03/06/2026
Таразда санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстары күнделікті тұрақты түрде жүргізілуде. Қала көшелері, саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындар коммуналдық қызмет мамандарының ұдайы бақылауында.
Таңсәріден бастап коммуналдық жұмысшылар шаһар аумағын күл-қоқыстан тазалап, көшелер мен жол жиектерін сыпыру және санитарлық жағдайды жақсарту жұмыстарын атқарып жатыр. Сонымен қатар, қоқыс жәшіктері уақытылы босатылып, қоғамдық орындардың тазалығы қамтамасыз етілуде. Шаһардың көркін арттыру және экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.
Тазалық сақтау – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Сондықтан шаһар тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаны таза ұстап, қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырамыз!
***
В Таразе на постоянной основе проводятся работы по поддержанию санитарной чистоты и созданию комфортной среды для жителей. Городские улицы, парки, скверы, пешеходные дорожки и общественные пространства находятся под постоянным контролем коммунальных служб.
С раннего утра коммунальные работники очищают территорию города от мусора, проводят уборку улиц и обочин дорог, а также выполняют комплекс мероприятий по улучшению санитарного состояния. Кроме того, своевременно осуществляется вывоз мусора из урн и обеспечивается чистота в общественных местах. Эти работы, направленные на благоустройство города и улучшение экологической обстановки, ведутся системно и на регулярной основе.
Поддержание чистоты — это не только задача коммунальных служб, но и общая ответственность каждого жителя. Призываем жителей и гостей города бережно относиться к окружающей среде, соблюдать чистоту и выбрасывать мусор только в специально отведённых для этого местах.

03/06/2026
03/06/2026
02/06/2026
02/06/2026