Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Share

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің ресми парақшасы

02/06/2026

🔰С 3 по 4 июня 2026 года каждый желающий может принять участие в народном голосовании и поддержать лучших услугодателей, которые ежедневно предоставляют государственные услуги и работают над повышением качества оказания государственных услуг.

🔷Ваш голос поможет определить победителей конкурса «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» и отметить тех, кто показывает высокий уровень сервиса, клиентоориентированности и профессионализма.

📌Проголосовать можно на сайте: www.lidergosuslug.kz

✅Поддержите достойного кандидата!

02/06/2026

🔰2026 жылғы 3 маусымнан 4 маусымға дейін әрбір ниет білдіруші халықтық дауыс беруге қатысып, күн сайын мемлекеттік қызметтер көрсетіп, олардың сапасын арттыру бағытында жұмыс істеп жүрген үздік қызмет көрсетушілерге қолдау көрсете алады.

🔷Сіздің дауысыңыз «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының жеңімпаздарын анықтауға және сервистің, қызмет алушыға бағдарланудың әрі кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетіп жүрген қызмет көрсетушілерді атап өтуге мүмкіндік береді.

📌www.lidergosuslug.kz сілтемесі арқылы дауыс беруге қатысуға болады.

✅Лайықты кандидатты қолдаңыз!

02/06/2026

🔰Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тақырыбында семинар өтті.

🔷Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы Жастар орталығының акт залында «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту. Мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүйесіндегі «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

🔷Аталған іс-шара Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Семинардың негізгі мақсаты – квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметінің маңызын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы тиімді тетіктерді талқылау және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту.

🔷Іс-шара барысында Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Махпал Сатыбалдықызы Досымбекова сөз сөйлеп, қоғамдағы ашықтық пен әділдікті қалыптастыру – ортақ міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Таңшолпан Бақытәліқызы Нурханова мемлекеттік басқару жүйесіндегі комплаенс қызметінің рөлі мен сыбайлас жемқорлық тәу�

02/06/2026

🔰Білім саласындағы ашықтық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыру тақырыбында кездесу өтті.

🔹Тараз қаласындағы №67 орта мектептің акт залында «Білім саласындағы ашықтық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыру» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

🔹Кездесуге мектеп директорлары, балабақша директорлары мен бухгалтерлері қатысып, білім беру саласындағы ашықтық пен адалдықты нығайту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің маманы Ернар Нұрболұлы мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп қағидаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда адалдық құндылықтарын дәріптеу бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.

🔹Сонымен қатар, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің сарапшысы, заңгер Самира Өмірбайқызы Тайтенова білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, қоғамдық бақылаудың маңыздылығы және заңнама талаптарын сақтау мәселелері жөнінде баяндама жасады.

🔹Кездесу барысында қатысушылар өзара пік

Photos from Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 01/06/2026

🔰ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

🔷 Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - ортақ міндет» атты тақырыбында дәріс өткізілді.

🔷Дәріске, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Е.Жылысбаев арнайы қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🔷 Одан бөлек, Мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруы немесе құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатындығы және БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарына жол бермеу қажеттілігі туралы жеткізілді.

🔷Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Photos from Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 01/06/2026

🔰”Халық заңгері” акциясы аясында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ” өтті.

Photos from Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 01/06/2026

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ж.М.Тамаев Жуалы ауданындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында жауапты мамандар мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты шектеулердің, әлеуметтік кепілдіктердің (еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын төлеу және т.б.) сақталуы бойынша түсіндірмелер берді.

Сонымен бірге, қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеу, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу, мемлекеттік және азаматтық (жүргізушілер) қызметшілер арасында қызметтік автокөліктерді тек лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану және мемлекеттік қызмет саласындағы жиі орын алатын бұзушылықтардың алдын алу бойынша атап өтті.

Одан бөлек, Мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруы немесе құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатындығы және БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарына жол бермеу қажеттілігі туралы жеткізілді.
Іс-шара соңында қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берілді.

29/05/2026

🔰Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінде өткен іс-шарасының бейнекомментарийі.

Photos from Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 29/05/2026

🔰ӨҢІРЛІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

🔷«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өңірлік комиссиямен әңгімелесу кезеңі өтті.

🔷Әңгімелесу кезеңіне 16 үміткер қатысты.

🔷Комиссия мүшелері үміткерлердің:

– қызмет көрсетілетін ғимараттардың орналасу қолайлылығы мен қолжетімділігін,
– күту аймақтарының жағдайын,
– ақпараттық қолжетімділікті,
– мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайларды бағалады.

🔷Комиссия шешімімен 8 үміткер келесі кезең – халықтық дауыс беруге жолданды.

🔷Бұл конкурс мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және халыққа қолайлы әрі ашық орта қалыптастыруға бағытталған.

Want your business to be the top-listed Government Service in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


переулок Рысбек батыра, № 8/А
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30