Бірлескен мұражайлар дирекциясы

Бірлескен мұражайлар дирекциясы

Share

Нұр-Султан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы
The Directorate of United museums
Дирекция объединенных музеев города Нур-Султан

26/05/2026

Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!

2026 жылғы Құрбан айт мерекесіне орай 27 мамыр күні музейлерде демалыс күні болады.

Осыған байланысты:
📍 27 мамыр - демалыс күні
📍 28 мамырдан бастап музейлер қалыпты жұмыс тәртібінде келушілерді қабылдайды.

Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке тілейміз!

Photos from Бірлескен мұражайлар дирекциясы's post 21/05/2026

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні ✨

Ұлт руханиятын ұлықтап, өнер мен мәдениеттің шамын жағып жүрген барша сала мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбектеріңіз еленіп, өнер мен мәдениетке қосқан үлестеріңіз еселене берсін! 🤍

18/05/2026

⚜️18 мамыр – Халықаралық музей күні

09/05/2026

9 мамыр - Жеңіс күні! 🇰🇿

Ерлік пен батырлықтың, қайсар рух пен жеңістің мерекесі.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Photos from Бірлескен мұражайлар дирекциясы's post 06/05/2026

🇰🇿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЕЛОРДАДА ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

🌿 Бүгін Бірлескен музейлер дирекциясының қызметкерлері Дина Нұрпейісова ескерткішінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, маңайын ретке келтірді.

🏛 Мәдени мұраға құрмет – ортақ жауапкершіліктің көрінісі.

#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #ТазаОрта

Photos from Бірлескен мұражайлар дирекциясы's post 02/05/2026

Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен музейлер дирекциясы «Таза Қазақстан. Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы аясында экологиялық іс-шара ұйымдастырды.

Акция барысында «Жерұйық» саябағындағы генерал И. Панфиловтың ескерткіші мен оның айналасы тазартылып, ретке келтірілді.

Іс-шараның мақсаты - қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды насихаттау және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне назар аудару.

Дирекция әдіскері Азамат Серікұлы: «Біз бүгін тек аумақты тазалап қойған жоқпыз, әр адамның санасында тазалық пен жауапкершілік ұғымын жаңғыртуға үлес қостық. Мұндай бастамалар еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға, табиғи байлықтарды сақтауға және келер ұрпаққа таза орта қалдыруға негіз болады. Әр азамат табиғатты қорғауды жеке міндеті ретінде қабылдағанда ғана біз таза әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз», - деді.

Photos from Бірлескен мұражайлар дирекциясы's post 01/05/2026

Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!

Мамыр айындағы мерекелік демалыс күндеріне қарамастан, Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен музейлер дирекциясына қарасты «АЛЖИР» мемориалды-музейлік кешені, Сәкен Сейфуллин және Өнер музейлері әдеттегі жұмыс тәртібімен қызмет көрсетеді.

Жоғарыда аталған музейлерге дүйсенбіден басқа күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келе аласыздар. Кассалар 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Егер экскурсиямен келуді жоспарласаңыздар, алдын ала жазылу қажет. Байланыс нөмірлері музейлердің ресми парақшаларының жоғарғы бөлігінде орналасқан профильде көрсетілген.

Музейлерімізге қош келдіңіздер!

———————

Уважаемые жители столицы и гости города!

Несмотря на праздничные выходные в мае, музеи, входящие в состав Дирекции объединённых музеев акимата города Астаны - Мемориально-музейный комплекс «АЛЖИР», Музей Сакена Сейфуллина и Музей искусства работают в обычном режиме.

Посетить указанные музеи можно ежедневно, кроме понедельника, с 09:00 до 18:00. Кассы работают до 17:00.

Если вы планируете посетить музей с экскурсией, просим заранее записаться. Контактные номера указаны в профиле на официальных страницах музеев.

Будем рады видеть вас в наших музеях!

Photos from Бірлескен мұражайлар дирекциясы's post 30/04/2026

Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!

Мамыр айындағы мерекелік демалыс күндеріне қарамастан Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен музейлер дирекциясына қарасты «АЛЖИР» мемориалды-музейлік кешені, Сәкен Сейфуллин және Өнер музейлері әдеттегі жұмыс тәртібімен қызмет көрсетеді.

Жоғарыда аталған музейлерге дүйсенбіден басқа күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келе аласыздар. Кассалар 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Егер экскурсиямен келуді жоспарласаңыздар, алдын ала жазылу қажет. Байланыс нөмірлері музейлердің ресми парақшаларының жоғарғы бөлігінде орналасқан профильде көрсетілген.

Музейлерімізге қош келдіңіздер!

———————

Уважаемые жители столицы и гости города!

Несмотря на праздничные выходные в мае, музеи, входящие в состав Дирекции объединённых музеев акимата города Астаны Мемориально-музейный комплекс «АЛЖИР», Музей Сакена Сейфуллина и Музей искусства - работают в обычном режиме.

Посетить указанные музеи можно ежедневно, кроме понедельника, с 09:00 до 18:00. Кассы работает до 17:00.

Если вы планируете посетить музей с экскурсией, просим заранее записаться. Контактные номера указаны в профиле на официальных страницах музеев.

Будем рады видеть вас в наших музеях!

Photos from Бірлескен мұражайлар дирекциясы's post 25/04/2026

🌱 Тарихқа тағзым - тазалықтан басталады

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана қаласы әкімдігіне қарасты Бірлескен музейлер дирекциясының қызметкерлері «АЛЖИР» мемориалды-музейлік кешені аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бұл игі шара барысында кешен аумағы қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді.

Бұл - жай ғана сенбілік емес. Бұл - тарихқа деген құрмет, өткенге тағзым, болашаққа жауапкершілік.

Want your business to be the top-listed Government Service in Tselinograd?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Отырар 1/2
Tselinograd
010000

Opening Hours

Monday 10:00 - 18:00
Tuesday 10:00 - 18:00
Wednesday 10:00 - 18:00
Thursday 10:00 - 18:00
Friday 10:00 - 18:00