09/05/2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан бірқатар стратегиялық инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Атап айтқанда, «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы және Сарыағаш қаласының айналма автомобиль жолын салу жобалары бойынша көшпелі кеңес өткізілді.
Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігіндегі көлік-логистикалық әлеуетті арттыруда маңызды рөл атқаратын «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Ұзындығы 152 шақырымды құрайтын жаңа теміржол желісі Ресей мен Қытайдан Орталық Азия елдеріне бағытталған транзиттік тасымалдарды дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба Сарыағаш станциясына түсетін жүктемені 40 пайызға дейін төмендетуге ықпал етеді. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ министрлік басшылығы Сарыағаш қаласының айналма автомобиль жолы құрылысының барысын тексерді. Құрылыс жұмыстары өткен айда басталған. Жоба Сарыағаш қаласындағы көлік жүктемесін азайтып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік ағынның қозғалысын жеделдетуге бағытталған.
Жоба аясында ұзындығы 102 шақырым болатын I-а техникалық санаттағы төрт жолақты заманауи автожол салынады. Автожол халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған және қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша министрлік басшылығы жауапты ұйымдарға нақты тапсырмалар беріп, жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
➖
Руководство Министерства транспорта РК проверило ход реализации крупных инфраструктурных проектов в Туркестанской области
Руководство Министерства транспорта Республики Казахстан в рамках рабочей поездки в Туркестанскую область ознакомилось с ходом реализации ряда стратегических инфраструктурных проектов, реализуемых по поручению Главы государства.
В частности, проведено выездное совещание по вопросам строительства железнодорожной линии «Дарбаза – Мактаарал» и объездной автомобильной дороги города Сарыагаш.
В настоящее время активно ведётся строительство железнодорожной линии «Дарбаза – Мактаарал», которая станет одним из ключевых проектов по развитию транспортно-логистического потенциала юга Казахстана.
Новая железнодорожная линия протяжённостью 152 километра позволит расширить транзитные перевозки из России и Китая в страны Центральной Азии. Кроме того, реализация проекта позволит снизить нагрузку на станцию Сарыагаш на 40 процентов. Завершение строительства планируется до конца 2026 года.
Также руководство министерства ознакомилось с ходом строительства объездной автомобильной дороги города Сарыагаш. Строительные работы по проекту стартовали в прошлом месяце. Реализация проекта позволит снизить транспортную нагрузку на город Сарыагаш и ускорить транзитное сообщение в направлении Узбекистана.
В рамках проекта будет построена современная четырёхполосная автомобильная дорога I-а технической категории протяжённостью 102 километра. Дорога проектируется в соответствии с международными стандартами и обеспечит безопасное и бесперебойное движение транспорта.
По итогам выездного совещания руководством министерства даны конкретные поручения ответственным организациям, с акцентом на качественную и своевременную реализацию проектов.
09/05/2026
🔸️Көлік министрі Шымкент әуежайындағы жаңғырту жұмыстарымен танысты
Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Шымкент халықаралық әуежайына барып, екінші ұшу-қону жолағын салу жобасының барысымен танысты.
Сонымен қатар, жобада такси жолдарын, авариялық-құтқару станцияларын, инженерлік желілерді және периметрлік қоршауларды қоса алғанда, тиісті инфрақұрылымды орнату, сондай-ақ әуеайлақты ИКАО-ның III санатты жарық сигналдық жабдықтарымен жарақтандыру көзделген.
Екінші ұшу қону жолағының құрылысы Қазақстанның аэрохабтарын дамыту шеңберінде іске асырылатын негізгі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылатыны атап өтілді.
Жоба әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға, оның заманауи әуе кемелерін өңдеу мүмкіндігін кеңейтуге және аймақтың транзиттік және логистикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Тексеру қорытындысы бойынша министр барлық жоспарланған жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды.
***
🔸️Министр транспорта ознакомился с модернизацией аэропорта Шымкент
В рамках рабочего визита в город Шымкент Министр транспорта Республики Казахстан Нурлан Сауранбаев посетил Международный аэропорт Шымкент, где ознакомился с ходом реализации проекта по строительству второй взлетно-посадочной полосы.
Проектом также предусмотрено устройство соответствующей инфраструктуры, включая рулежные дорожки, аварийно-спасательные станции, инженерные сети и периметровое ограждение, а также оснащение аэродрома светосигнальным оборудованием III категории ИКАО.
Отмечено, что строительство второй ВПП является одним из ключевых инфраструктурных проектов, реализуемых в рамках развития аэрохабов Казахстана.
Проект направлен на увеличение пропускной способности аэропорта, расширение возможностей по приему современных типов воздушных судов, а также укрепление транзитного и логистического потенциала региона.
По итогам осмотра Министр поручил обеспечить своевременное и качественное завершение всех предусмотренных работ.
08/05/2026
🔹Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ғимаратында көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс кеңестері өтті.
Кеңестер аясында жобаларды іске асыру барысы, құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі қарқыны және нысандарды уақтылы аяқтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалар тыңдалды.
Кеңестерге Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының өкілдері қатысты.
Белгіленген мерзімдердің сақталуына, мемлекеттік органдар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және мердігер ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруге, сондай-ақ жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кеңестер қорытындысы бойынша өңірлердегі теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтауға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді. Көлік министрлігі жобалардың іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
➖
🔹В Минтранспорта заслушали регионы и КТЖ по модернизации вокзалов
В Министерстве транспорта Республики Казахстан под председательством вице-министра транспорта Республики Казахстан Жанибека Тайжанова проведены рабочие совещания по вопросам модернизации железнодорожных вокзалов с участием представителей АО «НК «Қазақстан темір жолы» и местных исполнительных органов.
В рамках совещаний заслушаны доклады о ходе реализации проектов, текущих темпах строительно-монтажных работ и принимаемых мерах по обеспечению своевременного завершения объектов.
В совещаниях приняли участие представители Акмолинской, Северо-Казахстанской, Костанайской, Актюбинской, Атырауской, Мангистауской, Восточно-Казахстанской областей, области Абай и области Жетісу.
Особое внимание уделено соблюдению установленных сроков, координации взаимодействия между государственными органами, АО «НК «Қазақстан темір жолы» и подрядными организациями, а также созданию комфортных и безопасных условий для пассажиров, включая обеспечение доступной среды для маломобильных граждан.
По итогам совещаний даны соответствующие поручения, направленные на своевременное и качественное завершение работ по модернизации железнодорожных вокзалов в регионах. Министерство транспорта держит реализацию проектов на постоянном контроле.
08/05/2026
Көлік министрлігі Астана – Франкфурт рейсіне қатысты оқиғаны тергеп-тексереді
2026 жылғы 8 мамырда Астана – Франкфурт бағыты бойынша KZR921 рейсін орындау кезінде «Air Astana» АҚ-ның EI-KGJ тіркеу нөмірлі Airbus A321 әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды.
Астана әуежайынан ұшып шыққаннан кейін әуе кемесінің экипажы қозғалтқыштардың бірінің істен шығуына байланысты PAN-PAN шұғыл дабылын жариялады. Осыған байланысты экипаж Ақтөбе қаласының қосалқы әуежайына қону туралы шешім қабылдады.
Әуе кемесінің бортында 93 жолаушы, оның ішінде 4 бала мен 1 нәресте, сондай-ақ экипаждың 9 мүшесі болған.
Әуе кемесі Ақтөбе әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 11:34-те штаттық режимде қонды. Экипаж әуе кемесінің жедел пайдалану жөніндегі анықтамалығында (QRH – Quick Reference Handbook) көзделген рәсімдерге сәйкес әрекет етті. Қонғаннан кейін әуе кемесі тұрақ орнына өздігінен жетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың авариялық-құтқару және тиісті жерүсті қызметтері жұмылдырылды.
Авиациялық оқиға әуе кемесінің күштік қондырғысындағы техникалық ақауға байланысты болды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе әуе кемесінің зақымдануы туралы ақпарат түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №505 бұйрығымен бекітілген авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес аталған авиациялық оқиға ауыр инцидент ретінде жіктеліп, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті тергейтін болады.
Алғашқы іс-шараларды жүргізу және ақпарат жинау мақсатында авиациялық оқиға орнына Департамент қызметкерінің баруы жоспарлануда.
➖
Министерство транспорта расследует авиационный инцидент с рейсом Астана –Франфуркт
8 мая 2026 года в ходе выполнения рейса KZR921 по маршруту Астана – Франкфурт с воздушным судном Airbus A321, регистрационный номер EI-KGJ авиакомпании АО «Air Astana», произошло авиационное событие.
После вылета из аэропорта Астаны экипаж воздушного судна объявил сигнал срочности PAN-PAN в связи с отказом одного из двигателей. Экипажем было принято решение о следовании на запасной аэродром Актобе для выполнения посадки.
На борту воздушного судна находились 93 пассажира, включая 4 детей и 1 младенца, а также 9 членов экипажа.
Посадка воздушного судна в аэропорту Актобе произведена в штатном режиме в 11:34 по местному времени. Экипаж воздушного судна действовал в соответствии с процедурами, предусмотренными сборником оперативной информации воздушного судна (QRH – Quick Reference Handbook). После посадки воздушное судно самостоятельно зарулило на стоянку. Для обеспечения безопасности были задействованы аварийно-спасательные и соответствующие наземные службы аэропорта.
Авиационное событие связано с технической неисправностью силовой установки воздушного судна. Информация о пострадавших либо повреждениях воздушного судна на данный момент не поступала.
В соответствии с Правилами представления данных и расследования авиационных происшествий и инцидентов, утвержденными приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 июля 2017 года № 505, авиационное событие классифицировано как серьезный инцидент и подлежит расследованию Департаментом по расследованию происшествий и инцидентов на транспорте Министерства транспорта Республики Казахстан.
Для проведения первоначальных мероприятий и сбора информации на место авиационного события планируется выезд сотрудника Департамента.
08/05/2026
Журналистер Қызылорда облысындағы асфальтбетон зауыттарының жұмысымен танысты
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Қызылорда облысындағы асфальтбетон зауыттарына баспасөз туры ұйымдастырылды. Журналистер өндірістік процестермен танысып, технологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізді.
Жол-құрылыс маусымының басталуымен облыс кәсіпорындары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Қазір, өңірде 23 асфальтбетон зауыты бар. Оның 12-сі Қызылорда қаласында орналасқан. Сапар барысында БАҚ өкілдеріне инертті материалдарды дайындаудан бастап дайын өнімді объектілерге жөнелтуге дейінгі асфальтбетон қоспасын өндірудің толық циклі көрсетілді.
Атап айтқанда, "УАД" ЖШС кәсіпорнында өндіріс заманауи технологиялық шешімдерді қолдана отырып ұйымдастырылған. Қиыршық тас пен битум 160°C дейінгі температурада термиялық өңдеуден өтеді, содан кейін автоматты режимде қоспаның құрамына оның пайдалану сипаттамаларын арттыратын арнайы қоспалар араластырылады.
Дайын өнімді 155-160°C температурада тиеліп, объектіге жеткізуге қойылатын міндетті талаптар сақтады.
Сонымен қатар, өңірде бірқатар инфрақұрылымдық жобаларға қатысқан "Қыран" ЖШС асфальтбетон зауытына барды.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 1500 тоннаға дейін асфальт шығарады. Өндіріс процесі автоматтандырылған, сапаны бақылау цифрлық жүйемен қадағаланып, нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.
Баспасөз туры барысында мамандар технологиялық процестерге мониторинг жүргізіп, бұрын жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы хабардар етті.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мәліметіне қарағанда кәсіпорындар белгіленген нормативтерге сәйкес жұмыс істейді. Өндірісте қолданылатын материалдар мен қоспалар міндетті зертханалық сынақтардан өтеді.
Өңірдің кәсіпорындары жол-құрылыс маусымы белсенді кезеңінде үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін шикізат қорларын алдын ала қалыптастырғаны атап өтілді.
Өткізілген баспасөз туры БАҚ өкілдеріне өндірістік базаның жай-күйі және өңірдегі жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау деңгейі туралы объективті түсінік алуға мүмкіндік берді.
—-
Журналистам показали работу асфальтобетонных заводов Кызылординской области
В Кызылординской области состоялся пресс-тур с участием представителей средств массовой информации, в рамках которого были посещены асфальтобетонные заводы региона. Журналисты ознакомились с производственными процессами и провели мониторинг соблюдения технологических требований.
С началом дорожно-строительного сезона предприятия области функционируют в усиленном режиме. В настоящее время в регионе действует 23 асфальтобетонных завода, из них 12 расположены в городе Кызылорда. В ходе визита представителям СМИ продемонстрировали полный цикл производства асфальтобетонной смеси — от подготовки инертных материалов до отгрузки готовой продукции на объекты.
В частности, на предприятии ТОО «УАД» производство организовано с применением современных технологических решений. Щебень и битум проходят термическую обработку при температуре до 160°C, после чего в автоматическом режиме в состав смеси вводятся специальные добавки, повышающие её эксплуатационные характеристики. Отгрузка готовой продукции осуществляется при температуре 155–160°C с обязательным соблюдением требований к доставке на объект.
Также был посещён асфальтобетонный завод ТОО «Қыран», участвующий в реализации ряда инфраструктурных проектов в регионе.
Производственные мощности предприятия достигают до 1500 тонн асфальта в сутки. Процесс производства автоматизирован, контроль качества осуществляется в режиме реального времени с использованием цифровых систем.
В ходе пресс-тура специалисты провели мониторинг технологических процессов и проинформировали о результатах проведённых ранее проверок. По данным Национального центра качества дорожных активов, предприятия функционируют в соответствии с установленными нормативами. Применяемые в производстве материалы и добавки проходят обязательные лабораторные испытания.
Отмечено, что предприятия региона заблаговременно сформировали запасы сырья, что обеспечивает бесперебойную работу в период активного дорожно-строительного сезона.
Проведённый пресс-тур позволил представителям СМИ получить объективное представление о состоянии производственной базы и уровне контроля качества дорожно-строительных материалов в регионе
05/05/2026
🔷Астанада халықаралық университет құру және авиациялық кадрларды даярлау мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Kent State University вице-президенті Мелоди Тэнкерсли бастаған делегациямен кездесті.
Kent State University – авиация саласы мен авиациялық мамандарды даярлау бағытында білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, инфрақұрылымы дамыған АҚШ-тың мемлекеттік университеті.
Университет өкілдерінің Қазақстанға сапарының негізгі мақсаты – халықаралық авиациялық университет құру мәселесін талқылау. Жоспар бойынша, жаңа оқу орны Қазақстанда бірлескен жоба ретінде іске асырылып, авиациялық мамандарды халықаралық стандарттарға сәйкес даярлайтын болады.
Сонымен қатар, Азаматтық авиация академиясымен ынтымақтастық дамып келеді. Оның аясында қос диплом бағдарламалары, академиялық мобильдік және бірлескен ғылыми жобалар қарастырылған.
Кездесу барысында Мелоди Тэнкерсли жаһандық әріптестік білім беру сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.
Тараптар кадрлар даярлау сапасын арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу үшін ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
***
🔷В Астане обсудили вопросы по созданию международного университета и подготовке авиационных кадров
Вице-министр транспорта РК Талгат Ластаеввстретился с представителями Kent State University во главе с исполнительным вице-президентом Мелоди Тэнкерсли.
Kent State University – государственный университет США с развитой инфраструктурой, реализующий программы в области авиации и подготовки авиационных специалистов.
Цель визита представителей университета в Казахстан – обсуждение создания международного авиационного университета. Планируется, что новый университет станет совместным проектом в Казахстане и будет готовить авиационных специалистов по международным стандартам.
Параллельно развивается сотрудничество с Академия гражданской авиации, включая двудипломные программы, академическую мобильность и совместные научные проекты.
В ходе встречи Мелоди Тэнкерсли отметила, что глобальное партнерство является ключевым фактором повышения качества образования.
Стороны обсудили перспективные направления дальнейшего сотрудничества, направленные на повышение качества подготовки кадров и внедрение международных стандартов.
04/05/2026
🔷Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды
2026 жылғы 4 мамырдан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның Бас атқарушы директоры лауазымына Майкл Дэниел тағайындалды.
Майкл Дэниел авиация саласы бойынша профильдік білімге ие, АҚШ-тағы Эмбри-Риддл аэроғарыш университетін «Аэронавтика» мамандығы бойынша тәмамдаған және азаматтық авиация саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар.
Кәсіби қызметін АҚШ-тың Азаматтық авиация жөніндегі федералдық басқармасында (FAA) бастаған. Бұл мекемеде ұшу пайдалану инспекторы, әуе кемелерін сертификаттау жөніндегі маман, ұшу қауіпсіздігі қызметінің басшысы, сондай-ақ халықаралық бағдарламалармен саясат жөніндегі аға менеджер сияқты бірқатар маңызды лауазымдарды атқарған.
FAA-ның Франкфурт, Нью-Йорк және Вашингтон қалаларындағы халықаралық кеңселерінде жұмыс тәжірибесі бар. 2006–2009 жылдары Сингапур мен Бейжіңдегі FAA халықаралық кеңселерін басқарған, онда шетелдік жөндеу ұйымдарына қадағалау жүргізіп, халықаралық қауіпсіздік бағалауларын жүзеге асырған.
Әр жылдары халықаралық бастамаларды, оныңішінде APEC-тің көлік қауіпсіздігі және әуеқатынасы жөніндегі жұмыс тобын басқарған, халықаралық қадағалау және қауіпсіздікті бағалау мәселелеріне жетекшілік еткен, сондай-ақ бірқатар басшылық лауазымдарды атқарып, бірнеше жыл бойы Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен(ИКАО) жұмыс жасаған.
Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе компанияларын сертификат таужәне мемлекеттік қадағалау жүйелерін дамыту саласында ауқымды халықаралық тәжірибеге ие.
Жаңа басшының негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстерін ашу болады.
***
🔷Назначен новый глава Авиационной администрации Казахстана
С 4 мая 2026 года Главным исполнительным директором АО «Авиационная администрация Казахстана» назначен Майкл Дэниел.
Майкл Дэниел имеет профильное авиационное образование, окончил Аэрокосмический университет Эмбри-Риддл (США) по специальности «Аэронавтика», и более 40 лет опыта в сфере гражданской авиации.
Профессиональную деятельность начал в Федеральном управлении гражданской авиации США (FAA), где занимал ряд ключевых должностей, включая инспектора по летной эксплуатации, специалиста по сертификации воздушных судов, руководителя службы безопасности полетов, а также старшего менеджера международных программ и политики.
Имеет опыт работы в международных офисах FAA во Франкфурте, Нью-Йорке, Вашингтоне, с 2006 по 2009 годы руководил международным офисом FAA в Сингапуре и Пекине, где осуществлял надзор за иностранными ремонтными станциями и проводил международные оценки безопасности.
В разные годы возглавлял профильные международные инициативы, включая рабочую группу APEC по безопасности транспорта и авиасообщению, курировал вопросы международного надзора и оценки безопасности, занимал ряд руководящих должностей, в течение ряда лет сотрудничал с Международной организацией гражданской авиации (ИКАО).
Обладает значительным международным опытом в области обеспечения безопасности полетов, сертификации авиакомпаний и развития систем государственного надзора в гражданской авиации.
Одной из главных задач нового руководителя станет открытие прямых рейсов из Казахстана в США.
04/05/2026
🔷 Қазақстанда автожолдар саласындағы нормативті - техникалы құжаттар жаңартылуда
Қазақстанда жол саласын реттейтін нормативтік база түбегейлі жаңартылып жатыр. Бұл процесс енді тек жоспар деңгейінде емес нақты іске асыру кезеңіне өтті.
Жаңарту жұмыстары 2024–2029 жылдарға арналған автожол саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылып, автомобиль жолдарының сенімділігіне, қауіпсіздігіне және толық өмірлік цикліне бағытталған заманауи реттеу жүйесін қалыптастыруға негізделген.
Реформа ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасымен «ҚазжолҒЗИ» АҚ тарапынан жүзеге асырылуда.
2023 жылдан бері жүргізілген талдау барысында 1200-ден астам нормативтік құжат зерттеліп, олардың едәуір бөлігі қазіргі талаптарға сай келмейтіні анықталды. Соның нәтижесінде кейбірі қайта қаралып, бірқатары мүлде жойылуда. Қазірдің өзінде 125 ескірген құжат күшін жойды.
Жаңа стандарттар тек қағаз жүзінде жазылмайды, олар ғылыми зерттеулер мен халықаралық тәжірибеге сүйеніп әзірленуде. Негізгі өзгеріс жолды тек салу емес, оны жобалаудан бастап күтіп-ұстау мен жөндеуге дейін толық цикл ретінде қарастыру.
Қазірдің өзінде 2026 жылға арналған жұмыстар аясында 5 ұлттық стандарт пен 9 салалық құжат дайындалып жатыр. Олар жол құрылысына жаңа материалдарды енгізу, жол жамылғыларын күтіп-ұстау, көпірлерді дамыту және экологиялық талаптарды күшейту бағыттарын қамтиды.
Реформа жол саласының жұмыс істеу қағидаларын өзгертеді. Енді жол сапасы тек құрылыс кезінде емес, оның қанша уақыт бойы қауіпсіз әрі сенімді қызмет ететіні арқылы бағаланады.
***
🔷 В Казахстане обновляются нормативно-техническая документация в области автодорог
В рамках «Дорожной карты по реформированию нормативной базы автодорожной отрасли на 2024-2029 годы» направленное на формирование современной системы регулирования, ориентированной на надежность, безопасность и полный жизненный цикл автодорог, в Казахстане проводится обновление национальных стандартов.
Работа по актуализации проводится АО «КаздорНИИ» по поручению Комитета автомобильных дорог Министерства транспорта Республики Казахстан.
Необходимость масштабного обновления нормативной базы подтверждается результатами комплексных исследований, начатых в 2023 году. В рамках проведённого анализа изучено свыше 1200 действующих нормативно-технических документов, по итогам которого установлено, что значительная их часть не отвечает современным требованиям и подлежит пересмотру либо отмене. На текущий момент уже отменено 125 устаревших НТД.
Обновление нормативной базы осуществляется на основе научно-исследовательских работ и с учетом международных практик. Такой подход обеспечивает переход от фрагментарных решений к системной модели, охватывающей все этапы жизненного цикла дорог, от проектирования до эксплуатации и ремонта.
В 2026 году ведется разработка 5 национальных стандартов и 9 ведомственных нормативных документов. Они охватывают приоритетные направления, включая применение геосинтетических материалов, ремонт и содержание асфальтобетонных и цементобетонных покрытий, развитие мостовых сооружений, а также экологические аспекты дорожного строительства.
Проводимая реформа закладывает основу для перехода отрасли к более технологичной, прозрачной и устойчивой модели развития, где качество дорог определяется не только этапом строительства, но и эффективностью их эксплуатации на протяжении всего срока службы.
04/05/2026
🔷Көлік министрлігінің басшылығы «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының қатысушыларымен кездесті
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының қатысушыларымен кездесті.
Іс-шара «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алаңында өтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және Парламент Сенаттың бірлескен білім беру курсы аясында «Қазақстан: Орталық Азияның транзиттік хабы» тақырыбына арналды.
Ашық әрі еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде көлік-логистика саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жан-жақты талқыланды. Министрлік басшылығы саланың стратегиялық бағыттары, негізгі басымдықтар ментранзиттік әлеуетті арттыру аясында қабылданып жатқан шаралар туралы халықаралық тәжірибелер мен нақты кейстер негізінде кеңінен баяндады.
Қатысушылар жаһандық өзгерістер жағдайында көлік жүйесінің бейімделуі, цифрлық шешімдердің енгізілуі және Қазақстанның Еуразиялық хаб ретіндегі рөлін күшейту мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар, өз зерттеулерінің көлік саласына ықпалы жөнінде пікірмен алмасып, әлемдік және ұлттық деңгейдегі үрдістердің салаға әсеріне қатысты көзқарастарын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар атқарылып жатқан шаралар нәтижелі боларына және көлік саласы еліміздің болашағы үшін тұрақты кіріс көзіне айналарына сенім білдірді.
«Талдау мектебі – Школа аналитики» курсы түрлі саладағы жас мамандарға арналған. Бағдарлама аясында қатысушылар көлік-логистика жүйесінің негіздерін, инфрақұрылымдық шешімдер қабылдау қағидаттарын және жүк ағындарын басқару тетіктерін меңгеріп, Қазақстанның стратегиялық транзиттік хаб ретіндегі орнын терең түсінуге мүмкіндік алады.
➖
🔷Руководство Минтранса встретилось с участниками проекта «Школа аналитики»
Руководство Министерства транспорта Республики Казахстан встретилось с участниками проекта «Талдау мектебі – Школа аналитики», реализуемого при поддержке Сената Парламента Республики Казахстан.
Мероприятие прошло на площадке АО «НК «Қазақстан темір жолы» и было посвящено теме «Казахстан: транзитный хаб Центральной Азии» в рамках совместного образовательного курса Администрации Президента Республики Казахстан и Сената Парламента.
В ходе встречи в открытом формате были обсуждены текущее состояние и перспективы развития транспортно-логистической отрасли.Руководство Министерство рассказало о стратегических направлениях развития отрасли, ключевых приоритетах и задачах, а также о мерах по наращиванию транзитного потенциала страны, с примерами из международного опыта и конкретных кейсов.
Участники проявили высокий интерес к вопросам развития транспортной системы в условиях глобальных изменений, внедрения цифровых решений и укрепления роли Казахстана как евразийского транспортного хаба. В ходе обсуждения они обменялись мнениями о влиянии своих исследований на отрасль и представили свои взгляды на воздействие глобальных и национальных трендов.
По итогам встречи участники отметили актуальность обсуждённых вопросов и выразили уверенность в высоком потенциале транспортной отрасли, подчеркнув, что в перспективе она станет одним из ключевых драйверов экономического роста.
Курс для аналитиков разных профилей,предназначен для молодых специалистов из различных сфер. В рамках программы участники изучают основы транспортно-логистической системы, принципы принятия инфраструктурных решений и механизмы управления грузопотоками, что позволяет им глубже понять роль Казахстана как стратегического транзитного хаба.
04/05/2026
🔹️Көлік министрлігі астық тасымалы бойынша Жедел штаб отырысын өткізді
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, тасымалдаушылармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, астық тасымалы мәселелері бойынша Жедел штаб отырысын өткізді.
Отырыс барысында астық тасымалы саласындағы ағымдағы жағдай қаралып, тасымалдауды тұрақты әрі үздіксіз ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған келісілген жедел шаралар қабылданды.
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша астық тасымалы көлемі 4,1 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артқаны байқалуда. Экспорттық тасымалдар 3,2 млн тоннаға (+18%), ал ішкі тасымалдар 0,9 млн тоннаға (+8%) жетті.
Орталық Азия елдері бағыты бойынша айтарлықтай өсім тіркелді — 48%-ға артып, 2,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде Өзбекстан бағытына 1,5 млн тонна жөнелтілді.
Ресей Федерациясы бағытына және оның аумағы арқылы тасымал көлемі 512 мың тоннаны құрады.
Ауғанстан бағыты бойынша тасымал 4,2 есеге өсіп, 302 мың тоннаға жетті.
Қытай бағытына жемдік ұн жеткізу көлемі 2 есеге артып, 1 млн тоннаға жетті.
Жедел штабтың жұмысы тасымалдау үдерісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және нарық қатысушыларының іс-қимылын үйлестіру мақсатында тұрақты негізде жалғасатын болады.
***
🔹️Министерство транспорта провело Оперативный штаб по перевозке зерна
Министерством транспорта Республики Казахстан совместно с заинтересованными государственными органами, перевозчиками и представителями бизнес-сообщества проведено заседание Оперативного штаба по перевозке зерна.
В ходе заседания рассмотрена текущая ситуация в сфере зерновых перевозок, а также выработаны согласованные оперативные меры, направленные на обеспечение стабильной и бесперебойной организации транспортировки.
По итогам I квартала 2026 года отмечается устойчивая положительная динамика: объём перевозок зерна составил 4,1 млн тонн, что на 15% выше уровня аналогичного периода прошлого года. Экспортные перевозки достигли 3,2 млн тонн (+18%), внутренние — 0,9 млн тонн (+8%).
Значительный рост зафиксирован в направлении стран Центральной Азии — на 48%, до 2,1 млн тонн, в том числе в Узбекистан — 1,5 млн тонн.
Перевозки на и через Российскую Федерацию составили 512 тыс. тонн.
В направлении Афганистана отмечен рост в 4,2 раза — до 302 тыс. тонн.
По направлению Китая объём поставок кормовой муки увеличился в 2 раза и достиг 1 млн тонн.
Работа Оперативного штаба будет продолжена на регулярной основе в целях координации всех участников рынка и обеспечения устойчивости перевозочного процесса.