Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан

Share

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Верховный Cуд Республики Казахстан

Facebook-тағы «Smart-сот - IT правосудие KZ» тобы/Группа в Facebook «Smart-сот - IT правосудие KZ»

Photos from Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан's post 02/06/2026

Жоғарғы Сот талап ету құқығын беру кезінде жаңа кредиторлардың талап қоюларының соттылығы мәселелері бойынша Түсіндірме қабылдады

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

◾️ Отырысқа қатысушылар «Талап ету құқығын (цессияны) басқаға беру кезінде жаңа кредиторлардың талап қоюлары бойынша азаматтық істердің соттылығы туралы ережелерді соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Түсіндірме жобасын талқылады.

◾️ Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Түсіндірмені қабылдау қажеттілігі сот төрелігіне толыққанды қол жеткізу үшін жауапкерлердің конституциялық кепілдіктері мен құқықтарын қорғау міндетіне негізделгенін атап өтті.

◾️ Сөз банктік қарыздар бойынша даулар туралы болып отыр. Бұрын талап қоюлар, әдетте, несие беруші банктің орналасқан жері бойынша берілетін болған. Коллекторлық агенттіктерге талап ету құқығын бергеннен кейін, соңғысы орналасқан жері бойынша соттарға жүгіне бастады.

◾️ Мұндай практика жауапкерлердің тұрғылықты жері бойынша өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін іс жүзінде шектеді, сондай-ақ жекелеген соттардың, ең алдымен екінші деңгейдегі банктер мен коллекторлық агенттіктердің көпшілігі шоғырланған Алматыда елеулі және жасанды шамадан тыс жүктемесіне әкелді.

◾️ Мәселен, 2023 жылы ел соттарына келіп түскен 609 мың талап қоюдың 150 мыңы немесе 25%-ы Алматы қаласының соттарына келіп түсті. 2024 жылы бұл көрсеткіш 29%, 2025 жылы – 26% болды.

◾️ Н.Шәріпов атап өткендей, сот алқасы тұлғаларды міндеттемеде ауыстырған кезде аумақтық соттылығын өзгерту туралы қарыз шартының талабы өзінің қолданысын тоқтатады деген құқықтық ұстанымды әзірледі.

◾️ Бұл тұжырымдар Конституция, АПК және АК нормаларына негізделген.

◾️ Жалпы отырысқа қатысушылар бұл ұстанымды қолдап, оны Түсіндірмеде бекітті.

◾️ Құжатқа сәйкес, коллекторлық агенттіктердің талап қоюларының соттылығын анықтау кезінде соттар бастапқы кредитор мен борышкер арасында жасалған шарттық соттылық туралы келісім талап ету құқығын басқаға бергеннен кейін қолданылуын тоқтататындығына негізделуі керек.

◾️ Мұндай жағдайларда жалпы ереже қолданылады: жауапкердің тұрғылықты жері бойынша талап қою беріледі. Сондай-ақ, жалпы отырыста Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің құрамын жаңарту туралы мәселе қаралды.

◾️ Бұл консультативтік-кеңесші орган сот реформасын сараптамалық ілгерілетуде, пікір алмасуда және халықаралық тәжірибені зерттеуде маңызды рөл атқарады.

◾️ Халықаралық кеңестің жұмысы туралы айтакеле, Асламбек Мерғалиев аталған кеңестің отырыстарында айтылған сараптамалық қорытындылардың сапасын, сондай-ақ халықаралық практиканы ескере отырып, кәсіби талқылаудың сындарлы сипатын атап өтті.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Кеңестің жаңартылған құрамын ұсынды, оның мүшелерінің құқықтану саласында да, жалпы сараптамалық қызметте де тәжірибесімен беделі бар екенін атап өтті.

◾️ Жалпы отырысқа қатысушылар Халықаралық кеңестің жаңартылған құрамына бірауыздан дауыс берді.

◾️ Тізім осында орналастырылған: https://sud.kz/kaz/content/erezhe-men-kuram

***

Верховный Суд принял Разъяснение по вопросам подсудности исков новых кредиторов при уступке права требования

◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев провел очередное пленарное заседание высшего судебного органа.

◾️ Участники заседания обсудили проект Разъяснения «О некоторых вопросах применения судами правил о подсудности гражданских дел по искам новых кредиторов при уступке права требования (цессии)».

◾️ Председатель судебной коллегии по гражданским делам Верховного Суда Нурсерик Шарипов отметил, что необходимость принятия Разъяснения обусловлена задачей защиты конституционных гарантий и прав ответчиков на полноценный доступ к правосудию.

◾️ Речь идет о спорах по банковским займам. Ранее иски, как правило, предъявлялись по месту нахождения банка-кредитора. После уступки права требования коллекторским агентствам последние стали обращаться в суды по месту своего нахождения.

◾️ Такая практика фактически ограничивала возможность ответчиков защищать свои права по месту жительства, а также привела к существенной и искусственной перегрузке отдельных судов, прежде всего в Алматы, где сосредоточено большинство банков второго уровня и коллекторских агентств.

◾️ Так, из 609 тыс. исков, поступивших в суды страны в 2023 году, 150 тыс., или 25%, пришлось на суды г. Алматы. В 2024 году этот показатель составил 29%, в 2025 году — 26%.

◾️ Как отметил Н. Шарипов, судебная коллегия выработала правовую позицию, согласно которой условие договора займа об изменении территориальной подсудности при перемене лиц в обязательстве прекращает свое действие. Данные выводы основаны на нормах Конституции, ГПК и ГК.

◾️ Участники пленарного заседания поддержали данную позицию и закрепили ее в Разъяснении.

◾️ Согласно документу, при определении подсудности исков коллекторских агентств судам следует исходить из того, что соглашение о договорной подсудности, заключенное между первоначальным кредитором и должником, прекращает действие после уступки права требования. В таких случаях применяется общее правило: иск предъявляется по месту жительства ответчика.

◾️ Также на пленарном заседании был рассмотрен вопрос об обновлении состава Международного совета при Верховном Суде. Этот консультативно-совещательный орган играет важную роль в экспертном сопровождении судебной реформы, обмене мнениями и изучении международного опыта.

◾️ Говоря о работе Международного совета, Асламбек Мергалиев отметил качество экспертных заключений, прозвучавших на его заседаниях, а также конструктивный характер профессионального обсуждения с учетом международной практики.

◾️ Председатель Верховного Суда представил обновленный состав Совета, подчеркнув опыт и авторитет его членов как в сфере юриспруденции, так и в экспертной деятельности в целом.

◾️ Участники пленарного заседания единогласно проголосовали за обновленный состав Международного совета.

◾️ Список размещен здесь: https://sud.kz/rus/content/polozhenie-i-sostav

28/05/2026

◾️ Абай облысының тұрғыны мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыруға тырысқанда, өзінің психиатриялық есепте тұрғанын білген.

◾️ Сондықтан ол ауруханаға және Облыстың денсаулық сақтау басқармасына психиатриялық есепке қоюды заңсыз деп тану туралы сотқа шағым түсіріп, бұл мәліметті психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен алып тастауды талап еткен.

◾️ Медициналық мекеменің комиссиясы талапқоюшыны есепке қою туралы мәліметтер қате,тиісті медициналық куәландырусыз және диспансерлік бақылау тәртібін бұза отырып енгізілді деген қорытындыға келген.

◾️ Бірақ уәкілетті орган медициналық мекеменің бұл мәліметтерді ақпараттық жүйеден алып тастау қажеттілігі туралы өтінішін қараусыз қалдырған.

◾️ Медициналық мекеме өкілінің айтуынша, талапқоюшының амбулаториялық картасы жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты жойылған, бірақ жоюдың растайтын актісі ұсынылмаған.

◾️ Денсаулық сақтау басқармасының өкілі тіркелімнен мәліметтерді алып тастау үшін талапқоюшы дәрігерлік-консультациялық комиссияның куәландыруынан өтуі қажет екенін атап көрсеткен.

◾️ Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты істің материалдарын зерттеп, талап қоюшыны есепке қоюдың заңсыздығы туралы қорытындыға келді.

◾️ Жауапкерлер мынадай дәлелдемелер ұсынбағаны атап өтілді:

✔️ талап қоюшының психиатриялық көмекке жүгінуі;

✔️ тиісті медициналық куәландыруды жүргізу;

✔️ клиникалық бақылаулардың болуы;

✔️ талап қоюшының не оның заңды өкілдерінің медициналық көмек көрсетуге келісімі.

◾️ Сот талап қоюды қанағаттандырды.

◾️ Ауруханамен денсаулық сақтау басқармасына психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен талап қоюшы туралы мәліметтерді алып тастау міндеті жүктелген.

https://t.me/abaisottary

***

◾️ Житель области Абай при попытке заменить водительское удостоверение через портал государственных услуг узнал, что находится на психиатрическом учете.

◾️ Поэтому он направил в суд иск к больнице и Управлению здравоохранения области о признании незаконной постановку на психиатрический учет, требованием удалить эти сведения из Национального регистра психических больных.

◾️ Комиссия медучреждения пришла к выводу о том, что сведения о постановке истца на учет были внесены ошибочно, без надлежащего медицинского освидетельствования и с нарушением порядка диспансерного наблюдения.

◾️ Но уполномоченный орган оставил без рассмотрения обращение медучреждения о необходимости удалить эти сведения из информационной системы.

◾️ По словам представителя медучреждения, амбулаторная карта истца уничтожена в связи с истечением срока хранения, но подтверждающий акт уничтожения представлен не был.

◾️ Представитель управления здравоохранения указал, что для удаления сведений из регистра истцу необходимо пройти освидетельствование врачебно-консультационной комиссии.

◾️ Специализированный межрайонный административный суд области Абай, исследовав материалы дела, пришел к выводу о незаконности постановки истца на учет.

◾️ Отмечено, что ответчиками не представлены доказательства:

✔️ обращения истца за психиатрической помощью;

✔️ проведения надлежащего медицинского освидетельствования;

✔️ наличия клинических наблюдений;

✔️ согласия истца либо его законных представителей на оказание медицинской помощи.

◾️ Суд удовлетворил иск.

◾️ На больницу и управление здравоохранения возложена обязанность удалить сведения об истце из Национального регистра психических больных.

https://t.me/abaisottary

28/05/2026

🎥 Жоғарғы Сот еліміздің барлық соттарына ЖИ-аналитикалық жүйесін кеңейтті

🎥 “Жібек жолы” телеарнасы

Photos from Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан's post 26/05/2026

Жоғарғы Сот еліміздің барлық соттарына ЖИ-аналитикалық жүйесін кеңейтті

◾️ Жоғарғы Сот Қазақстанның барлық соттарында азаматтық істер бойынша «Судьяның цифрлық көмекшісі» сервисін – сот жүйесінің маңызды цифрлық жобасын енгізуді аяқтайды.

◾️ Жоба Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің тапсырмасы бойынша іске асырылды және сот төрелігін цифрлық трансформациялау бағытының жалғасы болды.

◾️ Жаңа сервис Жоғарғы Сот басшылығының, Сот әкімшілігінің және өңірлер соттарының қатысуымен өткен кеңес барысында ұсынылды.

◾️ Кеңесті аша отырып, Жоғарғы Сот Төрағасы сот жүйесіндегі цифрлық шешімдерді дамыту Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында қойған міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.

◾️ Соңғы жылдары соттарда электрондық істер, аумақтан тыс соттылық, материалдарды автоматтандырылған бөлу және жекелеген процестерді роботтандыру енгізілді.

◾️ Цифрландырудың жаңа кезеңі сот практикасын талдаудың зияткерлік құралдарын енгізумен байланысты.

◾️ Бір жарым жыл ішінде жүйе Астана, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының соттарында сынақтан өткізілді. Пилоттық жоба қызмет көрсетудің жоғары практикалық тиімділігін және судьялар арасында сұранысты көрсетті.

◾️ Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров атап өткендей, жаңа жүйе судьяға жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, қаралатын әрбір дау бойынша тиісті сот практикасын қалыптастыруға, сондай-ақ ұқсас сот шешімдерін талдау негізінде істің ықтимал нәтижесін болжауға мүмкіндік береді. Зияткерлік іздеу талап қоюдың мазмұнын, тараптардың дәлелдерін және істің өзге де өлшемдерін ескере отырып, жұмыс істейді.

◾️ Сонымен қатар технологиялық инфрақұрылым айтарлықтай жаңғыртылды. Бүгінгі таңда сервис алдыңғы 4 миллионның орнына шамамен 15 миллион бірлік машинада оқылатын ақпаратты өңдей алады және бір уақытта 1000 сұранысты орындай алады.

◾️ Жүйенің функционалдық мүмкіндіктері де кеңейтілді: ЖИ талап қоюды автоматты түрде құрылымдайды, дау-дамайды қалыптастырады, тараптардың дәлелдерін бөліп көрсетеді және құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде өңдейді.

◾️ Наиль Ахметзакировтың айтуынша, сондай-ақ сот практикасының мониторингі жүйесі құрылып, статистикалық есептілік жаңартылды. Бұл қалыптасқан практикадан шығатын шешімдерді анықтауға және сот қызметін одан әрі жетілдіру үшін аналитикалық материалдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

◾️ Кеңес барысында технология сот жүктемесіне және дауларды шешу сапасына практикалық әсер ететіні атап өтілді. Мәселен, елорда соттарында пилоттық енгізу кезеңінде тараптардың татуласу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Бұған процеске қатысушыларға ұқсас істер бойынша ақпарат беру және сотталқылауы басталғанға дейін даудың ықтимал құқықтық салдары ықпал етті. Бұл тәсіл тараптарғаістің болашағын объективті бағалауға және қосымша уақыт пен қаржылық шығындарсыз жиі ымыраға келуге мүмкіндік береді.

◾️ Астана қалалық сотының төрағасы Айдар Смағұлов цифрлық құралдар сот қалауын алмастырмауға, соттың аналитикалық мүмкіндіктерін күшейтуге және сот практикасын неғұрлым біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге көмектесетінін атап өтті.

◾️ Жоғарғы Сот жасанды интеллектті қолдану халықаралық тәсілдерге сәйкес келетіндігін атап өтті: іс бойынша барлық шешімдерді тек судья қабылдайды, ал цифрлық қызметтер көмекші және аналитикалық функцияны орындайды.

◾️ Қазіргі уақытта әкімшілік сот ісін жүргізуге ұқсас ЖИ-технологияларды енгізу аяқталуда.

***

Верховный Суд масштабировал систему ИИ-аналитики на все суды страны

◾️ Верховный Суд завершает внедрение во всех судах Казахстана значимого цифрового проекта судебной системы – сервиса «Цифровой помощник судьи» по гражданским делам.

◾️ Проект реализован по поручению Председателя Верховного Суда Асламбека Мергалиева и стал продолжением курса на цифровую трансформацию правосудия.

◾️ Новый сервис был представлен в ходе совещания с участием руководства Верховного Суда, Судебной администрации и судов регионов.

◾️ Открывая совещание, Председатель Верховного Суда отметил, что развитие цифровых решений в судебной системе соответствует задачам, поставленным Главой государства в Послании «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта». За последние годы в судах уже внедрены электронные дела, экстерриториальная подсудность, автоматизированное распределение материалов и роботизация отдельных процессов.

◾️ Новый этап цифровизации связан с внедрением интеллектуальных инструментов анализа судебной практики.

◾️ В течение полутора лет система тестировалась в судах Астаны, Жамбылской, Карагандинской и Мангистауской областей. Пилот показал высокую практическую эффективность сервиса и востребованность среди судей.

◾️ Как отметил Руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров, новая система позволяет формировать для судьи релевантную судебную практику по каждому рассматриваемому спору с использованием технологий искусственного интеллекта, а также прогнозировать возможный исход дела на основе анализа схожих судебных решений.

◾️ Интеллектуальный поиск работает с учетом содержания иска, доводов сторон и иных параметров дела.

◾️ Одновременно была существенно модернизирована технологическая инфраструктура. Сегодня сервис способен обрабатывать около 15 млн единиц машиночитаемой информации вместо прежних 4 млн и одновременно выполнять до 1000 запросов.

◾️ Расширены и функциональные возможности системы: ИИ автоматически структурирует иск, формирует фабулу спора, выделяет аргументы сторон и обрабатывает документы на казахском и русском языках.

◾️ По словам Наиля Ахметзакирова, параллельно выстроена система мониторинга судебной практики и обновлена статистическая отчетность. Это позволит выявлять решения, выбивающиеся из сложившейся практики, и формировать аналитические материалы для дальнейшего совершенствования судебной деятельности.

◾️ В ходе совещания отмечено, что технологии уже оказывают практическое влияние на судебную нагрузку и качество разрешения споров. Так, в судах столицы в период пилотного внедрения уровень примирения сторон оказался выше среднереспубликанского показателя. Этому способствовало предоставление участникам процесса информации по аналогичным делам и возможным правовым последствиям спора еще до начала судебного разбирательства.

◾️ Такой подход позволяет сторонам объективнее оценивать перспективы дела и чаще приходить к компромиссу без дополнительных временных и финансовых затрат.

◾️ Председатель суда города Астаны Айдар Смагулов отметил, что цифровые инструменты помогают не заменять судебное усмотрение, а усиливать аналитические возможности суда и обеспечивать более единообразное применение судебной практики.

◾️ В Верховном Суде подчеркнули, что использование искусственного интеллекта соответствует международным подходам: все решения по делу принимает исключительно судья, тогда как цифровые сервисы выполняют вспомогательную и аналитическую функцию.

◾️В настоящее время уже завершается внедрение аналогичных ИИ-технологий в административное судопроизводство.

Photos from Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан's post 25/05/2026

Жоғарғы Сотта халықаралық форум аясындағы балалар суреттерінің көрмесі өтті

◾️ “Бала мүддесі – әділ сот төрелігінің негізі: халықаралық стандарттар және ұлттық сот төрелігі” атты халықаралық дөңгелек үстел аясында балалар суреттерінің көрмесі өтті.

◾️ Іс-шараны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Судьялар Одағының филиалы «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай ұйымдастырды.

◾️ Конкурсқа Жоғарғы Сот судьяларының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі қызметкерлерінің балалары мен немерелерінің суреттері қойылған.

◾️ Жас суретшілер өздерінің түрлі-түсті суреттерімен ресми іс-шараға ерекше жылулық атмосферасын сыйлады.

◾️ Бұл шығармашылық бастама форум қатысушыларына мереке қарсаңында оның басты құндылығы – бақытты, алаңсыз балалық шағы туралы еске салып, бағдарламаға символдық қосымша болды.

◾️ Балалардың шығармашылығы назардан тыс қалған жоқ.
Көрмеге белсенді қатысқандары үшін Судьялар Одағы филиалының басшысы Гүлнар Мергенованың атынан барлық жас авторлар Құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

***

В Верховном Суде прошла выставка рисунков детей в рамках Международного форума

◾️ В рамках международного круглого стола «Наилучшие интересы ребенка как фундамент правосудия: международные стандарты и национальное правосудие» состоялась выставка детских рисунков.

◾️ Мероприятие организовано Филиалом Союза Судей при Верховном Суде Республики Казахстан и приурочено к Международному дню защиты детей.

◾️ В конкурсе приняли участие дети и внуки судей Верховного Суда, сотрудников Судебной администрации Республики Казахстан.

◾️ Своими красочными картинами юные художники придали официальному мероприятию особую атмосферу теплоты.

◾️ Эта творческая инициатива стала символичным дополнением к программе, напомнив участникам форума в преддверии праздника о его главной ценности –счастливом, беззаботном детстве.

◾️ Творчество детей не осталось без внимания. За активное участие в выставке Филиал Союза судей в лице руководителя Гульнары Мергеновой поощрил всех юных авторов почетными грамотами и памятными подарками.

22/05/2026

🎥 Национальное правосудие и международные стандарты: защита интересов детей

🎥 телеканал «Хабар»

22/05/2026

🎥 Ұлттық сот төрелігі және халықаралық стандарттар: балалардың мүдделерін қорғау

🎥 телеканал «Хабар»

Photos from Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан's post 22/05/2026

Ұлттық сот төрелігі және халықаралық стандарттар: балалардың мүдделерін қорғау

◾️ Жоғарғы Сотта «Бала мүддесі – әділ сот төрелігінің негізі: халықаралық стандарттар және ұлттық сот төрелігі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

◾️ Іс-шара ЮНИСЕФ, ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі және «Право» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

◾️ Екі күндік форумның басты мақсаты – озық халықаралық стандарттарды ескере отырып, ұлттық сот төрелігі жүйесінде «баланың мүддесін жоғары қою» қағидатын іске асырудың біркелкі тәсілдерін әзірлеу.

◾️ Отырысты аша отырып, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов талқыланатын мәселелердің еліміздің құқықтық жүйесі үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

◾️ «Баланың мүддесін жоғары қоюды» қамтамасыз ету қағидаты БҰҰ- ның Бала құқықтары туралы Конвенциясында бекітілген іргелі міндеттеме болып табылады, кез келген құқықтық шешімдерді қабылдау кезінде басты өлшем болуға тиіс», - деп атап өтті БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі, доктор Рашед Мұстафа Сарвар.

◾️ Тақырыптың өзектілігін ЕҚЫҰ-ның өкілі Юрий Фенопетов және «Право» ҚҚ-ның басшысы Ольга Рыль де құттықтау сөздерінде атап өтті.

◾️ Дөңгелек үстел жұмысына шетелдік әріптестер қатысты.

◾️ Сингапурдың отбасылық сотының судьясы Кеннет Яп терапевтік сот төрелігін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

◾️ Балалардың құқықтарын қорғауға байланысты істер бойынша сот практикасының мәселелеріне Қырғызстан Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары Нұргүл Бакирова, сондай-ақ Әзербайжан мен Өзбекстан Жоғарғы Соттарының судьялары Елшад Шамаев пен Гүлнор Мирзаева тоқталды.

◾️ Халықаралық сарапшылар – Кин Ниетта (Гаага конференциясының тұрақты бюросы), Дариуш Селицки (ЕҚЫҰ), Ирина Мацкевич және Ирина Урумова (ЮНИСЕФ) –профилактикалық сот төрелігін енгізу, баланың психологиялық жарақатын барынша азайту және сот талқылаулары барысында оның қайта жарақаттануына жол бермеу қажеттілігіне назар аударды. Қатысушылар қазақстандық практикаға ерекше назар аударды.

◾️ ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Рәзия Қуанышбаева өз баяндамасында: «Балаға қатысты әрбір құқықтық мәселені балалар психологиясының ерекшелігін түсінетін кәсіпқойлар ол үшін достық және қауіпсіз ортада қарауы тиіс», деп атап өтті.

◾️ Жоғарғы Соттың судьясы Айдын Нұрбеков кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері туралы айтып, баланың құқықтарын қорғау мен сот төрелігінің міндеттері арасындағы тепе-теңдікке баса назар аударды.

◾️ Қарағанды облыстық сотының судьясы Динара Мүтібаева мен Астана ювеналды сотының судьясы Лейла Зинашева ювеналды әділетті дамыту перспективалары мен отбасылық дауларды шешу үлгілерін таныстырды.

◾️ Баланың мүддесін жоғары қоюды қамтамасыз етудің құқық қорғау тетігін Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Бас прокуратураның прокуроры Жүсіп Берлібай, бейінді министрліктердің өкілдері Венера Калимова мен Юлия Овечкина жан-жақты ашты.

◾️ Ал заң қоғамдастығының өкілдері Ирина Осокина мен Марина Кушакова қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты нақты көзқарастарын білдірді.

◾️ Екі күндік пікірталас барысында қатысушылар «баланың мүддесін жоғары қою» қағидатын сот практикасына интеграциялау әдіснамасын, терапевтік сот төрелігі моделін, сондай-ақ балалармен жұмыс істеу кезінде психологиялық жарақатты ескеретін тәсілді енгізу қажеттілігін талқылады.

◾️ Жеке блок кибербуллинг және кәмелетке толмағандардың цифрлық құқықтарын қорғау сияқты заманауи сын-қатерлерге арналды.

◾️ Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Н.Шәріпов ұсынылған халықаралық және ұлттық тәжірибе судьялар жұмысының жаңа әдістемелік стандарттарын әзірлеу, құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту және балалардың құқықтық және психологиялық қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін сенімді іргетас болатынын атап өтті.

◾️ Форум соңында ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы А.Мерғалиевтің атынан «Право» ҚҚ-ның басшысы Ольга Рыльға отбасылық сот төрелігін дамытуға және бала құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін «Сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» медалі салтанатты түрде табыс етілді.

◾️ Сонымен қатар, іс-шара аясында Сингапурдан келген құрметті қонақ, судья Кеннет Яптың Қазақстанның ювеналды соттары судьяларына арналған қонақ дәрісі өтті.

***

Национальное правосудие и международные стандарты: защита интересов детей

◾️ В Верховном Суде прошел международный круглый стол на тему «Наилучшие интересы ребенка как фундамент правосудия: международные стандарты и национальное правосудие».

◾️ Мероприятие организовано совместно с ЮНИСЕФ, Офисом программ ОБСЕ и Общественным фондом «Право».

◾️ Главной целью двухдневного форума стала выработка единых подходов к реализации принципа «наилучших интересов ребенка» в национальной системе правосудия с учетом передовых международных стандартов.

◾️ Открывая заседание, председатель судебной коллегии по гражданским делам Верховного Суда Нурсерик Шарипов подчеркнул стратегическую важность обсуждаемых вопросов для правовой системы страны.

◾️ «Принцип обеспечения наилучших интересов ребенка является фундаментальным обязательством, закрепленным в Конвенции ООН о правах ребенка, должен служить главным критерием при принятии любых правовых решений», - отметил представитель Детского фонда ООН (ЮНИСЕФ) в Казахстане доктор Рашед Мустафа Сарвар.

◾️ Актуальность темы в своих приветственных словах также отметили представитель ОБСЕ Юрий Фенопетов и руководитель ОФ «Право» Ольга Рыль.

◾️ В работе круглого стола приняли участие зарубежные коллеги.

◾️ Судья Семейного суда Сингапура Кеннет Яп поделился опытом применения терапевтического правосудия.

◾️ Вопросы судебной практики по делам, связанным с защитой прав детей, осветили заместитель Председателя Верховного Суда Кыргызстана Нургуль Бакирова, а также судьи верховных судов Азербайджана Елшад Шамаев и Узбекистана Гулнора Мирзаева.

◾️ Международные эксперты — Кин Ниетта (Постоянное Бюро Гаагской конференции), Дариуш Селицки (ОБСЕ), Ирина Мацкевич и Ирина Урумова (ЮНИСЕФ) – акцентировали внимание на необходимости внедрения превентивного правосудия, минимизации психологической травмы ребенка и предотвращения повторной травматизации детской психики в ходе судебных разбирательств.

◾️ Особое внимание участники уделили казахстанскому опыту.

◾️ Судья Верховного Суда РК Разия Куанышбаева в своем докладе подчеркнула: «Каждый правовой вопрос, затрагивающий интересы ребенка, должен рассматриваться в дружественной и безопасной для него среде профессионалами, понимающими специфику детской психологии».

◾️ Судья Верховного Суда Айдын Нурбеков рассказал об особенностях уголовного судопроизводства в отношении несовершеннолетних, сделав акцент на балансе между защитой прав ребенка и задачами правосудия.

◾️ Перспективы развития ювенальной юстиции и модели разрешения семейных споров презентовали судья Карагандинского областного суда Динара Мутубаева и судья ювенального суда Астаны Лейла Зинашева.

◾️ Правозащитный механизм обеспечения наилучших интересов ребенка подробно раскрыли Уполномоченный по вопросам семьи Снежанна Имашева, Уполномоченный по правам ребенка Динара Закиева, прокурор Генеральной прокуратуры Жусип Берлибай, представители профильных министерств Венера Калимова и Юлия Овечкина.

◾️ Свои подходы к рассматриваемой теме обозначили представители юридического сообщества Ирина Осокина и Марина Кушакова.

◾️ В ходе двухдневных дискуссий участники обсудили методологию интеграции принципа «наилучших интересов ребенка» в судебную практику, модели терапевтического правосудия, а также необходимость внедрения травмоинформированного подхода при работе с детьми. Отдельный блок был посвящен современным вызовам, таким как кибербуллинг и защита цифровых прав несовершеннолетних.

◾️ Подводя итоги, Н.Шарипов отметил, что представленный международный и национальный опыт послужит фундаментом для разработки новых методических стандартов работы судей, усиления профилактики правонарушений и совершенствования законодательства в сфере правовой и психологической безопасности детей.

◾️ В завершение от имени Председателя Верховного Суда РК А.Мергалиева руководителю ОФ «Право» Ольге Рыль вручена медаль «Сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» за значительный вклад в развитие семейного правосудия и защиту прав ребенка.

◾️ В рамках мероприятия также состоялась гостевая лекция судьи из Сингапура Кеннета Япа для судей ювенальных судов Казахстана.

21/05/2026

🎥 Жоғарғы Сотта прокурордың және қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды соттардың қарауының сот практикасы мәселелері талқыланды

🎥 В Верховном Суде обсудили вопросы судебной практики рассмотрения судами жалоб на действия и решения прокурора и органов уголовного преследования

Photos from Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан's post 21/05/2026

Жоғарғы Сотта прокурордың және қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды соттардың қарауының сот практикасы мәселелері талқыланды

◾️ Жоғарғы Сотта ЖС қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.М. Рахметуллинаның төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.

◾️ Оның жұмысына Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, адвокаттар, Бас прокуратураның, ІІМ, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қатысты.

◾️ Сот алқасының төрағасы ҚПК-нің 106-бабы тәртібінде шағымдарды қарау арқылы сот бақылауы қылмыстық процеске тартылған адамдардың іргелі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті.

Заң азаматтарымыздың құқықтарын қорғау үшін қажетті барлық тетіктерді қарастырады. Біздің міндетіміз – оны дұрыс және тиімді қолдану. Тергеу соттары қараған шағымдардың саны артып келеді. 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға көп қаралды. Дәл осындай үрдіс ағымдағы жылы да жалғасуда. Бейіндік нормативтік қаулыға енгізілген өзгерістер, осы тақырып бойынша сот практикасын жиі кездесетін жағдайлар мен егжей-тегжейлі талдау тергеу судьяларының жұмысын жақсартуға ықпал ететініне сенімдімін»,– деді Н.Рахметуллина.

◾️ Жоғарғы Соттың судьясы Г.Ж.Мергенова жүргізілген талдау нәтижелерін және тақырып бойынша бар проблемалық мәселелерді атап өтті.

◾️ Қатысушылар қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыларға, іс жүргізуді жүргізу форматын өзгерту туралы шешімдерге шағымдану, уәкілетті органның шағымдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына қайта жіберу мәселелерін қозғады.

◾️ Тергеу-жедел тобы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының орналасқан жерінен тыс жерде тергеуді жүзеге асырған, шағымның кемшіліктерін жою үшін өтініш берушіге берілетін мерзімді регламенттеген, тергеу судьяларының қаулыларын орындаған жағдайда шағымдарды соттаудың проблемалық мәселелері жеке айтылды.

◾️ Талқылау қорытындылары зерттеліп, тиісті талдауда көрсетіледі.

***

В Верховном Суде обсудили вопросы судебной практики рассмотрения судами жалоб на действия и решения прокурора и органов уголовного преследования

◾️ В Верховном Суде проведен круглый стол под руководством председателя судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Рахметуллиной Н.М.

◾️ В его работе приняли участие судьи Верховного и местных судов, адвокаты, представители Генеральной прокуратуры, МВД, Агентства РК по финансовому мониторингу, Уполномоченный по защите прав предпринимателей Казахстана.

◾️ Председатель судебной коллегии отметила, что судебный контроль путем рассмотрения жалоб в порядке ст.106 УПК должен обеспечивать защиту фундаментальных прав и свобод лиц, вовлеченных в уголовный процесс.

Закон предусматривает все механизмы, необходимые для защиты прав наших граждан. Наша задача-правильно и эффективно его применять. Количество рассмотренных жалоб следственными судами растет. В 2025 году на на 7,9% рассмотрено больше, чем в 2024 году. Такая же тенденция сохраняется в текущем году. Изменения в профильное нормативное постановление, подробный анализ судебной практики по этой теме с наиболее часто встречающимися кейсами, уверена, будут способствовать улучшению работы следственных судей», - сказала Н.Рахметуллина.

◾️ Судья Верховного Суда Г.Ж.Мергенова осветила результаты проведенного анализа и имеющиеся проблемные вопросы по теме.

◾️ Участники затронули вопросы обжалования постановлений о прекращении уголовного дела, решений об изменении формата ведения производства, перенаправления жалоб уполномоченным органом в орган досудебного расследования.

◾️ Отдельно озвучены проблемные вопросы подсудности жалоб в случае, когда СОГ осуществляет следствие вне места нахождения органа досудебного расследования, регламентации срока, предоставляемого заявителю для устранения недостатков жалобы, исполнения постановлений следственных судей.

◾️ Итоги обсуждения будут исследованы и отражены в соотвествующем анализе.

Want your business to be the top-listed Government Service in Tselinograd?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Tselinograd