06/11/2025
🇰🇿🌏Халықаралық ұйымдар Қазақстанның ұлттық статистикасының қызметіне жоғары баға берді
«Ұлттық статистикалық жүйелердің цифрлық трансформациясы» форумының ресми ашылуына, Қазақстандағы мемлекеттік статистиканың 105 жылдық мерейтойына орай, БҰҰ, БҰҰ ЕЭК, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЮНИДО, ЮНФПА өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ғылыми және сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.
⚡️Форумда сөз сөйлеген Дүниежүзілік банктің өкілі Андрей Михнев Қазақстан соңғы жылдары елеулі прогреске қол жеткізіп, табысы ортадан жоғары елге айналғанын атап өтті. Бұл әсерлі нәтижелер елдің экономикалық өсім мен дамуға деген ұмтылысын айқын дәлелдейтінің айтты.
«Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы Орталық Азия өңірінде көшбасшы ретінде ерекшеленеді. Инновациялық көзқарасы Қазақстандағы деректердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, көрші елдерді де осындай жаңашылдықтарды енгізуге ынталандырды. Озық тәжірибемен белсенді алмасу арқылы Бюро Қазақстанның өңірлік статистикалық орталық ретіндегі позициясын нығайтты.
Алдағы кезеңге көз жүгіртсек, Дүниежүзілік банк Ұлттық статистика бюросын қолдауға деген берік ұстанымын сақтайды. Тиімді мемлекеттік басқару мен орнықты дамудың негізі – сенімді, тәуелсіз және инновациялық статистикалық жүйе екеніне біз нық сенеміз. Қазақстан статистикалық инновациялар саласында көшбасшылықты сақтап, деректер елдің ілгерілеуі мен өркендеуінің маңызды қозғаушы күшіне айналуы үшін біз Бюроның өршіл мақсаттарын одан әрі қолдаймыз», – деді А. Михнев.
⚡️БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Сарангo Раднарагча Қазақстанды үш жыл ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған стратегиялық міндет ел үшін батыл бағдар екенін атап өтіп, Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл көзқарасты жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
«Ұлттық статистика бюросын 105 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бюро – ТДМ-ды ілгерілету ісінде БҰҰ-ның стратегиялық әріптесі. Көп жылдар бойы агенттіктеріміз әртүрлі бағыттарда тығыз ынтымақтастық орнатып келеді: 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын дайындау барысында ФАО-мен, гендерлік деректер бойынша БҰҰ-Әйелдер құрылымымен, ұлттық статистикалық жүйелерді бағалау бойынша БҰҰ ЕЭК-пен, Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) аясында ЮНИСЕФ және ЮНФПА-мен, халық санының болжамы бойынша ЮНФПА-мен жұмыс атқарылды, сондай-ақ 2021 жылы халық және тұрғын үй қоры санағын толықтай қағазсыз форматта өткізуге қолдау көрсетілді. Бұл тек бірнеше мысал ғана. Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да тереңдей беретініне сенімдіміз», – деді ол.
⚡️Азия даму банкінің өкілі Утсав Кумар қазіргі өзара байланысқан әлемде орнықты статистикалық жүйелердің маңызы артып келе жатқанын, олардың елдерге ұлттық және жаһандық мақсаттар, соның ішінде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу барысын өлшеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Агенттік пен Ұлттық статистика бюросы басшылығы және қызметкерлерінің алғыр әрі стратегиялық көзқарасын ерекше атап өткім келеді. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген Қазақстанның ұлттық даму көрінісіне толық сай келеді. Әсіресе статистика саласына жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу бағытындағы Бюроның ашықтығын атап өткен жөн. Ұлттық статистика бюросының даму серіктестерімен, атап айтқанда АДБ, ЮНИСЕФ және ЮНФПА бірлесіп жүзеге асырған Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) аясындағы ынтымақтастығын жоғары бағалаймын. Бұл зерттеу әсерлі нәтижелер көрсетті – үй шаруашылықтарының қамтылу деңгейі 96,3%-ды құрады», – деді У. Кумар.
_______________________
🇰🇿🌍 Международные организации дали высокую оценку деятельности национальной статистики Казахстана
На официальном открытии форума «Цифровая трансформация национальных статистических систем», приуроченного к 105-летнему юбилею государственной статистики Казахстана принимали участие представители ООН, ЕЭК ООН, ОЭСР, Всемирного банка, Азиатского банка развития, ЮНИДО, ЮНФПА а также государственных органов, научного и экспертного сообщества.
⚡️Выступая на форуме, представитель Всемирного банка Андрей Михнев подчеркнул, что Казахстан достиг значительного прогресса за последние годы, став страной с уровнем дохода выше среднего. Эти впечатляющие достижения подтверждают стремление страны к экономическому росту и развитию.
«Бюро национальной статистики Казахстана выделяется как региональный лидер в Центральной Азии. Его инновационный подход способствовал повышению качества и доступности данных в Казахстане, а также стал стимулом для соседних стран внедрять аналогичные улучшения. Благодаря активному обмену передовыми практиками Бюро укрепило позицию Казахстана как регионального центра статистической деятельности.
Смотря в будущее, Всемирный банк остаётся глубоко приверженным поддержке Бюро национальной статистики. Мы признаём, что надёжные, независимые и инновационные статистические системы являются ключом к эффективному государственному управлению и устойчивому развитию. Мы и далее будем поддерживать амбициозные цели Бюро, обеспечивая сохранение лидирующих позиций Казахстана в сфере статистических инноваций и гарантируя, что данные продолжат служить двигателем прогресса для всех» - отметил А.Михнев.
⚡️По словам постоянного координатора ООН в Казахстане Саранго Раднарагча стремление превратить Казахстан в полностью цифровую нацию в течение трёх лет, озвученное Президентом Касым-Жомартом Токаевым, задаёт смелый вектор для всех и Организация Объединённых Наций готова поддержать это видение.
«Поздравляю Бюро национальной статистики со 105-летием. Бюро является стратегическим партнёром ООН в продвижении ЦУР. На протяжении многих лет наши агентства тесно сотрудничали в различных направлениях – ФАО в рамках подготовки Национальной сельскохозяйственной переписи 2025 года, ООН-Женщины – по гендерным данным, ЕЭК ООН – по оценкам национальных статистических систем, ЮНИСЕФ и ЮНФПА – по Мультииндикаторному кластерному обследованию, ЮНФПА – по прогнозам численности населения, а также поддерживали проведение первой полностью безбумажной переписи населения и жилищного фонда в 2021 году. И это лишь несколько примеров. Мы уверены, что наше сотрудничество будет и дальше углубляться» - сказала она.
⚡️Представитель Азиатского банка развития Утсав Кумар что в современном взаимосвязанном мире устойчивые статистические системы имеют возрастающее значение, помогая странам измерять прогресс в достижении национальных и глобальных целей.
«Хочу отметить дальновидный подход руководства и сотрудников АСПиР и Бюро национальной статистики, а также их соответствие национальному видению развития Казахстана под руководством Президента Токаева. Особенно важно подчеркнуть открытость БНС к внедрению искусственного интеллекта и цифровизации в сфере статистики. Я высоко ценю сотрудничество Бюро национальной статистики с партнёрами по развитию, в частности в реализации Мультииндикаторного кластерного обследования (MICS), проведённого совместно с АБР, ЮНИСЕФ и ЮНФПА. Оно продемонстрировало впечатляющий результат - уровень отклика домохозяйств составил 96,3%», - сказал У.Кумар.