18/10/2025
ҚР АҚДМ Дін істері комитеті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті
18/10/2025
16/10/2025
2025 жылғы 16 қазанда Астанада діни бірлестіктер өкілдерінің жиналысы аясында «Рухани келісім – адам, табиғат және технология арасындағы үйлесімділіктің негізі» тақырыбында халықаралық конференция өткізілді. Конференция Қазақстандағы Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылды.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы болды.
Конференцияның мақсаты – көпэтносты және поликонфессиялы Қазақстан қоғамында бірлік пен тұрақтылықты нығайту жолында бейбітшілік пен рухани келісім, үйлесім мен төзімділік идеалдарын ілгерілету, сондай-ақ азаматтарды ортақ адамгершілік және ұлттық рухани құндылықтар төңірегіне топтастыру.
Күн тәртібі аясында қазақстандықтарға тән тарихи қалыптасқан төзімділік, ынтымақтастық пен ашықтық сияқты құндылықтар талқыланды. Бұл құндылықтар – адам, табиғат және технологиялық даму арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылды.
Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында рухани бағдарды сақтау, моральдық жауапкершілік пен ортақ адамзаттық болашақты сезіну мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Конференция жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің, Астана қаласының дін істері жөніндегі басқармасының, дипломатиялық корпустың, діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
Өткізілген конференция Қазақстанның конфессияаралық келісім идеяларына адалдығын көрсетіп, бейбіт қатар өмір сүру және өзара түсіністік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі болып табылады.
******
16 октября 2025 года в Астане в рамках Собрания представителей религиозных объединений была проведена Международная конференция на тему «Духовное согласие как основа гармонии человека, природы и технологий», приуроченная Дню духовного согласия в Казахстане.
Организаторами мероприятия выступили Министерство культуры и информации Республики Казахстан и Международный центр межконфессионального и межрелигиозного диалога.
Цель конференции — продвижение идеалов мира и духовного согласия, гармонии и толерантности во имя укрепления единства и стабильности в многоэтничном и поликонфессиональном обществе Казахстана, а также сплочение граждан вокруг общих нравственных и национальных духовных ценностей.
В рамках повестки дня были обсуждены исторически сложившиеся ценности толерантности, солидарности и открытости, присущие казахстанскому народу, как основа для построения гармоничных отношений между человеком, природой и технологическим развитием.
Особое внимание было уделено вопросам сохранения духовных ориентиров, моральной ответственности и осознания общего человеческого будущего в условиях научно-технического прогресса.
В работе конференции приняли участие представители Комитета по делам религий Министерства культуры и информации РК, Управления по делам религий г. Астаны, дипломатического корпуса, религиозных объединений, Ассамблеи народа Казахстана, научно-экспертного сообщества, неправительственных организаций, отечественные и зарубежные эксперты.
Проведенная конференция отражает приверженность Казахстана идеям межконфессионального согласия и служит вкладом в развитие культуры мирного сосуществования и взаимопонимания.
01/10/2025
Ағымдағы жылдың 1 қазанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде Дін істері комитетінің төрағасы Ануар Хатиев Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Кеңсе басшысы, Экономикалық, цифрлық және саяси мәселелер жөніндегі үйлестіруші Густаф Дауд Сираитпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар азаматтардың діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған туроператорлық қызметті, сондай-ақ өзара түсіністік пен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында А. Хатиев Министрлік конфессияаралық келісім саласын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, сондай-ақ индонезиялық тараппен одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.
1 октября т.г. в Министерстве культуры и информации РК состоялась встреча председателя Комитета по делам религий Ануара Хатиева с Главой канцелярии, Координатором по экономическим, цифровым и политическим вопросам Посольства Республики Индонезия в Республике Казахстан Густафом Даудом Сираитом.
В ходе встречи стороны обсудили вопросы осуществления туроператорской деятельности, направленной на удовлетворение религиозных потребностей граждан, а также реализации инициатив, способствующих дальнейшему углублению взаимопонимания и сотрудничества.
В завершение встречи А. Хатиев отметил, что Министерство уделяет особое внимание развитию сферы межконфессионального согласия, а также выразил уверенность в дальнейшем плодотворном сотрудничестве с индонезийской стороной.
25/09/2025
А.ж. 25 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайы ғимаратында Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға Дін істері комитетінің төрағасы А.Н. Хатиев, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының басшылығы және Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Жиналыс жұмысы аясында қатысушыларға мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылының, қоғамдағы дәстүрлі құндылықтар мен рухани келісімді нығайтудың басқа да өзекті мәселелері, сондай-ақ Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің қорытындылары талқыланды.
А.Н. Хатиев сөз сөйлеу кезінде Съезге белсене қатысқаны үшін барлық діни бірлестіктердің өкілдеріне алғыс айтып, ұлты мен дініне қарамастан әркімнің бұл іс-шараға қатысуы басқа елдер үшін рухани келісімінің үлгісі екенін атап өтті.
Өз кезегінде діни бірлестіктердің өкілдері дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін Жиналыстың мүшелері үшін «Турин кебіні» мен «Қасиетті кітаптар» көрмелері өтіп жатқан Бейбітшілік пен келісім мұражайында экскурсия ұйымдастырылды.
25 сентября т.г. во Дворце мира и согласия состоялось заседание Собрания представителей религиозных объединений.
На мероприятии приняли участие Председатель Комитета по делам религий А.Н. Хатиев, руководство Международного центра межконфессионального и межрелигиозного диалога и представители зарегистрированных в Казахстане религиозных объединений.
В рамках работы Собрания были обсуждены актуальные вопросы взаимодействия государства и религиозных объединений, укрепления традиционных ценностей и духовного согласия в обществе, подведены итоги прошедшего в Астане VIII Съезда лидеров мировых и традиционных религий.
Выступая с приветственным словом Хатиев А.Н. поблагодарил представителей всех религиозных объединений за активное участие в VIII Съезде лидеров мировых и традиционных религий и отметил, что независимо от этноса и вероисповедания, участие в данном мероприятии - это пример духовного согласия для других стран.
В свою очередь представители религиозных объединений отметили важность сохранения и укрепления традиционных ценностей.
По завершению мероприятия для участников Собрания была организована экскурсия по музею Мира и согласия, где одновременно проходят выставки «Туринская плащаница» и «Священные книги».
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, № 8, «Министрліктер үйі», №15 кіреберіс
Tselinograd
010000
