Жамбылский департамент государственного имущества и приватизации

Жамбылский департамент государственного имущества и приватизации

Share

Уполномоченный по этике Жамбылского ДГИП КГИП МФ РК

Photos from Жамбылский департамент государственного имущества и приватизации's post 23/04/2020
22/01/2020

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен «Адалдық сағаты» іс-шарасы ұйымдастырылды, Семинарға арнайы «Ауыл» ХДП-ның Жамбыл облыстық филталының кардинаторы Нургабылов Мурат Нуридинович шақыртылды.

Photos from Жамбылский департамент государственного имущества и приватизации's post 21/06/2019

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі, Қойбағаров Ғани Сағымбекұлының ұйымдастыруымен Ұжымдағы жалпы моральді-әдептік нормаларға сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Көне-Тараз әлемі" ашық аспан музейіне саяхатынан естелік суреттер.

19/06/2019

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті аумақтық департаменттерінің республикалық меншік объектілерін сату бойынша www. gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Республикалық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бойынша
(Тараз қаласы, Әл-Фараби к-сі, 11 (5-шағын аудан) 3-бөлме)
Аукционның өткізілу күні мен уақыты: 2019 жылдың 21 маусымында Нұр-сұлтан қаласының уақыты
бойынша сағат 10.00-ден 17.00-дейін.
Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісімен аукционға қойылады:
Теңгерім ұстаушы -ҚР ҰЭМ СК «Жамбыл облысының статистика департаменті » РММ (Тараз қ., Сүлейменов к-сі, 18). Тел.8(7262) 45-65-16.
1. ВАЗ 21214 109 автокөлігі, 2008 ж.ш., мемлекеттік нөмірі 225AF08. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 438 800 теңге. Кепілдік жарнасы – 65 820 теңге.

Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісін қолдана отырып өткізу тәртібі:
1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;
2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады.
3)егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреу жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғарғы бағаға дейін жүргізіледі.
Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Сауда-сатыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; банк - «Қазақстан Халық банкі» АҚ; ИИК КZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX;БСН:050540004455; КНП: 171; Кбе:16 (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді).
Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi – ЖСН), тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi – БСН), толық атауын, бiрiншi басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);
3) кепiлдi жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп айырысу шотының деректемелерiн;
4) байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).
Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде қатысушы бiр жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмнiң веб-порталына енгiзiлген деректердi өзгертедi.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және женімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi Тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін, не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Назар аударыныз! Жер учаскесінің қадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді.
Анықтама үшін телефон: 8(7262) 34-99-85 (факс).

19/06/2019

Мемлекеттік қызмет-халыққа қызмет!
Мемлекеттік қызметкер – елдің мүддесі үшін өз күшін, уақытын аямай еңбек ететін тұлға. Қазақ елінің болашағының баянды болуы үшін аянбай еңбек ететін жастарды тәрбиелеуіміз керек!
Кез келген мемлекеттік қызметші халықтың көз алдында жүрген соң, түрлі сынға ұшырайтыны анық. Ең алдымен адал қызмет, әділ шешім, қарапайымдылық және адамгершілік қасиеттер барлық мемлекеттік қызметшінің бойынан табылуы тиіс. Себебі, біздің оймызда жеке мүддеміз емес, ең алдымен елдің, халықтың мүддесі тұрады. Бұл жүктелген міндет. Қазір еліміздің алдында тұрған басты міндет - өркениетті, дамыған елу мемлекеттің қатарына қосылу. Елге қалтқысыз, адал қызмет ету сөз болғанда, есімізге «патриоттық» ұғымы оралады. Өйткені, мемлекеттік қызметте істейтін адам «өз елінің патриоты» болуы керек, билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек. Мейірімділік пен қайырымдылықтан, ақжүректіктен мемлекеттік қызметкер шығады. Ал арлы, ақылды адам - қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді. Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, сондықтан да, кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметші болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.
Құрметті мемлекеттік қызметшілер! 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз! Еліміздің өркендеуіне қосып отырған еңбектеріңізге береке, сәттілік тілейміз!
Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы
С.Оралбаева

Photos from Жамбылский департамент государственного имущества и приватизации's post 19/06/2019

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 13 маусымы күні "23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне" арналған әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өткізілен болатын. Аталған іс-шараға "Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мен "Жамбыл облсы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен" қосылып кіші футбол ойынына команда ұйымдастырып, мачтар ойналды. Жеңісті күндер алда деген сенімдеміз!!!))

Want your business to be the top-listed Government Service in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


Улица Аль-Фараби 11
Taraz
080009

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30