара аясында құқықтық және танымдық әдебиеттерден құралған кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға шолу жасалды. Көрмеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық ұстанымды нығайтуға бағытталған еңбектер таныстырылды.
Жалпы алғанда, «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ» атты оқырмандар форумы мазмұнды пікір алмасуға ұласқан, тәрбиелік және танымдық мәні зор, тағылымды іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.

Photos from Жамбыл ауданы әкімдігі's post 15/04/2026

📢 Жамбыл ауданындағы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша кеңес өтті
Аудан бойынша 2026 жылға көктемгі және күзгі әскерге шақыру бойыша негізгі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министірінің және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының келісімімен 09.04.2025 жылы №388 бекітілген бірлескен бұйрықтың алгоритіміне сәйкес үш жақты келісіммен әскери қызметке шақырылуға тиіс азаматтарды жергілікті әскери басқару органына келуін қамтамасыз ету іс-шаралар жоспары бекітілді. Жауапты мекемелерге таныстырылып, орындалуын қамтамасыз ету үшін нақты тапсырмалар берілді.

Photos from Жамбыл ауданы әкімдігі's post 10/04/2026

«Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясындағы сертификат тапсыру рәсімі – жас сарбаздар болашаққа қадам»
2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен жүзеге аса бастаған «Сарбаз 2.0» бағдарламасы мерзімді әскери қызметін өтеген жастарға жоғары білімге емтихансыз, мемлекеттік грант негізінде түсуге зор мүмкіндік ашты. Бағдарлама жас буынды қолдауға, олардың білім алуына жағдай жасауға және әскери борышын өтеген сарбаздардың болашағына сенімді бағыт беру мақсатында жүзеге асырылуда.
Осы бастаманы іске асыру аясында 2026 жылдың 9 сәуір күні ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының «Көктем-2025» шақырылым сарбаздарына салтанатты түрде сертификат беру рәсімі өтті.
Шара барысында жалпы 13 мерзімді әскери қызметшіге арнайы сертификат табысталды. Олардың ішінде:
· 5 сарбаз — Жамбыл облысынан,
· 3 сарбаз — Түркістан облысынан,
· 5 сарбаз — Ақмола облысынан.
Бұл сарбаздар төмендегі жоғары оқу орындарына оқуға түсуге мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болды:
• Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы;
• Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Академиясы;
• Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
• А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті;
• Мұхамеджан Тынышпаев атындағы университет;
• Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті;
• Тұран-Астана университеттері.
Салтанатты шараға Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасы бастығының орынбасары – тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы полковник Данияр Рамазанұлы Сарымсаков, сондай-ақ осы бөлімнің аға офицері лейтенант Әділхан Қалиманұлы Надырбаев қатысты. Сонымен қатар, ата-аналар атынан Жаппетекова Меруерт Оралбекқызы, сарбаздар атынан Телбасы Абылайхан құттықтау сөз сөйлеп, жас жауынгерлерге ақ жол тілеп, олардың жаңа өмір белесіне қадам басуына сәттілік тіледі.
Іс-шара жүрекжарды тілектер мен ризашылыққа толы түрде өтіп, сарбаздардың елге жасаған қызметі мен еңбегі ерекше атап өтілді. «Сарбаз 2.0» бағдарламасы – жастардың жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, олардың білім мен мансапқа деген ынтасын арттыратын маңызды әлеуметтік жоба екені тағы да дәлелденді.

Photos from Жамбыл ауданы әкімдігі's post 09/04/2026

*Таразда өнер мен дәстүр жаңғырады*

2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» Халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады.

Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, кенже қалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтау және қайта жаңғырту.
Фестивальға шетелден (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), көрші өңірлерден (Алматы, Түркістан) келетін және жергілікті 100-ден астам шебер қатысады.

Фестиваль аясында көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлау мақсатында «Тараз – қолөнершілер қаласы. Дәстүр мен заманауи қолөнер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары, «Менің әлемім: қиял мен шынайылық» атты жас қолөнершілер мен суретшілердің көрмесі өтеді.
Одан бөлек сән мен дәстүрді тоғыстыратын «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығы, «Гиннес» рекордтар кітабына енген киіздің жанында «Dombyra Party» іс-шарасы, ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі және өнер жұлдыздарының гала-концерті ұйымдастырылады.

Фестивальге қатысушы қонақтарға көрме бұйымдарын сатып алуға және Тараз қаласындағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасауына толық мүмкіндік қарастырылған.

Бұл күндері Тараз ұлттық дәстүр мен шалқыма шабыттың тоғысқан ортақ мекеніне айналмақ.

30/03/2026

Жамбыл ауданы, Аса ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

«30» наурыз күні Жамбыл ауданы, Аса ауылының аумағында терроризмге қарсы Жамбыл аудандық жедел штабымен «Аса-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өткізілуде.

Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы

В с. Аса Жамбылского района проходят антитеррористические учения

«30» марта текущего года Жамбылским районным оперативным штабом по борьбе с терроризмом в с. Аса Жамбылского района проводятся учения «Аса-Антитеррор-2026».

Целью мероприятия является проверка уровня готовности сил и средств правоохранительных и специальных органов по пресечению различных угроз террористического характера.

Призываем граждан с пониманием отнестись к проводимым учениям, возможным временным ограничениям движения населения и автотранспорта, соблюдать меры безопасности и выполнять законные требования сотрудников государственных органов.

Жамбылский областной оперативный штаб по борьбе с терроризмом

Want your business to be the top-listed Government Service in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Абай көшесі № 122
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30