Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы

Share

@zhumyspenkamtubaskarmasy

27/02/2026

▫️Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз.

Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады.

Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.

***

Распространяемая в мессенджерах и социальных сетях информация о назначении в 2026 году единовременной выплаты в размере 432 500 тенге семьям с доходом ниже 232 тыс. тенге, а также лицам с определёнными заболеваниями, не соответствует действительности.

Сообщаем, что подобная социальная выплата действующим законодательством не предусмотрена.

Обращаем внимание, что подобные рассылки нередко используются мошенниками с целью получения доступа к персональным данным граждан.

Официальные сведения о мерах государственной поддержки направляются исключительно посредством SMS-сообщений с номера 1414, а также публикуются на официальных интернет-ресурсах государственных органов.

Напоминаем, что распространение заведомо ложной информации влечёт ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

23/02/2026

▫️Әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында өтініш берген барлық азаматтарға әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады деген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтің таралуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төмендегіні хабарлайды.

Әлеуметтік көмек – мемлекеттің атаулы қолдау шарасы және белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келетін, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ғана көрсетіледі.

Көмек тағайындау қолданыстағы заңнамада және мәслихаттардың шешімдерінде айқындалған негіздер бойынша жүзеге асырылады, белгіленген талаптарға сәйкестігі құжат жүзінде расталған жағдайда ғана мүмкін болады.

eGov порталы арқылы өтініш беру – әлеуметтік көмекке жүгінудің бір тәсілі ғана және оның автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді.

Көмек алушы санаттардың тізбесі, көмекті көрсету шарттары және қажетті құжаттар тізімі әр өңірде мәслихаттар тарапынан жеке-жеке бекітіледі және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

Барлық түскен өтініштер жергілікті атқарушы органдарда белгіленген тәртіппен қаралады.

Азаматтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз.

Жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

***

В связи с распространением в социальных сетях и отдельных СМИ недостоверной информации о якобы автоматическом назначении социальной помощи всем гражданам, подавшим заявку, Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сообщает следующее.

Социальная помощь является адресной мерой государственной поддержки и предоставляется исключительно гражданам, находящимся в трудной жизненной ситуации, при условии соответствия установленным критериям нуждаемости.

Назначение помощи осуществляется на основаниях, определённых действующим законодательством и решениями маслихатов, и возможно только при документальном подтверждении соответствия установленным требованиям.

Подача заявления через портал eGov является лишь способом обращения за социальной помощью и не гарантирует её автоматического назначения.

Перечень категорий получателей, условия предоставления помощи и список необходимых

Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы's post 28/10/2025

Жамбыл облысы әлеуметтік сала қызметкерлері республикалық марапатқа ие болды

2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласында өткен «Әлеуметтік вектор: кәсібилік, құрмет, цифрлық болашақ» халықаралық форумы аясында әлеуметтік сала ардагерлері мен қызметкерлерін, сондай-ақ «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Форум барысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов елдің әлеуметтік саласының дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері мен сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады.

Олардың қатарында Жамбыл облысының өкілі Болат Үсембаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» байқауында Жамбыл облысы «Нақты көмек» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шолпан Ахметова «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, әлеуметтік салада ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп, өңірдің әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар жамбылдық мамандар да марапатқа ие болды.
Атап айтқанда, Байқазақова Ботагөз, басқарманың бас маманы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Аппарат басшысының «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, Гүлсін Шынтаева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың Құрмет грамотасымен, ал Мақпал Сегізбаева министрдің Алғыс хатымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен марапат иелеріне естелік мүсіндер мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған марапаттау рәсімдері аталған мамандардың азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, әділ әрі инклюзивті Қазақстанды қалыптастыруға қосқан баға жетпес үлесін мемлекет пен қоғам тарапынан жоғары мойындаудың жарқын көрінісі болды.

29/05/2025

29 мамыр күні сағат 12.00-де «Жамбыл облысындағы жұмыспен қамту мәселелері» тақырыбында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баспасөз конференциясы өтеді.

Спикер:
Әлібеков Серік Айдарұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "еңбек мобильдігі орталығы" кмм-нің директоры

Баспасөз конференциясы тікелей эфирде көрсетіледі. Тақырыпқа сай сауалдарыңыз болса, ӨКҚ-нің әлеуметтік желідегі Facebook, Instagram парақшаларында және WhatsApp (8 705 537 52 68) желісіне жолдасаңыздар болады. Тікелей эфир барысында маңызды сауалдар қойылады. Қалған сұрақтар тиісті мекемеге жауап дайындау үшін жолданады.

Тікелей эфир сілтемесі:
https://www.facebook.com/okq.zhambyl
Instagram парақшасы:
https://www.instagram.com/rsk_zhambyl/
WhatsApp желісі
8 705 537 52 68

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

29 мая в 12.00 часов на информационной площадке Региональной службы коммуникаций состоится пресс-конференция на тему «Вопросы занятости в Жамбылской области».

Спикер:
Алибеков Серик Айдарович
директор "Центра трудовой мобильности" управления координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области

Пресс-конференция состоится в прямом эфире. У вас есть возможность задать вопросы спикерам в социальных сетях на странице РСК в Facebook, Instagram или по WhatsApp (8 705 537 52 68 ). Наиболее актуальные вопросы зрителей могут быть озвучены в эфире. Остальные будут направлены для подготовки ответов в соответствующие организации.

Ссылка на канал трансляции:
https://www.facebook.com/okq.zhambyl
Ссылка на страницу Instagram:
https://www.instagram.com/rsk_zhambyl/
WhatsApp мессенджер
8 705 537 52 68

Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы's post 16/04/2025

Әлеуметтік керуен – өңірлерде

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – халқымыздың ерлігі мен бірлігінің, қайсарлығының символы болып табылатын тарихи оқиға. Партия облыстық филиалы облыс әкімдігімен бірлесе «Жеңістің 80 жылдығына – 80 ізгі іс» акциясының аясында «Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуені ұйымдастырылуда.
Әлеуметтік керуен Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында болды.
Ісшара мақсаты: соғыс және тыл еңбеккерлеріне лайықты құрмет көрсету.
- Керуен құрамында білікті дәрігерлер, заңгерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері т.б болады.
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тыл еңбеккерлері және шалғайдағы елді мекен тұрғындарына білікті медицина мамандарынан (терапевт, травматолог, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог және т.б) профилактикалық-диагностикалық қызмет көрсету;
- әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер тобы елді мекендерде консультациялық кеңес жүргізеді, тегін құқықтық көмек көрсетеді;
- алдын ала белгіленген орындарда мобильді көмек көрсету пункттері ұйымдастырылады (медициналық тексеру, заңгерлік кеңес, гуманитарлық көмек тарату);
- волонтерлер ардагерлерге ерікті көмек береді (үй жинау, шаруашылыққа көмек, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу, ауруханаларға еріп бару), дәрі-дәрмектер, азық-түлік жеткізіп, тұрмыстық көмек көрсетеді (жөндеу, тазалау);
-                 «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ескерткіштері мен  мемориалдық нысандарын тазалау және қалпына келтіру, сыртқы келбетін жақсарту, оларға  іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары
-                 ҰОС ардагерлерінің атына бергілген көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізу, аллеялар мен саябақтарда сенбіліктер ұйымдастырады.
- салтанатты іс-шаралар, концерттік бағдарлама, құттықтаулар, азық-түлік себеттерін, сыйлықтар табыстайды.

Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы's post 12/04/2025

Ⅳ Халықаралық Фараби Форумының негізінде «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты Ⅲ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінде 2025 жылдың 9 сәуірінде «Тұрақты даму мақсаттары» (229 аудитория) аудиториясының ашылу рәсімі өтті. 
Жаһандық және әмбебап күн тәртібінде Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 1-17) бүкіл адамзат үшін өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаһандық мәселелерді шеше алатын мамандарды дайындауда басты рөл атқарады. Бұл кабинеттің ашылуы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әлеуметтік жауапкершілігін және оның жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін оразан зор үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Аудиторияның ашылу рәсіміне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор міндетін атқарушы PhD, қауымдастырылған профессор Ибраимов Маргулан Қасенұлы мен демеуші жұмыс беруші, «ПСК Строй-Инвест» ЖШС басқарушы директоры Абенов Сакен Жетыбаевич және фокус-топтың қатысушылары, «Экономика» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және докторанттары қатысты. 
Фокус топтың басты мақсаты – Қазақстан өңірлерінде Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) орындалу барысын талқылау, атап айтқанда, ТДМ 1 (Кедейлікті жою) және ТДМ 8 (Экономикалық өсім және лайықты жұмыс орындары) бағыттары бойынша тиімді шешімдерді іздестіру. Іс-шара барысында әлеуметтік саясаттың, мемлекеттік қолдау бағдарламаларының, кәсіпкерліктің, сондай-ақ инновациялық тәсілдердің кедейлікті және табыс теңсіздігін төмендетуге қалай ықпал ететіні қарастырылды.
Фокус топтың кеңейтілген отырысында Уралбаев Нұртуған (ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Орнықты даму мақсаттары хатшылығының директоры орынбасары), Джамашева Әсел Маратқызы (Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бас инспекторы), Мамешова Алуа Әлішеріқызы (Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің бөлім басшысы), Жексембаева Гульмира

Photos from Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы's post 30/03/2025

Қызмет «Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының XXVIII есептік-сайлау конференциясы өтті

22/03/2025

Мереке құтты болсын!

20/03/2025
Want your business to be the top-listed Government Service in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Taraz
080012

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00