Жамбыл облысының мемлекеттік архиві

Жамбыл облысының мемлекеттік архиві

Share

Ақиқатты көкте құдай, жерде архив қана айғақтайды. Б.Момышұлы

29/05/2026

31-МАМЫР "САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ" КҮНІНЕ ОРАЙ "АРАЙ" ГАЗЕТІНІҢ №39 САНЫНА БӨЛІМ БАСШЫСЫ С.ЗЕЙНУЛЛАҰЛЫНЫҢ "ОҢТҮСТІКТЕГІ ОЙРАН" АТТЫ МАҚАЛАСЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Photos from Жамбыл облысының мемлекеттік архиві's post 29/05/2026

"ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ АШАРШЫЛЫҚ: АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА" АТТЫ КӨРМЕ

Облыстық архивтің Мәжіліс залында 31-мамыр "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" күніне орай "ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ АШАРШЫЛЫҚ: АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА" атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде архив қорындағы ашаршылық, кәмпескелеуге қатысты архив құжаттары қойылған.

Бөлім қызметкері М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 2-курс білімгерлеріне көрме құжаттарын таныстырды.

21/05/2026

ҚҰРМЕТТІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Сіздерді 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мәдениет пен өнер саласы – кез келген мемлекеттің рухани негізі. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен шығармашылық тұрғыдағы тынбай ізденістеріңіз арқылы халқымыздың салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері жаңа биіктерге көтеріліп, жас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосылуда.

Осынау жауапты да қадірлі жолда жүргендеріңізге көп рахмет. Жұмыстарыңыз жеңіл, істеріңіз оңынан, шабыттарыңыз мәңгі тасып тұрсын.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы!

Photos from Жамбыл облысының мемлекеттік архиві's post 21/05/2026

"ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ

«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға арналған бөлімдер арасында семинар-сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында архив құжаттарын жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдаланудың жаңартылған тәртібі түсіндіріліп, талданды. Сондай-ақ қатысушылар заңнамалық өзгерістерге байланысты туындаған сұрақтарын талқылады.

Семинар-сабақ архив ісі мамандарының біліктілігін арттыруға және нормативтік талаптарды біркелкі қолдануға бағытталған.

19/05/2026

"ҮЗДІК ӨЛКЕТАНУШЫ" ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

18-мамыр "Халықаралық музейлер күні" мерекесіне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Музей түні" атты іс-шара барысында облыстық архивтің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы Республикалық "Туған жер" қазақстандық өлкентанушылар бірлестігінің ""Үздік өлкетанушы төсбелгісімен марапатталды.

14/05/2026
14/05/2026

Универсальный человек
Жамбылцы чествовали живую легенду
Середина мая 2026 года в Жамбылской области ознаменовалась рядом значимых событий, направленных на укрепление культурного кода нации и сохранение духовных ценностей. На фоне масштабной информационной работы регион торжественно отметил юбилей одного из своих выдающихся сыновей.
В Таразе в конференц-зале центра «Руханият және тарихтану» имени Шерхана Муртазы состоялась торжественная встреча, посвященная 90-летию Ильи Жаканова, Героя Труда Казахстана, выдающегося композитора, писателя, искусствоведа и нашего земляка - уроженца Сарысуского района Жамбылской области.
В мероприятии приняли участие видные общественные деятели, представители власти и культурной элиты региона. Руководитель аппарата акима Жамбылской области Лесбек Илебаев обратился к юбиляру с поздравительной речью, преподнес чапан.
Директор Государст­венного архива Жамбыл­ской области Лаззат Кожа­ханова и председатель совета биев города Тараза Сатыбалды Досымбеков подчеркнули неоценимый вклад Ильи Жаканова в духовную копилку страны. Здесь же был презентован специальный выпуск журнала «Карахан», посвященный многолетней деятельности юбиляра.
Спикеры отметили, что Илья Жаканов - личность исключительного масштаба, чей вклад в культуру признан на государственном уровне как в Казахстане, так и за его пределами.
Высшее государственное признание его заслуг - присвоение высшей степени отличия - звания «Қазақстанның Еңбек Ері» (Герой Труда Казахстана). Кроме того, он является заслуженным деятелем культуры двух республик - Казахстана и Кыргызстана.
Значимость его вклада в культуру заключается в синтезе нескольких направлений искусства и глубоком служении национальной духовности. Илья Жаканов - один из редких талантов, который сочетает в себе дарования сразу в нескольких областях: он широко известен как композитор, писатель, искусствовед и художник. Его песни «Жайлаукөл кештері», «Кеңгірдің қоңыр кештері» и «Балқантау» стали классикой национальной музыки и любимы несколькими поколениями.
Подробности на ztgzt.kz

Photos from Жамбыл облысының мемлекеттік архиві's post 13/05/2026

«ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙТАЛАНБАС ДАРЫНЫ – ИЛЬЯ ЖАҚАНОВ 90 ЖАСТА»
Қазақ руханиятының көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, жазушы, өнер зерттеушісі және суретші Илья Жақановтың 90 жасқа толуына орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Руханият және тарихтану орталығының Мәжіліс залында салтанатты кездесу өтті.
Алдымен Илья Жақановтың жеке тектік қорынан көрме дайындалып, өнер иесі мен келген қонақтарға көрсетілді.
Іс-шара барысында өңір басшылығы атынан Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Құралбайұлы Илебаев Илья Жақановқа шапан жауып, естелік сыйлық табыстады. Бұл рәсім ұлы тұлғаға деген шексіз құрмет пен ізеттің белгісі болды.
Кездесуді Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Ляззат Кожаханова мен «Қарахан» журналының бас редакторы, Тараз билер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Досымбеков жүргізді.
Құрметті қонақтар – медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабеков, Жамбыл облысы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, бастауыш ардагерлер кеңесінің төрайымы Сара Мадиева, жазушы, еңбек сіңірген қайраткер Көсемәлі Сәттібайұлы және басқалар Илья Жақанов жайлы жылы естеліктер айтып, оның еңбегінің ұлт өнері мен әдебиетінде алар орны ерекше екенін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуде Илья Жақановтың жеке тектік құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылданғаны туралы куәлік салтанатты түрде тапсырылды. Бұл – оның мұрасының ұрпаққа мәңгі жететінінің айқын дәлелі.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық, қалалық және аудандық архивтер, ардагерлер кеңестері, музей, «Арай» газеті басшылары мен қызметкерлері, ақын-жазушылар, журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты.
Кештің шырайын келтірген әнші Бекарыс Көштай «Жайлаукөл кештері», «Кеңгірдің қоңыр кештері», «Балқантау» әндерін орындап, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.
Кеш соңында жиналғандар естелік суретке түсіп, бұл шара ұлы тұлғаға деген құрметтің жарқын үлгісі болып тарихта қалды.

Photos from Жамбыл облысының мемлекеттік архиві's post 12/05/2026

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БАРЫСЫ

Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы"№326-1 Заңы,Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарының басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы " КММ-не архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.

Want your business to be the top-listed Government Service in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Абай көшесі 125 А, Бөлтірік шешен көшесі 1 Б
Taraz
080008

Opening Hours

Monday 09:00 - 13:00
14:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 13:00
14:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 13:00
14:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 13:00
14:00 - 18:00
Friday 09:00 - 13:00
14:00 - 18:00